Логикалык философия

Автор: Пользователь скрыл имя, 23 Ноября 2011 в 17:41, реферат

Описание работы

Негізгі өкілдері : М.Шлик, Р.Карнап, Л.Витгенштейн, Ф.Франк, т.б. Олардың еңбектерінде ғылымның тілі, білімді формальдандыру, логикалық семантика, семиотика мәселелері жөнінде құнды пікірлер айтылған. 1920 жылдың аяғы — 30-жылдардың басында Логикалық позитивизм неопозитивистік ғылым философиясының идеялық негізіне айналды. Логикалық позитивизм философия мәселелердегі ғылым тілін логикалық талдаумен ауыстырды. Карнаптың пікірінше, “логика — философияның мәні, ал "философия — ғылым логикасы”. Ол философияны логикалық синтаксиспен теңестірді.

Работа содержит 1 файл

Логикалық позитивизм.doc

— 208.50 Кб (Скачать)

[өңдеу] Канттың “Таза зердеге сын” еңбегі

Канттың :“Таза зердеге сын”[3] еңбегінің трансцендентальды эстетика деп аталатын бөлімі сезімнің формалары туралы ілім. Сезімнің априорлы формалары – уақыт пен кеңістік, математика ілімімен тығыз байланысты болғанымен, олардың дүниетанымға тікелей қатысы бар. Кеңістік – априорлық танымдағы сезімділіктің сыртқы формасы, ал уақыт болса – сезімділіктің ішкі формасы. Міне, осы анықтамасы арқылы ол өзіне дейінгі философтардың сезімділіктің формалары – кеңістік пен уақытты тек онтологиялық түрде, яғни оларды заттардың өмір сүруінің формалары ретінде қарастыруына қарсы шықты. Сөйтіп, Кант уақыт пен кеңістік жаратылыстану саласындағы ұғымдар ғана емес, олар дүниетанудың сезімдік формалары екендігін философия тарихында алғаш рет айқындап берді. Мұндай көзқарас уақыт пен кеңістікті метафизикалық тұрғыдан пайымдап келген жаратылыстану саласының өкілдеріне ғана емес, сондай-ақ, осы формаларды философиялық танымдық негізде түсіне алмаған ойшылдарға да қарсы бағытталған. Өйткені, әрбір ғалым, әсіресе, жаратылыстану саласымен айналысатындар белгілі бір нысанды уақыт пен кеңістік арқылы зерттеп тани алады. Канттың айтуынша, сыртқы дүние біздің сезім мүшелерімізге әсер ете отырып, көптеген түйсіктер жинақтаған материалдар мен фактілердің пайда болуына жол ашады. Бірақ, олар тек құбылыстарды, заттарды бейнелейді. Олар әлі де білімге әкелмейді. Ал бұл құбылыстарды білу – адамның ойлау қызметінің жемісі. Ендеше, таным туралы ғылым, ол ең алдымен ойлау туралы ғылым – логика. Канттың “Таза зердеге сын” еңбегінің негізгі бөлігі “трансцендентальды логика” (латынша трансцендентальды – аттап өту) білім категорияларының пайда болуын қарастырды. Философияда білім, ұғым, сана, идея тәжірибе арқылы пайда болмайды, оны аттап өтеді. Ал тәжірибе білімдердің жиынтығынан пайда болады. Сезімділік формалары жинақталған материалдар мен фактілер белгілі бір ұғымдар арқылы анықталуға тиісті. Осы заттар мен құбылыстар пайымдау категорияларын тудырады. Категориялар, Канттың айтуынша, тәжірибе заттарындағы объективті, жалпы және қажетті байланыстардың пайымдық синтезінің формалары. Кант зерденің кемшілігін таным теориясынан аңғарып қана қоймай, оның практикалық өмірдегі мәнін анықтауға да ұмтылды. Бұл жағынан алғанда оның зерде туралы ілімі екінші бір қырынан көрінеді. “Мен нені білуім мүмкін?” деп сұрақ қойған

[өңдеу] Канттың “Практикалық зердеге сын” еңбегі

Кант оған :“Практикалық зердеге сын”[3] деген шығармасында жауап беруге тырысты. Бұл шығарма негізінен этика мәселелерін, яғни адамгершілік, мораль, парасат мәселелерін және оларды шешуді қамтиды. Сөйтіп, Кант теориялық зердеден, оның шешілмейтін шым-шытырық қайшылықтарынан – практикалық зердеге қарай өтті. Кант адамның еркі, бостандығы туралы мәселелерде, негізінен алғанда, француз ағартушылығының, әсіресе, оның көрнекті өкілі Ж.-Ж.Руссоның ықпалында болғандығы байқалады. Сондықтан Кант тірі жандардың ішінде ең саналысы – адам деп санады. Осы мәселелерді өзінің “Практикалық зердеге сын” деген шығармасында жан-жақты талдады. Атап айтқанда, философ еркіндіктегі себептілік идеясы арқылы жаңа заман ойшылдарының біразына сын айтты. Ол, әсіресе, Спинозаның жалпыға тән себептілікті қамтамасыз ету ілімін барынша сынады. Канттың ойынша, адамның адамдығын айқындайтын нәрсе – парасат пен адамгершілік. Ендеше, адамгершіліктің өзі адамның еркіндікте екендігін көрсетеді. Сонымен бірге адамгершілік, парасат адам баласының бақытқа қарай ұмтылуымен тығыз байланысты. Бірақ бақыт деген ұғымның өзі эмпирикалық, оның өзгеруі мен дамуы белгілі бір дәуірдің жағдайымен байланысты. Ендеше, адамгершілік деген не? Біз адамгершілікке ие болған адамды қалай қалыптастырамыз? Шындығында, ондай адамды қалыптастыру үшін материя керек. Ендеше, бұл мүмкіндіктің жүзеге асуы үшін, ол адамгершілік болуы үшін форма қажет. Мұндай категориялы форма, Канттың ойынша, парыз деп аталады. Егер адам белгілі бір іс-әрекетте парызға сәйкес іс атқарса, ондай адамда адамгершілік бар, ол парасатты. Алайда, адамның іс-қимылында әлі де адамгершілік, парасаттылық жоқ. Қайырымдылық өзінен-өзі адамгершілік не парасат бола кетпейді. Өйткені қайырымдылық міндетті түрде белгілі бір парызға сәйкес келуі керек. Бірақ бір мәселенің шешілмей тұрған жайы бар. “Мен мұның адамгершілік, әлде адамгершілік емес екендігін қайдан білемін?”. Бұған жауап ретінде Кант барлық адам баласына ортақ болып есептелетін тұжырымды императив ұсынады. Бұл адамгершіліктің заңы. Ендеше, адамгершілікті адамгершілік сақталмайтын кездегіден айыру үшін адамның өзін мақсат деп білу міндет. Сен өзіңнің іс-әрекетіңде басқаға, барлық адамға мақсат ретінде қарауың қажет. Кімге болмасын, сен оған тек құрал ретінде қарама. Сондықтан, Кант мақсат – оған жету жолындағы құралдарды ақтайды деген теріс принципке жан-тәнімен қарсы шықты. Сөйтіп, ол философия тарихында алғашқылардың бірі болып гуманистік, адамгершілік рухтағы этиканың негізін қалады. Канттың ойынша, адамгершілік заңын жай ғана қағазға жазып, іліп қоюға болмайды. Адамға, ең алдымен, құдайдың болмысын және мәңгі өшпейтін, өлмейтін идеяны беру керек. Бұл адамгершіліктің мақсатына жатады. Сондықтан ұлы философ бұл шығармасында зердеге қарсы шығып, сенімге қарай жол ашады. Оның айтуынша, Құдайдың болмысын ғылыми түрде дәлелдеу мүмкін емес, бірақ Құдайға сену адамгершілікке бастайды. Канттың осы идеясы, зерделі ойы кейінгі ойшылдар мен ақын-жазушыларға ерекше әсер етті. Канттың философиясына талдау жасай отырып, қысқаша мынадай қорытындыға келуге болады. Ол өзінің зерделі философиясы арқылы өткен заман ойшылдары тап болған қайшылықтарды шешуге тырысты. Ең алдымен ол 17 – 18 ғасырлардағы философияда өріс алып, кейін келе өзара сыйыспай, бір-бірінен алшақ кеткен эмпиризм мен рационализмнің басын біріктірмекші болады. Бұл жағынан алғанда, Кант үлкен жетістіктерге жетті. Ол таным теориясында адам танымының қабілеттілігін сезімділік пен пайым деп бөле отырып, олардың бірлігін көрсетті. Канттың ойынша, сезімділік пен пайымның айырмашылығы, танымның бірі – мазмұны, екіншісі – формасы болғандығында. “Сезімділіксіз бірде бір зат бізге берілмес еді, ал пайымсыз олардың бірде бірін ойдан өткізу мүмкін емес. Ойда мазмұн болмаса, ол бос нәрсе, ал аңдаушылық ұғымдарсыз соқыр...”. Бұл екі қабілеттіліксіз таным процесі болмайды. Міне, өзінің осындай ілімі арқылы Кант ұзақ жылдар бойы айтыс-тартыстың қайнар көзі болған эмпиризм мен рационализмді бірлікте деп қарап, проблеманың шешімін тапты.

Философ ұмтылысы

Сондай-ақ, Кант пайым мен зерденің диалектикалық  бірлігін анықтауға да ұмтылды. Оның ойынша, пайым мен зерде бір-бірінен онша алшақ кете қойған жоқ. Қайта ұлы философтың айтуынша, пайым категориялармен, ұғымдармен қарулана отырып, зердеден гөрі адамға жақынырақ тұрады. Ал зерде болса, өзінің идеялары және принциптері арқылы өмірден қол үзіп, “бүкіл әлемді танимын, білемін” деп бос әрекеттеніп, шешілмейтін қайшылықтарға ұрынады. Пайым мен зерденің өзара байланысын айқындау процесінде Канттың не себептен пайымға ерекше бет бұрғанын аңғаруға болады (қ. Зерде, Пайым). Өйткені, ұлы ойшыл шығармашылығының алғашқы кезеңі жаратылыстану саласында өткен болатын. Ол, ең алдымен, математик, астроном, биолог, сондай-ақ, тағы басқа да ғылымдар саласының маманы болды. Алайда шығарм. өмірінің келесі, сыншылдық кезеңінде оның философияға бет бұруы зердеге ерекше мән беруіне, сол арқылы адамзатты ғасырлар бойы толғандырып келген әлемдік проблемаларға бой ұруына жол ашты. Алайда оның зерде туралы ілімі таным теориясы, логика, диалектика мәселелерінде, сондай-ақ, адамгершілік, мораль және сезімділік, проблемаларында таңғажайып жаңалықтарды ашты. Дегенмен оның зерделі философиясы шешілмейтін қайшылықтарға тап болып, адам баласының алдында тұрған көптеген сұрақтарға жауап бере алмады. Біз оның зерделі философиясы шешпеген аса бір үлкен мәселе “өзіндік зат” идеясы дер едік. Өйткені, Кант “өзіндік зат” біздің санамыздан, бізден тыс өмір сүреді деп мойындай отырып, “бірақ оны тану мүмкін емес, өйткені оған біздің зердеміздің шамасы келмейді” деген қайшылыққа ұрынады. Оның зерделі философиясынан туған осындай қайшылықтарды шешу және “өзіндік зат” проблемасын белгілі бір нысан етіп қарау, философия тарихында жаңа бағытқа жол бастаған философтардың үлесіне тиді.

Конт  Огюст (19.1.1798 – 5.9.1857) – француз философы, социологияның негізін қалаушылардың бірі. Конт Огюсттың философиялық көзқарасының дамуы 3 кезеңге бөлінеді: бірінші кезеңде (1820 – 26) Конт Огюст еуропалық қоғам дамуының негізгі кезеңдерін суреттеп, әлеуметік реформалардың мүмкіндігі мен оларды іске асырудың тәсілдерін ой елегінен өткізді. Бұл ойлар Конттың “Әлеуметтік философия топтамасы”, “Өткендегі қазіргі заман элементтеріне жалпы баға” (1820), “Қоғамды қайта ұйымдастыру үшін қажетті жұмыс жоспары” (1822), т.б. еңбектерінде қарастырылды. Екінші кезеңде (1830 – 42) Конт өз идеяларын дамыта отырып, қоғам туралы ғылым ретіндегі социологияның негізгі ережелерін тұжырымдайды (“Позитивті философия курсы”). Үшінші кезеңде (1851 – 54) адамзат тарихының бірлігі туралы идеясын қалыптастырып, негізгі ойларын дәйекті дәлелдермен дамытады (“Позитивті саясат жүйесі”). Әлеуметтік өзгерістерді талдау арқылы Конт қоғам тарихындағы теологиялық, метафизикалық және позитивті кезеңдерді анықтады. Оның пікірінше, қоғамды бөлудің және үш кезеңді белгілеудің өлшемдері үстемдік етуші идеялар сипаты арқылы анықталады. Теологиялық кезең дін үстемдігімен, метафизикалық кезең метафизикалық тұжырымдама үстемдігімен сипатталады. Соңғы кезеңде діни және философиялық сипаттағы спекулятивті жүйелердің соңына нүкте қоятын позитивті ғылымдар дамуы жүреді. Бұл кезеңде жаратылыстану ғылымдары үстемдік алып, социология қарқынды дамиды. Конт қоғамдық өмірді талдаудың үш әдісін: бақылау, әлеуметтік тәжірибе, салыстырмалы зерттеумен бірге индустриалды қоғам тұжырымдамасын жасады. Конт адамзат тарихының негізгі үрдістеріне сәйкес капитал мен биліктің капиталистерде шоғырлану процесін оң бағалады. Социумның даму шамасы бойынша қауымдық тәртіппен бірге рухани тәртіп, моральдік ізгіліктер тәртібі орнығады. Қауымдық және рухани тәртіптің ұлғаюымен соғыстар анахронизмге (ескіліктің қалдығы) айналады және Батыс елдері индустриалды қоғам дамуы бойынша басқа елдерді жаулап алу саясатынан бас тартуы керек, оларға өз өркениетін күштеп таңбауы тиіс. Конттың пайымдауынша, индустриалды қоғамда соғыс маңызды рөл ойнамайды. Соғыс ретке келтірілген еңбекке адамдарды зорлықпен көндіру, ірі мемлекеттер құру құралы ретінде қажет. Соғыс еңбекке үйрету және мемлекетті қалыптастыру тәрізді екі жақты тарихи миссияны орындады. Индустриалды қоғамда еңбекті ғылыми ұйымдастыру маңызды рөл атқарады. Әрбір адам өзінің қабілеттеріне сәйкес лайықты орнын алып, қоғамдық әділеттілік орнайды (қараңыз Индустриалды қоғам). Батыс әлеміндегі ықпалды философиялық ағымдардың бірі позитивизмнің негізін қалаушы Конт философияны ғылымға тән сипаттардан азат ету туралы идеяны көтерді және дәлелді білімге арқа сүйеді. Конттың пікірінше, білімді мынандай жағдайда позитивті деп санауға болады: 1) нақты, дәл және анық болғанда; 2) эмпирикалық бақылау процесінде алынғанда. Философия “ғылым падишасы” – астамшыл ғылым болуға ұмтылмай, нақтылы ғылым болуы тиіс. Бұл идеяларға Конт қоғам тарихын, әлеуметтік өзгерістер динамикасын талдау нәтижесінде келеді. Ол өз зерттеулерін қорытындылай келе, интеллектуалдық және техникалық қос эволюция заңын тұжырымдады. Тұтас алғанда бірі-біріне сәйкес келетін интеллектуалдық дамудың 3 деңгейін және техникалық дамудың 3 кезеңін анықтады. Теологиялық – дәстүрлілікке, метафизикалық – индустриалдыққа дейінгіге, позитивті – индустриалдыққа сәйкес келеді. Конттың ойынша, индустриалды қоғамға өту позитивті білімнің қарқынды дамуымен, нақты ғылымдардың басымдылығы арқылы жүреді. Конт позитивизмі философияның мәні мен міндетін және оның ғылымға қатынасын айқындау төңірегінде дәйекті пайымдау (дискурс) бастаған философияның дамуындағы жаңа ағым, позитивизм философиясының қалыптасуындағы бастама болып табылады 

Милль Джон Стюарт (1806 - 1873 жылдары) - ағылшын экономисі, философ, тарихшы және ойшыл, саяси және экономикалық либерализмнің теоретигі. Англияда Конт позитивизмінің әдіснамалық идеясын насихаттады, оны сынады, қайтадан ой елегінен өткізді. Милль Джон Стюартдің эмпирикалық психологизмі - әлеуметтанудың да, логиканың да басты мәселелерінің бірі, ол психологияның ойлау техникасын зерттейтін тармағы ретінде ғана танылады. Өзінің "Огюст Конт және позитивизм" атты мақаласында ол француз философиясының зерттеу әдісін ойлап тауып, нәтижелерге ие болса да, осы әдістің шынайылығын дәлелдеу шартына назар аудармағанын атап көрсетеді. Өйткені, тәжірибеден біз дәйекті жүйелілікті және бір қатарға қоюды ғана табамыз. Алайда тәжірибе себеп-салдарлық байланыс пен жағдайлардың бір-бірімен сәйкес келуі арасындағы айырмашылықты айтпайды. Бұл, әсіресе, қоғамды зерттеу барысында заңдылықтарды, әсіресе прогресс заңдарын анықтауды қиындататын көптеген факторлар қолданылған кезде айқын байқалады. Нақ осында заңдарды орнықтыру әдістерінің және тиісінше фактілерді тұжырымдау рөлінің мәселелері неғұрлым өткір қойылады. М. Конттың осы жөніндегі көзқарастарын жинақтайды. Әңгіме адам психикасының құрылымынан алынған немесе дәуір терминімен айтқанда адам табиғатының заңдарынан алынған әлеуметтік заңдар дедукциясының мүмкіндіктері туралы болып отыр. Милльдің әлеуметтану үшін аса маңызды болған еңбегі "Силлогистік және индукциялық логиканың жүйесі" деп аталады. Бұл еңбекте әлеуметтану үшін маңызды төрт әдіс берілген:

  • Ұқсастық әдісі: егер қайсыбір құбылысты зерттеу барысындағы бірнеше жағдайларда бір ғана ортақ мән-жай табылатын болса, онда ол осы құбылыстың себебі (немесе салдары) болып табылады.
  • Өзгешелік өдісі: егер осы құбылыс болған және болмаған жағдайларда біреуінен басқасының бәрі бірдей болса, онда соңғысы осы құбылыстың себебі (не салдары) болып табылады.
  • Қалдықтар әдісі: құбылыстан бұрынғы индукцияларда белгілі болған себептер алынып тасталады. Сонда қалған факті қалған себептің салдары болып табылады.
  • ілеспе өзгерістер әдісі: құбылыс әрдайым басқа құбылыстың белгілі бір өзгеруі барысында осы соңғы құбылыспен себептік байланыспен сабақтасқан кезде өзгеріп отырады.[2]

Ғылым философиясыфилософияның ғылымды адам іс-әрекетінің ерекше аясы әрі ұдайы дамудағы таным жүйесі ретінде қарастыратын бір саласы. 
Ғылыми танымды гносеология және методология тұрғыдан зерттеу тарихы әріден басталғанымен, Ғылыми философия 20 ғ-да ғана дербес пән ретінде қалыптаса бастады. Ең алғаш бұл термин О.Конт, Э.Литтре, Г.Спенсер, т.б. ғалымдар еңбектерінде қолданылды. Олар ғылым тілін филос. тұрғыдан зерттеу әрекеттері тек формальды (матем.) логиканың шеңберінде жүзеге асуға тиіс, ал ғыл.-теор. ұғымдарды эмпирикалық таным, тәжірибе сынағы арқылы негіздеуге болады деп тұжырымдады. Бұл тұжырым бойынша, ғылым – адамның ең жоғары ісі, ал ғылым философиясының бір ғана міндеті – тұтастай ғылымды, оның пәндік салаларын логикалық-методол. тұрғыдан қамтамасыз ету. Бертін келе бұл тұжырымдаманың сыңаржақтылығына көзі жеткен ғалымдар ғылым философиясының зерттеу нысандарына елеулі өзгерістер енгізді. Енді ол ғылымның құрылымымен қатар тарихын зерттеуге ден қойып, бұрыннан белгілі проблемалармен қатар жаңа пәндік мәселелерді, олардың қалыптасу үрдісін қарастыра бастады. 
Ғылымның теориялық сатысының белгілі бір шамада тәжірибеге тәуелсіз екендігін мойындап, жаңа ғыл. білімнің табиғатында тәжірибесынақ арқылы дәлелдеу мүмкін емес дүниетанымдық көзқарастардың, методол. принциптердің болатынына көз жеткізді. Бірақ ғылымның даму заңдылығын, оның қызметтік міндеттерін дұрыс түсіндіре алатын методол. ұстын – диалект. көзқарас қана. Сананың техникаландырылу деңгейінің артып,
компьютерлік дүмпудің өркениет өресіне тікелей әсер етуі, сол арқылы ғылым функциясының кеңейіп, қоғамның өзге салаларымен, алуан текті мәдениет тұрпаттарымен байланысының күшеюі ғылым философиясының алдына күрделі мәселелер қойып отыр. Сондықтан ғылым философиясы ғылыми танымның логикалық-гносеология проблемаларымен қатар ғылымның әлеумметтік-философия және этика-этника мәселелерін зерттеуге тиіс. Ғылым философиясы мен методологиясының қазақстандық мектебі (негізін қалаушы Ж.Әбділдин мен Ә.Нысанбаев) отыз жыл бойы осы бағытта ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуде. [1]

Пәлсапа-адамзат баласының сонау ықылым заманнан басталған білімі, қоғамдық сананың формасы, болмыс пен танымның жалпы заңдылықтары туралы ілім. Кез-келген адамды әлем, қоршаған орта, қоғам, дін, діл, білім, саясат, мәдениет секілді мәселелер бей-жай қалдырмайтыны айдан анық. Міне, осы іспеттес мәселелер философия пәнінің негізгі қарастыратын бөлімдері болып табылады. Философия сөзі грек тілінен аударғанда -даналыққа деген махаббат мағынасын білдіреді. Б.з.д. 7-6 ғ.ғ. Ежелгі Үнді, Қытай Және Грек жерлерінде бір уақытта пайда болады. Мәліметтерге сүйенсек, «философия» терминін алғаш қолданған Антика дәуірінің атақты философы және математигі Пифагор.

Философия дүниегекөзқарастың бір түрі. Дүниегекөзқарас- дүние туралы жалпы пікірлер жиынтығы және адамның әлемдегі орыны жайлы көзқарасы. Тарихи тұрғыда қарайтын болсақ, дүниегекөзқарас үш негізгі типтен тұрады: Мифологиялық, діни, философиялық.

  • Мифология (гр. Myfos-аңыз, logos-ілім)- әлемді фантастикалық және ақиқат жағдайда түсінетін қоғамдық сананың бір түрі. Мифологиялық туындыларда әлемнің қалыптасуы, жер, адам, тіршілік, өмір және өлім секілді мәселелер көп кездеседі. Мифтің ерекшелігі: табиғат және табиғат құбылыстарына жан бітіру, фантастикалық құдайлардың болуы, олардың қарым-қатынасы, адамзат баласымен араласуы т.б.
  • Дін- бәрінен жоғары жаратушы күшке және оның қоршаған орта мен адам баласына әсері бар деп есептейтін сенім-нанымға негізделген көзқарас формасы. Діннің мифологияға ұқсастығы бар: Әлемнің пайда болуы, жер бетіндегі тіршілік, адамның іс-әрекеті туралы адамгершілік-этикалық мәселелерді алға қояды. Қоғамды игі істерге шақыруда: мәдениеттің қалыптасуына әсер етуімен қатар адам баласын сыйласымдылыққа, әділеттілікке, төзімділікке тәрбиелеп, өзіндік парыз мәселесін түсіндіруде діннің атқарар маңызы ерекше.
  • Философия - дүниегекөзқарастың ғылыми-теориялық түрі. Философиялық көзқарас мифологиялық және діни көзқарастан айырмашылығы- нақты ұғымдарға, категорияларға сүйене отырып логикалық ой қорыту ерекшелігінің бар болуы. Философия даму барысында үш кезеңнен өтті: Космоцентризм, теоцентризм, антропоцентризм.
  1. Космоцентризм-әлемді түсіндіруде ғарыштың шексіз сыртқы күші қолдана отырып, ой тұжырымдау (философияның бұл кезеңі Ежелгі Үнді, Қытай және Ежелгі Грек жерлерінде көп таралды ) .
  1. Теоцентризм- барлық тіршілік атаулыны жоғары жаратушы күш-Құдай арқылы түсіндіру (Ортағасырлық европа философиясына тән ерекшелік).
  2. Антропоцентризм- негізгі орталық мәселесі адам болып табылатын философиялық көзқарас (Қайта өрлеу дәуірімен жаңа заман, қазіргі заман философиялық мектептерінде қарастырылады).

Информация о работе Логикалык философия