Мемлекеттің пайда болу себептері, оның белгілері, міндеттері, түрлері

Автор: Пользователь скрыл имя, 26 Ноября 2011 в 11:12, реферат

Описание работы

Мемлекет деген ұғым екі мағынада қолданылады: 1) кең мағынасында үлкен әлеуметтік топтың ұйымын білдіреді де "халық", "қоғам", "ел" деген ұғымдарға сәйкес келеді; 2) тар мағынасында басқару құрылымының, мемлекеттік аппараттың жиынтығын білдіріп, "үкімет", "әкімшілік" деген ұғымдарға сай келеді. Саясаттануда екінші мағынасында пайдаланылады. Бұдан кейінгі жерде біз де сол көзқарасты ұстанамыз.

Работа содержит 1 файл

Реферат. Саясаттану.Политология.doc

— 133.00 Кб (Скачать)

   Орта ғасырларда республика өте  сирек кездеседі, көбіне ол республика – қала (Псков, Новгород, Бремен, Любек, Венеция,Флоренция).

   Жаңа кезеңде республиканың екі  түрі кездеседі: президенттік  және парламенттік республикалар.  Президенттік республиканы АҚШ  1787 жылғы Конституциясында бекіткен. Олар Англияның корольдерінен көп озбырлық, заңсыздық көргеннен кейін, абыройлы билікті орнатуды анық түсінді. Деспотиялық режим құрылмауы үшін биліктің бөліну принциптерін енгізді. Сонымен, мелекеттің жаңа басқару формасын ойлап шығарды. Президенттік республикада билік үшке бөлінеді: заң шығару парламентінің қолында, ал сот билігі тәуелсіз сот органдарында. Президентті халық сайлайды. АҚШ-та 4 жылда бір рет президенттік сайлауы өтеді. Президент мемлекеттің бірінші басшысы, өкіметті өзі басқарады, Сенаттың келісімімен министрлерді тағайындайды, әскер оған бағынады. Президент – республика бірлігінің тұтастығының символы. Кейбір президенттік республикаларда президентпен қатар премьер-министр үкіметті басқарады. Көбіне оны президенттің өзі тағайындайды және ол президенттің алдында жауапты. Парламенттіңөкіметті тарататын құқығы жоқ. Кейбір мемлекеттерде президент премьер-министрден басқа бірнеше минстрлерді өзі тағайындайды, ал қалған министрлерді өзі тағайындайды, ал қалған министрлерді Премьер-министрдің өзі парламенттің келісімімен тағайындайды. Президенттік республикалардың бір күшті билігі бар жауапты адамы болғаннан, оның тұрақты саяси режимді құратыны байқалады. Мемлекеттің Заң шығару билігі парламенттің қолында, және парламент белгілі қызметкерлерді және жоғарғы сотты тағайындағанда келісімін береді. Парламенттің алған заңдары екі рет тексеріледі: президент вето құқығын қолданып, қабылданған заңдарға қолын қояды, Конституциялық сот заңның Конституцияға сәйкестігін тексереді. Сот билігі ерекше сот органдарының қолында. Сот қызметкерлері президенттік республикаларда белгілі уақытқа немесе өмірбойы тағайындалады. Оларды тағайындайтын заңдар әрбір мемлекеттерде ерекше, бірақ бұл процеске президен те, парламент те қатысады. Үш билік бір-біріне тең болуға тиіс деп көп конституцияларда жазылған, ол үшеуінің арақатынасын реттеп отыратын президенттің билігі.

    Парламенттік республика. Бұл мемлекетті басқару нысанында билік парламенттің қолына жиналған. Кабинет пен премьер министрді парламенттің төменгі палатасы тағайындайды, тексереді және түсіндіреді. Өкімет парламенттің алдында жауапты. Парламенттік басқару нысаны жағдайында билік жүргізу функциясы мемлекет пен үкімет басшылары арасында бөлінген. Президент тек мемлекет басшысы. Үкімет атқарушы билікті жүзеге асырады, әрі парламенттегі партиялық көпшілік негізінде құрылады. Күшті үкімет – әлсіз президент.

   Тұтас мемлекеттер. "Қазақстан Республикасының жері тұтас, ол бөлінбейді және оған қол сұғуға болмайды" делінген Конституцияның кіріспесінде (унус деген сөз – бір, жалғыз деп лат. Тілінен аударылады). Тұтас мемлекеттер тек қана әкімшілік-жергілікті аудандарға бөлінеді. Мысалы, Қазақстанда әкімшілік-аумақтық құрылысы 14 облыстан тұрады, оларды Президент тағайындаған әкімдер басқарады. Облыстар аудандарға, қалалық аудандарға, ауылдарға, селолар мен поселкілерге бөлінеді. Ал жергілікті өкілді органдар мастихат деп аталады, оған депутаттарды халық сайлайды. Жергілікті әкімшілік-аймақтық бөліністердің құқықтары тең. Жергілікті атқару орган – әкім.

   Федерация. (федус деген сөз – одақ деп лат. Тілінен аударылады). Құрама мемлекет – күрделі мемлекет, ол федерацияның мүшелерін біріктіреді. Мемлекеттік органдар екіге бөлінеді: жалпы федерацияның органдары және әрбір мүшесінің жеке органдары. Федерацияның субъектілері ішкі істерін ерікті өздері шешеді, ал федеративтік орталық органның қолында барлық ішкі-сыртқы билік болады. Федеративтік республика халықаралық құқықтың алдында тек бір мемлекет болуға тиіс. Бірақ тәжірибеде кейбір федерацияның субъектілері өздері халықаралық қатынастарға шығуға құқығы бар еді, мысалы СССР (украина мен Белорусия ООН мүшесі), Югославия, США, Канада. Көбіне олардың тәуелсіздігі формальды өкілі ретінде шарттарға орталық билік қолын қойғанын дұрыс санайды.

   Федерацияда конституция, астана, азаматтық, заңдар, сот және қаржы жүйесі бәрі екіге бөлінеді.Федерацияның екі түрлері бар: ұлттық құрама және жергілікті құрама. Біріншісіне бұрынғы КССО, Югославия, Ресей, Үндістан жатады, ал екіншісіне АҚШ, Австрия, ФРГ, Швейцария жатады. Олардың мемлекеттік құрылысы тарихи дамуымен байланысты.

    Конфедерация. Бұл өте көлемді және күрделі конфедерациялы мемлекеттердің одағынан және халықаралық ұйымнан айыру өте қиын. Конфедерация – белгілі мақсатқа жету үшін бірнеше ерікті мемлекеттердің уақытша одағы. Конфедерация мүшелері өздерінің тәуелсіздігін толық сақтайды: азаматтығын, заңдарын, мемлекеттік аппараты, сот және қаржы жүйесін, өздерінің ақшасын. Конфедерация қабылдаған шешімдерді олардың жоғарғы органдары мақұлдау керек. Тарихта 1781 жылы Конфедерацияның баптары қабылданған болатын, бұл бұрынғы Англияның 13 отарларын біріктірді. Вашингтон бұл федерацияны "құмнан істелген арқан" деп атады. Конфедерацияның жалпы Конгресс деген органдары құрылды, ол тек қана үш сұрақты шешті: әскер, ақша, шет істер, басқа қызмет бабы әр штаттың қолында сақталған еді. Германияда конфедерация 1815-1866 жылдары, Швейцарияда – 1815-1845 жылдары, Египет пен Сирия 1958 жылы біріккен Араб республикасын құрды, 1961 жылы Сирия бұл одақтан шықты. Сонымен, конфедерацияда орталық биліктің шешімдері тек конфедерация субъектінің мемлекеттік органдарына жайылады да, жеке адамдарға және ұйымдарға жайылмайды. Конфедерацияның субъектілері халықаралық қарым-қатынастардың субъектілері болып қала береді. Конфедерациялар өте әлсіз және тұрақты емес.

  Мемлекет еңбекті қоғамдық бөлудің, жекеменшіктің пайда болуының және таптардың құрылуының нәтижесінде өмірге келді. Мемлекет саяси жүйенің аса маңызды институты болып табылады. Ол билік пен ресурстарды өз қолына шоғырландырады, бұл оған қоғамдағы әлеуметтік өзгерістерге тиімді ықпал етуге мүмкіндік береді.

  Мемлекет – белгілі бір құрылымы бар, саяси билікті және белгілі бір аймақтағы әлеуметтік үрдістерге басшылық жасауды ұйымдастыратын саяси қауымдастық болып табылады. Анығырақ айтсақ, ол тұтастай алғанда қоғамның өмір тіршілігін ұйымдастыру және жетекші таптың, басқа да әлеуметтік топтар мен халықтың белгілі бір тобының саясаттарын іс жүзіне асыру үшін құрылады.

   Тарихи тұрғыдан алғанда мемлекетті  бірінші орында тұрған саяси  ұйым деп есептеуге болады. Әр  түрлі халықтарда мемлекет әр қилы жолдармен, әр түрлі даму дәрежелерінде, уақыттың әр қилы тарихи аралықтарында пайда болды.

                   
 
 
 
 
 
 

ІІ. Құқықтық мемлекеттің  түсінігі мен мазмұны. Қазақстандағы құқықтық мемлекеттің даму ерекшеліктері

  

Азаматтық қоғам және құқықтық мемлекет туралы толып жатқан ой-пікірлер, әр түрлі теориялар бар. Бұл ой-пікірлердің, теориялардың көп болатын себептері тек қана мемлекеттің, қоғамның мазмұнының өте күрделі болуынан немесе олардың нысанының сан қырлы өзгеруінен емес, сонымен бірге азаматтық қоғам мен мемлекеттің саяси билікті жүргізуі және олардың іс әрекеті барлық таптардың, топтардың мүдде-мақсатына қатысты болуы. Тағы да бұ лмәселе қоғамдағы әр түрлі идеологиямен, саяси партиялармен байланысты болуы.

   Бұл жерде ескерте кететін бір мәселе – Кеңес дәуірінде елімізде марксистік мемлекеттік теория тұрғысынан зерттеп, түсініп келдік. Ол кезде қоғам мен мемлекетті таптық тұрғыдан зерттеуге тырыстық, басқа теорияны, басқа бағытты сырып тастап отырдық. Қазір ол теорияларға көзқарас түзелді, дұрысталды. Тарих теориялардың бәрінде аздап болса да шындық және тарихи нақты дәлелдер болады. Сондықтан ол теорияларды білу, дұрыс жағынан алу, пайдалану өте қажет. Сол деректерді ескере отырып жүргізілген зерттеудің ғылымға, қоғамға пайдасы мол.

    Құқықтық мемлекет - тек парасаттылықтың, әділеттіліктің шынайы белгісі ғана емес, сонымен бірге адамның бостандығын, қадір-қасиетін, ар-намысын, теңдігін қорғайтын, демократияны қалыптастыратын күш. Міне, қоғамның алдында тұрған осы мүдде-мақсатты орындау, сол арқылы заңдылықты, құқықтық тәртіпті қатаң сақтауға үлес қосу адамдардың міндеті. Құқықтық мемлекет екі жақты жауапты объективтік процесс. Құқықтық мемлекетті қалыптастыру, дамыту адам қоғамының көне заманнан негізгі мақсаты болды. Көне дәуірдің ойшылдары:Сократ, Демокрит, Платон, Аристотель, Цицерон құқық пен мемлекеттің өзара қатынасын инабаттылық, парасаттылық, әділеттілік жолмен дамуын армандады. Аристотель: "Заң үстемдігі болмаса демократия жоқ", - деді. Феодалдық дәуірде Н.Макиавелли, Ж.Боден т.б. саяси қайраткерлер құқықтық мемлекет орнату төңірегінде көп қиялданып, біраз пікірлер айтып кетті.

   Құқықтық мемлекет орнату концепциясына  пікір айтып өте зор үлес  қосқан атақты ғалымдар: Г.Гроцкий,  Б.Спиноза, Д.Локк, Ш.Монтескье, Д.Дидро,  П.Гольбах, Т.Джефферсон, Вольтер,  Гельвеций, Кант, т.б.

  Гроцкий – қоғам тарихында қалыптасқан құқықты екіге бөлді: табиғи құқық – адамды өоршаған ортаның әсерінен және жеке адамның өзінің ақыл, парасаттылығынан қалыптасатын құқықтар; екіншісі – мемлекеттің қабылдаған нормативтік актілер арқылы ешкімге зиян келтірмей орындауға тиіс. Мемлекет қоғамдық жалпы халықтық шарт арқылы өмірге келді деп түсіндірді.

   Монтескье – мемлекет адамдардың саяси және азаматтық бостандығын, теңдігін қатаң орындауы керек. Сонда ғана құқықтық мемлекет болады.

  Локк – Маркс құқықтың мазмұнын өте дұрыс, ашық түсіндірді. Мемлекет адамдардың құқықтарын қорғау үшін қалыптасты. Құқықтық мемлекеттің негізгі мазмұны халықтың табиғи бостандығын, теңдігін қорғау.

   Кант – құқықтық мемлекеттің философиялық негізін ғылыми тұрғыдан зерттеді. Мемлекеттік жұмыстың өзекті мәселесі жеке адамның қадір-қасиетін, ар-намысын, бостандығын, теңдігін қорғау, адамның қоғамдағы үстемдігін қалыптастыру деп түсіндірді.

   Гегель – қоғамдық ғылымдардың негізгі бағыттарының бірі құқықтық философия. Мемлекет дегеніміз жан-жақты дамыған құқық деп түсіндірді. Азаматтық қоғам құқық арқылы адамдардың мүдде-мақсатын қорғайды. Мемлекет құқық пен моральдың бірлестігін дамытып, халықтың әлеуметтік жағдайын жан-жақты жақсартуы.

  Маркс – құқық пен мемлекетті қоғамның таптық құрылысына сәйкес қараған. Таптар жойылса, құқық пен мемлекет те жойылады. Бұл процесс қоғамда құқықтық мемлекет қалыптасып, бостандық орнаумен аяқталуға тиіс. Бостандық Маркстің ұғымында, - қоғамдағы мемлекеттің үстемдігін жойып, оны қоғамға бағындырып, халықтың мүдде-мақсатын орындайтын органға айналдыру. Сонда ғана құқықтық мемлекет қалыптасады.

    Азаматтық қоғам ғылыми тұрғыдан  өте аз зерттелген, ол туралы  қомақты бірде ғылыми еңбек  жоқ. Оның себебі ғалымдар азаматтық  қоғам мен мемлекеттің мазмұны ұқсас деп түсініп келді. Расында ұқсастық бар, бірақ айырмашылық басым. Адам қоғамының қалыптасқанына 1,5 млн. жыл өтті, ал мемлекеттің өмірге келгеніне 6 мың жыл ғана болды. Мемлекет қоғамның сан қырлы көрінісінің бір ғана нысаны. Азаматтық қоғам туралы ой-пікірлер көне дәуірде де болды. Бірақ толық мағынада бұл үғым өмірге тек ХVII ғасырда келді. Басында азаматтық қоғам деп меншік, отбасы, рынок, мораль салаларындағы қатынастарды түсініп келді. Мемлекет бұл қатынастарға толық бостандық берді. Гегельдің ойынша азаматтық қоғам жеке меншіктің, діннің, отбасының, моральдық т.б. талаптарын іске асырудың жүйесі. «Азаматтық қоғамда әр адам өз мүддесін іске асыра алмайды», - деген Гегель. К.Маркстің пікірі – бір саяси жүйені алып мазмұнына қарасаң, ол азаматтық қоғамның сан қырлы көрінісінің бір нысаны болып шығады.

    Азаматтық қоғамның пайда болуы  жөнінде ғалымдар арасында екі  түрлі көзқарас бар. Біреулері  оны буржуазиялық қоғамның жемісі  дей келіп, нарықтық қатынастармен  байланыстырады. Екіншілері ондай қоғам белгілі бір шамада қашан болмасын болған дейді.

   Азаматтық қоғам идеясы өте  ертеде пайда болған. Аристотель  еңбектерінің өзінде біз азаматтық  қоғамдағы меншіктің рөлі туралы  пікірлерін кездестіреміз. Ол  кім меншікке ие болса, сол  ізгіліктің, адамгершіліктің де иесі боладыдеп жазды.

  Кейінірек  бұл мәселеге елеулі үлес қосқандар:Т.Гоббс,  Ш.Монтескье, Ж.Ж.Руссо, Т.Пейн  және т.б. Дегенмен, азаматтық  қоғам тұғырнамасын жсауда ерекше  еңбек еткен немістің атақты  фәлсафашысы Гегель. Оның ойынша, азаматтық қоғам мемлекеттен тәуелсіз нарықтық экономиканы, әлеуметтік топтарды, таптарды, корпорацияларды, институттарды қамтиды. Олардың мақсаты қоғамның өміршеңдігін және азаматтық құқықты жүзеге асыруды қамтамасыз етуде. 

   Біз өткен ғасырдағы ірі ғалымдардың пікірін әдейі келтіріп отырған себебіміз азаматтық қоғам мәселесі сол кездегі өмірдің объективтік даму процесінің алдына қойған талабы дегіміз келеді. Сол себепті Гегель менмаркс тағы басқа ғалымдар азаматтық қоғамды біраз зерттеп, құнды теориялық ғылыми мұра қалдырып кетті.

   Қазіргі заманда құқықтық мемлекет  құру, қалыптастыру мәселесі ғаламдық  проблемаға айналды. Өйткені адам  қоғамының даму тарихында ешқашан,  еш елде құқықтық мемлекет  болған емес. Қазіргі кезде де  жоқ. Болашақта да барлық елдерде бір мазмұнды, бір нысанды құқықтық мемлекет болуға мүмкін емес. Себебі әр елдің экономикасы, мәдениеті, әлеуметтік  жағдайы, рухани санасы,саясаты бір деңнейде болмайды. Бұған қоса олардың географиялық, ұлттық ерекшеліктері болады.

   Сондықтан болашақта құқықтық мемлекет бірнеше дамыған елдерде қалыптасуы мүмкін. Бірақ ол мемлекеттердің мазмұнында, әсіресе нысанында объективтік ерекшеліктері болады.

   Құқықтық мемлекеттің мазмұнының  негізгі талаптары:

  1. Құқықтық мемлекет азаматтық қоғамның объективтік даму процесіне сәйкес ескеріп, жаңарып жататын көп қырлы құбылыс. Бұл мемлекетте адамның толық егеменді болуы қажет, олардың мемлекеттің билік жүргізетін органдарын құруға қатысуы заңды түрде бекітілуі керек.
  2. Құқықтық мемлекеттің экономикалық негізі – өндіргіш күш пен өндірістік қатынас және көп меншіктің шаруашылық арқылы дамуы. Құқықтық мемлекетте меншіктің басым көпшілігі – өндіруші мен тұтынушылық билігінде болуы қажет. Бұл билік шаруашылықтың жақсы, сапалы дамуын қамтамасыз ету үшін оларға толық бостандық беруі керек. Сонда ғана қоғамның әлеуметтік, экономикалық жағдайын көтеруге, нығайтуға болады.
  3. Құқықтық мемлекеттің әлеуметтік негізі – өзін-өзі басқаратын азаматтық қоғамда адамдардың бостандығын, теңдігін қамтамасыз етіп, олардың жақсы еңбектенуіне, дұрыс жұмыс жасауына мүмкіншілік беру. Қоғамның әлеуметтік жағдайының жақсаруы құқықтық мемлекеттің нығаюы. Бұл екі процесс бір-бірімен тығыз байланысты. Құқықтық мемлекет, сонымен, бірге әлеуметтік мемлекет.
  4. Құқықтық мемлекеттің моральдық негізі-гуманизм, әділеттік, бостандық, теңдік, адамдардың қадір-қасиетінің, ар-намысының деңгейі. Осы жоғары дәрежедегі принциптер болса құқықтық мемлекет болады. Өйткені мұндай қоғамда адамдардың рухани сана-сезімі де жоғары дәрежеде болады.
  5. Құқықтық мемлекеттің саяси негізі – халықтың, ұлттық тәуелсіздігін қалыптастырып, қоғамдық билікті жан-жақты дамытып, адамдардың бостандығын, теңдігін қорғап, әділеттікті, демократияны орнату, қарым-қатынастарды реттеп басқару.

Информация о работе Мемлекеттің пайда болу себептері, оның белгілері, міндеттері, түрлері