Христиан діні философиясы

Автор: Пользователь скрыл имя, 08 Ноября 2012 в 19:53, реферат

Описание работы

Христиан діні – әлемдегі ең көп тараған діндердің бірі, қазіргі таңда оның 2 мил¬лиардқа жуық ұстанушылары бар. Хрис¬тиандық православие, католицизм, протес¬танттық болып үш негізгі бағытқа жіктеледі. “Христос” сөзі грек тілінен алын¬ған, мессия, құтқарушы деп аудары¬лады.

Работа содержит 1 файл

РЕФЕРАТ.doc

— 150.50 Кб (Скачать)

Христиан дінінің негізі ретінде  көрсетілген бұл пайымдаулар  ақыл мен қисынға сай келмейді. Сол себептен яһуди дінін жөндеуге тырысқан Иса алейһиссалам алып келген насарани діні өз негізінен алыстап, “христиандық” деген өзгертілген дінге айналған. Христиан дінінің қайтадан ақиқат насарани түріне қайтуы үшін көптеген жұмыстар жасалды. Лютер деген пірəдар протестанттық жолын құрып, біраз түзетулер енгіземін деп бұл дінді толығымен өзгертіп жіберіп, бұзды.

Міне, Ислам діні Иса алейһиссаламнан  кейін барлық осы қателіктерді түзету үшін, бара-бара өзгертіліп бара жатқан «Бір Аллаһ» дінін қайтадан илаһи түрге енгізу үшін жіберілген. Аллаһу Та’ала түрлі дəуірлерде түрлі пайғамбарларына жіберген барлық дін кітаптарында бір соңғы пайғамбардың келетінін жəне оның адамдарды ең тура жолға салатынын хабар беріп келді. Бұл сөз Тəуратта да, өзгертулер енгізілген Інжілде де кездеседі. Жохан Інжілінің 16-бабының 12-13- аяттарында: «Менің сізге айтатын көп нəрселерім бар. Бірақ, сендер оған шыдай алмайсыңдар. Бірақ, ол келген кезде сендерді ақиқатқа жеткізеді» деп Мұхаммед алейһиссаламның келетінін көрсетеді. Барнабас Інжілінің 72, 96, 136, 163- баптарында хазіреті Исаның өз хауарилеріне бір соңғы пайғамбардың келетінін, есімі Ахмет болатынын, ол келгенге дейін өзгертілетін Інжілді қайтадан түзететінін жəне жаңа кітап əкелетінін, өзінінің креске керілмегенін, креске керілген адамның (тұрған жерін айтып берген) Яһуда екендігін айқын көрсеткен. Құран Кəрімнің “Саф” сүресінде бұл мəселе расталады. “Саф” сүресінің 6-аятында: «Мəриямұлы Иса: “Ей, Исраил ұлдары! Мен менен бұрын келген Тəуратты растайтын жəне менен кейін келетін Ахмет (Мұхаммед) деген пайғамбарды хабарлайтын, Аллаһу Та’аладан сендерге жіберілген пайғамбармын” деді. Бірақ, олар пайғамбар (Мұхаммед) оларға келген кезде, “бұл нағыз сиқыр” деді» делінген.

Қазіргі христиандардың дін кітабы болған төрт Інжіл Жəбірейіл алейһиссалам арқылы Иса алейһиссаламға көктен түскен нағыз Інжіл емес. Өйткені, Иса  алейһиссалам көкке шыққаннан кейін  төрт адам тарапынан жазылған тарихи кітаптар болып табылады. Олардың бірі Матта (Matthew//Матвей) достарының қалауымен Иса алейһиссаламның аспанға көтерілуінен соң он екі жылдан кейін “Милад-и Иса” атты кітап жазған. Бұл кітап Иса алейһиссаламның дүниеге келуі туралы жазылған тарихи кітап болып табылады. Екіншісі Маркус (Markos//Марк), ол Иса пайғамбарды көрмеген, хауарилерден естігендерін уруждан (Иса алейһиссаламның аспанға көтерілуі) 28 жылдан кейін жазған. Үшіншісі Лука (Luke) деген адам. Ол да Иса алейһиссаламды көрмеген, хауарилерден естігенін 32 жылдан кейін Александрияда жазған. Төртіншісі - Жохан (Jahn//Юханна). Оның хауари екендігі туралы айтылады. Уруждан 45 жылдан кейін Иса алейһиссаламның өмірі туралы жазған. Аллаһу Та’ала жіберген Інжіл кітабы - тек бір ғана кітап еді. Ол Інжілде бір-біріне қайшы келетін ешнəрсе болмағандығы ақиқат Ал, төрт Інжіл болса, өзара қарама-қайшылықтарға толы.

Құран Кəрімде Иса алейһиссаламның  өлтірілмегендігі, асылмағандығы айқын  көрсетілген. Аталған төрт тарихи кітапта  оның өлтірілгендігі туралы жазылғандықтан Құран Кəрімде көрсетілген, Аллаһтың сөзі болған Інжілдің бұл төрт кітаптан басқа кітап екендігі байқалады.

Бұл кітаптардағы оқиғалардың бір  бөлігін Иса алейһиссаламнан  естімегендіктері, оны Иса пайғамбар  көкке көтерілгеннен кейін жазғандықтары кітаптардан аңғарылады жəне бұл туралы пірəдарлар да айтады. Мысалы, қамаудағы жəне өлтірілгенін алға сүрген кезде Иса алейһиссаламның ауызынан келтірілген сөздер осыған жатады. Бұл сөздердің ақиқат Інжілде жоқ екендігі, Аллаһтың сөзі емес екендігі айқын. Қазір ақиқат Інжіл жоқ. Христиандардың қолында да, мұсылмандарда да мұндай кітап кездеспейді. Тіпті, пірəдарлардың көпшілігі көктен түскен Інжілдің жоқ екенін айтады. Бір аңыз бойынша яһудилер Иса алейһиссаламды өлтіретін кезде Інжілді өртеген немесе жыртып тастаған, ол кезде Інжіл таралмаған еді. Өйткені, Иса алейһиссаламның пайғамбарлық кезеңі үш-ақ жылға созылып, иман келтіргендер өте аз болды. Олардың көпшілігі оқу-жазуды білмейтін. Немесе 325 жылы жойған Інжілдердің ішінде дұрыс Інжілді де қате деп есептеп өртеп жіберген. Ол кезде бір-біріне қайшы келетін 40-50 Інжіл бар болатын. Əрқайсысына сенетіндердің арасында соғыстар болып, көп қан төгілетін. Ариус соты кезінде олардың төртеуін қалдырып, қалғанын өртегендігі ширкеу тарихтарында жазылған. Бір ағылшын пірəдар тыйым салынған Інжілдерді іздеп, тапқандарын ағылшын тіліне аударған, таппағандарының есімдерін жазып, 1236 жылы (м.1820) Лондонда басып шығарған. «Əл-жауаиб» газетінің хатшысы Ахмет Фариси оны араб тіліне аударған. “Інжіл” делінген кітаптардың есімдері “Самсамийа” кітабына енгізілген.

Христиандар осы төрт Інжілдің, қолдарындағы Тəурат, Зəбүр деген кітаптардың көктен түскендігіне сенеді. Осы төрт Інжілде Иса алейһиссаламның сөздері деп берілген сөздер күмəнді əрі мəшһүр емес. Марка мен Лука Павлостың шəкірттері, олар Иса аклейһиссаламды ешқашан көрмеген. Павлостың да Иса алейһиссаламды көрмегендігі жəне ол көкке шығарылғаннан кейін келіп: «Иса маған көктен көрініс берді» дегендігі «Китаби муқаддастағы» “Расулдардың іс-əрекеті” деген кітабының тоғызыншы бөлімінде Лука тарапынан жазылған. Олардың хауарилерден естігендерін жазғандығына да сенуге болмайды Өйткені, өздеріне осы мəліметтерді жеткізгендердің ешқайсысының есімдері мен жағдайлары туралы жазбаған, керісінше Иса алейһиссаламды көріп, өзінен естігендей етіп жазған. Тарихшылар мұндай жазуларды жалған деп есептейді. Мысалы, Иса алейһиссаламды яһудилер ұстауға келген түні жанындағы он бір хауаридің (апостол) қашып кеткендігі жəне басшылары Петрустың алыстан бақылап, Иса алейһиссаламды əкеткен яһудилердің артынан бас раввиндің үйіне дейін барғаны, кейін олардан қорқып қашқандығы Маттаның 26-шы жəне Марктің 14-баптарында жазылса, төрт Інжілде “яһудилер Исаны ұстап, олай жасады. Ол былай жауап берді”деп көргендей жазады. Бұлардың өтірік екендігі айқын.

Қазіргі таңда бүкіл христиандар  Изник консилінде (діни мəжіліс) пірəдарлар қабылдаған төрт кітаптың көктен түскен Інжіл екендігіне сенеді. Жохан (Юханна) Інжілінде жазылған тəслис (үш құдай) сенімі діндерінің негізгі болып  табылады. Яғни, Иса алейһисаламды тəңір немесе тəңірдің баласы деп санайды. Мұхаммед алейһиссаламға сенбегендіктері, мұсылман болмағандықтары үшін барлығы кəпір болып есептеледі.

 


Информация о работе Христиан діні философиясы