Бiз адамбыз ....
Осыдан келiп, «бiз өмiрiмiздiң
мәнiн неден табуымыз керек?»
деген сұрақ туындайды. Бiр
жазушы «менi болашақ қатты қызықтырады.
Себебi, мен қалған өмiрiмдi сонда
өткiземiн» дептi. Бiздiң ойымызда
осы. Қаласақ та, қаламасақ та,
бұл болашақты бiз техникасыз
елестете алмаймыз. Бiрақ түсiнiксiз
дүниеге аттанып барамыз. Бiздi
осындай жұмбақ дүниеге жетектеп
әкетiп бара жатқан құбылыс ата бабамыздың
сан ғасырлық арманына тiптен ұқсамайды.
Өркениет деймiз. Бұған әркiм өзiнше баға
бередi. Мейлi қандай өркениет болсын, ол
жақсы ма, жаман ба, бiздi болашақтың
өзi қызықтырады. Бiздiң робот болғымыз
келмейдi! Иә, қорқамыз. Ш.Айтматовтың «Ғасырдан
да ұзақ күн» романын оқығансыздар.
Сондағы Сәбитжан: «Радио арқылы адамдарды
басқаратын күн туады әлi. Әлгi автоматтарды
қалай басқарса, тура солай басқарады.
Оу, түсiнiп отырсыздар ма, кәрi демей, жас
демей, адамдардың бәрi түгел радио арқылы
басқарылатын болады. Көзге көрiнбейтiн
биотоктар ұдайы сенiң санаңа әсер етедi
де тұрады. Адам ылғи орталықтың программалары
бойынша қимылдайтын болады. Адам бәрiн
өзiм iстеп отырмын деп ойлайды, ал шындығында
бәрiн iстетiп отырған жоғары жақ. Бәрi де
тәртiппен, нормамен iстеледi. Сен ән салуың
керек пе? Онда биоток арқылы сигнал келедi,
шырқай жөнелесiң. Сен билеуiң керек пе
– сигнал – билей жөнелесiң. Сен жұмыс
iстеуiң керек пе – сигнал – жұмысты қақыратып
саласың».
Сандырақтаса да, сөзiнiң жаны бар.
Осынау қаптаған темiр-терсектерден
жанымызды аулақ ұстап, мағыналы,
мәндi өмiр сүргiмiз келедi. Мағыналы
өмiрдiң қандай болатынын шындығында
ешқайсысымыз да жарытып бiлмеймiз.
Жастар мұның сырын кино, теледидар,
компьютерден танып-бiлуге әрекеттенедi.
Iшiп-жеу, күлу-ойнау да бар.
Одан қалса әр елден келген
сапасыз құндылықтарды талғаусыз
сiңiру бар. Өмiрдiң мәнiн дұрыс
түсiнбей жүрмiз. Егер осылай
кете берсек, ескексiз қайықтай
өзен ағысы мен жел бағытының
тәлкегiне түсемiз. Немесе шамамен
долбарлап, топшылап, өзiмiзше бал
ашып, ненiң зиян, ненiң пайдалы
екенiн тап басып тани алмаймыз.
Қазiргi бiрөлшемдi ақпараттар тасқыны
бас-терiмiзбен бiрге қылғыта жұтып,
сана-сезiмiмiздi улап, айналаны дұрыс
қабылдау қабiлетiнен жұрдай етiп
жатқанына куәмiз. Бiздер бұрынғының
интеллигенттерi секiлдi әрдайым мораль
мен iзгiлiк туралы емес, техника,
табыс туралы сарнаймыз келiп.
Неге? Бiлмеймiз. Бiр бiлерiмiз, бiздi
ата-анамыз темiр-терсектiң тетiгi
болсын деп дүниеге әкелген
жоқ. Ендеше бiздiң робот болып,
жаттанды өмiр сүруге де хақымыз
жоқ. Бiз адамбыз. Адам болып
қалуымыз керек. Ғылым қолынан
шыққанның бәрi бiрдей тамаша
бола бермейдi. Ескерейiк. «Мұнда
тұрған не бар?» деген көрсоқырлықтан,
немқұрайдылықтан аулақ болайық.
Тағы да қайталап айтам, бiз
адамбыз!