Автор: Пользователь скрыл имя, 19 Октября 2012 в 20:10, курс лекций
Работа содержит курс лекций по дисциплине "Физика"
Бұл процестерді түсіну және оларды басқару үшін заттың агрегаттық күйлерінің қандай жағдайларда өзгеретінін қарастырайык.
• Заттың қатты күйден сұйық күйге айналу процесі балқу деп аталады.
• Заттың балқу кезіндегі температурасын заттың балқу температурасы деп атайды.
Егер кристалл заттың, мысалы, мұздың еруін бақылап, температурасын өлшейтін болсақ, онда алдымен заттың белгілі бір температураға дейін қызатынын байқауға болады. Содан кейін температура әрі қарай біршама уақыт бойы өзгермейді. Бұл уақыт ішінде зат балқиды және тек толық балқып болғаннан кейін ғана оның температурасы қайтадан көтеріле бастайды. Оны график арқылы былай көрсетуге болады:
Түрлі кристалл заттардың балқу температураларын кестеден қараймыз, олар әртүрлі болады. Мысалы, мұз оны бөлмеге алып кіргеннен-ақ ериді; қалайыны немесе корғасынды, болат касыққа салып шамның жалынына ұстап балқытуға болса, темірді арнаулы домна пештерінде ғана балқытуға болады.
Қатаю немесе кристалдану кезінде заттың температурасы төмендейді және зат белгілі бір температураға дейін салқындайды.
• Заттын қатаятын (кристалданатын) температурасын қатаю немесе кристалдану температурасы деп атайды.
• Зат қай температурада балқыса, сол температурада қатаяды.
• Заттың сұйық күйден қатты күйге айналу процесін қатаю немесе кристалдану дейді.
• Қатаю (немесе кристалдану) балқу тәрізді, тұрақты температурада өтеді.
Бірақ қатты заттардың бәрі балқып, қатая бермейді. Айталық аморфты денелер. Олардың бөлшектері өте тығыз, бірақ сұйықтардағы сияқты ретсіз орналасқан. Аморфты денелерде кристалдык құрылыс болмайды. Аморфты денелердің кристалдардан негізгі айырмашылықтарының бірі – олардың тұракты балқу температурасы болмайды. Қыздырғанда олар біртіндеп жұмсарып, температурасы үздіксіз артады. Салқындатқанда олар біртіндеп қатаяды.
Сабақты бекіту:
8-жаттығу, №№195-199
Үй тапсырмасы: №№200-204,209,210
Сабақты қорытындылау. Сабаққа белсенді қатысқан оқушыларды бағалау.
Тексерді ____________________ кафедра меңгерушісі Ескендирова Т.Н.