Автор: Пользователь скрыл имя, 17 Февраля 2013 в 14:08, реферат
Гносеология- адамның танымдық iзденiстерiнiн табиғатың, бiлiмнiң шындыққа қатынасын, оның мәдениет және қатынастар-байланыстар жүйесiнде алатың орынын, даму шарттарың, ақиқат өлшемiн және сонымен қатар, шынайы бiлiмдерге жету заңдылықтарың мен әдiс-тәсiлдерiн қарастырады.
Одан кейiн, кең тараған эпистемология термины пайда болады (гр.episteme-бiлiм, logos-iлiм). Бұл терминмен әдеттей ғылыми таным теориясың белгiлейдi.
Кіріспе
1.Танымның философиялық тұғырнамалары
2. Ойлау және тiл
3. Интуиция, оның таным мен шығармашылық процесiндегi ролi
4. Ақиқат мәселесi
5. Әдіснама ғылыми таным әдістері туралы Философиялық ілім ретінде.
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Сонымен, ақиқат- таным субъектiсiнiң практикалық бiлiмде алынатың шындықты барабар бейнелеу. Әр бiр ақиқат өзiнiң формасы жағынан субъективтi: ол субъектiнiң әрекетiнiң нәтижесi және субъектiден тыс өмiр сүрмейдi. Ол тұлғаның “iзiн” сақтайды, өйткенi ол өзiнiн әлеуметтiк-тарихи тәжiрибесiне сүйенедi. Ал, мазмұны жағынан ақиқат объективтi: адам санасынан тыс, одан тәуелсiз тұрған объектiнi адам санасында бейнеленуi. Мұнда, ақиқат тұланың ерекшелiктерiне, танымның тәсiлдерiне тәуелдi емес- ол жақсыз, жалпы ақиқатты (общезначима).
Адамның және адамзаттың дамуымен объективтi дүние жайында бiлiмдер де өзгередi, өркениеттiн жаңа сатысына көтерiлуiмен бiлiм алу құралдары да өзгередi. Бұрын, басында танылмаған, танылады, белгiсiз болған белгiлi болады. Бұдан ақиқаттың салыстырмалы болатыны анықталады, ол екi аспектiде көрiнедi: 1) салыстармалы ақиқат қоғамның дамуының белгiлi бiр деңгейiне лайықты, сол бiлiмдердi алудын тәсiлдерiн себептейтiн (обуславливающий) толық емес, нақты емес бiлiмдер; 2) оларды алу шарттарына, орыны мен уақытына байланысты, тәуелдi бiлiмдер. Салыстырмалы бiлiмдердiн, оның бiрiншi анықтамасына сай келесi мысалды ретiнде кез келген ғылымды келтiруге болады. Әр ғылым, осы мағынада толық емес, толық аяқталған бiлiм емес болып келедi. Екiншi мағынасына сай мысал келесi қағиданы келтiруге долады “Зорлық бұл зұлымдық”, бұл қағида адмгершiлiкке қарсы мақсатта қолданған кезде ақиқат, ал қылмыскерлермен күрес жүргiзу барысында немесе отанының шекарасың қорғау кезiнде ол зұлымдық болмайды. Және бұл мысал ақиқаттың салыстырмалығы мен нақтылығының байланысын көрсетедi, келесi түiнге әкеледi: абстрактiлi ақиқат болмайды, ол үнемi нақты. Абсолюттi ақиқат бұл 1) шексiз дүниенi тұтас күйiнде түсiну мен байланысты толық жетiлген, сарқылған бiлiм; 2) келешекте терiстелмейтiн бiлiмдер. Бiрiншi жайда жалпы әлем және оның жеке салалары туралы толық жетiлген бiлiмдi аламыз, оған жету мүмкiн емес өйткенi адамның танымдық мүмкiндiктерi шектеулiжәне шексiзде, алуан түрлi дүние өзгермелi. Екiншi жайда еш уақытта терiстелмейтiн, тек толықтырылып, терендетiлiп отыратың және танымның кейiнгi барлық сатыларында шынайы болып қала беретiн бiлiмдi айтамыз. Мысалы “қозғалыс- дегенiмiз кез келген өзгерiс болып табылады”, “Қоғам- табиғаттың ерекше бөлiгi”.
Таным процесiнде абсолюттi және салыстырмалы ақиқат тығыз байланыста: абсолюттi ақиқат салыстырмалыдан құрылады, сондай-ақ салыстырмалы бiлiмдерде абсолюттi дшынайы бiлiмдердiн бөлшектерi бар. Сонда абсолюттi және салыстырмалы ақиқаттар бiр бiлiмнiң әр түрлi қырлары болып табылады. Салыстырмалы бiлiмдерi абсолюттендiру релятивизмге әкеледi, ол танымның нәтижелерiне күмән келтiредiскептизм, немесе объективтi бiлiмдi алу мүмкiндiгiн терiстейдi- агностицизм (Юм-бiлiм сезiмдiк таныммең, тәжiрибемен, ойдың мүмкiндiктерiмен шектеулi, сондықтан бiлiм сыртқы, мәндi емес, терен емес; Кант-“өзiндiк затты”танп бiлу мүмкiн емес, танылатың құбылыс қана-феномен, ал танылмайтын “өзiндi зат”-ноумен). Абсолюттi бiлiмдi маңызын асыра дәрiптеу догматизм.
Ақиқатт проблемасын шешу барысында келесi ұғымдарға көңiл бөлу қажет: расталған және расталмаған (болымды, гипотетикалық) бiлiмдер, ақиқат, жалғандық және адасушылық. Расталған бiлiм- бұл объективтi, шынайы бiлiм. Және олар шынайы болып логикалық тұрғыда дәлелденгең де, немесе эмпирикалық, эксперименталды, нақты дәлелдеңген кезде есептеледi. Мысалы, Абай 1845-1904 ж. өмiр сүрдi. Нақты, құжат арқылы дәлелденедi; немесi “Сократ пенде (смертный)” логика бойынша “бәр адамдар пенделi” және “Сократта адам”. Ал расталмаған бiлiм логикалық тұрғыдан толық дәлелденбеген немесе әлi практикада өз көрiнiсiн таппаған бiлiмдер. Мұндай бiлiмдер күмән тудырады және қосымша дәлелдемелердi қажет етедi. Мысалы, Жер планетасынаң басқа планеталарда тiршiлiктiн болуы; “Бiздiн факультетiмiздiң студенттерiнiң кобi мұғалiм болғылары келедi ” бiрнеше топтардаң пiкiртерiм негiзiнде алыңған. Бiлiмнiң ерекше түрi, растау немесе терiстеуге болмайтын, ол белгiсiз бiрдене туралы бiлiмдер, олар көбiнесе өз көрiнiстерiн мәселе ретiнде табады. Мысалы, философияда өмiр және өлiм мәселесi, қажеттiлiк пен еркiндiк мәселелерi т.б. гносеологияның спецификалық феноменi адасушылық болып табылады. Егер өтiрiк – бұл шындықты әдейi бұрмалау болса, жалған бiлiмдердi шынайы бiлiм деп көрсетiге тырысқан пиғыл (намерение) болып табылады, ондаадасушылық әдейi емес бiлiидi бұрмалау болып келедi. Адасушылық- бұл қателiк. Адасушылық- бұл шынайы деп қабылданған дұрыс емес, немесе керiсiнше қаралатың бiлiмдер. Мысалы, философия мен ғылымдарда көптеген уақыт бойынша геоцентiрлiк теория қолданды, немесе биологияда тұқымдық қасиеттердi жеткiзуде жоғары молекулярлы белок қосындылары алады беп есептелдi (бiрақ сонғы он жылда клеткаларға дейiн тiршiлiктiн алғышарттары нуклейiн қышқылдары (ДНК,РНК) және белок емес, кiшi молекулалардың “динамикалық ойындары”, ол кейбiр металдардың (темiр, мырыш-цинк, алюминий, никель, мыс-медь) иондары, сера-күкiрт, фосфор, азоттың қосындылары, және аминоқышқылдар мен көмiрсутектердiң- углеводы бiраз органикалық молекулалары). Адасушылықтың себептерi әр түрлi болады: психологиялық (жеке тұлға ұстанымдары, таптаурын-стереотиптер); логикалық (қортынды жасау ережелерiн бiлмей бұзу); гносеологиялық (танылатын объектi туралы қалыптасып қойған субъективтi пiкiр, сынаржақтылық және фрагментарлы бiлiм); әлеуметтiкмәдени (қоғамдық пiкiрге немесе идеологияға бағытталыну) т.б.
Ақиқаттың өлшемдерiне қоғамдық практика жатады: 1) ол таным процесiмен тiкелей байланысты, оның дамуын айқындайды және алынған қортындылардың растылығы мен толық болуын анықтайды; 2) практика абсолюттi (адам басқа өлшемдердi тапқан жоқ), салыстырмалы (тарихи шектеулi болғандықтан қоғам жинаған барлық бiлiмдердi дәлелдей алмайды), универсалды (болған және келешекте болатын адамдардың тәжiрибесi мен әрекеттерiн қамтиды); 3) объективтi (өзгерiлетiн объект) және субъективтi (адамның белсендi-саналы әрекеттерi) жақтары бар; 4) практика сезiмдiк, абстрактiлi (жалпы) және тiкелей шындықты қамтиды.
Маркстiн философиясында практика кең мағынада қарастырылады, дүниенi және адамды өзгертуге бағытталған адамның мақсатталған сезiмдiк-заттық әрекеттерi деп. Практиканың мұндай жалпы түсiнiгi теориялық танымның басқа салаларында ақиқаттың жеке өлшемдерiн қлдануды терiстемейбi. Мысалы: жаратылыстану ғылымдарында- эксперимент және бақылау, өнер мәселесi мен айналысатың ғылымдар- жалпы мәдени, эстетикалық, этикалық өлшемдерге бой бұрады, математика немесе логика өте абстрактiлi ғылымдар ретiнде, олардың қағидаларың тiкелей тексеру мүмкiн емес- теориялардың “қолданбалығы”, басқа ғылымдарда, техникада, өндiрiсте көрiн табуы мен қатар формальды-логикалық (теорияның толықтығы, қарамайшылықтың болмауы, интерсубъективтiлiгi) өлшемдi қолданады.
Соңғы кездерде ақиқат критерилерiмен байланысты жаңа концепциялар пайда болды:
1.ақиқаттың когеренттi тұғырнамасы (Лейбниц, Спиноза, Гегель, Гемпель, Нейрат) бiлiмнiң байланыстылығын, жүйелiлiгiн, бiртұтастығын мойындайды. Мұнда логикалық өлшемдер басшылыққа алынады. Жалпы жүйеде бiр-бiрiмен байланысты үйлесiмдiлiкте пiкiрлердiн болуы, көп бұынды логикалық құрылым. Бұл тұғырнама нормативтi болып келедi, өйткенi субъектiден алшақ болып, бiрiншi орынға танымдық процедуралармен бiлiмнiң өзiне бередi.
2. ақиқатылықтың конвенционалды
тұғырнамасы (Пуанкаре) мұнда ғылыми
теориялар және онда
3. ақиқатылықтың прагматикалық
тұғырнамасы (көне Қытай және
антика философияда өз
5. Әдіснама, әдіс пен теория әрқашан
бір-бірімен тығыз байланысты. Теория
педагогикалық құбылыстардың кез-келген
әдіснаманың негізі болып табылады және
сол әдістеменің көмегімен табылған фактілер
арқасында кеңейеді. Теория – таным процесінің
нәтижесі, ал әдіснама болса осы танымға
жету мен оны құру тәсілі болып табылады.
Бұл – теориялық және практикалық ғылыми-танымдық
іс-әрекетті ұйымдастыру мен құрастырудың
негізі мен тәсілдер жүйесі, бұл – осы
жүйені тану жолы. Таным теориясы тұтас
таным іс-әрекеті процесін және ең алдымен
оның мазмұндық негізін зерттейді. Әдіснама
шынайы және практикалық түрде тиімді
білімге жетудің әдістері мен жолдарына
көп көңіл бөледі, осы білімді дамытудың
тәсілдерін іздестіреді.
Кез-келген әдіснамалық мәселелерді шешу
белгілі бір гносеологиялық принциптер
негізінде құралған бастапқы әдіснамалық
тұжырымда жүзеге асады. Адамның танымдық
іс-әрекетінің жалпы заңдылықтарын, оның
даму заңдарын қалыптастыру философия
ғылымының мәселесі. Білімді философиялық,
аксиологиялық түсіну философияға тән
және ол ғылыми білім туралы түсініктердің
қалыптасуына шешуші ықпал етеді. Алайда
зерттеушінің әдіснамалық тұжырымына
жалғыз философия мен оның гносеологиялық
негіздері ғана әсер етпейді. Зерттеушінің
әдіснамалық тұжырымдама, көбінесе, ғылыми
білімді құру мен дамыту теориясы болып
табылады, өйткені ол психологкялық-педагогикалық
ғылымға және оның тарихына бағытталады.
Осыған орай, әрбір әдіснамалық тұжырымдама
психологиялық-педагогикалық теориялар
негізінде құрылып, соларға сүйенеді,
өйткені олар осы тұжырымға жақын және
онын ең басты құрылымдары болып табылады.
Әдіснамалық тұжырымдар ғылымның философиялық
негіздері мен педагогикалық ғылымның
зерттелетін саласының жетістіктеріне
байланысты ажыратылады. Зерттеушінің
әдіснамалық тұжырымының қалыптасуына
бұған дейін қалыптасқан және басқа да
психолгиялық-педагогикалық тұжырымдар
әсер етеді. Жаңа әдіснамалық тұжырым
оған дейінгі пайда болған әдістемелік
концепциялар желісінде пайда болып, дамиды,
ол нені іздеу керек және қалай іздеу керектігін
дәл анықтауға мүмкіндік береді. Сонымен
қоса, олар зерттеушіні тежеп, оның еркін
ойлауына кедергі жасауы да мүмкін.
Зерттеушіге, кейде, ғылымдағы көпшілік
қабылдаған, тұрақты ережелер туралы,
әдістемелік көзқарастар, ғылыми мектептер
бағыттары туралы ұмытып, олардан бас
тартып, оларды дәлелді түрде жоққа шығарудың
пайдасы көп болады. Сондай-ақ, әр түрлі
тұжырымдарға, олардан шығатын мәселелерге
және оларды шешудің ерекше тәсілдеріне
сын көзбен қараудьщ да пайдасы зор. Іске
осылайша қарау теориялық материалға
деген өзіндік қатынасты қалыптастыруға,
белгілі бір тұжырымдарға сүйеніп, бір
жағынан философиялық ережелер ықпалындағы,
ал екінші жағынан ғылыми-педагогикалық
танымның белгілі бір саласына бағытталған
кейбір тұжырымдарды сынауға көмектеседі.
Зерттеу жұмыстарына жаңадан араласқан
зерттеушіге ғылыми талдау жүргізіп, ғылымдағы
тұрақты философиялық және теориялық
тұжырымдар мен қортындыларға сүйенудің
пайдасы мол. Бұл зерттеліп жатқан саладағы
жаңа жүйелік тұтастық білімдерін алуға
көмектеседі. Эмпирикалық деңгейдегі
білім қайта құрылып, теориялық білім
мен нақты шындықтың өзара қатынасы саласындағы
теориялық қортындылар мен нақтыландырулардын
негізін құрастыру қажет. «Теориялық білім»
дегеніміз сөздің, жалпы мағынасында,
белгілі бір педагогикалық құбылысты
талқылауға, қолдануға және түсіндіруге
бағытталған ғылыми көзқарастар, түсініктер,
идеялар жиынтығы. Ал, тар және арнайы
мағынасында, ол дегеніміз педагогикалык
іс-әрекеттің зерттелініп жатқан саласының
заңдылықтары мен байланыстары туралы
тұтас түсінік беретін ғылыми білімді
ұйымдастыру формасы. Бұл тұтас білім
жүйесіндегі ішкі шектеу, ол бір элементтердің
басқа элементтерге тәуелділігін сипаттайды,
ал теория мазмұны пікірлер мен түсініктер
жиынтығынан тұрады. Теория көбінесе жеке
тұлғаны тәрбиелеу, оқыту мен қалыптастырудың
қалыптасқан тәжірибесін шығармашылықпен
қайта құрумен байланысты. Осылайша, ол
педагогикалық тәжірибені қортындылап,
жеке тұлғаның болашақта қалыптасуы мен
дамуының жоспарын анықтайды.
Теория өзара байланысты білімдер жиынтығы
ғана емес, сонымен қатар, ол – осы білімдердің
белгілі бір зерттеу бағдарламасы түрінде
құралуының механизмі. Теория шынайы өмірде
жоқ, бірақ теориялык-әдіснамалық білімдерге
сүйеніп жүзеге асыруға болатын нәрсені
құрастыруға көмектеседі. Осының бәрі
ғылыми білімдердің жалпы жүйесі ретінде
педагогикалық теорияның тұтастығын құрайды.
Теориялық білім зерттеушіге оның не нәрсені
біле алатынын көрсетсе, практикалық білім
оның не істеу керектігіне бағыттайды.
Кез-келген теорияның ақиқаттылығының
белгісі – болмыстың практикалық өзгерісі.
Практика теориялық түсінікке қарағанда
әлдеқайда кең және күрделі. Алайда, басқа
жағынан қарағанда, теориялық болжамдар,
мысалы, Д.И. Менделеевтін химиясы практикаға
белгісіз жаңа химиялық элементтердін
ашылуын болжаған. Осылайша Нептун ғаламшарының
ашылуы да бірінші теория жүзінде болжанып,
практика жүзінде заманға сай телескоптар
пайда болған кезде ғана оны коре алған.
Іс жүзінде таза теория болмайды, өйткені
ол әрқашан зерттелінетін пәннің әдістемесімен
өзара тығыз байланыста болады және зерттеу
іс-әрекетінің бағытын анықтайтын бастапқы
нүкте болып табылады.
Қазіргі замандағы ғылымның әдіснамасы
білімнің жеке бір саласы ретінде дамып
келе жатыр, оған нақты-ғылыми деңгейде
өкізілген зерттеулер сүйенеді.
Әдіснама дегеніміз әдістер туралы ілім,
оларды зертттеушінің ойлау сипатын, оньщ
танымдық процесінің дамуының жолын анықтаушы
ретінде қарастыру қажет. Таным процесіндегі
әдіске антикалык философияда-ақ үлкен
мән берген, онда алғаш рет зерттеу нәтижесі
мен ғылыми таным әдісі арасындағы өзара
қатынас айқындалған болатын. Қазіргі
уақытта таным әдістері, олардың қалыптасуы
мен даму процесі зерттеу объектісін тану
мен өлшеудін анық ғылыми нәтиже бере
алатын нақты әдістерін талап ететін деңгейге
жақындап келеді. Сондықтан ғылыми-педагогикалық
зерттеу әдістерінің дамуы мен жетілдіру
процесі тұтас педагогикалық ғылымның
дамуының ең басты құрамды бөлігі болып
табылады.
Ғылыми зерттеудегі әр түрлі әдістердің
өзара байланысы мәселесі көкейкесті
мәселеге айналып отыр. Бұл мәселе аспектілерінің
бірі ғылыми танымдағы философиялық әдістердің
орны туралы мәселе больш отыр. Зерттеушінің
теориялық ойлауының негізінде материалистік
диалектика әдісі жатыр, ол ізденушіні
ғылыми фактілерді жинастыру мен түсіндірудегі
субъективті көзқарастан, олардың біржақтылығынан
босатып, зерттеушіні зерттеу мәселесіне
тарихи анализ жасауға , оның дамуының
тенденциясы мен заңдылықтарын табуға,
таным мен болмысты қарама-қайшылықтарды
шешудің тәслдерін ашуға шақырады. Бұл
объективті заңдылықтармен анықталатын
білім мен ақиқаттың әр түрлі формаларының
өзара байланысын анықтауға, қоғамдык
және жаратылыстану ғылымдарының ілгері
дамуына икемделген ойлаудьщ басқа да
диалектикалық әдістерін тереңірек түсінуге
көмектеседі.
Тарихи материализм әдісі барлық қоғамдьщ
ғылымдар үшін жарамды және ол әлеуметтік,
педагогикалық және басқа да заңдылықтар
мен олардың дамуының ерекшеліктерін
танудың негізі болып табылады. Ғылыми
танымның осы әдістері шешуші мәнге ие,
зерттеудің бағыты мен оның тағдырын анықтайды,
ал оның таным объектісін зерттеудегі
принциптік ыңғайы зерттеу нәтижелері
мен олардың әдістемелік құндылықтары
бағасының дүниетанымдық көрсеткіштері
болып табылады.
Таным процесінде белгілі бір, нақты ғылымдарды
(физика, математика, химия, тіл білімі)
зерттеудің жекелеген, арнайы әдістері
бар. Нақты ғылымдардың әдістерімен қатар
жалпы ғылыми сипаттағы әдістер де кездеседі,
олар барлық дерлік ғылымдарда қолданылады:
байқап-бақылау, теңеу, талдау және жинақтау,
дәріптеушілік, өлшеу, эксперимент, абстрактіден
нақтыға қарай өрлеу, индукция мен дедукция;
бұлардың әрқайсысы жеке ғылымдарда нақтылана
түседі. Сонымен қатар, ғылыми әдістер
ғылыми танымның эмпирикалық және теориялық
әдістері болып екіге бөлінеді.
Сонымен, зерттеу әдісі дегеніміз күрделі
танымдық әдістемелер, ал олар болса зерттеудің
таным операцияларының іске асуының белгілі
бір тәртібін белгілейтін әр түрлі әдіс-тәсілдерінің
жиынтығынан тұрады.
Зерттеу әдістері педагогикалық ғылым
дамуының басты құрамды бөлігі болып табылады.
Педагогикалық ғылым мен тұтас педагогикалық
білімнің дамуы педагогикалық зерттеу
әдістерінің даму деңгейіне байланысты..
Ғылыми нәтижелердің анықтығы алғашқы
ақпаратарды алудың жолдары мен тәсілдеріне
және зерттеу әдістерінің сенімділігіне
байланысты. Кез-келген педагогикалық
зерттеу белгілі ғылыми білімдерді дәлелдеу
емес, ол – жаңа білімдерді табу процесі.
Ол адамның зерттеу объектісі, заттары
мен құбылыстарының мәнін ашуға бағытталған
жан-жақты танымдық іс-әрекетінің бір
түрі.
Қорытынды
Жоғарыда сипатталған ғылыми зерттеулердің құрылымы, кең мағынада ғылыми танымның тәсілі немесе ғылыми әдістің өзі болып табылады. Әдіс – бұл белгілі бір қорытындыға жетуге көмектесетін әрекеттердің жиынтығы.
Эмпирикалық ғылымның
негізін салушылардың бірі - Ф.Бэкон
танымның әдісін циркульмен салыстырған.
Әрбір адамның ойлау
Зерттелетін заттардың әртүрлілігінен пайда болатын, жаратылыстану ғылымы мен гуманитарлық танымның методологиялары арасында бірқатар айырмашылықтар бар. Жаратылыстану ғылымы методологиясында заттың жеке ерекшіліктері ескерілмейді, себебі ол баяғыда қалыптасып зерттеушінің назарынан тыс қалған.
Мысалы, тарих ғылымында заттың пайда болуын, оның жеке ерекшіліктерінің толығымен қарастырады. Әлеуметтік танымның методологиясы жаратылыстану методологиясынан пәннің өзіндегі айырмашылықтары бойынша ажыратылады:
Сондықтан, әлеуметтік таным методологиясы фактілерді жалпылап қана қоймай, сонымен бірге ол аса үлкен маңызға ие индивидуалды фактілермен жұмыс істейді. Осы фактілерден объективті үрдіс пайда болып, солармен де түсіндіріледі. Гуманитарлық таным методологиясының өзіне тән ерекшелігі осында.
Қазіргі заманғы
ғылымда жаратылыстану және гуманитарлық
ғылымдардың методологияларының бір-біріне
жақындасу тенденциясы
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1..Ж.Алтай, А. Қасабек. Философия тарихы. А.,1999.
2.Нысанбаев Ә. Әбжанов Т. Қысқаша филасофия тарихы. А.,1999.
3.Дуниежүзілік философияның Анталогиясы. 4.томның 1.Т.М.1962.
4.Философияға кipicne. И.Г.Фролова.М.,1989.
5.Философияның тарихы, қыска түрде.И.И.Богута.-М.,1991.
6.Қытай философиясының тарихы.-М., 1989.
7.Дүниежүзілік философия .2-том.
8.Философиялық сөздік.А.,1996
9.Тұрғынбаев Ә.Х. Философия. Алматы Білім .,2001
2 Тақырып. Ғылымның
пайда болуы. Ғылымның тарихы
дамуының негізгі кезеңдері.
2. Ғылымның пайда
болуы. Ғылымның тарихы
Позитивизм іылым философиясы ретінде. ХІХ ғ. позитивизм философиясы: Конт, Спенсер, Милль, Мах пен Авенариустың эмпириомонизмі. Коген, Наторп, Кассирер, Виндельбанд, Риккерт, К. Маркс және Ф. Энгеоьс. Ғылым философиясының неопозитивистік тұжырымдары. Логикалық позитивизм. Лингвистік позитивизм. Постпозитивизм. К. Поппер, И. Лакатос, т. Кун, П. Фейерабенд, М. Полани. Философия мен ғылым методологиясының негізгі ыңғайлары. ХХ ғасыр ғылымының постпозитивтік бейнесі.
Ғылым философиясының
қазыігі замандағы негізгі
ХІХ-ХХ ғғ. еуропалық философия
мәдинетінде ғылыми-техникалық озықтылықпен
байланысты мәселелерді ғылым
Позитивизм. ХІХ ғ. Еуропа өнеркәсіптік революция жолына түсті. Ғылыми жаңалықтарды қолдану барлық өндіріс әлемін жаңа түрге енгізді және бұл уақыттары: көлік байланыстары, капиталдар, қалалар дамып өсті, медицинадағы бұрынғы тепе-теңдік жойылды. өмір сүру салты танымастай болып өзгерді. Бейне бір, кез келген мәселелерді шешуді құралдары игерілгендей және әлеуметтік даму айқын да және тоқталмайтындай еді.
Позитивизм (лат. Positivus – дұрыс, оң) терминін, француз философы, осы ағымның негізін қалаушы Огюст Конт (1798-1857) енгізді. Ол негізінен «метафизиканы», яғни дәстүрлі философияны, сол кездегі ғылмының дамуымен қойылған сұрақтарға жауап беруге қабілетсіз деген ойымен алған шықты.