Логикалык философия

Автор: Пользователь скрыл имя, 23 Ноября 2011 в 17:41, реферат

Описание работы

Негізгі өкілдері : М.Шлик, Р.Карнап, Л.Витгенштейн, Ф.Франк, т.б. Олардың еңбектерінде ғылымның тілі, білімді формальдандыру, логикалық семантика, семиотика мәселелері жөнінде құнды пікірлер айтылған. 1920 жылдың аяғы — 30-жылдардың басында Логикалық позитивизм неопозитивистік ғылым философиясының идеялық негізіне айналды. Логикалық позитивизм философия мәселелердегі ғылым тілін логикалық талдаумен ауыстырды. Карнаптың пікірінше, “логика — философияның мәні, ал "философия — ғылым логикасы”. Ол философияны логикалық синтаксиспен теңестірді.

Работа содержит 1 файл

Логикалық позитивизм.doc

— 208.50 Кб (Скачать)

Философияның  пайда болуы адамзат баласының  білім деңгейі мен ой-санасының  едәуір дамуына байланысты әлемді ғылыми тұрғыда түсінуімен орайлас дүниеге  келді.

Сан қырлы табиғат құбылыстарының мәнісін түсінуге тырысқан ойшылдардың философиялық көзқарастары-философия ғылымының беташары іспеттес болды. Алғашқы философиялық ойлардың формасы натурфилософиялық бағытта дамыды.

Философия пәні қоғамның дамуымен тығыз байланыста бола отырып, рухани өмірдің барлық қырларын қамтыды. Философияны алғаш рет ерекше теориялық білім ретінде жинақтап дәлелдеген ерте грек философы Аристотель (б.з.д. 384-322 ж.ж.).

Философияның  өз алдына ғылым болып қалыптасу  барысында қарастыратын мәселелеріде айқындала түсті: Онтология-болмыс туралы ілім (немесе дүниенің бастамасы жайында); гносеология-таным туралы ілім; Аксиология-рухани құндылықтар туралы ілім; Праксиология –адам шығармашылығы туралы ілім; Антропология-адам туралы ілім; Логика-дұрыс ой-қорыту жөніндегі ілім.

Философия пәнінің  зерттейтін сұрақтары: болмыстың өмір сүру жағдайы, материя, оның формалары, сана және санасыздық, адам, оның өмірдегі мәні мен әлемдегі алатын орыны, жан, адамның рухани өмірі, қоғам, табиғат, өркениет, экология, дүниені танып білу, қозғалыс, диалектика және оның заңдары.

Ф.Энгельстің тұжырымдауы  бойынша философияның негізгі сұрағы- ойлаудың (сананың) болмысқа, рухтың материяға (табиғатқа) қатынасы. Міне, осы мәселеге байланысты қоршаған орта мен адамның  әлемдегі алатын орыны айқындала түспек. Философияның негізгі пәні мен обьектісі-адам және оның әлемдегі орыны.

Философияның  негізгі мәселесін (ойлау мен  болмыстың арақатынасы туралы) сөз  еткенде бұл сұрақтың екі жағы бар екенін ажырата білу керек.

бірінші жағы: дүниенің негізі, бастамасы не -идея, рухпа  әлде материя ма деген онтологиялық (болмыс туралы ілім) сұрақ қояды.

екінші жағы: адам баласы дүниені танып-біле алама  әлде танып-біле алмайма деген гносеологиялық (таным туралы ілім) мәселе көтереді.

Философияның  онтологиялық мәселесіне байланысты философияда  негізгі екі бағыт пайда болды. Олар материализм және идеализм.

Онтологиялық  сұрақ- дүниенің бастамасы не, дүниенің негізі материя не сана, рухпа деген  деген сұрақ төңірегінде мәселе қозғаса, ал гносеология-дүниені танып-білу мүмкінбе әлде мүмкін емеспе деген  сұрақ қояды.

Дүниенің алғашқы  бастамасы, түп негізі не деген сұраққа жауап беру барысында философияда екі негізгі бағыт пайда болды, олар: материализм және идеализм.

Материалистік бағыт-дүниенің негізі кез-келген бір  материядан тұрады, материя-санаға тәуелсіз реалды өмір сүретін, өзіндік заңдылықтармен дамуға қабілетті деп тұжырымдайтын пікір.

Материя—адамның санасынан тыс, тәуелсіз өмір сүретін және санада бейнеленетін (сана арқылы сипаттауға болады) обьективті шындық. Материя әлемде нақты өмір сүретін шексіз көп обьектілер мен формалардың субстанциялық негізі болып табылады.

Материалист-философтардың  қатарына саналатындар: Демокрит, Фалес, Анаксимандр, Анаксимен, Эпикур, Бэкон, Локк, Спиноза, Дидро, Герцен, Чернышевский, Маркс, Энгельс, Ленин т.б.

Идеализм-философияның негізгі мәселесін шешудегі материализмге қарама-қарсы бағыт, яғни материя мен сана қатынасында дүниенің бастамасы ретінде сананы (идеяны), рухты жақтайтын көзқарас.

Идеализм екі  түрлі пікірге бөлінеді:

-Обьективті  идеализм (Платон, Лейбниц, Гегель),

-Субьектвті  идеализм (Беркли, Юм).

Обьективті идеализм өкілдерінің тұжырымдауы бойынша тек қана реалды идея ғана бар, идея-алғашқы, барлық қоршаған орта, шындық- «идеялар әлемі» және «заттар әлемі» болып бөлінеді. «Идеялар әлемі» (эйдос) әлемдік зердеде өмір сүреді, заттар әлемі -өзіндік тіршілігі жоқ, жекелеген заттар Жаратушыға ғана тән құбылыс, «идеялар әлемі» санадан тәуелсіз өмір сүреді, себебі, адамның ойы, идея тіпті табиғаттың өзі абсолюттік идеяның, дүниежүзілік, әлемдік рухтың бір бөлшегі ғана, яғни дүниенің негізі- о дүниелік сана, «абсолютті рух». Обьективті идеализм әдетте теологиямен бірігіп кетеді де, діннің өзіндік бағыт алған философиялық негізі болып табылады.

Субьективті идеализм- бүкіл дүние-біздің санамызда, субьектінің  сана-сезімінің жасаған немесе біздің түйсіктеріміздің, алған әсеріміздің жиынтығы. Бұл жағдайда алғашқы бастамаға адамның санасы алынады да, сонан кейін барып одан табиғат шығарылады, соған орай заттар мен бүкіл дүниенің обьективті өмір сүруі, олардың даму заңдылықтары теріске шығарылады, өйткені адам санасынан тыс материяда, рухта жоқ»,- деген пікірді ұстанды.

Уақыт өте келе дүниенің бастамасы мәселесіне байланысты философияда бірнеше пікірлер қалыптаса  бастады. Олардың қатарына: монизм, дуализм деизм саналады.

Монизм (гр. Monos - біреу, жалғыз) –дүниенің алғашқа негізі ретінде бір ғана бастаманы мойындайтын философиялық ілім. Идеалистер үшін алғашқы бастама-идея, сана. Материалистер үшін- материя алғашқы бастама болып табылады.

Дуализм (лат. Duo-екеу) –монизмге қарсы, дүниенің негізі екі бастамадан тұрады, екеуі бірін-бірі толықтырып отырады деп тұжырымдайтын пікір. Негізін салған Р.Декарт.

Деизм-(лат. Dues- Құдай) дүниенің негізін Құдай жаратты, бірақ, адамның іс-әрекетімен қоғам өміріне араласпайды деп тұжырымдау. Негізін салған 17 ғ. Ағылшын философы, лорд Чербери.

Философияның  негізгі сұрағының екінші жағы дүниені  танып-білу мәселесі екендігі жоғарыда айтылған болатын. Бұл мәселені қарастыру  барысында қарама-қарсы көзқарастар пайда болды, олар философиядағы гностицизм және агностицизмдік көзқарастар.

Гностицизм (гр. gnostos-білім) дүниені танып-танып білу мүмкіндігіне сенетін, мойындайтын ілім. Адамның санасы, зердесі дүниенің барлық қыр-сырларын танып-біле алады деп тұжырымдайтын философиялық көзқарас.

Агностицизм (гр. а-теріске шығару, ал gnostos-білім)-дүниені танып-білу мүмкіндігін теріске шығаратын ілім. терминді алғаш ағылшын жаратылыс зерттеушісі Гексли енгізді.

Дүниеге философиялық көзқарастың мәні онтологиялық және гносеологиялық мәселелерді қарастырумен ғана анықталып, шектелмейді. Әлемді философиялық тұрғыдан қараған кезде танып –білудің қандай әдіс қолданылатындығын естен шығармауымыз керек. Егер философия тарихына жүгінетін болсақ, бір-біріне қарама-қарсы екі ойлау әдісі-диалектика мен метафизикалық әдістерін аңғарамыз.

Диалектика (гр. Diolegomai-әңгімелесу, пікірлесу) – обьективті шындықтың, табиғаттың, қоғамның, ойлаудың даму заңдылықтарын зерттейтін ілім. Антика дәуірінің өзінде-ақ дүниенің, тіршіліктің өзгермелілігін мойындап, шындық атаулыны үнемі дамып, өзгеріп отыратын процесс ретінде қабылдады. Осы жағдайларға байланысты кез-келген нәрсенің бірлігі мен қарама-қайшылықтар күресінің қатынасын көрсетуде диалектиканың маңызы зор (Гераклит, Пифагоршылдар).

Метафизика. Ерте заманда бұл сөз өмірдегі барлық нәрсенің түп негізі туралы ілім деге мағынаны білдірген. 16 ғасырдан бастап «Метафизика» терминімен қатар сол мағынада «Онтология» терминіде қолданылды.

Метафизика-заттар мен құбылыстар бір-бірімен байланыссыз, қозғалмайтын, мәңгі-бақи бір қалыпты, ішкі қайшылықтары жоқ деп есептейтін философиялық ілім (сөзбе-сөз аударғанда-«физикадан кейінгі келетін» мағынасын білдіреді).

Юм Дейвид (26.4.1711, Эдинбург, Шотландия, – 25.8.1776, сонда) – ағылшын философы, тарихшы, экономист, публицист. Юм жаңаеуропалық агностизмнің негізгі принциптерін жүйелеп, позитивизмнің бастауында тұрды. 1739 – 40 ж. “Адам табиғаты жайлы трактатын” жариялады. Отанында Юм “Эссе” (1741) атты қоғамдық-саяси, моральдық-эстетикалық және эконикалық тақырыпқа арналған еңбегімен, ал, Францияда “Діннің негізгі тарихы” шығармасымен кеңінен танылды. Юмның таным теориясы Локтың материалистік таным теориясын, Берклидің субъетивті идеялизмін агностицизм және феноменология тұрғысынан қарастыруы негізінде қалыптасты. Психикалық детерменизм тұрғысынан ерік-жігер бостандығын жоққа шығарып, Беркли дамытқан субстанция сынын қолдана отырып, рухани субстанция ұғымын сынады. Социологияға байланысты пікірлерінде Юм “билік құдайдан” деген ежелден келе жатқан идеяға да, мемлекеттің шығуына байланысты өз заманындағы басқа пікірлерге де қарсы болды. Юмнің пікірінше қоғам отбасылардың ұлғайып өсуімен пайда болған саяси билік немесе халық бағынып үйренген “әскери билік”. Оның заңдылығын билікте ұзақ уақыт тұруымен және жеке меншікті қорғай білуімен анықтауға болады. Юмның позитивистік идеяларының ықпалымен 19 – 20 ғасырларда эмприокритицизм, неопозитивизм, лингвистикалық философия сияқты позитивистік ілімдер дамыды.

Информация о работе Логикалык философия