Мемлекеттің пайда болууы

Автор: Пользователь скрыл имя, 26 Ноября 2011 в 19:57, реферат

Описание работы

Тіршілік иесі ретінде Адам екі әсердің жемісі. Біріншіден, әр адам биологиялық дамудың жемісі, екнішіден әрбір адам түрлі қоғамда әртүрлі таптың туындысы болып қалыптасады. Сондықтан ол сол таптың да жемісі. Осы екі әсердің сан қилы болып қиылысуынан адамның өзіне тән сипаты құралады. Жек адамның бүкіл болмысындағы қасиеттердің пайда болуы оның ата-бабаларында болған қасиеттермен байланысты. Тегіне тарту процесінде адамға ата-анасынан кейбір қасиеттер жиынтық түрде дариды. Мысалы, бір мінезі әкесіне, бір мінез шешесіне, ал түрі бірнеше буын бұрын өткен әжесіне кейде тіпті арғы тегіндегі бір туысқанына тартуы мүмкін.

Работа содержит 1 файл

реферат Фил.doc

— 116.50 Кб (Скачать)

    Адамның  жануарлар дүниесінен бөлініп  шығуының негізі өмір сүру  ортасын өз еңбегімен өзгерту,  қайта жасау әдісін, ол үшін еңбек құралын оның ең жабайы түрінен бастап, бірте-бірте жетілдіру жолын меңгеру қабілеті болған. Тек еңбек процесінде ғана адамдар қатысу, байланыс жасаудың қажеттілігін үйренеді. Бара-бара адам еңбегі бүкіл материалдық және рухани мәдениет дүниесінің жасаушысы болып шықты. Қоғамдық қатынастар адмның өмір сүруіне қажетті материалдық заттар өндіру әдісінен туады.

   Адамның  биологиялық және әлеуметтік  өлшемдерінің өзара диалектикалық  байланыстылығын, бір-біріне тәуелділігін  сөз еткенде  еске алатын тағы бір жай бар. Хайуанаттар дүниесінен жаңа ғана бөлініп шыға бастаған алғашқы адамның табиғи биологиялық-физиологиялық қажетерін қанағаттандыру тәсілдері жағынан тағы аңдардан айырмасы көп болмаған. Кейінен он және жүз мыңдаған жылдар ішінде адам қоғамы пргресс сатыларымен ілгері баса отырып, өркениетті дәуірге жетеді. Сонымен бірге адамның өзі де хайуандық қалдықтарынан бірте-бірте арылып, "әлеуметтік" процесіне кіреді. Маркстің мынадай сөзі бар:"Аштық қашанда аштық,бірақ пышақ пен шанышқының көмегімен піскен ет жеу арқылы жоюға болатын аштық бір бөлек те, қолдың, тырнақтың, тістің көмегімен жұлқылап шикі ет жеу арқылы жойылатын аштық бір бөлек". Қарын ашқандық сезімінен құтылудың екі әдісі екі түрлі тарихи замандарды сипаттайды. Сол тәрізді ұзақ даму жолында адамның дәрет сындыру, жыныс қатынасы, бала туу сияқты көптеген табиғи қажеттерін қанағаттандырудың бұрынғы хайуандық тәсілдері орнына адамдық, әлеуметтік түрлері орнықты. Бұл сапалы тарихи өзгерістер қоғам өміріндегі "болады", "болмайды","ұят","ар" тәрізді моральдық ережелер мен нормалардың қалыптасуы жолымен тығыз байланысты болады.

    Екі  "индивид","индивидуальность","личность" ұғымдарын қысқаша талдап көрелік.  Қазақ тілінде "индивид", "индивидуальность", "личность" деген сөздерге дұрыс балама табылмай келеді, индивид (латын сөзі) – бөлінбейтін, тұтас, өзіндік деген мағына береді екен. Осы тұрғыдан алғанда бұл ұғымды индивид деген күйде алған немесе "дара адам" деп аударған дұрыс сияқты.

     Дара адам (индивид) – көптің бірі, жалпы адамзаттың нақты өкілі, дара. Көптің бірі болу үшін оған жалпы адамзатқа тиісті қасиеттер мен келбетке ие болса болғаны. Оның санасы жоғары ма, жоқ па, елмен сөйлесе ала ма, әлде сөйлесе алмай ма, бұлардың оған қажеті аз. Әлемде қанша миллиард адам бар, соның әрқайсысы – жеке-дара адам.

    Ерекшелікті адам (индивидуальность). Ол – өзіндік, тек соған тән дауысы, жүріс-тұрысы, білімі, бет пішіні, түр-сипаты, азаматтық қасиеті, т.б. бар адам. Ерекшелікті адам – сол қасиетермен қайталанбас феномен. Ол дүниеге бір-ақ рет келеді, әркімнің орны бөлек. Сондықтан бір заманда қағаз-құжаттарға бармақты басу мөр орнына жүрген. Сол сияқты дара адам болу үшін оның мінезі бар ма, жоқ қажеті жоқ, ал ерекшелікті адамға мұның бәрі қажет. Жоғарыда келтірілген әл-Фараби айтқан адамдағы үш қасиет те осыған жатады. Әрбір адамда әрқилы қабілет, бейімділік бар. Ол да сондай ерекшелік.

     Кісі, тұлға жетілген, кәмелетке жеткен адам (личность). Жас нәресте де, бала да –адам. Олардың нақты ерекшеліктері бар. Бірақ олар кісі болған жоқ, кәмелетке жетпеген. Кісі деп ер жеткен, бұғанасы қатқан, ақылы толған, өз ісіне жауап бере алатынадамды айтады. Ондай адамның дүниеге көзқарасы бар. Әрине, ондай адам әр түрлі:азамат, тәрбиелі, зиялы адам да, маскүнем де, қылмыскер де, ел басшысы да болады. Әр кісінің тарихта алар орны әрқилы.

   Кісі дегеніміз – жаңа сапалы, индивидтің өзімен бірге іштен тумаған, белгілі тарихи-мәдени ортада өтетін өмір барысында қалыптасатын әлеуметтік-психологиялық және моральдық қасиеттер қосындыларының иесі, ақиқатты, болмысты тануға және өзгертуге бағытталған жасампаз әрекет субъектісі. Басқаша айтқанда, ол – қоғамның өмір тәжірибесін бойына сіңіріп, байыған, жетілген адам. Кейбір адам өрескел қылық көрсеткенде халқымыздың: "әй, мынау кісіліктен жұрдай екен, бар болғаны сүйек пен еттен жаралған пенде екен" деп ренжитіні белгілі. Ойлана келгенде "кісі", "кісілік" деген түсініктер "личность" деген ұғымға бір табан жақын келетін сияқты. Ал кісілігі мол, азаматтығы жұртан асқан, көпшіліктің көңілінен шыққан, ардақты да, ақылды да адамдарды халқымыздың "маңдайға біткен" тұлға деп дәріптейтіні белгілі. Жаңа туған баланы нәресте, дара адамды индивид деп атауға болады, бірақ ол әлі кісілікке, тұлғалық сипатқа ие болған жоқ. Ондай кісі болып жетілудің биологиялық та, психологиялық та, тіпті әлеуметтік те алғышарттарының мүмкіндіктері бар. Алайда адамзат мәдениетінің тарихи жемістерін игеру тәжірибесі ол үшін әлі алда. Кісілік деңгейге көтеріліп, өзінің "мәнін" тұрақты бекіту үшін сол керек. 

3. Адамның әлеуметтік  және ұлттық тұрпаты

    Адам  – қоғамның туындысы, дәуірдің  өкілі. Адамның туып-өскен, тәрбиелеген  қоғамы қандай болса, оның өзі  сондай деп айтуға әбден болады. Әрине мұны әрбір дара адамға  жатқызып, тікелей түсіну дұрыс  болмайды. Дүниеде қанша адам  болса, сонша мінез, сипат болмақ. Әркімнің жеке басына тән қайталанбас ерекшеліктерінің болатындығы – талассыз ақиқат. Сонда адам мен қоғам арасындағы "ұқсастықтықты", яғни адамның кісілік қасиеттерінің белгілі бір тарихи дәуірдегі қоғамдық қатынастардың идеалдық бейнесі ретінде қалыптасатынын қалай түсінуге болады? Адамның бойындағы кісілік қасиеттердің үш дәрежеде болатынын аңғару қажет: 1) Әрбір адам – ең алдымен адамзат қауымының мүшесі. Шыққан нәсілінен, ұлтынан, жынысынан, туған жерінен тәуелсіз есті адамның барлық өкілдеріне ортақ жалпы адамзаттық қасиеттер болады. Олардың қатарына қуану, қайғыру, балажандылық, ананы сүю, арамдық-зұлымдықтарға, әділетсіздікке теріс қараушылық, махаббат, жек көрушілік, ұнату, т.б. көптеген рухани-психологиялық қасиеттер жатады. 2) Әр адамның  физиологиялық ерекшеліктерінен жоғары жүйке жүйесінің қызметінен туатын және оның тек өз басына тән психологиялық өзгешеліктері. Бұлар оның мінез-құлқында, сезім көрінісінде, қызба жандылығында, қимылдар мен жүріс-тұрысында, сөйлеу ыңғайында, сыртқы әсерлерге қайтаратын жауаптарында, бөтен адамдармен қарым-қатынасында, т.б. тіршілік әрекеттерінде байқалады. Осы қайталанбайтын ерекшеліктерінің арқасында әр адамның басқаларға ұқсамайтын өзіндік қырлары туады. Бұл қырлардың негізі физиологиялық ерекшеліктерде жатқанмен, оған, әрине, өмір сүру ортасы да елеулі ықпал жасайды. 3) Адам белгілі бір елде, тарихи дәуірде, белгілі дәрежеге жеткен материалдық және рухани мәдениет жемістерімен сусындап өседі. Оның шыққан әлеуметтік, этникалық ортасы болады. Сол дәуірде, тарихи ортада қалыптасқан білім-тәрбие жүйесінен тағылым алады. Осылардың бәрі қосылып адамның жан-дүниесінде өзіндік ізін қалдырады. Және сол уақыт ішінде анықталып, екшелене келіп, тұрақты рухани қасиеттерге айналады. Міне, осы дәуірдің, тарихи ортаның, мәдениет даму дәрежесінің адам санасы мен психологиялық, рухани қалыптасуынан көрініс табуын адамгершілік қасиеттер деп атаймыз. Оларға бекзаттық, жаугерлік, серілік, ақсүйектік, жағымпаздық, тәкаппарлық, елжандылық, нәсілшілдік, зиялылық қасиеттер жатады. Бұлардың ішінде жеке бір дәуірге, мәдениетке немесе тапқа, халыққа ғана тән қасиеттер болады. Осындай нақтылы қасиеттерді бойына жинаған адамдар қауымы жеке адамның әлеуметтік және ұлттық тұрпатын береді.

    Алғашқы  қауымдық қоғамда адамның жеке басының мүддесі түгелінен рудың ортақ мүддесіне бағынышты болды. Өйткені рудың сыртында жалғыз адамның өзін-өзі асырап күн көруі мүмкін емес еді. Сондықтан дара адамда ерік болған жоқ. Ол қоғамның өмір сүру тәсіліне әрекет жасауға тиісті еді. Бұл жағдай оның әлеуметтік табиғи болып әлі бөліне қоймаған адамдық мәнін анықтады. Тарихтағы ең алғашқы өсіп-жетілмеген адам тұрпаты осындай болды.

    Қанаушы  және қаналушы таптарға бөлінген  қоғамда адам мен қоғам арасындағы  қатынасьардың жаңа тұрпаты пайда болды. Мемлекеттің тууына байланысты адам құқықтары ресми түрде белгіленетін болды. Бостандықтағы адамдар өз құқықтары мен міндетерінің иесі ретінде рухани қабілеттерін тарихи шеңбер шегінде іске асырудың мүмкіндіктеріне ие болса, қаналушы құлдардың ешқандай бостандығы да, құқықтары да болған жоқ, табиғи дарындарын сыртқа шығаруға жол таба алмай, езгіге түсті. Осылайша таптарға бөлінген алғашқы қоғамның өзінде әр түрлі әлеуметтік тұрпат пайда болады.

    Әр  қоғамдық-экономикалық формация  жағдайында әр таптың құрамына кіретін адамдардың қоғамдағы орны мен өмір сүру жағдайы, мақсат-мүдделері, мәдениет жемістерін пайдалану мүмкіндіктері әр түрлі болғандықтан, олардың жеке басының қасиеттері де, қоғамдық қатынастарға көзқарасы, мінез-құлықтары мен әдстері, талғамдары мен адамгершілік түсініктері, тағы басқа әлеуметтік психологиялық қырлары өлшемін сөз еткенде, аталған жеке қасиеттердің әрбір әлеуметтік топ адамдарына тән осы ерекшеліктерін негізге алу қажет. 

    Социалистік  қоғамның өткен формациялармен салыстырғанда кейбір сапа айырмашылықтары болуға тиіс еді. Экономикалық қатынастар саласында – қоғамдық меншік үстемдігі, "әркімнің қабілетіне қарай, әркімнің еңбегіне қарай" ринципінің іске асырылу мүмкіндігі, т.б. Әлеуметік қатынастар саласында – қанаушы таптардың болмауы, еңбекші таптардың мақсат-мүдделерінің барынша жақындасуы, бір ұлттың қанауының жойылуы, ұлттардың тең құқылығын қамтамасыз етуге жол ашылуы. Саяси-идеология саласында – жаңа, социалистік демократияның даму мүмкіндігі, дүниеге диалектикалық материалистік көзқарастарының үстем болуы, адамның табиғатындағы бай рухани қабілеттердің еркін ашылуына қолайлы жағдай жасау мүмкіндіктерінің көптігі. Алайда бұл салалардың Кеңес өкіметі жылдарындағы даму, жетілу жолдары түзу әрі даңғыл болған жоқ. Бұрмалаушылыққа да, қайшылық-қиындықтарға да, тіпті терең ауытқушылыққа да жол берілді. Осыдан келіп қоғам көп жағынан сәтсіздікке ұшырад, халыққа беруге тиісті материалдық, саяси және рухани игіліктерін бере алмады.

     Бір кезде социализм тұсында болуға тиіс емес делініп келген адамның биліктен және еңбек бөлісі нәтижесінен жаттануы орын алды. Оның себебі өкімет билігі түгелімен төрешіл әкімшілік жүйенің қолына көшті де, адам мемлекет басқару ісінен сырт қалдырылды. Сол сияқты қоғамдық меншікке айналған елдің экономикалық және рухани байлығына иелік етуші халық та емес, еңбекшілер ұжымы да емес, үкімет басындағы ат төбеліндей билеушілер тобы шықты. Еңбекші адам материалдық дүниенің нәтижесіне иелік ете алмауы былай тұрсын, қоғамдық жиынтық өнімді бөлуге қатысу құқығынан айрылды, еңбекші адамның қоғамдық байлыққа қосатын үлесі көбейген сайын, сол байлықтың шын иесіне айналатын билеуші әкімшілік тобының адамға жасайтын саяси-моральдық өктемдігі орныға түсті. Мұның түпкі себебі – еңбекші адамның өз еңбегінің нәтижелі болуына ынта ықыласы кеміп кетті.

    Қалай  болғанда да, ондаған жылдар бойы  халқымыз осы қоғамдық ортада  өмір сүрді. Оның кемшілік, қате  жақтарын былай қойғанда, көңлге  нанымды, шын мәніндегі гуманистік, пргресшіл жақтарының адамға, оның  жан-дүниесіне жасаған әсері, онда қалдырған дұрыс із-таңбалары аз болған жоқ. Еңбекшілер бойында ынтымақ сезімі, интернационалдық бірлік, Отанға берілгендік қасиеттер, адамды адамның, ұлтты ұлттың қанауына, әділетсіздікке, азғындыққа қарсылық сезімі күшейді.

   Бір  кезде біз буржуазиялық тұрғыда  тәрбиеленген адамдарды адамгершіліктен  жұрдай, біріне-бірі қас-жау деп  санап келгенбіз. Қазірде дүниежүзілік  дамудың сипаты мүлде дерлік  өзгерді. Жеке бір тап не  ел шеше алмайтын, тек көптеген  елдер мен халықтардың күш қосып бірігуі арқылы ғана шешілуі мүмкін ғаламдық прблемалар туды. Оның бірі – адамзатты термоядролық соғыс апатынан құтқарып қалу проблемасы болса, екіншісі – Жер шарын, табиғатты төніп келе жатқан экологиялық апаттан сақтап қалу мәселесі. Тарихи дамудың объективті барысы жалпы адамзаттық мүдделерді қазір таптық мүдделерден жоғары қойып отыр.

   Енді  кісінің ұлттық тұрпаты жайлы  әңгімеге көшейік. Кім де болса  белгілі бір этникалық ортадан  шығады. Плехановтың сөзімен айтқанда, мұндай ортаның басқа халықтар ортасына ұқсас болуы мүмкін, көбіне солай болады да. Бірақ ешқашан онымен мүлтіксіз бірдей болмайды. Міне, осы туып-*өскен этникалық тарихи ортаның өзгешеліктері сол халықтың басқа халықтардан психологиялық айырмашылығын анықтайды .

    Нақтылы  бір халықты қоршаған қоғамдық ортаның басқа орталардан өзгешелігін тудыратын факторлар қандай?

    Әр  халықтың тарихи қалыптасқан,  өз алдына ежелгі шаруашылық  кәсібі бар: Біреулер ұсақ өнер  не саудамен шұғылданып, соны  кәсіп еткен. Бұлардың бірнешеуімен  бірдей шұғылданатын халықтар да бар. Жүздеген жылдар бойы негізінен аталған шаруашылық түрлерінің бірімен ғана шұғылданған халықтың өмір салты, еңбек тәжірибесі, талғамы, мінез-құлқы, әдеп-ғұрпы, бір сөзбен айтқанда, рухани келбеті түгелге жуық сол негізгі кәсібінің сипатына байланысты қалыптасады. Мысалы, қазақ халқының осы қасиеттерінің көпшілігі көшпелі мал шаруашылығының адам өмірі мен психологиясына ұзақ уақыт бойы тигізген әсерінен туды. Айталық, шаруашылықтың басқа түрімен шұғылданған халықпен салыстырғанда, қазақтың тілінде малға байланысты сөздер әлдеқайда көп. Онда әр түлік малдың жасына қарай аталатын аттарын былай қойғанда, мал сүйегінің әрбір кішкентай бөлшегіне дейін аты бар. Жылқының, сиырдың, қойдың, түйенің сүйсініп жейтін шөптерінің аттары, малдың аурулары мен емдеу тәсілдерінің аттары одан да бай деуге болады. Егіншілікті кәсіп еткен өзбектер мен көшпелі шаруашылықпен шұғылданған қазақтардың белгілі бір жер бөлігіне беретін бағасы екі түрлі болады. Өзбектер үшін сол жердің бағалы-бағасыздығы оның топырағының сапасына байланысты болса, қазақтар үшін оның бетінен өсетін өсімдіктердің керектілігіне байланысты. Қазақтар барлық мал түліктері ішінде жылқы малын жоғары бағалайды және оны бәрінен жақмы көреді. Жігіттің дене сұлулығын, мінез-әдетін, серілігін, таза талғамын жақсы арғымақ аттың сұлулығымен, тазалығымен салыстырады. Жас балаға деген сүю сезімін "құлыным", "ботам","қозым" деген сөздерімен білдіреді. Құрметті қонаққа қойдың басын тарту, ең қадірлі адамға ат мінгізу әдеттері де мал бағу кәсібінен туған.

     Бір халықтың екінші халықтан этнопсихологиялық айырмашылығын анықтайтын факторлардың бірі – географиялық ортаның ерекшеліктері. Таулы, орманды жерлер мен теңіз жағалауының, үлкен өзендер бойының, кең, ашық не құмды шөл даланың, солтүстіктің қатаң суығы мен оңтүстіктің жойқын ыстығының тұрғын халықтарға, олардың өмір салтына, тұрмысжайына, сол арқылы әдет-ғұрпы мен психологиясына тигізетін әсері әр түрлі. Аталған факторлардың қатарына көршілес және басқа халықтармен қарым-қатысының, діни-идеологиялық өмірінің ерекшеліктері де жатады. Бұл факторлардың өзіндік түрлеріне ұқсамайтын қырлары қосылып, халықты өз қоршауында өсірген тарихи ортаның өзгешелікті бай бейнесін жасайды. Сол бейне ұзақ уақыт бойы ықпал ету арқылы адамның жан-дүниесінің көптеген қыр-сырын белгілі бір қалыпқа түсіріп шынықтырады да, оларға этникалық бояу беріп, ұлттық-психологиялық қасиеттерге айналдырады. Өмір сүру және адамдар арасындағы қарым-қатынас барысында қалыптасып жетілген бұл ішкі қасиеттер сыртқа шығып, ерекше көріністер береді. Осының арқасында түрлі ұлт адамдарының ұлттық тұрпатының өзгешелігіне негізінде осы айырмашылықтар жатады.

Информация о работе Мемлекеттің пайда болууы