Автор: Пользователь скрыл имя, 17 Февраля 2013 в 13:08, курсовая работа
Тұжырымдама елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының ұзақ мерзімді «Қазақстан - 2030» стратегиясына негізделеді және Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2006 жылғы 1 наурыздағы «Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында» атты Қазақстан халқына Жолдауына сәйкес халықтың көші-қоны саласындағы негізгі бағыттарды көрсетеді. Ұлттық бірдейлікті сақтау мақсатында Тұжырымдама Қазақстанның көп этникалылығын ескере отырып, іске асырылатын болады.
Кіріспе----------------------------------------------------------------------------------------3
І Қазақстан Республикасының қазіргі көші-қон саясаты--------------------5
1.1. Көші-қон саясаты түсінігі мен маңызы
1.2. Қазақстанның көші-қон саясатының негізгі принциптері
ІІ қазіргі таңдағы көші-қон жағдайы----------------------------------------------10
2.1.Көші-қон саясатын жетілдірудің мақсаты мен негізгі міндеттері----------12
2.2. Қазақстан Республикасы көші-қон саясатының негізгі бағыттары--------14
2.3. Көші-қон саясатын құқықтық қамтамасыз ету---------------------------------18
Қорытынды--------------------------------------------------------------------------------25
Пайдаланылған әдебиеттер-----------------------------------------------------------27
республикада туылғандарға және оның шегінен тыс көшіп кеткендердің бәріне этникалық қатыстылығына қарамастан жаһандану жағдайында Қазақстанның ұлттық бірдейлігін сақтау және дамыту мақсатында азаматтық алудың жеңілдетілген құқығын беруге;
шетелде тұратын отандастарымыздың тарихи отанына оралу құқығын іске асыруларына жәрдемдесуге бағытталған.
2. Иммиграция саласындағы көші-қон саясаты. Нысаналы ел бола отырып, оның ұлттық бірдейлігін сақтау мен дамыту, сондай-ақ ел экономикасын жаңғыртуды жеделдетуде көші-қон факторының рөлін күшейту мақсатында иммиграция саласындағы көші-қон саясатын іске асыру стратегиясы:
мамандарды іріктеу критерийлеріне негізделген көшіп-қонушыларды тарту тетіктерін әзірлеуді;
өңірлердің демографиялық және әлеуметтік-экономикалық даму мүдделерін, өңірлік еңбек нарықтарын негізге ала отырып, көшіп келушілерді тиімді қоныстандыру тетіктерін әзірлеуді;
көшіп келушілерді заңдастыру, бейімдеу және қазақстандық қоғамға етене араласуы жөніндегі шаралардың жүйелерін әзірлеуді;
шет мемлекеттердің практикалық тәжірибесін пайдалануды қамтиды, мұның өзі белгілі бір дәрежеде көшіп келушілерді етене араластыру контексінде мемлекеттің саясатын күшейтіп, жақсартуға мүмкіндік береді.
3. Еңбек көші-қонын реттеу
Еңбек көші-қонын реттеу жөніндегі көші-қон саясаты мемлекет стратегиялық басымдық деп айқындаған салаларда (нанотехнология, биотехнология, ақпараттық жүйелер, көлік пен коммуникация және қызметтің басқа да индустриалдық-инновациялық салалары) жұмыс істеу үшін шетелден біліктілігі жоғары кадрларды тартуды көздейді. Келісімшарт негізінде жұмыс істеу үшін елдің даму мүддесі мен мақсаты үшін қатер төндірместен көптеген қазақстандық мамандардың шетелге шығуы көзделеді. Сонымен қатар халықаралық еңбек нарығына кіру жағдайында республикада қайталама еңбек нарығына және жұмыспен қамту саласына біліктілігі жоқ еңбек көшіп-қонушылары тартылатын болады.
Аталған бағытты іске асырудың негізгі мақсаты еңбек көшіп-қонушыларының көмегімен Қазақстанның бәсекелестік артықшылықтарын күшейту, атап айтқанда:
ғылымның, экономиканың жоғары технологиялық және инновациялық секторларының зияткерлік еңбек ресурстарына ұзақ мерзімдік сандық және сапалық қажеттіліктерін бағалау және оларға жүйелік мониторинг жүргізу;
өңірлік еңбек нарықтарының мүмкіндіктерін ескере отырып, халықтың көші-қон ұтқырлығын арттыру тетіктерін жетілдіру;
жергілікті кадрларды даярлауды және жұмысқа орналастыруды жүзеге асыратын шетелдік қатысушылары бар кәсіпорындар үшін экономикалық ынталандыру шараларын жасау;
Қазақстан Республикасынан шетелге жұмыс күшін заңды және тіркеу жүргізіп әкетудің тетіктерін жетілдіру болып табылады.
4. Ішкі көші-қонды реттеу
Ауылдық аудандардан қалаға көшіп-қону облысаралық аумақтық орналасудың басым нысаны болып табылады, мұның өзі урбанизация процесі күшеюінің дәлелі.
Перспективасы жоқ өңірлерден перспективалы өңірлерге халықтың көші-қоны байқалып отыр.
Ішкі көші-қон саясаты, ең алдымен:
жұмыс күшінің аумақтық ұтқырлығын арттыру үшін экономикалық жағдай жасауға (тұрғын үй нарығы мен еңбек нарығының тең дамуын қамтамасыз етуге);
өңірлік еңбек нарықтарының теңгерімділігін қамтамасыз ету үшін экономикалық белсенді халықты аумақтық қайта бөлуді ынталандыру тетігін әзірлеуге;
өңірлердің экологиялық жағдайының, атап айтқанда таза ауыз судың болуының, қоршаған ортаның ластануының, сондай-ақ оның әлеуметтік және экономикалық күйзелуінің мониторингіне;
ішкі көшіп-қонушыларды тең де теңгерімді орналастыруға бағытталған шараларға негізделеді.
Тұтастай алғанда, халықтың ішкі көші-қон мәселелерін шешу Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі аумақтық даму стратегиясын және Қазақстан Республикасының ауылдық аумақтарын дамытудың 2004-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыруды ескере отырып жүзеге асырылатын болады.
5. Заңсыз көші-қонды реттеу
Қазақстан Республикасының көші-қон саясатының маңызды құраушысы ел қауіпсіздігін қамтамасыз ету, заңсыз көші-қонға қарсы күрес болып табылады. Бұл бағытта елдің шекарасы жаңадан техникалық және ұйымдық нығайтылатын әрі қайтадан жабдықталатын, техникалық рәсімдеу және виза беру жүйесі жетілдірілетін болады. Транспаренттілік пен заңдылық принциптерін сақтау мақсатында көшіп-қонушылардың елге заңды түрде жіберілуі және адал ниетпен болуы бөлігінде оларға тұрақты негізде мониторинг жүзеге асырылады. Елде болудың қандай да бір талаптарын бұзған жағдайда заңсыз көшіп-қонушыға оны ұстаудың, қайтарудың және/немесе депортациялаудың, не олардың елге келуін заңдастырудың ұлттық және халықаралық танылған ережелері қолданылатын болады.
3. Көші-қон саясатын құқықтық қамтамасыз ету
Тұжырымдаманы іске асыру этникалық және еңбек көші-қоны мәселелері бойынша:
бейімдеу қызметін көрсете отырып, оралмандарды бейімдеу және кіріктірудің аймақтық орталықтарын құруға;
білімі мен біліктілік деңгейін, кәсіптік тәжірибесінің болуын қоса алғанда, көшіп келу квотасына оралмандарды енгізудің нақты критерийлерін белгілеуге;
шетелдік жұмыс күшін квоталауды және экономикалық мақсаттылық тестін сақтауға;
іріктеу әдісін қолдана отырып, икемді визалық тетігін жасауға;
жоғары білікті көшіп-қонушыларды тартудың рәсімін жеңілдетуге;
заңсыз көшіп-қонушыларды жұмысқа тартқаны үшін жұмыс берушілердің жауапкершілігін күшейтуге бағытталған қолданыстағы заңнамалық базаны жетілдіруді талап етеді.
Көші-қон мәселелері бойынша шекаралас мемлекеттердің мемлекеттік органдарымен және халықаралық форумдармен және ұйымдармен өзара іс-қимыл республикадағы көші-қон ағынын басқарудың маңызды құралы болып табылады. Барлық деңгейдегі тиімді ынтымақтастық үшін ШЫҰ пен АӨСШК қатысушы мемлекеттер арасында халықаралық шарттар жасасудың мүмкіндігін қарастыру қажет.
2.3. Көші-қон саясатын құқықтық қамтамасыз ету
2009-2011 жылдарға арналған «Нұрлы көш» бағдарламасы Үкіметтің №1126 қаулысы бойынша 2008 жылы желтоқсанның 2-сінде бекітілген еді. Біз желтоқсанның 5-інде Алматыда «Қазақстанның оралмандарға қатысты көші-қон саясаты: негізгі арналары мен көкейкесті мәселелері» деп аталатын дөңгелек үстел мәжілісін өткіздік. Рас, көші-қонға қатысты қордаланған мәселе көп. Бір жүйеге түскенше түрлі кемшіліктердің орын алатыны белгілі. Сондықтан да ел мен жер өзіміздікі болған соң орындымызды қуаттап, олқымыздың орнын бірге толтыру баршамыздың ортақ міндетіміз болуы керек.Бұған дейін ішкі-сыртқы көші-қонға байланысты мемлекеттік нақты бағдарлама болмаған еді. Елбасының тікелей тапсырмасымен жасалған «Нұрлы көш» бағдарламасын өз басым өте керек кезінде қабылданды деп ойлаймын. Мақсат-міндеттері де өте айқын. Оған оралмандарды шоғырландырып қондыру мен ішкі көші-қон мәселелері де кіргізіліп отыр. Біз қазір жылдан-жылға алға ұмтылып келе жатқан жас мемлекетпіз. Барлық салада өсу бар. Оны орнықтыру үшін білікті мамандар қажет. Сол себепті оралмандары көшіріп әкелердің алдында алдын-ала іріктеу жұмысын жүргізу керек. Алдымен қай өңірге қандай маман қажет екенін анықтап, соның ерекшелігіне сәйкес алдын-ала сараптама жүргізіп, оралмандарды көшіретін кезде олардың қайда баратынын және онда қандай жұмыспен қамтамасыз етілетінін айту керек. Мәселен, шахтада істейтін адамды Алматыға әкелудің қандай пайдасы бар. Бұл қайта ішкі көші-қон саясатында шиеленіс тудыруы мүмкін. Қазір онсыз да әлеуметтік-экономикалық жағдайға байланысты ішкі көші-қон саясатында жергілікті азаматтардан ғана емес, елге келіп-ап бір өңірден екінші өңірге көшіп жатқан оралмандар да өте көп. Өйткені оларды көшіріп әкелген кезде кәсібі мен мамандығына жеткілікті көңіл бөлінген жоқ. Сол себепті мамандығына сай жұмыс таппағандықтан, түкпір-түкпірдегі ағайын-туысын іздеп, қоныс аударуға мәжбүр болуда. Бұл жәйт бағдарламада дәл осылай анықтап айтылмаған. Сондықтан бұл туралы дөңгелек үстел мәжілісінде осы мәселелерді талқылап, құзырлы органдарға өзіміздің ұсыныс тілектерімізді бердік.
Қазіргі таңда елімізге мемлекеттік квота бойынша және өз күшімен көшіп келген оралмандардың нақты саны айқындалған ба?
- Құзырлы органдар тарапынан да, қоғамдық бірлестіктер тарапынан да бұл жұмыс әлі қолға алынды деп айта алмаймын. Сол себепті бұл жұмысты біз өз жоспарымызға енгізіп отырмыз. Жалпы, соңғы 17 жылдың ішінде ата жұртқа қоныс аударған қандастармыздың саны туралы қазір әртүрлі дерек айтылып жүр. Біреулер 60 мыңнан астам отбасы десе, екінші біреулер оны 600 мың дейді. Бұл көші-қон саясатындағы жүйесіздіктен туындап отыр. Өйткені келген оралман квотаға кезекке тұрып, ақшасын алған соң оны қалай жұмсады, баспана тапты ма, қайда жұмыс жасайды, әлеуметтік жағдайы қалай деген сауалға ешкім жауап бере алмайды. Құзырлы органдар квота бергеніне риза, оралман алғанына риза. Осы жолы ол белгілі бір дәрежеде жүйеге түсті деп есептейміз. Өйткені «Нұрлы көш» бағдарламасы Елбасы тапсырмасы бойынша бекітіліп отыр. Онда осы кезге дейін ішкі көші-қонда кездескен барлық мәселе жинақталып, сұрыптаудан өткізіліп, Еуропа елдерінің ұтымды деген жақсы үлгілері ескерілді. Үкіметтің №1126 қаулысында орталық және жергілікті атқарушы органдар бағдарламаны іске асырудың барысы туралы жылына екі рет Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне мәлімет беруі тиіс. Бұл ақпараттар бойынша министрлік жыл сайын қаңтардың 30-ына дейін Үкіметке есеп береді. Оның орындалуын бақылау Премьер-Министрдің орынбасары Өмірзақ Шөкеевке жүктеліп отыр.
– «Нұрлы көш» бағдарламасын жүзеге асыруға қоғамдық ұйымдар да тартыла ма?
- Біздің елде оралмандарға
байланысты құрылған көптеген
бірлестіктер, қорлар бар. Алайда
олардың құзырлы органдармен
арадағы қарым-қатынасы әлі
– Бағдарламадан
тыс көшіп келетіндердің
- Көшіп келген ағайындарға
жер телімдерін беру жағы