Мемлекеттің пайда болу себептері, оның белгілері, міндеттері, түрлері

Автор: Пользователь скрыл имя, 26 Ноября 2011 в 11:12, реферат

Описание работы

Мемлекет деген ұғым екі мағынада қолданылады: 1) кең мағынасында үлкен әлеуметтік топтың ұйымын білдіреді де "халық", "қоғам", "ел" деген ұғымдарға сәйкес келеді; 2) тар мағынасында басқару құрылымының, мемлекеттік аппараттың жиынтығын білдіріп, "үкімет", "әкімшілік" деген ұғымдарға сай келеді. Саясаттануда екінші мағынасында пайдаланылады. Бұдан кейінгі жерде біз де сол көзқарасты ұстанамыз.

Работа содержит 1 файл

Реферат. Саясаттану.Политология.doc

— 133.00 Кб (Скачать)
 

 І. Мемлекеттің пайда болу себептері, оның белгілері, міндеттері, түрлері

 

   Мемлекет деген ұғым екі мағынада қолданылады: 1) кең мағынасында үлкен әлеуметтік топтың ұйымын білдіреді де "халық", "қоғам", "ел" деген ұғымдарға сәйкес келеді; 2) тар мағынасында басқару құрылымының, мемлекеттік аппараттың жиынтығын білдіріп, "үкімет", "әкімшілік" деген ұғымдарға сай келеді. Саясаттануда екінші мағынасында пайдаланылады. Бұдан кейінгі жерде біз де сол көзқарасты ұстанамыз.

    Мемлекет – саяси жүйенің басты  элементі, оның негізгі ұйымы. Ол – керек кезінде арнаулы күштеу органдарын пайдалана отырып, өз аумағында тұратын адамдардың мүддесін қорғауға тиіс және соған орай олардың арасындағы арақатынастарды құқықтық ережелер арқылы реттейтін қоғамдық механизм.  

    Мемлекеттің пайда болу, даму себептері:

  • қоғамды басқаруды жақсарту, дамыту: қоғамның жұмысының көлемі де, шеңбері де молайып, кеңейіп ескі басқару аппараты тиісті дәрежеде жұмыс жасай алмады. Жаңа мемлекеттік аппарат қажет болды;
  • қалың бұқараның, қаналушы таптың үсемдік тапқа, топқа қарсы іс-әрекетін әлсірету, жою үшін күшті мемлекеттік аппарат керек болды;
  • қоғамды, экономиканы дамыту үшін, әлеуметтік жағдайды жақсарту үшін басқарушы аппаратты нығайту керек болды;
  • қоғамның қорғанысын күшейту үшін, заңдылықты, құқықтық тәртіпті қатаң сақтау үшін мемлекет керек болды.

  Адам  қоғамы мыңдаған жылдар өмір  сүріп келеді. Жеке адамдар тиісті  мемлекеттің азаматы болып, сол  мемлекеттің билігіне, құқықтық  тәртібіне бағынып, өзінің іс-әрекетін, мінезін, тәртібін қоғамдық мүдде-мақсатты орындауға жұмсайды. Көне заманнан адамдар мемлекетпен құқық қашан пайда болды, қалай дамып келеді деген мәселермен шұғылданып, ғылыми зерттеу жасап келді. Енді мемлекеттің пайда болуы туралы теориялардың мазмұнына қысқаша тоқталып өтейік.

   Теологиялық теория – мемлекет пен құқық Алланың әмірімен қалыптасып, дамып келеді деп түсіндіреді. Бұл теория дұрыс – бұрыс деуге болмайды. Мәселені дінмен бірге зерттеу керек. Себебі бұл теория адамдардың сенімі, иманы ретінде қалыптасқан ұғым, көне заманнан дамып, нығайып келеді. Бұл теорияны ғылыми түрде уағыздаған Фома Аквинский, Жан Маритен т.б.

   Патриархалдық теория – мемлекет адамдардың отбасы тәжірибесінен қалыптасқан азаматтардың саналы түрде өздерінің мүдде-мақсаттарын іске асыру үшін біріккен одақ деп түсіндіреді. Күрделі ірі патриархалдық отбасы басшысы бірте-бірте мемлекеттің басшысына айналған. Отбасы басшысы – әке, мемлекеттің басшысы – монарх. Бұл теорияның өкілі және дамытқан зерттеушісі Аристотель, оны жақтаушылар орта, жаңа ғасырларда болды (Фильмер, Михайловский т.б.).

   Органикалық теория – бұл пікірді Платон көне дәуірде уағыздаған (б.з. ІV-ІІІ ғ.). Бірақ теория толық түрде ХІХ ғасырда қалыптасты. Өкілдері: Блюнчли, Г.Спенсер, Вормс, Прейс т.б.

  ХІХ  ғасырдағы ғылымның жетістіктеріне сүйене отырып, бұл теория – адам қоғамында табиғаттың объективтік даму заңдарына сәйкес эволюциялы жолмен мемлекетті құрады. Мемлекеттің Үкіметі – адамның басы-миы сияқты қоғамды басқарады. Қанаушы тап қоғамның экономикасын дамытады. Ол қоғамды қорғайды деп түсіндіреді.

    Табиғи құқықтық теория – ХVII-ХVІІІ ғғ. Қалыптасқан теория. Өкілдері: Г.Гроцкий, Т.Гоббс, Д.Локк, Ж.Ж.Руссо, Б.Спиноза, А.И.Радищев т.б. Теорияның мазмұны: адамдардың өздерінің табиғи құқықтары болады (бостандық, теңдік, еңбек жасау т.б.). Оны ешкімжоя алмайды, оған зиян келтіре алмайды. Қоғамның тарихи даму процесінде адамдардың арақатынасында қайшылықтар басталды. Сондықтан қоғамда бостандықты, әділеттілікті, теңдікті сақтау үшін адамдар өзара шарт жасап мемлекетті құрды. Бұл шарттың мазмұны көп елдің Конституциясына кірді деп түсіндіреді.

   Психологиялық теория – ХІХ ғ. Бұл теорияны уағыздаған: Ч.тард, Л.И.Петражицкий. Қоғам мен мемлекетті бұл теория адамдардың психологиялық біріккен көзқарасы, іс-әрекеті, мінезі, тәртібі – бәрі келісіп ұжымдық түрде басқаруы. Қоғам мен мемлекет адамдардың табиғи психологиялық даму заңдылық процесінің нәтижесінде пайда болды деп түсіндіреді.

  Күштеу теориясы – ХІХ ғ. Қалыптасқан пікір. Өкілдері: Л.Гумплович, К.Каутский, Е.Дюринг т.б. Мазмұны: күшті рулар, тайпалар өздерімен шектес әлсіз руларды, тайпаларды күштеп, зорлық озбырлық жасап өзіне бағындырып, бақылауды жақсарту үшін мемлекет құрады – деп түсіндіреді.

   Матералистік теория – мемлекет пен құқықтың пайда болуын экономикалық тұрғыдан түсіндіреді, сбептері:қоғамдық еңбектің бөлінуі, қосымша өнімнің, жеке меншіктің пайда болуы, қоғамның қарама-қарсы екі тапқа бөлінуі, қайшылық күресінің басталуы. Мемлекет пен құқықтың мазмұнының тарихи өзгеріп отыруы қоғамдық мүдде – мақсатты қорғауы. Мемлекет қоғамның көп салалы, көп жүйелі құбылыстарына сәйкес дамып, өмірге келген бірлестік. Оның себептерін қоғамдағы болып жатқан объективтік  факторлар құрастырады: биологиялық, психологиялық, экономикалық, әлеуметтік, діни, ұлттық т.б. құбылыстар. Сондықтан бір теорияның көлемінде мемлекет пен құқықтың пайда болуын ғылыми тұрғыдан толық түсінуге болмайды.

   Жоғарыда көрсетілген теориялардың  бәрінде де кемшіліктер мен  жетістіктері бар- Оны ғалымдар  пайдаланады. Мемлекет және құқықтың  пайда болуын, ғылыми тұрғыдан дұрысырақ түсіндіретін – тарихи материалистік теория. Бұл теория мемлекет және құқық тарихи туынды – қоғамның антагонистік тапқа бөлінуінің нәтижесі болып табылады деп түсіндіреді. Ол дұрыс.

  Кемшілігі – мемлекет пен құқықты тек экономикалық базиспен шектеуі, жалпы теорияның атқаратын жұмысын бір жақты түсінуі (қоғамдық маңызын шектеуі) және олардың келешегін болжаудағы жіберген қателіктері.

    Мемлекеттің бірнеше белгілері  бар:

    1.Аумақтық (территориялық) бөліну. Алғашқы  қауымдық қоғамда халық қандас туысқандығы жағынан ұйымдасып, ру-ру, тайпа-тайпа болып тұратын. Жоғарғы өкімет халық жиналысының қолында болған, яғни ол не шешсе, сол орындалатын. Ер-азаматтар қаруын қасында сақтаған, тосыннан жау шапса, дер кезінде тойтарыс беру керек болған. Сондықтан халықтан оқшау қарулы күштер болмаған.

    Қоғам топтарға бөлінгеннен кейін  жағдай өзгерген. Өндірістің өркендеуі,  еңбектің бөлінуі, сауданың өсуі, халықтың көбеюі ру мен тайпаның  бұрынғы бірлігін бұзды. Түрлі  рулар мен тайпалардың мүшелері  кәсіптеріне қарай қоныстана бастайды. Соның арқасында олар бір-бірімен араласады. Қолөнер мен сауда өркендеген соң қалалар пайда болады. Бұларға басқа ру, тайпалардан көптеген келімсек халық келіп қосылады. Ру жағынан бөлінудің орнына халық аумағы бойынша бөліне бастайды. Штаттар, губерниялар, болыстар пайда болады. Мемлекеттің заңдары мен өкілеттілігі сол аумақта тұратын адамдардың бәріне де қатысты.

    2. Ерекше өкімет аппараты. Құлдық дәуірінде құл иеленушілер мен құлдардың арасында тап күресі күшейді. Аз ғана құл иеленушілерге мыңдаған құлдарды бағындырып, дегенін істету үшін бұқара халықтан бөлек, оның үстінен қарайтын айрықша өкімет аппараты керек болды. Ол өзінің үстемдігін қарулы әскер, шенеуніктік аппарат, полиция, сот, барлау, шіркеу, баспасөз және т.б. құралдары арқылы жүзеге асырды. Алғашқы қауымдық қоғамда олар болмаған.

   3. Мемлекеттің егемендігі. Ол – ішкі және сыртқы істерін атқарудағы толық тәуелсіздігі, дербестігі. Сондықтан ол бүкіл қоғам атынан ресми істі жүргізе алады. Өзінің аумағындағы барлық адамдарға, ұйымдар мен мекемелерге міндетті заңдар мен ережелерді шығаруға мемлекеттің ғана  құқығы бар.

   4. Ашық күш қолдану, зорлықпен еріксіз көндіру. Қылмыс жасағандары еркінен айырудан бастап, өлім жазасына дейін кесе алады. Оны орындауға жоғарыда екінші белгісінде көрсетілген құралдары бар.

   5. Салық салу. Орасан үлкен мемлекеттік аппаратты ұстау үшін халықтан салық алынады. Бертін келе қазынаның тапшылығын толтыру үшін заем шығарып жаздыртады. Салық пен заем рулық құрылысқа жат құбылыс болатын.

   6. Мемлекеттің міндетті түрде мүшесі, азаматы болуы. Мысалы, партияға, кәсіподаққа, т.т. кірсең де, кірмесең де өз еркінде. Ал мемлекетің аумағында тұрған соң, сол елде туған соң, сол елдің азаматы боласың. Азаматтығы жоқ адам (апатридизм) құқықтық жағынан қорғансыз келеді. Ал азамат болсаң сол елдің заңын орындауға мәжбүрсің. Орындамасаң мемлекеттің күштеу органдары жауапқа тартады. Осы көрсетілген белгілер мемлекетті басқа ұйым, мекеме бірлестіктерден ерекшелендіреді.

   Сонымен, мемлекет деп белгілі бір аумақ шеңберінде адамдардың әлеуметтік топтар, таптар мен бірлестіктердің қатынастары мен қызметтерін ұйымдастыратын, бақылайтын қоғамның саяси жүйесінің негізгі элементін айтамыз.

    Мемлекеттің ішкі және сыртқы міндетті қызметтері (функциялары) болады.

    Ішкі қызметтеріне мыналар жатады:

  а)  экономикалық салада мемлекет  кәсіпкер, жоспаршы,үйлестіруші ретінде  мәселелерді шешеді. Экономиканы  нарықпен қатар мемлекет те  реттейді. Оны мемлекеттік тапсырыс, салық, несие, экономикалық бағдарлама және т.б. арқылы жасайды. Халық шаруашылығының әр түрлі салаларының арасындағы байланыстарды реттеуге, экономикалық интеграцияны өрістетуге, ғылыми-техникалық революцияның жетістіктерін енгізуге т.с.с. қатысады;

   б) әлеуметтік өмірді ұйымдастырады.  Халықтың әл-ауқатын, өмір деңгейін көтеру, денсаулықты сақтау ісін жақсарту, тұрмыс қажетін өтеуді жетілдірумен т.б. айналысады;

   в) заңдылықты қамтамасыз етеді.  Ел ішінде қарапайым тәртіпті  сақтауға, қылмысқа қарсы күресті  өрістетуге, әкімшілік зорлыққа  жол бермеуге т.с.с. басшылық етеді;

   г) мәдени-тәрбиелік салада мемлекет  халыққа білім беру және оқу-ағарту  ісін, ғылымды, әдебиет пен өнерді  дамыту жөнінде қамқорлық жасайды.

   Сонымен қатар мемлекет бір  топтың, таптың негізінде  басқарушы  күшті қалыптастыруға қатысады, бюджет саясатын жүзеге асырады, қарулы күштерді құрып, ұстап, пайдаланады.

   Мемлекеттің сыртқы міндеттеріне  жататындар: а) мемлекеттің тұтастығы  мен қауіпсіздігін қорғау; б) өзін-өзі  билеу, егемендігін сақтау, басқа  елдермен тиімді қарым-қатынасты орнату, олармен бірге алынған міндеттердің екі жақа бірдейлігін қамтамасыз ету; в) өз елінің саяси мүддесінің ықпалдылығына, ұтымдылығына, өтімділігіне, тиімділігіне жағдай жасау, басқа елдердегі жаңалықтар туралы өз еліне дер кезінде мәліметтер беру және т.б.

   Сайып келгенде, мемлекеттің ең  басты міндеті – қоғамның тұрақтылығын  орнатып, қалыпты тіршілігіне  жағдай жасау. Ол әр түрлі топтарға, таптарға, жіктерге бөлінген қоғамның бірлігін қамтамасыз етуге тиіс.

   Адамзат тарихында мемлекеттің пайда болуынан бері оның неше түрлі тұрпаттары (типтері) болған. Мемлекеттің тұрпаты қоғамды қандай тап басқарып отырғанынан, қандай таптың диктатурасы болып табылатындығынан айқындалады. Тарихқа белгілі мемлекеттің тұрпаттарына мыналар жатады: құл иеленушілік, феодалдық, буржуазиялық және социалистік. Кейбір зерттеушілер мемлекеттің азиялық тұрпаты туралы жазып жүр. Бірақ бұл мәселе онша негізделмеген. Себебі, Азияда мемлекеттің бірнеше түрі болғаны белгілі. Сондықтан ол әлі талас тудыруда.

    Мемлекеттің тұрпаты әр түрде көрініс беруі мүмкін. Мемлекеттің түрі деп оның ішкі құрылысын, ұйымдастырылуын және мемлекеттік биліктің жүзеге асырылу тәсілін айтады. Оның үш жағы бар: 1) басқару түрі, 2) саяси тәртібі, 3) мемлекеттік құрылысы.

   Басқару түрі жоғары өкімет  билігі кімнің қолында екендігін көрсетеді. Соған байланысты мемлекет монархиялық және республикалық болып екіге бөлінеді.

   Монархия - жоғарғы билік бір адамның қолында болады және бұл билік мұрагерлікпен беріледі. Монархияның белгісі: мемлекетті басқаратын адамның билігі оған әкесінің немесе басқа туысқандарының қолынан көшуі, тиюі. Сондықтан оның билігі – мұралық билік. Тақтың көшуінің екі әдісі бар: шығыс және кейбір Еуропа мемлекеттерінде тақ тек ер адамдарға беріледі. Ал көпшілік Еуропа мемлекеттерінде еркек адамдарға да, әйел адамдарға да беріле береді (Ресей, Дания, Англия). Монархтың бірнеше жоғары аттары мен титулдары болады, оны асырау, мемлеекеттің міндеті. Монархия екіге бөлінеді: шексіз және шектелген монархиялар. Шексіз монархия – монархтың билігін басқа мемлекеттік орагн шектемейді, жжоғарыда айтылған биліктің бәрі соның қолында. Шектелген монархияда монарх билігі басқа бір органмен немесе заңмен шектеледі. Шектелегн монархия шығыс мемлекеттерінде кездеседі, мысалы Үндістан.

   Республика. Егер мемлекетте жоғарғы және төменгі органдардың бәрі сайлаумен белгілі мерзімге құрылатын болса. Осындай мемлекеттік басқару формасы республика деп аталады. Республика мемлекеттік органдар белгілі бір мерзімге сайланып құрылады. Республика мемлекеттік деген сөз көне дәуірдегі мемлекеттерде бірінші рет қолданды. Бұл термин халықпен байланысты. Мемлекетті басқаратын адамдар мен органдарды халық бір белгілі кезеңге сайлайды. Сайланбаған қызметкерлер мен органдар республикада болмайды. Республиканың ең бірінші – түрі Греция, Афин республикасы. Олар халықты өте шектеулі түсінді, бұл республиканың басқару органдарына және сайлауға тек Грецияның азаматтары қатысатын. Ал азаматтары болып 20жасқа толған ер адамдар, ата-анасы Афинаның азаматтары, жеке меншігі бар, әскерде қызмет еткен, барлық құқықтарын пайдалана алатын адамдар саналатын. Әйел адамдар, метистер, шет елдердің азаматтары және құлдар саяси өмірге қатынасқан жоқ. Грецияның негізгі органы – халық жиналысы, ол барлық қызметкерлерді сайлаған, олардан есеп алатын, мемлекеттің негізгі мәселелерін шешетін заң шығарды. Басқа органдар бесжүздік Кеңес, гелиэй, қызмтекерлер, стратегтер, белгілі уақытқа ғана сайланатын және халық жиналысының алдында жауапты болатын.

Информация о работе Мемлекеттің пайда болу себептері, оның белгілері, міндеттері, түрлері