Логикалык философия

Автор: Пользователь скрыл имя, 23 Ноября 2011 в 17:41, реферат

Описание работы

Негізгі өкілдері : М.Шлик, Р.Карнап, Л.Витгенштейн, Ф.Франк, т.б. Олардың еңбектерінде ғылымның тілі, білімді формальдандыру, логикалық семантика, семиотика мәселелері жөнінде құнды пікірлер айтылған. 1920 жылдың аяғы — 30-жылдардың басында Логикалық позитивизм неопозитивистік ғылым философиясының идеялық негізіне айналды. Логикалық позитивизм философия мәселелердегі ғылым тілін логикалық талдаумен ауыстырды. Карнаптың пікірінше, “логика — философияның мәні, ал "философия — ғылым логикасы”. Ол философияны логикалық синтаксиспен теңестірді.

Работа содержит 1 файл

Логикалық позитивизм.doc

— 208.50 Кб (Скачать)

Логикалық позитивизм — 20 ғасырдың 20-жылдары Вена үйірмесі негізінде пайда болған неопозитивизм бағыты.

Негізгі өкілдері : М.Шлик, Р.Карнап, Л.Витгенштейн, Ф.Франк, т.б. Олардың еңбектерінде ғылымның тілі, білімді формальдандыру, логикалық семантика, семиотика мәселелері жөнінде құнды пікірлер айтылған. 1920 жылдың аяғы — 30-жылдардың басында Логикалық позитивизм неопозитивистік ғылым философиясының идеялық негізіне айналды. Логикалық позитивизм философия мәселелердегі ғылым тілін логикалық талдаумен ауыстырды. Карнаптың пікірінше, “логика — философияның мәні, ал "философия — ғылым логикасы”. Ол философияны логикалық синтаксиспен теңестірді.

Логикалық позитивизм теориясы білімді тәжірибелік негіздеу үшін верификация принципін ұсынды. Оның негізін қалаушылар сындарлы ғылым философияны қалыптастыру міндетін алға қойып, метафизика деп аталатын байырғы философияның едәуір бөлігін жоққа шығаратын “философиядағы революцияны” іске асыруға бағыт алды. Шынайы ғылым философия, Логикалық позитивизм бойынша, тек ғылым тіліне логикалық талдау ретінде ғана мүмкін. Бұл талдау, бір жағынан, “метафизикадан арылуға”, екінші жағынан, “тікелей берілген” құбылыстың, яғни ғылым ұғымдар мен пайымдаулардың эмпирикті тұрғыдан тексерілетін мазмұнын анықтау үшін ғылым білімнің логикалық құрылымын зерттеуге бағытталуға тиіс. Мұндай зерттеудің түпкі мақсаты “бірыңғай ғылым” жүйесінде ғылым білімді қайта құру деп қаралды. 1930 жылдың 2-жартысынан Логикалық позитивизм логикалық эмпиризм деген атпен белгілі болды. Бұл кезеңде Логикалық позитивизм Вена үйірмесінде тұжырымдалған бірқатар бастапқы гносеология тұжырымдарынан бас тартуға мәжбүр болды.

1950 жылдары Логикалық  позитивизм ғылым философиясындағы  жетекші рөлінен айырылып, 60-жылдары дербес философия ағым ретінде өмір сүруін тоқтатты. 

Шлик  Мориц (1882-1936) - австриялық философ, физик, логикалық позитивизм ерте кезеңінің өкілі, Вена үйірмесін ұйымдастырушы. Росток (1917-20), Киль (1921-22), Вена (1922-36), Калифорния университеттерінде философия мен физиканың профессоры. III. өзінің философия концепциясын «бір ізді эмпиризм» деп атауына қарамастан барынша кайшылықты. Логикалық позитивизмнің жалпы концепциясын қорғаумен бірге философияның арнайы мәселелерін (кеңістік пен уақыт, себептілік, ықтималдық) және этиканы (моральдық пікірлердің мәні, ерік бостандығы) позитивтік тұрғыдан талдауға тырысты. Шиллер «мазмұнды толық айтып жеткізуге болмайды» деген теория ұсынды. Бұл теория бойынша біздің біліміміздің мазмұны болып табылатын «тікелей тәжірибені» басқа адамға жеткізіп болмайды. Шиллерде тек «тәжірибенің құрылымдық схемасын» ғана тіл арқылы бейнелеп жеткізуге болады.[1] 

Позитивизм (франц. posіtіvіsme — оңды, дұрыс, нақтылы) — нағыз ақиқат ғылымның жеке салаларында ғана пайда болып, қалыптасатын, философиялық зерттеулердің ешқандай танымдық құны жоқ деген тезиске сүйенетін философиялық бағыт.

Позитивизм 19 ғасырдың 30-жылдарында қалыптасты. Позитивизм негізін  салған француз ойшылы О.Конт. Позитивизмнің алғашқы өкілдері: Э.Литтре, Г.Н. Вырубов, П.Лаффит, И.Тэн, Дж.С. Милль, Г.Спенсер болды. Позитивизм жаратылыстану және қоғамдық ғылымдардың методологиясына елеулі ықпал етті. Позитивизмнің кейінгі дамуы барысында махизм, неопозитивизм, аналитикалық философия қалыптасты.

Скептизм (көне грекше: σκεπτικός — қарастыратын, зерттейтін) —

  1. объективті шындықты дұрыс тану мүмкіндігіне күдікпен қарайтын философиялық бағыт; бұл жағынан скептицизм агностицизмге — дүниені танып білу мүмкіндігін жоққа шығаратын философиялық бағытқа жақын, соның бастапқы сатысы болып табылады;
  2. бір нәрсеге сыни тұрғыдан, күдікпен қарау, мүмкіндігіне, шындығына күмәндану;
  3. күдікшілдік, сенбеушілік.

Әлемдік философияда  нақты мәдени-тарихи жағдайға сай және дүниені философиялық тұрғыдан түсінудің негізгі жолдарына байланысты пайда болған скептицизмнің әр түрлі формалары бар. Скептицизмәдетте ғылымдағы, таным процесіндегі күрделі бетбұрыстар, теориялық нұсқамалардың (парадигмалардың) өзгеруі тұсында пайда болды. Скептицизм негізінен ғылым саласында, таным процесінде орын алатын ұстаным, сонымен бірге оның белгілі бір арнаулы өмірлік, тұлғалық ұстаным ретінде де маңызы бар. Парасатты адам кез келген мағлұматты, пікірді, идеяларды көзжұмбайлықпен жай қабылдай бермейді, ой елегінен өткізеді, сынайды, күдіктенеді. Скептицизмнің орын алу себебі: таным — танылатын затқа, құбылыс — мәнге, сөз — іске, теория — шындыққа сәйкес келе бермейді, олардың арасында алшақтық болады.

Философия тарихында скептицизмнің туындауында дүниедегі құбылыстардың, ұғымдардың шарттылығы ой-пікірі адамның көңіл-күйіне және қалыптасқан жағдайларға байланысты өзгеріп отыратындығы себеп болды. Ертедегі скептиктердің ішінен (софистер, Пиррон, Энисидем, т.б.) бізге еңбектері жеткені Секст Эмприк (200 — 250). Скептицизмнің мәнісін ол былай түсіндіреді: “мына жағдайды көз алдыңызға келтіріңіз: көптеген асыл заттары бар үйден түнде адамдар алтын іздеп жатыр; әркім алтын таптым деп ойлайды, бірақ шынында да алтын тапса да, тапқаны алтын екенін білмейді. Сол сияқты философтар да кең үй сияқты осы дүниеге ақиқатты табу үшін енеді; егер де олар ақиқатты тапса да тапқаны шынында да ақиқат па? Мұны біле алмайды”. Қайта өрлеу дәуірінде скептицизм принципі ортағасырлық догматтық ойлау, схоластиканы жоққа шығару бағытында болды. Француз философы Рене Декарт (1596 — 1650) скептицизмді жаңа заман философиясының және ғылымының негізін қалау ісінде шығарм. тәсіл ретінде пайдаланып, дүниені ойлау арқылы танып білуге болатынын паш еткен әйгілі қағидасын ұсынды: “Ойлаймын, демек өмір сүремін”. Скептицизм құбылыстарға, болып жатқан процестерге, оқиғаларға сын көзімен, күдіктене қарауды ұсынады. Бірақ күдіктенумен шектелмей, ойлану, іздену, танып білу, түсіну арқылы күдіктерді жеңе біліп, күмәннан арылу керек. Жаңа құбылыстардың сырын танып білуде тағы да скептицизмге жүгініп, осылайша шындықты іздеу жолы шексіз ізденістен тұрады. Абай “Анау айтса анаған, мынау айтса мынаған” сене беретін, ере беретін, “ақсақал айтты, бай айтты, кім болса, мейлі сол айтты” деп далақтап шаба беретін парықсыз адамдарды сынға алды.[1]

Рудольф Карнап (1891 -1970)- американ философы, логикі, неоопозитивистердің Вена үйірмесінің қайраткері, ғылым философы

Аналитикалық  философия - XX ғ-да кең тараған әртекті ағым, ол философия міндетін дәстүрлі түрде философиялық деп есептелетін проблемалардың мазмұнын анықтауды тілге талдау жасау деп білетін философтардың әртүрлі топтарын, анализ проблеманың тілдегі күңгірт ұғымын проблеманың шын мәнін паш ететін тұжырыммен алмастыруға тиіс деп жорамалдады. Бұл ретте проблема не теріс қойылған "жалған проблема" болуы, не белгілі бір тілдік формаларды қолдануға байланысты болуы, не философияға қатысы жоқ болуы және жеке ғылымдардың құралдарымен шешілуі мүмкін. Аналитикалық философия негізінен АҚШ-та және Англияда тарады. [1]

Беркли  Джордж (12.3.1685, Ирландия, Килкенни қаласы — 14.1.1753, Оксфорд қаласы) — ағылшын философы. Субъективті идеализмнің өкілі ретінде белгілі. Беркли философиясының өзегі, «болу» - яғни «қабылдануда болу». Ол сыртқы дүниедегі заттардың объективті өмір сүруін жоққа шығарады. Дүние менің санам, менің елесім, менің еркім. Осыдан оның субъективті идеализмі.[1] 1734 жылдан епископтық Материя ұғымын іштей қарама-қайшы және таным үшін пайдасыз ұғым ретінде сынады. “Идеялар енжар, оларды затсыз субстанциялар, жан меңгереді, кез келген зат түйсіктердің жиынтығы” деген тұжырым жасады. Локктың алғашқылық және екіншілік сапарлар теориясын сынға алып, заттар мен құбылыстардың сапаларын субъективті деп бағалады. Ғылымның дүниетанымдық мәнін мойындамай, ғылымның міндеті “бәрін бір ғана пәндік себептермен түсіндіруге үйрену” деп есептеді. Беркли зерденің рөлін, оның таным процесіндегі алатын орнын бейнелей отырып, оны жоғарыда тұрған бір күшке, ғаламдық принципке бағындыруға тырысты. [2]

Иммануел  Кант IPA[I:manuəl kant] (1724 жылғы сәуірдің 22-сі – 1804 жылғы ақпанның 12-сі) — 18-ші ғасырда Пруссия патшалығының Көнигсберг қаласында тұрған неміс пәлсапашысы. Ол қазіргі заман Еуропасының және Ағарту дәуірінің ең ықпалды ойшылдарының бірі болып саналады. Жалпы қалыптасқан пікір бойынша, ол пәлсападағы Аристотелден кейінгі ең маңызды тұлға болып табылады.

Иммануил  Кант 1724 жылы Көнигсберг қаласында бір отбасында он бір баланың төртіншісі болып дүниеге келді (олардың алтауы балалық шағында көз жұмды). Оған шіркеудегі рәсімде «Емануел» деген ат берілген болатын, бірақ Канттың өзі кейінірек еврей тілін үйреніп алғаннан кейін оны «Иммануил» деп өзгертіп алды. Ол бүкіл өмірін өзінің туған қаласын Шығыс Пруссияның елордасында және оның айналысында өткізіп, одан ешқашан 200 шақырым қашықтыққа ұзап көрмеген.[1] Оның әкесі Йоһанн Георг Кант (1682-1746) Пруссияның солтүстік-шығысындағы Мемель қаласында туған, кәсібі қолөнерші, ұлты неміс. Анасы Анна Регина Портер (1697-1737) Нюрнберг қаласында туған, Шотландиядан көшіп келген ер-тұрман жасаушының қызы.

Жас шағында Кант тиянақты, бірақ ерекше жетістік көрсете қоймаған студент болатын. Ол шынайы діни сенім, кішіпейілдік және Киелі кітапты көп зерттеуге баса назар аударатын пиетистік көзқарастарды ұстанатын отбасында туып-өсті. Соның арқасында Кант қатаң тәрбие алды, оның алған білімінде математика мен ғылымға қарағанда латын тілі мен діни тәрбие басым болды.. Бар өмірі Кенигсбергте өткен, сонда университетін бітірді (1745), университеттің 1755 – 70 жылдары доценті, ал 1790 – 96 жылдары профессоры болды.[2]

Шығармашылығы

    Кант шығармашылығы  төрт кезеңге бөлінеді[3]:

  • 1) жаратылыстану саласындағы ғылым ізденістер кезеңі, ол “Жалпыға бірдей жаратылыстану тарихы және аспан теориясы” (1755) туындысымен аяқталады. Бұл кезеңнің негізгі өзегі – табиғаттың дамуы мәселелеріне арналды. Бұл идея метафиз. көзқарасқа берілген алғашқы соққы болды;
  • 2) метафизикалық зерттеулер кезеңі, онда Кант вольфтік философиядан гносеологияға қадам басты және Сведенборг мистикасын сын тезіне алды (“Аруақшыл адамның қиялы”, “Сезім дүниесі мен парасат дүниесінің формасы мен негіздері туралы”), (1770);
  • 3) сын кезеңі. Іс жүзінде мұнда гносеология жасалады және таным теориясына субъект пен оның қызметі енгізіледі. Бұл кезең “Таза зердеге сыннан” (1781) басталып, сонан соң “Практикалық ақылға сын” (1788), “Пікір қабілеттілігіне сын” (1790) сияқты, іргелі еңбектерде жалғасын тапты. Кейбір философия тарихшылары К-тың осы еңбектерінен кейін философияның бүкіл тарихын “сынға дейінгі” және “сыншылдық” кезеңге бөлді, мұның өзі оның жалпы философияға орасан зор дәрежеде ықпал еткендігін көрсетеді;
  • 4) Кант шығармашылығының соңғы кезеңі логика, педагогика, физика, география және антропология туралы дәрістерінің жариялануымен сипатталады. Мұнда ол гносеология мен табиғат метафизикасының арасындағы байланыстырушы буынды табуға тырысты. Кант өзіне дейінгі ойшылдардың эмпиризм мен рационализм саласындағы сыңаржақ кеткен кемшіліктерін көрсете отырып, философияда бұрын-соңды болмаған үлкен жаңалық ашты. Ол бұл жаңалықты философиядағы “коперниктік төңкеріс” деп атады. Кантқа дейінгі ойшылдар табиғатты зерттей отырып, болмысты, материяны философияның негізгі нысанына айналдырса, ол керісінше, философиялық талдау-ойлауға, идеяға, ақыл-зердеге, субъектіге бағытталуға тиіс деді. Ал болмыс, материя, объекті осы ойлауға, идеяға, ақыл-зердеге, субъектіге бағынады және солардан келіп шығады деп білді. Мұның өзі Канттың сол уақытқа дейін кеңінен орын алып келген таным теориясындағы және философиядағы көзқарасты толығынан қайта қарап, жаңа ілімнің, ағымның іргетасын қалағанын көрсетеді. Кант таным процесіндегі қайшылықтарды кеңінен ашып, олардан шығудың жолын көрсетті. Ол адамның таным қабілетін: сезім, пайым және зерде деп үшке бөледі. Таным процесін бұлай үшке бөлу философия тарихында Қайта өрлеу дәуіріндегі Николай Кузанскийдің шығармасында алғаш рет байқалған болатын. Бірақ Кант таным процесін басқа тарихи жағдайда басқаша қарастырды. Оның мақсаты – жаңа дәуірдегі эмпиризм мен рационализмнің тар өрістілігінен шығып, оларды өзара ымыраластыру еді. Сондықтан ол априорлы (латынша априорлы – тәжірибеден тыс пайда болған ұғым, ой, идея) синтетикалық пікірдің жаратылыстану саласында қандай орын алғандығын көрсету үшін білімдердің әр түрлі салаларын алды. Кант, ең алдымен, математиканы, жаратылыстануды және метафизиканы (философияны) априорлы синтетикалық тұжырым арқылы талдай келіп, таным процесінің қалыптасуы мен белгілі бір сатылардан өту жағдайын көрсетті. Осыдан математика – сезімділікке, жаратылыстану – пайымға, метафизика, яғни философия – зердеге қатысты екені анықталды.

Информация о работе Логикалык философия