Автор: Пользователь скрыл имя, 26 Ноября 2011 в 19:57, реферат
Тіршілік иесі ретінде Адам екі әсердің жемісі. Біріншіден, әр адам биологиялық дамудың жемісі, екнішіден әрбір адам түрлі қоғамда әртүрлі таптың туындысы болып қалыптасады. Сондықтан ол сол таптың да жемісі. Осы екі әсердің сан қилы болып қиылысуынан адамның өзіне тән сипаты құралады. Жек адамның бүкіл болмысындағы қасиеттердің пайда болуы оның ата-бабаларында болған қасиеттермен байланысты. Тегіне тарту процесінде адамға ата-анасынан кейбір қасиеттер жиынтық түрде дариды. Мысалы, бір мінезі әкесіне, бір мінез шешесіне, ал түрі бірнеше буын бұрын өткен әжесіне кейде тіпті арғы тегіндегі бір туысқанына тартуы мүмкін.
Бұдан,
әрине, ұлттық тұрпат
4. Адам бойындағы табиғи және қоғамдық сипатын үйлесімдігі
Адам
– қатпары көп, құпиясы мол
өте күрделі құбылыс. Оның
Ең алдымен айтарымыз, адамда екі түрлі: табиғи (биологиялық) және қоғамдық (әлеуметтік) сипат болады. Әрине, адамның басты қасиеті – оның әлеуметтік сипаты. Адам мен қоғам бірлікте. Тек қоғамда ғана адам өзін-өзі әлеуметтік құбылыс ретінде көрсете алады. Адамды адам еткен еңбек дейтін болсақ, сол еңбекнәтижесінде адамның санасы, тілі пайда болды. Олай болса, еңбек, сана, тіл – бәрі қоғамдық құбылыс, оның қалыптасқан, даму тарихы бар.
Адам, әрине, ең әуелі табиғаттың туындысы, оның бір бөлігі. Сондықтан сол әсерді сезген алғашқы адамдар табиғат құбылыстарын құдіретті күш деп, аспанға: Айға, Күнге, жұлдыздарға сиынған, бұл әдет шамандық дінді ұстаған халықтарға кеңінен таралған. Саналы адам жер бетінде небәрі 50 мың жылдай ғана өмір сүріп келе жатқан болса, жалпы адам тарихы өте алыстан басталады, шамамен 3-3,5 миллион жылдай болады. Осы ұзақ дәуір ішіінде адам тағылықтан саналы, қоғамдық сипатқа дейін көтерілген. Алғашқы кезде адам тәрізді хайуандар тобыр болып өмір сүріп, үңгірде тұрған. Ол кезде жыныстық қатынастар да реттелмеген болатын. Оны эндогамия (гр. оndos – іштей, gomos – жыныстық, некелік қатынас) деген. Бірақ эндогамия адамзаттың денсаулығына, тұқымдық өсіп-тарауына зиян келтірді. Түрлі жазылмайтын аурулар адамзаттың болашағына қауіп төндірді. Соны сезген адамзат жақындар арасында некелік қатынастардың болуына ерте бастан-ақ тыйым салды. Кейін келе экзогамия (гр. ехо – сырттай, gomos – түсіндірілген ұғым) пайда болды. Былайша айтқанда, қызды өз руынан тыс жерден, сырттан, басқа ру ішінен іздеу тәртібі қалыптасты. Қазақтарда ол тәртіп мықты сақталған. Көшпелі өмірдің денсаулыққа, әсіресе, күз, қыс, көктем айларында ауырлығына қарамастан, әлгі тәртіпті қатаң сақтау нәтижесінде қазақтар табиғи таңдаудан өтіп, төзімді, шыдамды болып қалыптасты. Қазақтарда "жеті атаға дейін білу" былай тұрсын, "қыз алыспайды", оны бұзғандар жазаланып отырған. Соның бір көрінісін С.Мұқанов "Адасқандар" романында жазды. Романда қасіретпен аяқталған оқиға – қыз алыспайтын ру ішіндегі қыз бен жігіттің сүйіспеншілігіне қарсы жасалған ауыр жағдай баяндалды.
Адамның хайуаннан бөлініп шығуындағы ең басты жағдай – еңбек, құрал-сайман жасау. Ең алғаш пайда болған құрал – аң аулау, өзін қорғау үшін қолға ұстаған тас, т.б. заттар. Бірақ ұстауға, лақтыруға ыңғайлы болу үшін олар икемделген, өңделген. Американдық ағартушы Б.Франклиннің пікірінше, адам – қару-жарақ жасай білетін хайуан. Ондай қару алғаш кімге қажет болған? Күші кем,не икемсіз, не жүгіре алмайтын адамдар түрлі айла іздеген, солардың бірі – қолға қару ұстау. Адам деградацияға ұшыраған хайуаннан шыққан деген пікір бар. Мәселен, Ф.Ницше "адам ауру хайуаннан шыққан" дейді.
Адам тәрізді хайуан тасты, таяқты өзін икемдеп, ұдайы ұстағандықтан, оның қолы бос болмаған. Сондықтан бір-біріне достық көңілін ккөрсеткісі келсе, ол қаруын тастап, алақанын ашып жақын келетін болған, содан қол алысып амандасу дағдыға айналған болса керек. Кейін сол қару арқылы басқаларды өзіне бағындырып, ұрғашылар үйірін иемденген. Құрал-саймандарды еңбек ету тәсіліне айналдыру кейіннен дүниеге келген. Алғашқы құрал-саймандардың қарапайымдылығы сонша, тіпті оларды жасау үшін онша көп ойланып жату қажет болмайды. Ақыл-сезім, тік жүру құрал-саймандарды еңбекте жетілдіру арқылы дамыған. Сондықтан да адамды жануарлардан санасы, діні, т.б. қасиеттері арқылы ажыратуға болады, ал олар өздерін жануарлардан өздеріне қажет өмір сұру құралдарын жасай бастағаннан ажырата бастап, өз денелерін де соған сәйкес өзгерткен. Міне, адамның мәні де осында.
Өндіріс әдісі – қоғамдық
Тіл өндіріспен тікелей
ХХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХІ ғасырдың басы адамзат ақыл-ойының шырақтауымен, ғылым мен техниканың айрықша болуымен және олардың жетістіктерінің өмірдің барлық саласына кең қолданылуымен сиаптталады. Осыған байланысты адамдардың өмір салты, тіршілік, ырғағы, дүниеге көзқарасы, оны өзгерту қабілеті – бәрі айтарлықтай өзгерістерге ұшырады. Яғни адам бойындағы табиғи және қоғамдық сипаттардың өзара байланысы мен үйлесімділігі де сандық және сапалық тұрғыдан өзгерді. Мәселен, жүйке-мінездік стрестер, химиялық заттар ауаны ластады, сондай-ақ суды, топырақты, өсімдіктерді уландырып, адамға теріс әсер етті. Ғылыми-техникалық революция, бір жағынан, адамға көптеген жеңілдік әкелді, тіршілік жағдайын жақсартты, өркениетті рөл атқарды, алаысты жақындатты, уақытты үнемдеді, ауыр жұмысты техникаға берді, есептерді есептеу машиналары (компьютер) тез және шатастырмай есептейтін болды. Бірақ сонымен бірге ғылыми-техникалық революцияның адам өміріне зиянды жақтары да аз емес. Мәселен, ғылым мен техника жетістіктерінің нәтижесінде адамның абстрактілі ойлау қабілетін тежейтін болды. Сонымен қатар ғылыми-техникалық революция адамның ішкі дүниесін терең зерттеуге мүмкіндік берді.
Сондай-ақ адам мен қоғам,
Қорытынды
Философия тарихты адамның мәні жайындағы түрліші ой-пікірлерге толы. Осы тұрғыдан алғанда адам проблемасы мен философия ғылымы құрдас десе де болады, өйткені философияның өзі сонау көне замандардағы ойшылдардың адам жөніндегі, оның дүниеде алатын орны мен атқаратын қызметі туралы ой-толғауларынан туған.
Шынында
адам деген не? Былай қарағанда,
бұл аса қарапайым сұрақ
Ертеде бір дана адам: адам үшін адамның өзінен артық қызық құпия жоқ депті. Табиғат пен қоғам жайындағы ғылымдардың қай-қайсысы болмасын, өз зерттеулерінде әйтеуір бір тұрғыдан адам мәселесіне соқпай кете алмайды. Бірақ жеке ғылымдардың адам туралы нақты білімдерін жай қоса салғаннанол жөнінде біртұтас жүйелі білімшықпайды. Сондықтан философия әрдайым адамның мәнін танып білужайындағы өз әдіс-тәсілдерін тұжырымдап, солардың көмегімен адамның дүниедегі орны мен маңызын, оның дүниеге қатынасын, өз тағдырын "жасау" мүмкіндіктерін ашып көрсетуге тырысты. Адамды танып білудің философиялық бағдарламасын Сократтың: "Өзіңді-өзің тани біл" – деген қанатты сөздерімен қысқа ғана тұжырымдауға болады.
Адамның әлеуметтік табиғатын талдап, оның тұлға екендігі жайында сөз еткенде, біз оның биологиялық жан екендігін естен шығармаймыз, тек антропологиялық ерекшеліктеріне ғана – дене құрылысы қарапайым инстинкттері сияқты психикалық процестерімен қасиеттерін зерттеу жағына т.б. көңіл аудармаймыз. Біз, мәселен тірі организмнің бойында жүріп жатқан химиялық реакциялардың жаратылыстану ғылыми мәніне көңіл аудармаймыз, өйткені олар арнаулы жеке ғылымдардың міндетіне жатады.
Адамды биологиялық және иәлеуметтік құбылыстардың бірлігі ретінде қарастыру оны тұлға ретінде түсіндірудің философиялық ұғымына жатады. Адамның биологиялық жағы негізінен тұқым қуалаушылық мехнизміне байланысты болады. Ал адам тұлғасының әлеуметтік жағы қоғамның мәдени-тарихи мазмұнымен анықталады. Адамның биологиялық жағы да, әлеуметтік жағы да жеке алғанда, оның ішкі мәнін анықтап бере алмайды. Адамның мәнін анықтайтын – биологиялық жағы мен әлеуметтік жағының табиғи бірлігі. Бірақ түрліше дүниетанымдық және практикалық мақсатта адамның биологиялық немесе әлеуметтік-психологиялық жағы басымырақ қарастырылуы мүмкін. Дегенмен, қорытындысында адамның бұл екі жағы міндетті түрде міндетті түрде бірлікте қарастырылуы тиіс. Мәселен қоғамдық жағынан жетілуге, дамуға оның биологиялық табиғи мәнінің қандай әсері бар немесе, керісінше,адамның табиғи дамуына әлеуметтік-психологиялық жағдайлардың әсері қандай деген мәселелерді зерттегенде бір жағының басымырақ қаралуы керек, бірақ бұл екі зерттеудің екеуіне де адам ұғымы әлеуметтік, биологиялық және психологиялық жақтарының бірлігі тұрғысында алынуы.
Сонымен, ғылыми философияның түсінуінде дүниедегі ең бағалы, асыл байлық – адам. Ол барлық әлеуметтік қозғалыстар мен қимыл әрекеттердің негізі, өлшемі және мақсаты. Жер шарындағы небір ғаламат табыстардың қайнар көзі, ақыл-ой туындыларының құдіретті иесі.
Адамның жануарлар дүниесінен бөлініп шығуының негізі өмір сүру ортасын өз еңбегімен өзгерту, қайта жасау әдісін, ол үшін еңбек құралын оның ең жабайы түрінен бастап, бірте-бірте жетілдіру жолын меңгеру қабілеті болған. Тек еңбек процесінде ғана адамдар қатысу, байланыс жасаудың қажеттілігін үйренеді. Бара-бара адам еңбегі бүкіл материалдық және рухани мәдениет дүниесінің жасаушысы болып шықты. Қоғамдық қатынастар адмның өмір сүруіне қажетті материалдық заттар өндіру әдісінен туады.
Адам – қоғамның туындысы, дәуірдің өкілі. Адамның туып-өскен, тәрбиелеген қоғамы қандай болса, оның өзі сондай деп айтуға әбден болады. Әрине мұны әрбір дара адамға жатқызып, тікелей түсіну дұрыс болмайды. Дүниеде қанша адам болса, сонша мінез, сипат болмақ. Әркімнің жеке басына тән қайталанбас ерекшеліктерінің болатындығы - талассыз ақиқат.
Сондай-ақ адам мен қоғам,