Жаңа заман философиясы

Автор: Пользователь скрыл имя, 23 Февраля 2013 в 16:03, реферат

Описание работы

Өндірістік тәсіл мен құралдардың жедел қарқынмен дамуына байланысты, қалыптаса бастаған қоғамның жаңа талап, сұраныстарын қамтамасыз етуге ескі схоластикалық ілім мен діни көзқарастар кедергі болды. Жаңа заманға жаңа ғылыми жаңалықтар, жаңаша дүниетанымдық көзқарастар керек еді. Осы себептен ғылымның пайдалы деп табылған жаңа салалары тез дами бастады. Гидростатика, механика, геометрия, т.б. ғылымдар саласында қол жеткен табиғаттану, философия ғылымдарына үлкен әсер етіп, философияда механистік көзқарасты және метафизикалық ойлау тәсілін қалыптастырды.

Работа содержит 1 файл

Жаңа заман философиясы.doc

— 126.50 Кб (Скачать)

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ  ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ

АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИЕРСИТЕТІ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жаңа заман  философиясы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тексерген: Мадалиеа Ж.

Орындаған: Жорабаев Н.

 

 

 

 

 

 

 

Алматы 2010

Жаңа заман философиясы

Өндірістік тәсіл мен құралдардың жедел қарқынмен дамуына байланысты, қалыптаса бастаған қоғамның жаңа талап, сұраныстарын қамтамасыз етуге ескі схоластикалық ілім мен діни көзқарастар кедергі болды. Жаңа заманға жаңа ғылыми жаңалықтар, жаңаша дүниетанымдық көзқарастар керек еді. Осы себептен ғылымның пайдалы деп табылған жаңа салалары тез дами бастады. Гидростатика, механика, геометрия, т.б. ғылымдар саласында қол жеткен табиғаттану, философия ғылымдарына үлкен әсер етіп, философияда механистік көзқарасты және метафизикалық ойлау тәсілін қалыптастырды. Тіпті қоғамдық өмірді де, адам табиғатын механикатұрғысынан қарастыру әдетке айналды. Философияда механикалық, метафизикалық көзқарастың қалыптасуына зор үлес қосқан ойшыл — ағылшын философиясының көрнекті өкілі, ғылыми зерттеудің индуктивтік тәсілінің негізін қалаушы — Френсис Бэкон (1561—1626 жж.) еді. Негізгі еңбектері: «Ғылымдар табысы», «Жаңа органон», «Жаңа атлантида», т.б. Бэконның ілімінше, адамның негізгі мақсаты — табиғат күштерін игеру. Табиғаттың сырын, заңдылықтарын білген адам оларды өз қажетіне жарата алады, ал табиғатты материядан қарастыру арқылы түсінуге болады. Материяның қасиеттері көп, солардың ішіндегі негізгісі — қозғалыс. Қозғалыс материяның кеңістіктегі орын ауыстыру ғылымдары тәсілмен қабылдап білуге болатын денелер ғана, ал рух, жан, т.б. ғылыми тұрғыдан танып білуге болмайтындықтан — нақты шындыққа жатпайды. Табиғатты танып-білу негізінде мәдени өмірді мақсаттылықпен өзгерту адамзаттың негізгі мақсаттарының бірі. Бұл жолда адамдар әр нәрсеге сеніп – табынушылық, жалған эксперимент екендерін тусінулері керек. Бэконның түсінігінше, зерттелетін заттардың қасиеттері еш уақытта өзгермейді және олар бір-бірімен байланыста болмайды.

Дін мен ғылым бір-біріне кедергі жасамай, әрқайсысы өз жолымен ақиқатқа жетулеріне болады.

Томас Гоббс (1588—1679 жж.) Бэконның ілімін жалғастырушы және бір жүйеге түсіруші. Ол механикалық тәсіл арқылы әлемдік құбылыстармен қатар таным процесінде, қоғамдық құбылыстарды да қарастырып, жүйеленген механикалық көзкарастың негізін қалады. Негізгі еңбектері: «Левиафан — материя, форма, мемлекеттік діни және азаматтық билік».

Гоббстың пікірінше, объективтік шындық дегеніміз денелер жиынтығы. Материя мен дене синонимдер. Бейзаттық құбылыстар болмайды.

Денелер кеңістікте көсіледі және салыстырмалы қозғалыста болады. Олар түйсіктер арқылы қабылданып, санамызда ұғымдар қалыптастырады. Материя, денелер, өздерінің геометриялық сипаттары арқылы ажыратылады (ұзын-қысқа, жоғары-төмен, үшбұрыш, шар, квадрат, т.б.). Сондықтан, геометрия ең басты ғылыми ойлау тәсілі. Ойлау дегеніміздің өзі — есептеу, математикалық амалдардың жиынтығы (қосу, алу, көбейту, болу, т.б.).

Барлық денелер, әлем себептілікке байланысты болғандықтан жігер де себептілікке бағынышты. Ал жігер мен бостандық адам табиғатының нәтижесі болғандықтан, қажеттілікке байланысты еркін бола алады. Алғашқы қауым кезінде адамның табиғаты өзін-өзі сақтау, ләззатқа ұмтылу сияқты эгоизмге негізделген қажеттіліктен туатын еді де, қалыптасқан әлеуметтік жағдайға қарап, өз іс-әрекетін ерікті түрде таңдайтын. Ал әрқай- сысының еріктері бір-біріне қарама-қайшы келгендіктен, сол кездегі адамдардың табиғи көрінісі барлығының барлығына қарсы күресі болатын. Мұндай «соқтығыстық» қатынас ұзаққа баруы мүмкін емес еді, сондықтан адамдар өзара келісім жасау арқылы мемлекетке біріккен және билеушіге өз еріктерімен бағынған. Олай болса, мемлекет – жасанды дене (Левиафан). Сөйтіп, адамдар өзін-өзі қорғауға және адамша өмір сүруге мүмкіндік алған. Билеушінің айтқанын екі етпей орындау керек, себебі ол қоғамдық талап-сұраныстарды түсініп, білгендіктен дұрыс айтады, ал оның қарсыластары, халықтың мұқтаж-мүддесін білмегендіктен теріс жолға бастайды. Қоғамдық заң азаматтардың ар-ожданы.

Джон Локк (1632-1704 жж.) — ағылшын философы, психологы, педагогі. Негізгі еңбегі: «Адамның ақыл-ойы туралы тәжірибе». Локк таным концепциясын психологиялық теория тұрғысынан негіздеп, психологияның ғылым ретінде қалыптасуына жол ашты. Егер Бэкон білім — тәжірибеден шығады десе, Локк оған қосымша тәжірибенің өзі сезімдік түйсінулер арқылы қалыптасқан деді. Локктың таным теориясы негізінен үш қағидадан түрады:

Адамда «туа біткен идеялардың» болуы мүмкін емес, себебі идеялардың өзі тәжірибе арқылы пайда болады;

Адамның дүниеге келген кездегі ақыл-ойы ештеңе жазылмаған таза тақта, немесе «ақ қағаз» сияқты, ол тек тәжірибе арқылы мазмұнға толады;

Ақыл-ойда тек сезімдік түйсіктер арқылы қабылданған мәліметтерден басқа ештеңе жоқ, себебі дүниеге шығатын терезе – түйсік.

Сезімдік түйсінудің өзі сыртқы түйсіну және ішкі рефлексия (өзін-өзі бақылау) деп екіге бөлінеді. Сыртқы түйсінудің қайнар көзі сезім мүшелеріне әсер ететін материалдық денелер болса, ішкі рефлексияның негізі — адамның өз көңіл-күйін іштей сезінуі, қиналуы немесе мақұлдауы,

Психиканың қалай қалыптасатынын түсіндіру мақсатында Локк идеялардың екі түрін қарастырады. Олар: бірінші сапалы идеяларға денелердің түр, сан, орын, қозғалыс, тыныштық, т.б. сол сияқты қасиеттері жатады, біз оларды шындығында қандай болса, тура сол күйінде қабылдаймыз. Ал, екінші сапалы идеяларға денелердің иіс, бояу, дәм, т.б. қасиеттері жатады, оларды біз субъективтік тұрғыдан қабылдаймыз. Осы екі сапалы идеялардың түйсіктерге әсер етуі арқасында біздің санамызда екі түрлі ұғымдар мен пайымдаулар бар. Олар тек тәжірибе арқылы қалыптасады да, ой белсенділігін талап етеді. Осы негізде ғылымдар дамиды. Ал, екіншісі — сыртқы денелердің түйсіктерге әсер етуінен, не болмаса рефлексия арқылы пайда болған қарапайым ұғымдар, пайымдаулар. Мысалы: «көк» ұғымы — көру түйсігі, ал «қозғалыс» ұғымы — көру және сезіну түйсіктері арқылы пайда болған. Мұндай үғымдар енжар болу себепті ой белсенділігін талап етпейді. «Бірінші» және «екінші» сапалы идеялар адамның көңіл-күйіне байланысты әр түрлі қабылдануы мүмкін.

Ақиқат дегеніміз, Локктың пікірінше, идеялардың өзара сәйкес келуі (ұғымдардың, пайымдаулардың «бірінші», «екінші» идеяларға) және көпшіліктің өзара келісімі.

Адамның қуанышын тудыратын және күшін өсіретін істің барлығы — игілік, ал оған қарама-қарсы іс-әрекет бақытсыздық. Ең жоғары заң, адамды қуанышқа бөлейтін болғандықтан ең басты игілік болады. Локк мемлекет туралы ілімінде халықтың егемендігі негізінде қалыптасқан конституциялық монархияны жақтайды. Мемлеқет билікті бөлу (заң шығару, атқарушы және сот биліктері) арқылы әлеуметтік топтарға бостандық және құқықтық теңдікті сақтауға кепілдік жасауы тиіс.

Қорыта айтқанда, Бэкон, Гоббс, Локктың ілімдері механикалық метафизикалық философияның іргетасын қалап, ғылыми зерттеудің индуктивтік және геометриялық тәсілдерін әмбебап (универсалдық) тәсілдер дәрежесіне дейін көтеріп, өзінен кейінгі ғұлама-ойшылдарға үлкен әсер етті.

XVII – XVIII ғғ. Англияда философияда «идеялистік сенсуализм» деп аталып кеткен бағыт қалыптасты. Оның іргетасын Дж. Беркли және Д. Юм деген ойшылдар қалады.

Джордж Беркли (1684—1753 жж.) — ағылшын философы. Негізгі еңбегі: «Танымның бастамасы туралы трактат».

Берклидің ілімі бойынша «жалпы материя» деген бос сөз. Үшбұрыш деген жалпы ұғымның дүниеде болмайтыны сияқты, «жалпы материя» да болмайды. Ал жеке материалдық денелер құдайдың ойында идея ретінде өмір сүреді. Олай болса, шынайы өмір сүретін заттар емес, рухтың, жанның және «меннің» түп негіздері. Адамдар үшін нағыз объективтік шындық — біздің санамыздағы құдіреттің белгісі - «еске алу». Демек, жеке денелердің өмір сүруі дегеніміз, олардың түйсіктер арқылы қабылдануы арқасында «меннің», идеяларына айнала алуы. Қозғалыс деп жүргеніміз — құдайдың үздіксіз белсенділігі. Кеңістік пен уақыт та сезімдік «еске алудың» бір түрлері. Мысалы, уақыт – түйсіктердің бірінің соңынан бірі ауысып отыру дәйектілігі. «Меннің» жойылуымен бірге бұл аталған құбылыстар мен денелердің жойылмайтын себептері, өзіндік «меннен» басқа «бөтен мендердің» болуы.

Таным процесінде Беркли басты рөлді «тікелей сезімге» береді. Ол — сезімдік тәжірибенің нәтижесі, ал сезімдік тәжірибенің өзі санамыздағы құдіреттің белгісі — «еске алудың» жиынтығы. Сөйтіп, «тікелей сезім» арқылы қалыптасқан ұғымдар объективтік шындықтың субъеқтивтік- кескіні емес, түйсіктердің «еске алу» жиынтығы. Демек, біздің танып-біліп жүргеніміз нақтьі денелердің өзі емес, түйсіктердің жиынтығы ғана екен.

Берклидің ілімін әрі қарай жалғастырған, тарихшы, дипломат, философ, ағылшын ағартушылық кезеңінің көрнекті өкілі Давид Юм (1711 — 1776 жж.) болды. Негізгі еңбектері: «Адамның ақыл-ойы туралы зерттеулер», «Діннің табиғи тарихы», «Табиғи дін туралы пікірлер», т.б.

Юм ешқандай түпнегізді (субстанция) мойындамайды. Себебі, ол шын мәніндегі түпнегіз емес, идея ғана. Ал идеяны тудыру үшін объективтік шындықта өздеріне сәйкес келетін заттардың болуы міндет емес. Түпнегіз идеясы сезім мүшелері мен тәжірибе арқылы алынған деректерді көбейту, азайту, байланыстыру сияқты ой күшінің қабілеті арқасында қалыптасады. Мысалы, құдай идеясы адамдарға тән ақыл, данышпандық, қайырымдылық, көрегендік, т.б. қасиеттерді жиынтықтап, оларды адамның өзінен тыстатып, табиғатта жоқ құбылысқа телуінен пайда болған. Ал жан немесе «мен» ұғымы үздіксіз өзгеріп отыратын «еске алу» мен сезім әсерінің бірлігі. Тәжірибенің өзі Юмның; түсінігінше, себептері белгісіз және түсінуге болмайтын «әсерлердің үздіксіз қимылы». Ал фактілердің себептері мен салдарын қайталанып қойылған тәжірибе және өз алдына дербестенген «ойлауға әдеттену» арқылы танып-білуге болады. Бұл жерде; «ойлауға әдеттену». — өзіне себептілік инстинкті көмегінің арқасында, себептілік заңы ретінде өмір сүретін құбылыс. Демек, Юм объективті себептілікті жоққа шығара отырып, сезім «әсерлерінен» туындаған идеяларды субъективті себептілік ретінде мойындайды. Себептілік заңы тек қана жүргізіліп жатқан, тәжірибе шеңберінде үстемдік ете алады, ал оны тәжірибелік деректерден трансценденттік идеяларға (құдай, «мәңгі өлмеу» т.б.) таратуға болмайды. Таным процесінің ең басты мақсаты — тәжірибе арқылы айқындалған табиғи құбылыстардың себептерін жиынтықтап, олардан туындайтыи көптеген салдарды сан жағынан аз жалпы себептерге багындыру.

Адамдардың іс-әрекетінің негізінде себептілік жатыр. Бұл себептіліктер біздің табиғи қалыптасуларымыз, сұраныстарымыз және құмарлығымыздың негізінде қалыптасады. Ал ақыл-ой себептіліктің негізі бола алмайды, демек ол ешқандай іс-әрекет туғызбайды. Ол тек қана ақиқат пен жалғандық, табиғилық пен жасандылық туралы ой сараптап, олардың орталарын ажырата білуге үйретеді.

Юм осы уақытка дейін айтып келгендей «агностик», «скептик» емес, биологиялық-антропологиялық тұрғыдан философиялық рационалистік бағытқа қарсы шыққан реалист.

Егер ағылшын философтары білімді тек сезімдік түйсіну арқылы алуға болады деп есептесе, француз ғалымы және философы Рэне Лекарт (1596—1650 жж.) ақыл-ойды таным процесінде бірінші орынға қойып, тәжірибенің рөлін сол акыл-ойдын мәліметтерімен тексеретін қарапайым практикаға дейін түсіреді. Негізгі еңбектері: «Тәсіл туралы ойлар», «Бірінші философия туралы метафизикалық ойлар», «Философия бастамасы», т.б.

Декарттың философиясы өз бастамасын «күмәндану» қағидасынан алады. Ол дәстүрлі қалыптасқан пікірлерге де, сезімдік танымның акиқаттығына да күманданады. Нағыз шындық — «күманданудың ойлаудың қабілеті» деп мойындау. Оның «мен ойлаймын, олай болса, өмір сүремін» деген кағидасы төмендегідей тұжырым жасауға мүмкіндік береді: біріншіден, ол танымның негізін обьективті шындықтай іздемейді,керісінше таным процесінің өзінен табуға ұмтылады; екіншіден, бұл қағида оны мәнділіктің субстанциясы (түпнегізі) бар екенін мойындауға итермелейді.

Декарттың пікірінше бір мезгілде, бір-біріне тәуелсіз, бірақ байланысты рухани түпнегізбен (құдай) қатар, материалдық түпнегіз де (табиғат) өмір сүреді. Рухани түпнегіздің ажырамас ең басты атрибуты (қасиеті) – ойлау болса, материалдық түпнегіздің атрибуты — кеңістікте көсілуі.

Барлық заттар корпускул (материя ұғымына пара-пар) деп аталатын ұсақ бөлшектерден тұрады. Олар түрлеріне, көлеміне қарай ажыратылады. Корпускулдар кеңістікте және үздіксіз қозғалыста болады. Олардың жалпы сандары және қозғалыс түрлері универсумда бірқалыпты болады. Әлемдегі барлық заттар механика заңына сәйкес қозғалыста болатын корпускулдардан пайда болған. Ал, рухани түпнегіздің атрибуты ойлау мен материалдық түпнегіздің атрибуты — кеңістікте кесілудің бір мезгілде әсер етуі негізінде адамдар пайда болады да, ол ақыл-ой, сөйлеу, сияқты қасиеттерімен басқа жануарлардан ерекшеленеді. Осы себептен адамдардың қимыл-әрекеттерін көп жағдайда механика заңдылығы тұрғысынан түсіндіру өте қиынға соғады. Жалпы алғанда жансыз денелердің, өсімдіктердің, жануарлардың, адамдардың арасында өте алмайтындай кедергі жоқ, себебі олардың табиғатын, мәнін механика, математикалық есептеулер арқылы түсініп-білуге болады. Демек, танымның негізгі тәсілі геометриялық дедуктивтік, аксиоматикалык тәсіл болуы керек. Таным процесінде ең басты рөлді Декарт рационалдық (ақыл-ой) танымға береді де, ол арқылы адамдар сезімдік түйсінулер бере алмайтын табиғаттың сыры мен мәнін ашуға мүмкіңдік алады деп тұжырымдайды. Декарт әрі қарай ойын жалғастырып ақыл-ой сезімдік түйсінуге мұқтаж емес, себебі рационалдық таным заттарды, құбылыстарды «туа біткен идеяларға» сүйеніп танып-біле алады дейді. Бұл идеялардың табиғаты туралы Декарт: бұл идеяларды мен өзіме-өзім бере алмаймын, себебі олар өздерінде жетілдірген нақтылықты жиынтықтаған, ал «мен» қалыптастырған идеялар, ондай шындықтан туындамағаңдықтан туа біткен идеялардың деңгейінде жете алмайды. «Туа біткен идеялардың» себебі рухани түпнегіздің (құдайдың) өзі болғаңдықтан олар айқын және анық, ал олардың негізінде алынған білім де, айқын және анық, басқаша айтқаңда, ақиқат болады. Олай болса, оларды тәжірибе арқылы тексерудің қажеттігі жоқ. «Туа біткен идеялардың» табиғатына үйдес келетін математика болғандықтан, математикалық тәсіл ғалымдардың ең жоғарғы зерттеу тәсілі болуы керек.

Информация о работе Жаңа заман философиясы