Техника философиясы

Автор: Пользователь скрыл имя, 26 Февраля 2013 в 13:38, контрольная работа

Описание работы

Техника» терминінің тамыры грек және латын тілдерінде, алғашқы мағынасында құрылысшының, ағаш шеберінің өнері, шеберлігі, кеңірек мағынасында өндірістегі және басқа қызмет салаларындағы өнер дегенді білдіреді. Орта ғасыр дәуірінде techne және ars терминдерінің мағыналары бірдей болды.

Содержание

1. Техниканың анықтамасы және тарихы.

2. Техника фшософиясы, оның статусы.

3. Техника және адам.

4. Технология және информатика.

Работа содержит 1 файл

айжан философия.docx

— 41.95 Кб (Скачать)

 

  Технология және информатика.  Технология қазіргі уақытта өркениет  пен мәдениетті дамытатын, қоғамының  қызметтік құрылымын сипаттайтын,  жалпы адамзаттың қазіргі даму  деңгейін және болашақта дамуының  көкжиектерін анықтайтын феномен.  Қазіргі заманғы экономикалық  ойлаудың басты ұғымы болып  есептелетін «технология» ұғымы  ұзақ жылдар бойы біздің кеңестік  экономикалық ой жүйесі үшін  жат болып келді. Шындығында, тағы  бір іргелі ұғым «информациямен»  бірге технология қоғамның тарихы  мен нақты қызметін түсінудің  концептуалды негізін құрайды.  Технология мен техника бір  нәрсе емес. Техниканың көне заманда калыптасқан екі мағынасының (бір нәрсені жасауға қажетті инструменттер, машиналар және құралдар жүйесі; өнер, жасай білу) соңғысы технология ұғымына жақынырақ. Технология техниканы қамтиды, бірақ онымен шектеліп қоймайды. Қазіргі заманғы мағынасында технология дегеніміз инструментальдік жүйе (инструменттер, машиналар, техникалық және транстпорттық коммуникациялар жүйесі), операциялық әрекеттер жиынтығы және инструментальдік жүйеге байланысты туындаған және оған әсер ететін қызмет жүйесі, осы қызметті басқару жүйесі, әлеуметтік және экономикалық салдарлар жиынтығы, бұл қызмет жүзеге асырылатын био-және социобиологиялық, информациялық орта. Осы мағынасынан-ақ технологияны динамикалық қызметтік жүйе ретінде қарастыруымыз қажет екені байқалып тұр.

 

  Технологияның аппараттық  және операциялық құрамдас бөліктерімен  бірге маңызды компоненттері  болып технологиялық менталитет  және технологияның қалыпты қызмет  етуі мен дамуы үшін аса  қажетті инфор-мациялық ресурстар  есептеледі. Егер бұлар болмаған  жағдайда технология азып-тозып,  тез күйрейді. Оның жақсы мысалдары біздің елімізде, бұрынғы Кеңестер одағы кеңістігінде өте көп. «Болмыс алғашқы, сана оның бейнесі» принципі бойынша жұмыс істеп дағдыланған, еңбек процесінен адам санасы түгелдей ығыстырылып шығарылған елімізге көптеген жаңа технологиялар әкелінгенімен, осы технологияны қолданып, іс жүзінде қолдана білетін интеллектуалдардың жоқтығынан әлемдік үлгіде жасалған технологиялар аз уақыт ішінде істен шығарьшып, қыруар қаржы желге ұшты.

 

  Елдің мәдениетін, жалпы  менталитетін, қоғамдық санасын экономикалық және технологиялық дамудың екінші факторы ретінде қарастыру өте қауіпті екені қазір айқын байқалып отыр. Бұл дағдарыстан шығудың жолы қандай?

 

  Қазіргі дағдарыс  технология, өркениет және мәдениет  арасындағы шиеленіспен байланысты. Өркениет күрделі, әлеуметтік  маңызы зор тех-нологияларлың  негізінде пайда болды. Мұндай  технологиялар материалдық еркениет  саласын ғана емес, билікті, әскери  істі, ауыл шаруашылығын, транспорт,  байланыс және интеллектуальдік  қызмет салаларын қамтиды. Өркениет  технологияның ерекше социогендік  функциясынан туындайды. Технология  өзіне қажетті нормативті-реттеу  ортасын қалыптастырады.

 

  Осы орта «өркениет»  ұғымы арқылы бейнеленеді. Яғни, өркениет белгілі бір технологияның қалыпты қызмет етуі мен дамуын қамтамасыз етеді. Өркениет біртипті технологиялардың негізінде қалыптасқан қоғамдардағы жалпыны көрсетеді.

  Мәдениет болса, әрбір қоғамдастықтың, әрбір социумның индивидуальді бастауының көрінісі. Мысалы, қазақ мәдениеті қазақ халқының этнотарихи индивид ретіндегі болмысының,тілінің, тарихи тағдырының, дінінің ерекшеліктерін бейнелейді. Әрбір мәдениеттің мызғымас, ғасырлар бойы қалыптасқан ядросы және оны қорғаушы белдеулері бар. Белдеулер – әрбір ұлтқа тән адамгершіліктік, әлеуметтік, интеллектуальдік реакциялар, олар ядроға сыртқы ортаның терәс әсерін тигізбеуге тырысады. Белдеулері мықты мәдениет өзін сақтап қалады. Өркениет, технология, мәдениет бір-бірімен үндестік тапқан кезде қоғам бірқалыпты дамиды, ал бір-бірне ықпалдасу болмаған кезде дағдарыс-шиеленістер пайда болады. Сондықтан да тәуелсіздік жолына түскен біз үшін жаңа технологияны қабылдайтын менталитетті қалыптастыру, оның теріс жақтарынан қорғайтын мәдени белдеулерді күшейту аса маңызды. Бұл ретте көп нәрсе адамның өзіндік санасын – адамның өзі, өзінің терең болмысы, өзінің кемшіліктері мен теріс қасиеттері туралы білімін нығайтуға байланысты. Өзіндік сана мәдениеттің ядросын үңіліп, ондағы тарихи мұраны тануға қабілетті, ал мәдени-ұлттық құндылықтарды дұрыс қолдана білу арқылы технологияның басымдығына қарсы тұруға болады.

 

  Дамыған елдерде ХХ-ғасырдың  ортасынан бастап информация  рево-люциясы басталды, бұл құбылыс  70-жылдардың соңына таман күшейе түсті. Қоғамның информатизациясы дегеніміз – қоғамдық және әлеуметтік маңызы бар, экономикалық, құқықтық, саяси, әлеуметтік және басқа міндеттерді шешуге қажетті информацияны өте тез өндіру және тарату әлеуметтік-тарихи процесі.

 

  Информатизацияның нәтижесі  – информациялық қоғамның құрылуы.  Информациялық қоғам – қоғамдық жүйе, ол:

1) әрбір индивид, әрбір  ұжым, әрбір мекеме өзінің қызметіне  қажетті барлық информацияны  ала алуына мүмкіндік береді;

2) бұл информацияны, ең  бастысы, ғылыми, саяси, экономикалық, тех-нологиялық білімдерді экспоненциалдық  (ашық түрде дегенді білдіреді)  есу заңдары бойынша өндіреді;

3) алдыңғы екі мақсатты  жүзеге асыруға қажетті (бұған  есептегіш ма-шиналар мен коммуникация  құралдары да кіреді) қазіргі  заманғы инфор- мациялық технологияларды  өндіреді және қолданады;

4) материалдық өндіріс,  транспорт, байланыс, технологиялық  процес тер, басқару, білім,  ізденістер мен жобалау, сервис, адамдардың қызмет саласы бойына және жеке араласуының негізгі салаларын толық немесе жартылай автоматтандыруды қамтамасыз етуге қабілетті.

 

  Информатизация индустриальдік  қоғамның жалғасы және оның  қон-дырмасы. Информация құндылығы  қай уақытта да жоғары болды,  біздің заманда бұрынғыдан да  күшейе түсті. Қазіргі уақытта  жер бетіндегі материалдық ресурстар (ауыз су, таза ауа, құнарлы жерлер, энергия, қазба байлық көздері және тағы басқалары) азая түссе, информация, керісінше, шексіз ресурс. Бірақ оны дамыту үшін бұрын қалыптасқан информациялық технологиялар – телефон, пошта байланысы, жазу, ауызша жеткізу – жеткіліксіз, компьютерлік және коммуникациялық технологияға негізделген жаңа информациялық технология қажет. Онсыз экономиканы, қоғамды дамыту мүмкін емес. Өндірістің кейбір салалары информация көлемін бірнеше есе арттыруды қажет етеді, бірақ бұл шығындар түбінде жемісін береді. Бұл тұжырымның тамаша дәлелі ретінде Жапонияда 1969 жылы ресми түрде жария етілген информатизацияландыру мен информациялық қоғамға көшудің мемлекеттік концепциясы мен моделін айтуға болады. 1971 және 1973 жылдардағы экономикалық дағдарыстардың алдын алу мақсатымен жасалған дағдарысқа қарсы бағдарлама ретінде жасалған және жүзеге асырылған бұл шара керемет нәтижелер берді. Жапондықтар дағдарыстан мейлінше аз шығындармен шығып қана қойған жоқ, сонымен бірге әлемге әйгілі «жапон ғажабының» әлеуметтік және технологиялық негіздерін жасады. Бұл мысал біз үшін даму үлгісі бола алады. Бұл жол өте қиын, адамдардан білімді жасай білу өнері мен интеллектуальділікті кәсіби шеберлікпен, инновациялық технологиялармен үштастыруды талап етеді, бірақ өркениеттің жаңа сатысына көтерілудің бұдан басқа жолы жоқ, өзге жолдар тек құлдырауға апарады.

 

  Ойымызды қорытсақ, техника  философиясы техника феномені табиғатын, оның пайда болу және даму кезеңдерін жан-жақты зерттеп, оның қазіргі адамға, жалпы қоғамға тигізетін оң және теріс ықпалын талдайды, техниканың болашағы туралы ғылыми болжамдар жасайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Техника философиясының проблемалары

Техника философиясының проблемалары

В.М. Розиннің техника философиясы 

Все страницы

Страница 1 из 2

 

 

 

Жоспары

 

I.                  Кіріспе

 

II.               Негізгі бөлім

 

а) Ғылымның мәні мен ерекшеліктері.

 

ә) Техника философиясының проблемалары.

 

б) В.М.Розиннің техника философиясы.

 

в) «Бесінші жол» - елдік рух  философиясы.

 

     III. Қорытынды  бөлім

 

     ІV  Пайдаланылған  әдебиеттер тізімі.

 

 

 

 Қазіргі дәуір  -  қоғам өмірінің барлық салаларын  қамтитын ұлы өзгерістер кезеңі. Біз бүгінде материалдық өндірістің  ғылымилануының және сонымен  бірге ғылымның индустриялануының  куәсі болып отырмыз. Ғылымды  – қоғамдық өндіріс қажеттеріне,  ал өндірісті ғылымға қарай  батыл бұру қажет. Ендеше, ғылым  мен өндірістің бір-бірімен қабысуы  және бірігуі, ғылымның тікелей  қоғамның өндіргіш күшіне айналуы  – қазіргі ғылым ерекшеліктерінің  бірі.

 

 Ғылымды техникамен  және өндіріспен байланыстыратын  қажетті буын – қолданбалы  зерттеулер мен технологиялық  ізденістер. Олардың міндеті –  іргелі ғылым ашқан жаңа заңдар мен идеяларды қоғамдық өндірісте қолданудың ең қысқа және ұтымды да тиімді жолдарын іздестіру. Мұндай зерттеулер ғылымды қоғамның тікелей өндіргіш күшіне айналдырудың маңызды факторы болып табылады. Болашақ жаңа технология мен техниканың жалпы нұсқасы мен іргетасы нақ осында қаланады.[3]

 

 Қазіргі ғылыми-техникалық  прогресті жеделдету жағдайында  іргелі және қолданбалы зерттеулер  арасындағы байланысты анықтау  ғылыми жұмысты тиімді жоспарлау  мен ұйымдастырудың қажетті шарты  болып отыр. Ғылым жетістіктері  негізінде жаңа техника мен  технология жасалып, содан кейін  олар өндірісте қолданылады. Ғылым  саласында өндірістің жаңа құралдары  мен технологиялық процестері, өнеркәсіптің  мүлде жаңа салалары мен бағыттары  пайда болып отыр. Оған инженерлік  ортлықтар, ғылыми-өндірістік бірлестіктер, сала-аралық ғылыми-техникалық кешендер  жатады. Сөйтіп, ғылым мен техниканың  арасында белгілі бір формалар қалыптасуда.

 

  Әлемнiң күрделенгенi  соншалық, жердiң асты мен үстi, адамзаттың iшi мен сырты шешiлуi мұң  түйiнiне толды. Гегель  осыдан екi ғасыр бұрын: «Бiз  бұрынғы түрiн жоғалтып, жаңа жүйеге  көшкен рухтың алға қарай секiре  қозғалатын көпiрмелi уақытындағы  маңызды дәуiрдiң қақпасында тұрмыз. Бiздiң әлемдi бiртұтас дүниеге  бiрiктiретiн бұрынғы түсiнiктер, ұғымдар  және байланыстар көрген түстей  жоғалды және ыдырады», – деп  едi. Айтқаны айдай келдi. Адамзат  баласы өз iс-әрекетiнiң маңызын  түсiнбейтiн, өзi және елiнiң тарихы  туралы ештеңе бiлмейтiн, өзiнен  деңгейi биiк техникаға өзiн құрбан  етiп, өзiнiң бар-жоғын ұмытатын  дүнияуи динамика қалыптастырды.  Өткен ғасырларда адам қоғамсыз  өмiр сүре алмайтын, ал ХХI ғасырда  адамның техникасыз өмiрi тұл.  Адамзаттың қолынан техниканы  тартып алып қоймаңыз, алдыңыз  ба,  олардың  өмiрi бiттi деңіз.

           Әлемде тыныштық жоқ. Аспанымызды  зымыран мен ұшақ, жер бетiн  темiр-терсекпен тұмшаладық. Экология  жайын айтпай-ақ қояйық,  қара  жер «аяқтарыңды аспаннан келтiрем»  деп алғашқыда дөң айбат шегiп  қана қоятын. Шыдамның да шегi  бар, шаршады бiлем, ендi сан  жылдар бойы қисапсыз көрсеткен  зорлығымызды өзiмiзге еселеп  қайтарып жатыр. Дұрыс! Құптарлық  жайт!  Табиғаттың мiнезi кекшiл  келетiнiн  аңғарғымыз келмеп  едi. Ендi санасыз сирақтарға мықтап  сабақ болатын болды.

 Жә, мейлi деңiз,  фантастикалық  шығармалардағы мұрнымызды шүйiре  қарап, ертегiге теңейтiн миға  сыймайтын қияли сюжеттер  қазiр  әрбiрiмiздiң басымызда бар нәрсеге  айналғанын сезiнiп жүрмiз бе? Жоқ!  Бұрындары адамның құндылығы  зор болатын, қазiргi адамдардың  құндылығы сол, кiлең  жиһанкездер.  Әлемнiң түкпiр-түкпiрiне табан  тигiзiп аралау, шамаң келсе глобустағы  мемлекеттердiң бәрiне сапар шегудi  «мода» емес,  мақсат еттiк.  Асан қайғы мен Қорқыт бабамыздай  жерұйық iздесе мақұл, жоқ, қазiргiлердiң  қыдырымпаздығы – мағынасыз ерiккендiк. [6]

 

  Қазіргі дәуір - қоғам  өмірінің барлық салаларын қамтитын  ұлы өзгерістер кезеңі. Ғылымды  - қоғамдық өндіріс қажеттеріне,  ал өндіріс ғылымға қарай батыл  бұру қажет. Ендеше, ғылым мен  өндірістің бір-бірімен қабысуы  мен бірігуі, ғылымның тікемның  өндіргіш күшіне айналуы - қазіргі  ғылымның ерекшелігінің бірі.

 

 Ғылымның техникамен  және өндіріспен байланыстыратын  қажетті буын - қолданбалы зерттеулер  мен технологиялық ізденістер. Олардың  міндеті ғылым ашқан жаңа заңдар  мен идеяларды қоғамдық өндірісте  қолданудың ең қысқа және ұтымды  да тиімді жолдарын іздестіру.

 

 Қазіргі ғылыми-техникалық  прогресті жеделдету жағдайында  іргелі және қолданбалы зерттеулер  арасындағы байланысты анықтау  ғылыми жұмысты тиімді жоспарлау  мен ұйымдастырудың қажетті шарты  болып отыр. Ғылыми жетістіктер  негізінде жаңа техника мен  технология жасалып, содан кейін  олар өндірісте қолданылды.

 

  

             Техника. Адамзат ғасырлар бойы  аңсаған, жетуге ұмтылған ғажайып  техника жетiстiктерi аз емес, әрине.  Оның пайдасын жоққа шығармаймыз.  Техника – бiрнеше миллион  амалдарды орындайды, орасан көп  деректi  есте сақтайды, әлденеше  мәлiмет толқынын бiр мезгiлде  өңдеп, кейбiр логикалық ойларды  iске асырады, кәдiмгi мәтiндердi  оқиды, күрделi бейнелердi таниды, бiрнеше өлшемдiк түстi көредi және  микрокомпьютерлер мен микропроцессорлар,  «жасанды адам» бағдарламасын  құруға әкелетiн бағдарлаудың принциптi жаңа тiлiн табады, тағы басқа естiген адамның таңдайын қақтырар дүркiн-дүркiн жаңалықтарымен әлем кезiп жүр.

Информация о работе Техника философиясы