Автор: Пользователь скрыл имя, 19 Октября 2012 в 20:10, курс лекций
Работа содержит курс лекций по дисциплине "Физика"
Көкшетау қаласының ТПИМ
8 сыныптағы физика және астрономия пәні бойынша
күнделікті сабақ жоспары
Мұғалім: Болат Амангелді
Ай-күні: 03.09.2009
Сабақтың тақырыбы: Жылулық қозғалыс. Броундық қозғалыс.
Диффузия.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Алғашқы түсініктер мен ұғымдар қалыптастыру: жылулық қозғалыс, Броундық қозғалыс, диффузия.
Дамытушылық: МКТ бойынша заттың құрылымын, молекулалар жылдамдығының температурадан тәуелділігін, бекітуге жағдай жасау, білімдерін өзектендіру
Тәрбиелік: Жылулық құбылыстардың маңызын түсініп, оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру.
Сабақ барысы
Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу, олардың сабаққа дайындықтарын анықтау.
7- сынып
бойынша өткен білімдерін
Жаңа тақырып түсіндіру: Молекулалардың ретсіз қозғалысын жылулық қозғалыс деп атайды.
Молекулалардың ретсіз қозғалысының нәтижесі броундық қозғалыс болып табылады. Бұл суда қалқыған өсімдік спорасының қозғалысын бақылаған ағылшын ботанигі Р.Броунның құрметіне осылай аталған.
Бөлшектердің броундық қозғалысы – үлкен және кіші бөлшектерге, сансыз көп молекулаларға, жеке молекулалар мен атомдарға тән жылулық қозғалыс.
Орта молекулалардың жылулық қозғалысы мен олардың броундық бөлшекпен соқтығысуы броундық қозғалыс мысалы болып табылады.
Диффузия –
бір зат молекулаларының басқа
бір зат молекулаларының
I. Жылу күбылыстары
ерте заманнан-ак адамдардың
XIX ғасырдың
аяғында атақты ғалымдар: М. Ломоносов,
Р. Джоуль, Р. Клаузиус, Дж. Максвелл,
Л. Больцмандар негізгі
Дене молекулаларының жылулык козғалысын желсіз тыныш ауадағы түйдектелген шіркей тобымен салыстыруға болады. Ауада шіркей бұлты козғалыссыз ілініп тұрғандай сезіледі. Ал бұлттың ішіндегі жүздеген шіркей барлық бағытта біресе оңға, біресе солға тынбастан ретсіз қозғалады. Бірақ шіркейлердің бұлты өз пішінін өзгертпестен, дәл сол орнында калады. Көзге көрінбейтін атомдар мен молекулалардың козғалысы да сондай ретсіз болады. Егер бір молекула көлемнен шығып кетсе, онда оның орнын баскалары басады. Дене болса, өзгеріссіз калады. Басқа молекулалармен соқтығысу барысында өр молекула өзінің жыл-дамдығын тоқтаусыз өзгертеді. Оның қозғалыс траекториясы өте шатыскан, сынык сызық болып табылады. Әлемді құрайтын бөлшек-тердің көзге көрінбейтін жылулық қозғалысы ешқашан, ешбір жағдайда тоқтамайды.
II. Молекулалардың
ретсіз қозғалысының нәтижесі
броундық қозғалыс болып
Ол спораның өте майда бөлшектерінің барлық бағытта үздіксіз козғалыста болатынын байқаған. Бөлшек-тер үсағырак болған сайын, олар жылдамырак қозғалған. Таңға-ларлығы— бөлшектердің қозғалысы ешқашан тоқтамаған. Оларды көзге көрінбейтін кандай да бір күштер үнемі қозғап тұрғандай болады. Ал температура артқан сайын олардың козғалысы үдей түседі.
Бөлшектердің броундық қозеалысы — улкен және кіші бөлшектерге, сансыз көп молекулаларга, жеке молекулалар мен атомдарга тән жылулыц қозгалыс.
Броундык, козғалыстың себебі неде?
Р. Броун жаратылыстану саласындағы айтарлықтай маңызды осындай қүбылысты ашса да, оның не себептен болатынын түсіндіре алмады.
Бұл қүбылыстың дүрыс, сапалық түсіндірмесі XIX ғасырдың екінші жартысында бірқатар ғалымдардың еңбектерінде көрініс тапты. Бірақ оның толық теориясын тек 1905—1906 жж. А. Эйнштейн мен М. Смолуховский жасады.
Броундык бөлшек өзін коршаған орта молекулаларының соқкысына үшырайды. Молекулалар қозғалысы бөлшектердің соқтығысуы сиякты кездейсок сипатта болады. Нөтижесінде молекулалардың бөлшекке кандай да бір жағынан түсіретін қысымы орташа кысымнан артық немесе кем болады да, броундык бөлшектер қозғалысқа келеді. Бөлшек-тің өлшемдері мен массасы аз болған с;айын оның жылдамдығын өзгерту оңай болады.
Броундык қозғалыс молекулалардың бар болуының
және олардың ретсіз жылулық козғалысының
нақты дөлелі
бола алады
Кітаппен жұмыс: тақырып соңындағы сұрақтарға жауап беру.
Үй тапсырмасы: жаңа тақырыпты қайталау.
Сабақты қорытындылау. Сабаққа белсенді қатысқан оқушыларды бағалау.
Тексерді ____________________ кафедра меңгерушісі Ескендирова Т.Н.
Көкшетау қаласының ТПИМ
8-сынып физика және астрономия пәні бойынша
күнделікті сабақ жоспары
Мұғалім: Болат Амангелді
Ай-күні: 05.09.2009
Сабақтың тақырыбы: Температура. Температураны өлшеу әдістері.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Алғашқы түсініктер мен ұғымдар қалыптастыру: Температура және оны өлшеу әдістері.
Дамытушылық: Ғылыми таным әдістерін (бақылау, гипотеза жасау, эксперимент) меңгеруге жағдай
Тәрбиелік: Өзінің жұмысына талап қоя білу, жауапкершілікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сабақ барысы
Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу, олардың сабаққа дайындықтарын анықтау, үй тапсырмаларын тексеру.
Жаңа тақырып түсіндіру:
"Температура" сөзі бәрімізге бала кезден таныс. Температура туралы түсінік ғылымда бірнеше жүздеген жылдар бүрын пайда болған. Біз салқын, жылы немесе ыстық денелерді анықтай аламыз, өйткені дене өр түрлі дәрежеде қызу қасиетіне ие бола алады. Бұл қасиетті температура деп атайды.
Жылу алмасу — екі дене жанасқанда, жылу берілу жолымен энергияның қаттырақ қыздырылған денеден азырақ қыздырылған денеге өту процесі.
Температураларды өлшеу өдісі екі дене арасында болатын жылу алмасу кезіндегі жылулық тепе-теңдіктің орнауына негізделген.
Осы қүбылыс негізінде түрлі термометрлер жасалған.
Термометр — температураеы өлшенетін денемен жылулық байланыста болатын дене.
III. Термометр кұрылысының негізіне температураны сезгіш денелердің өр түрлі қасиеттерін пайдалану алынған. Көбіне сұйықтың, мәселен, сынаптың немесе спирттің температура арткан кезде үлғаю немесе салқындағанда сығылу касиеттері пайдала-нылады.
Барлық термометрлерде негізгі екі нүктені — муздыц еру (0°С) және судың цайнау (100°С) температураларын белгілеу қажет.
Атмосфералық қысымдағы таза судың қайнау және қату температуралары айырымының жүзден бір бөлігін бір градус деп алады.
0 мен
100 нүктелері аралығындағы
Осылай аныкталатын температуралық. шкаланы үсынған швед астрономы А. Цельсийдің есімімен оны Цельсий шкаласы деп атайды және оны °С деп белгілейді.
Цельсий шкаласы бойынша оның температурасы 0°С, ал Кельвин шкаласы бойынша -273,15 К.
Цельсий шкаласы бойынша температура Г(С) мен абсолюттік термодинамикалық Кельвин шкаласы бойынша температураның Т(К) арасындағы байланыс:
273К немесе * = (Г-273)°С.
Жүлдыздардың температурасын анықтау үшін оптикалық пирометрді пайдаланады. Бұл аспаптың температуралық шкала-сы, қыздырылған дененің жарықтығының температураға тәуелділігіне негізделіп жасалған.
VII. Бөлшектердің броундық қозғалысын және диффузия күбылысын бақылаған кезде, сендер ортаның температурасы бөлшек козғалысының жылдамдығына өсер ететініне көз жеткіздіңдер. Температура артқан сайын заттың молекулалары жылдам қозғалады, яғни олардың кинетикалық энергиясы артады.
• Энергия деп дененің жұмыс істеу қабілетін айтады. Ол жұмыс сияқты джоульмен өлшенеді.
• Энергияның екі түрі бар — потенциалдық және кине-тикалық.
• Потенциалдық энергия деп дененің немесе дене бөлшек-терінің өзара әрекет энергиясын айтады.
• Кинетикалық энергия деп
қозғалыстағы денелер ие болаты
Молекула козғалысының кинетикалық энергиясын, температура сиякты, молекуланың жылулық козғалысының өлшеуіші ретінде қарастыруға болады.
Молекулалы-кинетикалық теорияда стпатистикалыц әдіс пай-даланылады. Оның себебі, механика заңдарын жекелеген молекулаларға емес, молекулалардың үлкен жиынтығына кол-данады. Онда мынадай түсініктер мен шамалар енгізіледі: мысалы, молекулалардыц орташа жылдамдыгы, орташа цысым, молеку-шлардың орташа кинетикалық энергиясы. Сондықтан газ молеку-лалары козғалысының кинетикалық энергиясы туралы сөз қозғағанда, газ молекулалары козғалысының орташа кинетикалық энергиясы жайында айтылады.
Кітаппен жұмыс: тақырып соңындағы сұрақтарға жауап беру, 1- жаттығуды орындау.
Үй тапсырмасы: жаңа тақырыпты қайталау, №1 эксперименттік тапсырма.
Сабақты қорытындылау. Сабаққа белсенді қатысқан оқушыларды бағалау.
Тексерді ____________________ кафедра меңгерушісі Ескендирова Т.Н.
Көкшетау қаласының ТПИМ
8-сынып физика және астрономия пәні бойынша
күнделікті сабақ жоспары
Мұғалім: Болат Амангелді
Ай-күні: 08.09.2009
Сабақтың тақырыбы: Зертханалық жұмыс:
Сұйықтағы броундық қозғалысты бақылау.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Тақырып бойынша алған білімдерін эксперименттік бекіту.
Дамытушылық: Өлшеулер жүргізу және нәтижелерін өңдеу білігін дамыту
Тәрбиелік: Зерттеу мәдениетіне тәрбиелеу
Керекті құрал-жабдықтар: микроскоп, графит немесе бояу ұнтағы, тамызғыш, шыны, қыздырғыш шам, т.б.
Сабақ барысы
Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу, олардың сабаққа дайындықтарын анықтау, үй тапсырмаларын тексеру.
Зертханалық жұмысты орындау барысы: №1 эксперименттік тапсырманы орындау.
Үй тапсырмасы: өткен тақырыптарды қайталау.
Сабақты қорытындылау. Сабаққа белсенді қатысқан оқушыларды бағалау.
Тексерді ____________________ кафедра меңгерушісі Ескендирова Т.Н.
Көкшетау қаласының ТПИМ
8-сынып физика және астрономия пәні бойынша
күнделікті сабақ жоспары
Мұғалім: Болат Амангелді
Ай-күні: 15.09.2009
Сабақтың тақырыбы: Ішкі энергия. Ішкі энергияны өзгерту әдістері.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Алғашқы түсініктер мен ұғымдар қалыптастыру: ішкі энергия, ішкі энергияны өзгерту әдістері
Дамытушылық: Таным объектісін талдай алу машығын дамыту, ішкі энергияны өзгерту әдістерін саралай білу
Тәрбиелік: Танымдық белсенділікті дамытуға күш салу
Сабақ барысы
Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу, олардың сабаққа дайындықтарын анықтау, үй тапсырмаларын тексеру.
Жаңа сабақ түсіндіру:
Үйкеліс күшінің болмауынан және тек серпімділік пен тартылыс күштерінің әрекетінен денелердің немесе денелер жүйесінің потенциалдық және кинетикалық энергияларының қосындысы барлық жағдайда тұрақты болатынын тәжірибелер мен есептеулер көрсетті.
Дененің механикалық энергиясының бір бөлігі (тартылыстың немесе серпімділіктің потенциалдық энергиясы немесе козғалыстың кинетика-лық энергиясы) оның күйіне байланысты болатын энергияға түрленеді. Механикалық энергиядан өзгеше энергияның бұл түрін, дененің ішкі энергиясы деп атайды.
Газдардың ішкі энергиясы дегенде, оның бөлшектері қозғалысының кинетикалық энергиясын айтады.
Сұйықтардың, қатты заттардың және газдардың ішкі энергиясы деп олардың бөлшектері қозғалысының бір мезгілде кинетикалық әрі потенциалдыққ энергияларын түсінеміз.
Дененің ішкі энергиясы деп денені құрайтын бөлшектердің ретсіз қозғалысының энергиясы мен олардың өзара әрекеттесу энергиясын айтады.
Дәлірек айтқанда, ішкі энергияға, сонымен қатар дене ішіндегі бөлшектер қозғалысының басқа да түрлеріне байланысты энергияны мынадай түрге бөледі: химиялық энергия, атом энергиясы, ядроның ішкі энергиясы.
Дененің барлық молекулаларының жылулық қозғалысының кинетикалық энергиясы мен өзара әрекеттесуінің потенциалдық энергиясының қосындысын дененің ішкі энергиясы деп атайды.
Дененің ішкі энертиясы оның температурасына байланысты. Дененің температурасы артқан сайын оның ішкі энергиясы да артады, өйткені молекулалар қозғалысының орташа кинетикалық энергиясы артады.