Автор: Пользователь скрыл имя, 19 Октября 2012 в 20:10, курс лекций
Работа содержит курс лекций по дисциплине "Физика"
Отынңың әр түрінің ішкі энергиясы бар, олар жану кезінде жұмыс атқару немесе жылу алмасу жолымен басқа денелерді қыздырады. Отынның барлык түрлері үшін 1 кг отын толық жанғанда бөлінетін накты жылу мөлшері төжірибе жолымен анықталды.
Массасы 1 кг отын толық жанғанда бөлінетін жылу мөлшерін көрсететін физикалық шаманы отынның меншікті жану жылуы деп атайды.
Отынның меншікті жану жылуын q өрпімен белгілейді, оның өлшем бірлігі 1
Кез келген массасы m отын толың жанғанда бөлінетін Q жылу мөлшерш есептеу үшін q меншікті жану жылуын жанған отынның массасына көбейту керек: Q=qm
Түсіндіңдер ма? Сұрақтарың бар ма?
Сабақты бекіту:
7-жаттығу
1. 100 кг антрацит толық жанғанда кднша жылу мөлшері бөлінеді? Q=qm=3*107*100=3*109Дж
2. Егер сендердің
үйлерің кез келген отынды
жағуға болатын пешпен
3. Қарағанды көмірінің 100 кг-ы толық жанған кезде бөлінетін жылу мөлшерін анықтаңдар. Q=qm=2.7*107*100=2.7*109Дж
4. Сыйымдылығы 5 л ыдыс бензинмен толтырылған, толық. жануы кезінде 23 • 107 Дж энергияны алу үшін осы бензин мөлшері жеткілікті бола ма?
m=rV=0.7*103*5*10-3=3.5кг. Q=qm=4,6*107*3.5=16.1*107Дж Жауабы: болмайды.
5. 440 • 107 Дж энергияны алу үшін Қарашығанақта өндірілетін табиғи газдың қандай мөлшерін жағу керек? m= =
6. Массасы 200 г керосин толық жанғанда қанша энергия бөлінеді? Q=qm=4.6*107*0.2=0.92*107Дж
7. Массасы 5 кг бензин толық жанғанда қанша жылу мөлшері бөлінеді? Q=qm=4.6*107*5=23*107Дж
8. 2 кг бензин мен 3 кг керосинді араластырады. Осы коспа толық жанғанда қанша жылу мөлшерін шығарады? Q=qm=4.6*107*5=23*107Дж
Үй тапсырмасы: №№121,124,129 және тақырыпты қайталау
Сабақты қорытындылау. Сабаққа белсенді қатысқан оқушыларды бағалау.
Тексерді ____________________ кафедра меңгерушісі Ескендирова Т.Н.
Көкшетау қаласының ТПИМ
8-сынып физика және астрономия пәні бойынша
күнделікті сабақ жоспары
Мұғалім: Болат Амангелді
Ай-күні: 26.09.2009
Сабақтың тақырыбы: Механикалық және жылулық құбылысьардағы энергияның айналу және сақталу заңы.
Сабақтың мақсаты
Білімділік: Энергияның айналу және сақталу заңдарын меңгеруді қамтамасыз ету, заңның әмбебаптығына көз жеткізу
Дамытушылық: Проблеманы бөліп алып, шешу жолын ұсыну және оны жүзеге асыру білігін дамытуға жағдай жасау.
Күрделі есептерді қарапайым есептерге жіктеу арқылы сатылап шығару әдісін демонстрациялау, жаттығулар орындау;
Есеп шартын талдау, шығару жоспарын құру және оны жүзеге асыра білу машығын жетілдіру.
Тәрбиелік: Оқушыларды өз жұмысын, уақытын дұрыс ұйымдастыра білуге, өзіндік бақылау жасау өзіндік жұмыс және өзіндік коррекция жасай білуге баулу;
Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу, олардың сабаққа дайындықтарын анықтау, үй тапсырмаларын тексеру.
Сабақ барысы
• Кез келген дене бір мезгілде потенциалдық және кине-тикалық энергияға ие бола алады.
• Механикалық құбылыстарда дененің кинетикалық энергиясы потенциалдық энергияға және керісінше ауысуы мүмкін.
• Сыртқы күштер әрекет етпейтін және үйкеліс күші жоқ денелер жүйесі тұйықталған немесе оқшауланған деп аталады.
• Жұмыс дегеніміз — потенциалдық энергиядан кинети-калық энергияға және керісінше ауысып отыратын механикалық энергияның өлшемі.
• Үйкеліс күші әрекет етпейтін оқшауланған денелер жүйесінің толық механикалық энергиясы өзгеріссіз қалады:
W=Ek+Ep=const
• Жүйенің ішінде энергия тек бір денеден екінші денеге ауысуы немесе бір түрден басқа түрге айналуы мүмкін.
• Механикалық энергияның ішкі энергияға және кері айналуының өлшемі — жұмыс.
• Жылу алмасудағы энергия берудің өлшемі жылу мөлшері болып табылады.
Егер жылу алмасу процесінде жұмыс атқарылмаса, онда жылу мөлшері ішкі энергияның өзгерісіне тең. Жылу алмасу процесінде жұмыс атқарылғанда, жылу мөлшері ішкі энергияның өзгерісіне тең емес. Ол дененің ішкі энергиясының артуына және оның жүмыс атқаруына жүмсалады.
Сондықтан атқарылған жүмыс пен берілген жылу мөлшері жүйенің ішкі энергиясының өзгерісінің өлшемі болып табылады. Бұл жылу мен жүмыс, жүйенің күйін емес жүйенің бір күйден екінші күйге өту процесінің сандық сипаттамасы екендігін көрсетеді.
Жылу мөлшері бір денеден екінші денеге өткенде сақталады.
Көптеген төжірибелер мен бақылаулар ғалымдарды негізгі табиғат заңдарының бірі — энергияның сақталу заңын ашуға алып келді.
Табиғаттағы барлық қүбылыстарға катысты болғандыктан, бұл заңның жалпыға ортак сипаты бар, ол былай айтылады:
Энергия жоғалмайды және жоқтан пайда болмайды. Ол тек бір денеден екінші денеге беріледі немесе бірдей мөлшерде бір түрден екінші түрге айналады.
Механикалық W энергия мен ішкі U энергияның қосындысын денелер жүйе-сінін, толық энергиясы деп атайды және Е деп белгілейді:
E=W+U= Ek+Ep+U
Толық энергиянын сақталу заңы тұйықталған және жылу оқшауланған жүйеде орындалатынын ескеру қажет.
Егер денелер жүйесіне сыртқы күштер әрекет етпесе және қоршаған ортамен жылу алмасу болмаса, онда ол тұйықталған және жылулық оқшауланған болады.
Түйықталған және жылулық овднауланған денелер жүйесінің ішінде тек механикалық емес, сонымен қатар жылулық, химиялык, электрлік, ядролык процестер де жүреді.
Енгізілген шарттарды ескере отырып, табиғаттың жалпыға ортақ заңы былай айтылады:
Туйықталған және жылулық оқшауланған
денелер жүйесінің толық
Бұл — энергияның сақталу және айналу заңы.
55
Түсіндіңдер ма? Сұрақтарың бар ма?
Сабақты бекіту:
№№126.127.130
Үй тапсырмасы: 1-тарауды түгел қайталау
Сабақты қорытындылау. Сабаққа белсенді қатысқан оқушыларды бағалау.
Тексерді ____________________ кафедра меңгерушісі Ескендирова Т.Н.
Көкшетау қаласының ТПИМ
8-сынып физика және астрономия пәні бойынша
күнделікті сабақ жоспары
Мұғалім: Болат Амангелді
Ай-күні: 29.09.2009
Сабақтың тақырыбы: I-тарауды қайталауға есептер шығару.
Сабақтың мақсаты
Білімділік: Алғашқы түсініктер мен ұғымдарды қайталау арқылы бекіту: меншікті жылу сыйымдылық, жылу мөлшері, өлшем бірліктері, есептеу формулалары.
Дамытушылық: Проблеманы бөліп алып, шешу жолын ұсыну және оны жүзеге асыру білігін дамытуға жағдай жасау. Күрделі есептерді қарапайым есептерге жіктеу арқылы сатылап шығару, жаттығулар орындау; Есеп шартын талдау, шығару жоспарын құру және оны жүзеге асыра білу машығын жетілдіру.
Тәрбиелік: Оқушыларды өз жұмысын, уақытын дұрыс ұйымдастыра білуге, өзіндік бақылау жасау өзіндік жұмыс және өзіндік коррекция жасай білуге баулу;
Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу, олардың сабаққа дайындықтарын анықтау, үй тапсырмаларын тексеру.
Сабақ барысы
Өздік жұмыс арналған есептер шығару:
______________________________
______________________________
______________________________
______________________________
______________________________
______________________________
______________________________
______________________________
______________________________
______________________________
______________________________
______________________________
______________________________
______________________________
______________________________
______________________________
______________________________
______________________________
______________________________
______________________________
______________________________
Үй тапсырмасы: 1-тарауды қайталау
Сабақты қорытындылау. Сабаққа белсенді қатысқан оқушыларды бағалау.
Тексерді ____________________ кафедра меңгерушісі Ескендирова Т.Н.
Көкшетау қаласының ТПИМ
8-сынып физика және астрономия пәні бойынша
күнделікті сабақ жоспары
Мұғалім: Болат Амангелді
Ай-күні: 01.10.2009
Сабақтың тақырыбы: Заттың агрегаттық күйлері. Балқу және қатаю. Балқу және қатаю температуралары.
Сабақтың мақсаты
Білімділік: Энергияның айналу және сақталу заңдарын меңгеруді қамтамасыз ету, заңның әмбебаптығына көз жеткізу
Дамытушылық: Проблеманы бөліп алып, шешу жолын ұсыну және оны жүзеге асыру білігін дамытуға жағдай жасау.
Күрделі есептерді қарапайым есептерге жіктеу арқылы сатылап шығару әдісін демонстрациялау, жаттығулар орындау;
Есеп шартын талдау, шығару жоспарын құру және оны жүзеге асыра білу машығын жетілдіру.
Тәрбиелік: Оқушыларды өз жұмысын, уақытын дұрыс ұйымдастыра білуге, өзіндік бақылау жасау өзіндік жұмыс және өзіндік коррекция жасай білуге баулу;
Сабақ барысы
Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу. Оқушылардың сабаққа дайындықтарын анықтау, үй тапсырмаларын тексеру.
Жаңа сабақ түсіндіру:
Заттың агрегаттық күйлері белгілі. Олар қатты, сұйық және газ екені білесіңдер.
Газ молекулаларына қарағанда сұйық және қатты денелердің молекулалары бір-біріне анағұрлым жақын орналасқан. Бұл денелердің тығыздығы, газдардың тығыздығынан көп есе артық. Сұйық және қатты денелерде молекулалардың орташа кинетикалық энергиясы молекулалық тартылыс күшіне қарсы жұмыс жасау үшін жеткіліксіз. Сондықтан сұйықтардағы, әсіресе қатты денелердегі молекулалар бір-бірінен алыска кете алмайды. Затты бір агрегаттық күйден екіншіге күйге көшіру үшін оған не энергия беру керек, не болмаса одан энергияны алу керек.
Энергия беру кезінде: қатты → сұйық; сұйық → бу.
Энергия алу кезінде: бу → сұйық; сұйық → қатты.
Заттың мұндай бір агрегаттық күйден екінші бір агрегаттық күйге айналуы практикада кеңінен қолданылады.
Табиғатта агрегаттық. күйлердің өзгеруі үнемі болып түрады. Осылай, мүхит, теңіз, көл және өзендердің бетінен су буланады; су буы салқындағанда бұлт, шық, түман немесе қар пайда болады. Қыста өзендер мен көлдер кдтаяды, ал көктемде қар мен мұз ериді.