Сызықтық электр тізбектерді зерттеу (пассивті төртполюстік)

Автор: Пользователь скрыл имя, 09 Апреля 2013 в 09:56, реферат

Описание работы

Сигнал бір жерде пайда болып (сигнал көзі), екінші жерге (қабылдағышқа) жеткізу үшін көптеген электр тізбектері қолданылады. Тізбектердің ең қарапайым түрлері резистор, конденсатор және индуктивтік элементтерден құрастырылады, мысалға кернеу бөлгіші, дифференциалдайтын және интегралдайтын RC, RL – тізбектер. Көбінде мұндай тізбектер кернеулерді өткізу үшін пайдаланады. Сондықтан, бұл тізбектердің негізгі параметрлері кернеу беру (беріліс) коэффициенті болып табылады. Екі кірісі және екі шығысы болатын тізбектерді төртполюстік деп атайды

Работа содержит 1 файл

синусоидалы торполюстик.doc

— 246.50 Кб (Скачать)

2.3.3.3. Генератордан тізбекке  тікбұрышты сигнал жіберіңіз. Осциллогрф көмегімен 2.16 суретте көрсетілгендей тізбектің кірісімен шығысындағы 3 түрлі импульстердің формасын бақылап, суреттерін қағазға салып алыңыз. Барлық өзгерістерін өлшеп түсіндіріп айтып беріңіз. 2-ші жағдайдағы шығыс импульс төбесінің бұрмалаун (түсуін), яғни тәжрибеден алынған мөлшерін өлшеп, мына формуламен есеп- телген Uc = Um(1-e-tи/T) мәнімен салыстырыңыз.

2.3.3.4. ЛКЭЛ стендінде  2.7 суретіндегі схема бойынша  дифференциаторды құрастырыңыз. Дифференциатор  үшін жоғарыдағы баптарды толық орындап, пас-сивті және активті дифференциаторлардан түскен нәтижелерді салыстырыңыз.

 

2.3.4. Интегралдайтын RC- тізбекті зерттеу

 

2.3.4.1. ЛКЭЛ стендінде  немесе монтажды платоға оқытушы  берілген номиналдары бойынша  интегралдайтын RC- тізбегін құрастырыңыз.

2.3.4.2. Тізбектін кірісіне  синусоидалды сигнал жіберіңіз. UКір = const және амплитудалық құлашы (5 – 10) В болсын. Осциллограф көмегімен беріліс К коэффициентінің жиілік сипаттамасын түсіріңіз. Графигін қағазға тұрғызып, шекті fшек жиілігін анықтаңыз. 0,7 деңгейіндегі шекті жиілігінде активті және реактивті кедергілері бір-біріне тең болу керек.

2.3.4.3. Генератордан тізбекке  тікбұрышты сигнал жіберіңіз. Осциллогрф көмегімен 2.16 суретте көрсетілгендей тізбектің кірісімен шығысындағы 3 түрлі импульстердің формасын бақылап, суреттерін қағазға салып алыңыз. Барлық өзгерістерін өлшеп түсіндіріп айтып беріңіз.

2.3.4.4. ЛКЭЛ стендінде  2.7 суретіндегі схема бойынша  интеграторды құрастырыңыз. Интегратор  үшін жоғарыдағы баптарды толық  орындап, пассивті және активті интегрторлардан түскен нәтижелерді салыстырыңыз.

 

2.4. Есеп беру

 

Есепті мына баптар бойынша 

2.4.1. Барлық баптар  бойынша тапсырманың орындалуын  және құрастырылған схемаларды  өлшеу аспаптарға тіркеуін;

2.4.2. Қарастыратын тізбектердің есебін;

2.4.3. Тізбектің екі  жағындағы кернеу эпюрі және  сигналдың өлшелінген параметрлерін;

2.4.4. Есептелген мәндерін  тәжрибемен салыстыра тексеруін  беру тиісті.

 

    1. Пысықтау сұрақтар

 

2.5.1. Кернеуді дұрыс  жолымен жеткізу үшін, төртполюстікте  қандай шарттар орындалу керек?

2.5.2. Өтпелі процес  ұғымы. Оның ұзақтылығы неге  тәуелді?

2.5.3. Нақтылы кернеу  бөлгішін құрастыру үшін қандай  шарттар орындалу керек? Шарттар  орындалмаса бөлу коэффициенті  қалайша өзгереді?

2.5.4. Реалды бөлгіште  тікбұрышты сигналдың бұрмалануы қандай түрде болады?

2.5.5. Өтпелі тізбек  не үшін қажет? Оның параметрлері  қандай шарттарға сәйкес болу  керек?

2.5.6. Қандай жиілікте  өтпелі тізбектің кернеу беріліс  коэффициенті төмендей түседі

2.5.7. Өтпелі тізбектен  тікбұрышты сигнал қай түрде бұрмаланып шығады?

2.5.8. Дифференциалдайтын  тізбектің шарттары. Оның шығысындағы  импульстің түрі қандай?

2.5.9. Интегралдайтын тізбектің  шарттары. Шығысындағы импульстің  ұзақтығы мен амплитудасы неге  тәуелді?

 

    1. Әдебиет

 

2.6.1. В.А. Прянишников. Электроника, курс лекций.»Корона принт», Санкт

           Петербург, 2000.

     2.6.2. Ю.А.Браммер, И.Н.Пащук.  Имульсные и цифровые устройства .

               “Высшая школа”,М., 2003.

     2.6.3. В.И.Манаев. Основы  радиоэлектроники, Радио и связь,  М., 1990,512 с

2.6.4. В.Н.Ушаков, О.В.Долженко Электроника:  от элементов до устройств,

            Радио и связь, М., 1993, 352 с..

2.6.5. Основы радиоэлектроники. Под редакцией Г.Д.Петрухина, МАИ, М.,

           1993, 416 с.

2.6.6.  В.И.Нефедов. Основы радиоэлектроники. «Высшая школа», М, 2000.

2.6.7. В.И.Каганов. Радиотехнические  цепи и сигналы (Компътеризированный           курс) Форум – ИНФРА – М, 2005.




Информация о работе Сызықтық электр тізбектерді зерттеу (пассивті төртполюстік)