Христиан діні философиясы

Автор: Пользователь скрыл имя, 08 Ноября 2012 в 19:53, реферат

Описание работы

Христиан діні – әлемдегі ең көп тараған діндердің бірі, қазіргі таңда оның 2 мил¬лиардқа жуық ұстанушылары бар. Хрис¬тиандық православие, католицизм, протес¬танттық болып үш негізгі бағытқа жіктеледі. “Христос” сөзі грек тілінен алын¬ған, мессия, құтқарушы деп аудары¬лады.

Работа содержит 1 файл

РЕФЕРАТ.doc

— 150.50 Кб (Скачать)

Крест жорықтарында қаншама  мұсылманның қанын төкті. Құдысқа  кірген кезде христиан тарихшылары  айтқандай мешіттерде өлтірілген мұсылмандардың қаны ат сауырына дейін жетті. Бірақ, кейін Құдысты олардан қайтарып алған Салахиддин Айуби христиандарға үлкен жомарттық танытып, тұтқынға алған ағылшын королі арыстан жүректі Ричардты босатып жіберді. Кейбір христиан фанаттары Осман империясына қарсы жасалған жорықтарды да мұсылмандарға қарсы жасалған крест жорықтары деп санады. 1912-13 жылғы Балқан соғысын бір француз тарихшысы “ең үлкен крест жорығы” деп санау фанатизміне дейін барған-ды. Андалусия мұсылман мемлекеті 1492 жылы испандар тарапынан басып алынған кезде испандар ол жердегі мұсылмандарды қырған не болмаса зорлап христиан дінін қабылдатқан еді. Осы тағылық əрекетті христиандар Американың жергілікті халқы инктерге де қолданған. Испандар бұл шарасыз ұлтты мүлдем жойып жіберді.

Христиандардың Ислам  дініне жəне оның пайғамбарына жапқан жалалары мен өтіріктері əлі күнге дейін ең төмен, ең əдепсіз тəсілдермен жалғасын табуда. Үндістандық Рахметуллаһ əфəнді “рахимаһуллаһу та’ала” 1854 жылы Делиде жəне кейінен Стамбулда ағылшын протестант дін басыларымен жасаған арадағы пікірталасында оларды жауап бере алмайтын дəрежеге жеткізген, ақырында поптар қашқан. Осы Ислам ғалымы бұл жеңісі туралы жəне оларға берген жауаптарын Стамбулда қағаз бетіне түсірген. Бұл кітап “Изхар-ул-хақ” деген атпен араб тілінде 2 том болып 1864 жылы басылды. Кейіннен Мысырда қайта басылды. Бірінші томының түрік тіліндегі аудармасы осы атпен Стамбулда, екінші томының түрікше аудармасы “Ибраз-ул-Хақ” деген атпен 1877 жылы Боснияда басылды. Ағылшын, француз, урду, парсы тіліндегі аудармалары да жарық көрген.

Өзгертілген «Тəурат» жəне «Інжіл» кітаптарындағы өтірік сенімдер мен жалаларға дəлелдермен жауап берген құнды Ислам кітаптарының ішінде Абдуллаһ Тəржуманның араб тіліндегі “Тухфат-ул-ариб” кітабы, Нажаф Əлидің 1871 жылы Стамбулда жазған “Мизан-ул-мауазин” кітабы, Имам Ғазалидің (рахметуллаһи алейһ) “Əр-раддул-жəмил” кітабы жəне Ибрахим Фасих Хайдаридің “Əс-сыратул-мустақим” кітабы “Хақиқат кітабүйі” атты баспа үй тарапынан басылған.

Христиандардың ішінде де пірəдарлардың (поптардың) зұлымдықтарына, ақылға қонымсыз жəне қисынсыз сенімдеріне қарсы шыққандар кездесті. 1517 жылы Лютер деген пірəдар папаға қарсы шықты, ол Інжілді неміс тіліне аударып, Інжілде кездеспейтін “пірəдарлардың үйленбеуі”, “үйленгендердің еш уақытта ажыраспауы”, “күнə шығару” жəне “креске табыну” сияқты мəселелерді христиан дінінен алып тастады. Осылайша 1524 жылы “протестант” деген жаңа христиан бағытын құрды. Бірақ, үштік сенімді (əке, бала, қасиетті рух) сол қалпында қабылдады.

1534 жылы ағылшын королі VIII Генрий де папаға қарсы шықты жəне оның ұсынысы жəне күштеуімен ағылшын-американ ширкеуі салынды. Атақты француз əдебиетшісі Вольтер «Кандид» атты еңбегінде пірəдарлардың қате түсіндірмелері, бұрмаланған діни сенімдері мен əртүрлі айлакерліктері туралы жазып, оларды масқаралады. Бұдан кейін жазылған осындай шығармалар француз төңкерісінің (1789) жасалуына үлкен ықпалын тигізді. Осы төңкерістен кейін пірəдарлар назардан тыс қалды. Амал не, мұсылмандар арасынан уаххаби қарақшылары сияқты бұзық адамдар шығып, Исламды жаман етіп танытқандықтан, христиандар Исламды қабылдаудың орнына дінсіздікке бой алдырды. 1917 жылғы Ресейдегі большевик төңкерісі де дінді жоюға бағытталған. Бірақ, арада уақыт өтіп, төңкерістің əсері азайғаннан кейін адамдар қайтадан табынатын бір құдіретті іздей бастады. Нобель сыйлығының иегері орыс əдебиетшісі Солженицын “Алғашқы шеңбер” атты еңбегінде: «Екінші дүниежүзілік соғыста Сталин де Аллаһқа сенген, жерге сəжде етіп, жасырын түрде Одан жəрдем тілейтін» деп жазады.

Иса алейһиссалам көрсеткен  алғашқы Исауилік (исашылдық, мəсихшілік) туралы мəліметтерді қамтитын алғашқы Інжіл бірқатар өзгертулерге ұшырап, оған адамдар тарапынан басқа бөлімдер қосылған. Аллаһу Та’аланың сөздері жоқ етілген. Осылайша, Інжіл қасиеттілік сипатын жоғалтқан. Ислам ғалымы Əлхаж Абдуллаһ бин Дастан Мустафа “Изах-ул Мəрам фи кашф-из-зулам” атты түрікше еңбегінде былай дейді: «Иса алейһиссаламды яһудилер ұстап, өлтіргісі келген кезде қасындағы Інжілді де отқа жаққан немесе жыртып тастаған. Ол кезде Інжіл əлі əлемге таралмаған еді, Иса алейһиссаламның діні де əлі орнықпаған болатын. Өйткені, Иса пайғамбар тек екі жарым, үш жыл ғана дінді уағыздай алды. Сол себептен Інжілдің тағы бір нұсқасының жазылған болуы мүмкін емес. Иса алейһиссаламның сахабалары өте аз жəне көпшілігі сауатсыз адамдар еді. Сол үшін де оларда Інжілдің тағы бір жазба нұсқасының болуы мүмкін емес. Інжілді ешкім жаттаған да жоқ болатын. Тағы бір мүмкін нəрсе мынау: Иса алейһиссалам дүниеге келгеннен 325 жыл өтіп, Изник мəжілісінде көптеп Інжіл нұсқалары қате, негізсіз деп өртелген болатын. Ақиқат Інжілдің солардың ішінде жоғалтып жіберілген болуы да мүмкін».

Інжілге бірқатар бөтен  нəрселердің қосылғандығын жəне Аллаһу Та’аланың бұйрықтарымен  қоса бірнеше адамдар тарапынан  енген жазбалар да бар екендігін  қазір христиандар да мойындайды. Інжілдің алғашқыда ибрани тілінде жазылғандығы, кейіннен латын жəне грек тілдеріне аударылғаны ақиқат. Ибрани тіліндегі нұсқасы грек тіліне аударылған кезде бірқатар қателіктер жіберілген, пұтқа табынушы гректердің “бір құдай” сеніміне қарсылығы жəне Інжілді Платон философиясына сəйкестендіруді қалауына байланысты ақылға сыйымсыз үш тəңірі (тəслис) сенімі пайда болды.

Исауилік шыққан кезде  бұл үш тəңірі сенімі жоқ болатын. Абдуллаһ бин Дастан Мустафа (рахима-һуллаһ) былай дейді: «Тəслис (үш құдай) пікірін алғаш рет философ Платон ойлап шығарды. Павлос деген яһуди оны христиандыққа араластырды. Милаттан 200 жылдан кейін Сибелиус деген пірəдар бұл бұрыс сенімді қайта жаңғыртты. Ол кезде имандылар тек бір Аллаһқа жəне пайғамбар ретінде Иса алейһиссаламға сенетін. Сибелиустың ұсынысына көптеген христиандар қарсы шықты, ширкеулер арасында қанды қақтығыстар орын алды. Французшадан арапшаға аударылған сол дəуірдің бір тарих кітабында осы соғыстар кеңінен түсіндірілген. 200 жылы дінде тек “əке” жəне “ұл” туралы пікірлер айтылған. Оған “қасиетті рух” сенімі одан 181 жылдан кейін, яғни, 381 жылы Византия императоры Теодосиус дəуірінде Константинопольде болған рухани мəжілісте енгізілді. Бұл шешімге қарсы шыққан бірқатар папалар болды. Папа Гонорий (Honorius) ешқашан үш тəңірі жүйесін қабылдамаған. Ол қайтыс болғаннан біраз жылдан кейін “дінсіз” деп жарияланғанымен, үш тəңір сенімін қабылдамағандар жаңа мазһабтар (жолдар) құрған. Иса алейһиссаламның жалған суреттерін салу, мүсінін жасау жəне оларды ширкеулерге қою жəне крест белгісінің қасиетті белгі деп танылуы сияқты мəселелер бірқатар қарама-қайшылықтарға, тіпті қанды соғыстарға себеп болып, ширкеулер бұларды тек милаттан 700 жыл өтіп қана қабылдаған.

Христиандардың Исашылдық (Насрани) дінінің негізін өзгертуі, папаны күнəсіз деп есептеуі, пірəдарларға күнə жуу сияқты құқық беруі, адамдардың күнəһар болып туылатындығын айтуы, Інжілде жазылып көрсетілсе де, соңғы пайғамбар Мұхаммед алейһиссаламды қабылдамаулары, қазіргі кезде де Інжіл деп санаған кітаптарына өзгертулер енгізуі Аллаһу Та’аланың азабына себеп болуда. “Ниса” сүресінің 171-аятында: «Əй, кітап иелері! Діндеріңде артық кетпеңдер. Аллаһ үшін тек шындықты айтыңдар! (Оны кемшіліктерден ұзақ деп біліп, ұлылаңдар. “Ұлы бар” деп жала жаппаңдар) Мəсих Иса - Мəриямның ұлы, Аллаһу Та’аланың расулы, пайғамбары. “Бол” деген бұйрықпен жаратылған ол құлды, Мəриямға берді. Ол Аллаһу та’аладан берілген басқа рухтар сияқты бір рух. Аллаһқа жəне оның пайғамбарларына сеніңдер! Тəңірі үшеу демеңдер! Бұл сөзден бас тартқандарың өздеріңе жақсы. Аллаһ - тек бір құдай! Құдайдың баласы болмайды. Көк пен жердегі барлық нəрсе Онікі, бəрін Сол жаратты» деп бұйырылған.

Інжілді өзгерткендер үшін “Бақара” сүресінің 79-аятында: «Кітапты өз қолдарымен жазып, арзымайтын бағаға сату үшін “Аллаһтың сөзі” дегендерге қандай өкініш! Жазған қолдарына, тапқан табыстарына нендей өкініш!» делінген. Жəне де “Ихлас” (Ықылас) сүресінің 1-4- аяттарында: «Айт, Аллаһ бір. Ол ешнəрсеге мұқтаж емес, барлық нəрсе Оған мұқтаж. Тумаған, туылмаған, Оған ұқсаған (тең болған) ешнəрсе жоқ» деп бұйырылған.

Құран Кəрім Иса алейһиссаламның  адал қыз - Мəриямның ұлы екендігін  айқын көрсетеді. Жоғарыда айтылғандай  Аллаһу Та’ала оған қасиетті рухтан үлес сыйлаған. Бұл жағдай сондай-ақ, “Бақара” сүресінің 87- жəне 253- аяттарында да көрсетіледі. Бұл аяттарда: «Мəриям ұлы Исаға ашық мұғжизалар бердік. Қасиетті рухпен қуаттандырдық» делінген. “Али-Имран” сүресінің 48-аятында, “Маида” сүресінің 46- жəне 110-аяттарында жəне “Хадид” сүресінің 27-аяттарында Иса алейһиссаламға Інжіл кітабының берілгендігі айқын көрсетілген. Адал қыз болған Мəриямнан туылғаны туралы “Али-Имран” сүресінің 45-аятында жəне жалғасында білдірілген: «Періштелер: “Əй, Мəриям! Аллаһ саған “Бол” дегенде дереу жаратылатын, есімі Мəримұлы Иса Мəсих болатын, дүние мен ақыретте қадірлі жəне Аллаһу Та’алаға жақын болатын, адамдармен бесікте жатып, кейін жігіт кезінде сөйлесетін, салих, тақуа, жақсы бала береді” деп, сүйінші берді. Мəриям: “Ей Раббым! Маған ешқандай еркек жақындамаса, қалайша балам болады?” деді. Періште: “Аллаһу Та’ала осылайша қалаған нəрсесін жаратады. Бір нəрсені қаласа “Бол” дейді. Ол бар болады” дейді».

Иса алейһиссаламның бесікте жатып  тілі шықты. Сəби кезінде зерек болды. Сұрақтарға таңқаларлық жауаптар беретін. Бұл оның болашақта ерекше бір адам болатынына белгі беруде еді. Құдыста уағыз жүргізе бастайды. Бар болғаны үш-ақ жылға созылған пайғамбарлығы кезінде Құран Кəрімде айтылған бірқатар мұғжизаларды көрсетті. Өлгендерді тірілтті, ауруларды жазды, соқырлардың көзін ашты. Иса алейһиссалам үйі жоқ, тоқтамай кезумен жүретін, күн батқан жерде түнді ғибадатпен, дұға етумен өткізетін пайғамбар еді. Өте мейірімді, өте жұмсақ мінезді, өте қарапайым жəне қайырымды еді. Көрсеткен мұғжизаларына ұялатын, емдеген ауруларының өзіне рахмет айтуларының алдые алу үшін, күтпей тез кетіп қалатын.

Інжілде үкімдер (бұйырықтар жəне тыйымдар) өте аз болатын. Иса алейһиссалам жаңа дін əкелгендігі туралы айтпаған. «Мен жаңа дін құрып жатқан жоқпын. Мен Исраил ұлдарының пайғамбарлары  əкелген, қазір бұзыла бастаған, бір Аллаһқа сенетін Хақ дінді түсіндіру үшін келдім» дейтін. Олай болса, Исашылдықты жаңа дін деп қабылдау дұрыс емес. Исауилік бір Аллаһ діні болған Ибрахим мен Мұсаның (алейһимуссалам) діндерімен бірдей. Иса алейһиссалам өзінің уағыздарын жазбаған. Аллаһу Та’аланың жіберген Інжілі де қолда жоқ. Қазір христиандардың қолындағы “Китаби муқаддас” (қасиетті кітап) Тəураттан алынған “Ескі өсиеттер” секілді бөлімдер мен Матай, Марка, Лука жəне Жоханның жазған Інжілдері мен “елшілер” деп аталатын шəкірттердің жазған кітапша жəне хаттарынан тұратын “Жаңа өсиеттен” құралған. Бұл төрт автордың кітаптары бір-бірімен сəйкеспейді. Бір оқиға туралы түрліше жазған. Басқа хауарилердің жазған Інжілдері жиғызып алынып, өртелген. Бұл оқиға жоғарыда айтылғандай 381 жылы Константинопольде (Стамбул) құрылған, тіпті одан да бұрың 325ші жəне 364 жылдарда жиналған король Константин, король Теодосиус заманындағы діни мəжілістерде болған. Сол жиындардың шешімімен өртелген осы Інжілдердің ішінде Мұхаммед алейһиссаламның келетінін ұзақ түсіндірген Барнабас Інжілі де жоқ етілген. Кейіннен жазылған осы төрт кітаптың авторларының Жоханнан басқасы, Иса алейһиссаламды өмірінде көрмеген.

Христиандар Иса алейһиссаламның  креске керіліп, сол жерде қайтыс болғанына, кейіннен тіріліп көкке шыққанына сенсе, мұсылмандар Исаның креске керілмегендігіне, тікелей көкке шығарылғандығына, креске керілген адамның римдіктерге Иса пайғамбар жасырынған жерді ақшаға сатып берген Яһуда (Judas) екендігіне сенеді. Құран Кəрімде бұл мəселе туралы “Ниса” сүресінің 156-158- аяттарында айтылған: «Яһудилердің Исаны(-ң пайғамбарлығын) қабылдамауына, Мəриямға жала жабуына жəне Аллаһтың расулы Мəриям ұлы Исаны өлтірдік деулеріне байланысты оларды қарғадық, рахметімізден қудық. Негізінде олар Исаны өлтірген жоқ жəне креске де керген жоқ. Бірақ, бұл істе оларға бір ұқсату жасалды (Яһуда Иса алейһиссаламға ұқсатып қойылғандықтан соны асты). Бұл мəселеде өздері де күмəнданады. Олардың бұл туралы мəліметтері де жоқ, тек ойлары ғана. Олар шындығында Исаны өлтірмеген. Аллаһ оны өзінің қабатына көтерді. Аллаһ қадірлі, үкімінде даналық иесі»

Иса алейһиссалам аспанға көтерілгеннен  кейін Насрани діні біртіндеп  əлемге тарай бастады. Алғашқыда  бұл жаңа дін пұтқа табынушы римдіктер  мен гректер тарапынан өте  қаталдықпен күтіп алынды. Исаға сенетіндер ұстап, өлтірілді. Ареналарда жыртқыштарға жем қылынды. Алайда, хақ дін халық арасында өзіне деген сүйіспеншілікпен құрметті арттырып, таныла берді. Өкінішке орай, уақыт өте келе ақиқат Інжіл жойылды. Мұнафық болған Павлостың “Исаның креске керілуі – құдайдың бір даналығы, əділеттілігі жəне адамзаттың құтылуы. Өйткені, Аллаһ адамдардың күнəларын кешіру үшін өзінің ұлын құрбан еткен” деп алға сүрген мəнсіз көзқарасы қазіргі христиан дінінің сенім негізін қалыптастырған. Иса алейһиссалам еш уақытта адамдардың күнəһар болып туылатынын айтпаған, бірақ қазіргі христиан діні былай айтуда:

1. Адамдар дүниеге күнəһар болып  келеді. Өйткені, алғашқы адам - Адам  пайғамбар Аллаһқа мойынсұнбаған,  сол үшін жұмақтан шығарылған.

2. Адам алейһиссаламнан кейін келген барлық адамдар осы күнəмен келеді.

3. Иса алейһиссалам - адамдарды  осы күнəдан құтқару үшін дүниеге  келген Аллаһтың ұлы.

4. Аллаһу Та’ала адамзат мойнындағы  осы үлкен күнəні кешіру үшін  өз ұлын креске кергізген.

5. Дүние - қиыншылықтың мекені. Дүниеде көңіл көтеруге болмайды. Адамдар қайғы шегу жəне ғибадат жасау үшін жаратылған.

6. Адамдар тікелей Аллаһу Та’алаға  ғибадат жасай алмайды. Аллаһу  Та’аладан еш нəрсе сұрай алмайды.  Тек дінбасылар, пірəдарлар адамдардың  орнына Аллаһқа жалбарына алады жəне олардың күнəларын кешіре алады.

7. Христиандарды папа басқарады.  Ол күнəсіз. Оның барлық ісі  дұрыс.

8. Адамдардың рухы мен тəні  екі бөлек. Адамның рухын тек  пірəдарлар ғана тазалай алады,  тəн болса əрдайым күнəһар  болып қала беретін төменгі  нəрсе болып табылады.

Информация о работе Христиан діні философиясы