Жаңа заман философиясы

Автор: Пользователь скрыл имя, 23 Февраля 2013 в 16:03, реферат

Описание работы

Өндірістік тәсіл мен құралдардың жедел қарқынмен дамуына байланысты, қалыптаса бастаған қоғамның жаңа талап, сұраныстарын қамтамасыз етуге ескі схоластикалық ілім мен діни көзқарастар кедергі болды. Жаңа заманға жаңа ғылыми жаңалықтар, жаңаша дүниетанымдық көзқарастар керек еді. Осы себептен ғылымның пайдалы деп табылған жаңа салалары тез дами бастады. Гидростатика, механика, геометрия, т.б. ғылымдар саласында қол жеткен табиғаттану, философия ғылымдарына үлкен әсер етіп, философияда механистік көзқарасты және метафизикалық ойлау тәсілін қалыптастырды.

Работа содержит 1 файл

Жаңа заман философиясы.doc

— 126.50 Кб (Скачать)

Материяның кейбір түрлеріне белсенділік тән болса, кейбіреулеріне енжарлық тән. Белсеңділігінің арқасында материя, ешқандай сыртқы күштің әсерінсіз, өзінен өзі туындайды және өз дамуының себебі өзінде.

Кеңістік пен уақыт бір-бірімен тығыз байланысты және олар материяның негізгі қасиеттері. Ал қозғалыс болса, ол материяның өмір сүру тәсілі. Денелер үздіксіз қозғалыста болады, тыныштықтың өзі де қозғалыстың бір түрі. Бірақ олар қозғалысты механикалық қозғалыс (орын ауыстыру) тұрғысынан қарастырады. Сезімдік түйсіну — барлық денелерге тән. Олай болса, табиғаттың өзінде түйсіктерге ұқсас қасиет бар. Ал, сана-сезімдік түйсіктері бар денелер, негізінде жоғары дәрежеде ұйымдасқан материяның түрінде болады (Гольбах).

Дүниеде себепсіз ештеңе болмайды, керек десеңіз кездейсоқтықтың өзі де себептіліктің бір түрі. Өзгеріс, даму жай ғана көбею, пайда болу, жеделдету, бәсеңдету. Адам мен қоғамдар осылай дамиды. Сайып келгенде, дүниедегі өзгерістердің барлығы таза механикалық заңдылықтарға бағынады. Мысалы, жануарлар, адамдардың өздері де жаны бар машиналар.

Адам табиғаттың бөлігі болғандықтан, олардың өздеріне тән табиғи құқықтары бар. Олар - өмір сүру, меншік иесі болу, бостандық құқықтары. Адамдардың бұл аталған табиғи құқықтары феодалдық қоғам тұсында жүзеге асырылмай келеді, себебі онда билеушілердің мінез-құлықтары нашарлап, адамгершіліктері төмендеп кеткен. Сондықтан, халықтың табиғи құқықтарын жүзеге асыру үшін мемлекетті басқару тәсілін өзгертіп, жетілдіру және заңдарды реттеу керек. Ол үшін билеушілерді ағарту керек. «Әлемді пікір билейтін» болғандықтан, мемлекет басқаруда ұлы адамдардың (патшалар, қолбасшылар, ғұламалар, т.б.) рөлі өте жоғары. Демек, билеушілер ақылды, жанашыр, әділетті болса, халықтың жағдайы жақсарды, өздерінің табиғи құқықтарына жетуге мүмкіндік алады.

Таным процесі туралы айта келіп, энциклопедистер қоршаған орта туралы деректер түйсік арқылы қабылданады да, ақыл-ой арқылы қорытылып, жаңа тұжырымдарға айналады. Бірақ адамның санасы заттарды тура сол күйінде қабылдамайды, бұл ретте адамның көңіл-күйі, т.б. субъективтік касиеттері-үлкен рөл атқарады. Олай болса, адамдар ақиқатқа жету үшін (ақиқат дегеніміз — заттар туралы ұғымдардың сол заттарға сәйкес келуі) – тиімді әдістер іздейді, ал олар адамдар ақыл-ойының белсенділігін арттырады. Демек, ақиқатты танып-білу философияның міндеті.

Қорыта айтқанда, француз ағартушылары өздері қойған – қоғам мен табиғаттың ара қатынасы, қоғамның қозғаушы күші, теңсіздіктің себептері, т.б. сұрақтарға терең де қанағаттанарлықтай жауап бермесе де, өздерінен -кейінгі, әсіресе неміс ойшылдарын осы қойған сұрақтарға басқа қағидалар негізінде болса да, жауап іздеуге итермелейді. Мысалы, француз ағартушылары адамды табиғаттың және қоғамдық өмірдің жемісі деп қарап, ал қоғамдық өмірдің өзі адамдардың материалдық (өрескел саудагерлік мағынасында) іс-әрекетінің нәтижесі деген тұжырымға келсе, неміс ойшылдары бұл идеядан бас тартып, қоғамның да, адамның да табиғаты – рухани іс-әрекет негізінде қалыптасады дейді. Француз ағартушылары қоғам дамуының өзегін саналылықтың, білімділіктің өсуімен байланыстырып «әлемді пікір билейді» десе, неміс ойшылдары, әсіресе Гегель бұл идеяны әрі қарай дамытып, пікірлер идеялар әлемін билеп қана қоймайды, оны дүниеге келтіреді дейді.

Француз ағартушылары — адам туғанда  басы болса, етікті болып туады, бірақ  ол ылғи да шынжыр тұсаудан шыға алмағанына қарамастан ең жоғары құндылық, барлық мәдени жетістіктерді жаратушы десе, неміс ойшылдары, әсіресе Кант бұл пікірді жалғастырып, жеке тұлға — қоғам дамуының өзіндік мақсаты, ал мәдениет – оның өз мүмкіндіктерін жүзеге асыру құралы, сондықтан барлық әлеуметтік және әдептілік-этикалық қатынастарды жетілдіру қажет деп, ал, Шиллер: «Әлемді әдемілік (көркемдік) құтқарады» дейді. Бұл жерде Шиллер бұл тезисті деспотизм күйрегенге дейін, сол деспотизм өнердің, эстетикаңың әсерімен «адамның өзінде» күйреуі керек деген мағынада қолданып отыр.


Информация о работе Жаңа заман философиясы