Автор: Пользователь скрыл имя, 31 Марта 2013 в 22:44, реферат
БӘДСҰ (Бүкіл әлемдік денсаулықты сақтау ұйымы) берген мәлімет бойынша дүние жүзінде жыл бойы 500 мың адамдар өз өмірлерін қияды. Ең жоғарғы суицид көрсеткіші ол ФРГ, ГДР, Австралия, Швецария, Венгрия, Чехославакияда болса, ең төменгі көрсеткіш ол Болгарияда, Ирландияда және Индияда. АҚШ-та өзін-өзі өлтіру деңгейі 100 мың адамға орташа алғанда 25-50 адамнан келсе, ТМД елдерінде шамамен 25-45 адамнан келеді.
Ауытқыған мінез-құлық
Мінез-құлықтары қиын балалар
Оқудағы қиын балалар
Әлсіреген балалар
Делинквентті мінез-құлықты балалар
Девиантты мінез-құлықты балалар
Бетімен қалған балалар
Психикалық қаси-еттері жеткілікті дамымаған балалар
Астеникалық балалар
Ақыл-ой дамуы тежелген балалар
Инфантильді балалар
Жүйкелері жұқарған балалар
Қауіпсіз мінез-құлықты балалар
Асоциалді мінез-құлықты балалар
Психопатиялық балалар
Физикалық дамуы жетілмеген балалар
Сөйлеу, есту, көруі кем балалар
Криминалды мінез-құлықты балалар
Дебилді балалар
Физикалық дамуы тежелген балалар
Имбецилді балалар
идиоттар
Ақыл-ойы кем балалар
Сурет 1 – Жеткіншектердің ауытқу мінез-құлықтарының жіктелуі
Балалар мен жеткіншектер арасында құрбан болудың қатерлі топтары келесілермен де толықтырылады. Ол кәмелеттік жасқа толмағандар құқықтық статустарына тіл тигізу, яғни конституцияларда, заңдарда көрсетілген еркіндік пен міндеттерін бұзу. Назар аудару қажет, бұл фактор «полярлы» қатерлі топтарын құрайды- құқық бұзушылар құрбаны болу және құқық бұзушы болу [16, 306].
Ғалымдар зерттеулері мен заң тәжірибесі көрсеткендей, өмірдің түрлі салаларында кәмелетті жасқа толмағандардың құқық бұзулары - олардың заңмен қақтығысқа түсуінің негізі болып табылады. Құрбандар санына енгендер де, құқық бұзушылар да виктимизацияланады.
Қазіргі
отандық және шетел ғылыми жұмыстарында
ерекшелігі жиі жағдайларда
Кейбір отандық (Личко А.Е., Менделевич В.Д., Степанов В.Г., және т.б), сонымен қатар шетел зерттеушілері ауытқыған мінез-құлықты, яғни суицидті мінез- құлықты үш түрге бөлу мақсатты деп санайды. Қылмыстық, яғни криминалды, делинквентті, яғни қылмысқа дейінгі, және аморальді, тәртіпсіздікті білдіреді.
Қазіргі зерттеулерде суицидті мінез-құлықтың түрлі жақтарын зерттейтін, отандық ғалымдар еңбектері мен теориялары белгілі: жезөкшелік (Я.И. Гилинский, С.И.Голод, А.А. Габианн және т.б); маскүнемдік пен алкоголизм (В.М. Бехтерев, Н.И. Григорьев, Ф.А. Шереги және т.б); токсикомания (В.С. Битенский, Л.Г.Смольский, В.С. Овчинский және т.б); криминология және құқықтық ықпал тұрғысынан (Н.В. Кудрявцев, В.М. Коган, А.М. Яковлев және т.б), әлеуметтік құбылыс ретінде суицидті мінез-құлық социологиясы мәселесі (В.Афанасьев, Я.И. Гилинский және т.б); адамда биологиялық және әлеуметтік қатынас тұрғысынан жеке мінез-құлық механизмдері (Н.П. Дубинин, И.И Карпец, В.Н. Кудрявцев және т.б). Беличева С.А., нормадан ауытқу арасынан ауытқыған мінез-құлықтың асоциалды типін ерекшелейді. Әлеуметтік ауытқуларды қарастыра отырып, зерттеуші келесі типтерді ерекшелейді: қызғаныш бағыттылығындағы –ұрлық, тонау және т.с.с; агрессивті бағдар- балағаттау, бұзақылық, ұрып-соғу; әлеуметтік-енжар- азаматтық міндеттерден бас тарту, белсенді өмірден қашу. Мұның барлығы қоғамдық қауіптілігі, мазмұны, мақсаттық бағыттылығы бойынша ерекшеленеді [17].
Қазіргі уақытта қиын мінез-құлық түсінігі оқушылардың тәртіпсіздік, педагогикалық назардан тыс, ауытқыған мінез-құлықтарды «жасыруда».
Біздің түрлі әдебиеттерге талдау жүргізуіміз негізінде, біз қиын мінез-құлықтың көптеген түрлері бар, бірақ оларды «ауытқыған мінез-құлық» терминімен біріктіруге болады деген тұжырым жасадық.
Арнайы педагогикалық әдебиеттерге шолудан, сол сияқты келесі 2 кестедегі келтірілген мінез-құлықтағы түрлі ауытқулар типтері өз-өзіне қол жұмсауға әсер ететінімен ерекшеленеді.
Кесте 2 – Жеткіншектер мінез-құлықтарындағы түрлі ауытқулар типтері
Термин |
Анықтама |
Автор |
Агрессивті балалар |
Басқа адамдарға қатысты мінез- |
Р.С. Немов И.Фром И.П. Подласый |
Акцентуацияланған балалар |
Жеке мінез белгілері басым байқалатын балалар |
Н.М. Трофимова С.П. Дуванова Н.Б. Трофимова Т.Ф. Пушкина |
Антисоциалды балалар |
Қоғам нормаларымен белсенді қақтығысқа түсетін балалар. Термин синонимі- криминалды балалар |
В.Г. Баженов И.П. Подласый |
Асоциалды балалар |
Мінез-құлықтары олардың |
А.Д. Гонеев Н.И. Лифинцева Н.Ф. Ялпаева |
Аффективті балалар |
Аффективті мінез-құлыққа |
И.П. Подласый |
Медициналық әдебиеттердегі суицидті мінез-құлық түсінігі |
Берілген қоғамда қабылданған
тұлғааралық өзара қарым- |
Н.Трофимова С.П.Дуванова Н.Б. Трофимова Т.Ф. Пушкина |
Педагогикалық әдебиеттердегі суицидті мінез-құлық түсінігі |
Сол қоғамда, әлеуметтік ортада, ұжымда қабылданған нормалар мен құндылықтардан ауытқу |
Н.Трофимова С.П.Дуванова Н.Б. Трофимова Т.Ф. Пушкина |
Қиын балалар |
Тұлғалық, типологиялық қасиеттерін ескере отырып, аталған категори-ядағы балалардың дербестігіне негізделген мінез-құлық. |
Л.К.Керимов |
Қиын балалар |
Айнала қоршағандардың жіберген кемшіліктері негізінде және дер кезінде көңіл аудармай, тұлғаларға түзету шаралары қолданбаған педагогикалық қателіктер негізінде қалаптасқан педагогикалық назардан тыс қалған балалар. |
Г.А.Уманов |
Қиын балалар |
Баланың құқық бұзушылыққа ерекше бейімділігінің негізі тұлғаның әлеуметтік-биологиялық генезисі болып табылады. Мұдай мінез-құлықтың алдын алу мұғалімнің аталған қызметке дайындығына тікелей байланысты. |
В.В.Трифонов |
Аутоагрессиялық мінез-құлық |
Өзінің денсаулығына деструктивті формалары арқылы өзін-өзі психикалық, физикалық қиратуға бағытталған мінез-құлық |
Т.К.Болеев |
Қиын балалар |
Мінез-құлықтарында биоәлеуметтік
ауытқулары бар, олардың дамуы тікелей
психологиялық зақымдалған |
А.К.Дуйсебаев |
Девиантты мінез-құлық |
Жеткіншектер мінез-құлқындағы ауытқулары
қылмыстық жауапкерші-лікке |
Т.Б.Бегалиев |
Қатерлі топтағы жеткіншектер |
Қатерлі топтағы жеткіншек-тер – бұл мінез-құлқындағы ауытқулары толық немесе жарым-жартылай жалпыға бірдей және дағдылы әдет нормалары мен ережелеріне сәйкес келмейтін, сондай-ақ бірінші кезекте өздеріне, жақын ортасы мен қоғамға қауіп келтіретін жалпы білім беретін мектеп оқушылары. |
К.С.Бақтыбаева |
Психологиялық әдебиеттердегі суицидтілық түсінігі |
әлеуметтік-психологиялық және өнегелі нормалардан ауытқыған, немесе қақтығысты шешудегі қате қоғамға қарсылық, қоғамда қабылданған нормаларды бұзу барысында кқрініс табатын, айналасына немесе өзіне зиян келтіретін. Кейбір ерекшеліктерге қарамастан, барлық авторлар девиацияның негізгі критериі сол қоғамда қабылданған нормаларды бұзу деп есептейді |
Н.Трофимова С.П.Дуванова Н.Б. Трофимова Т.Ф. Пушкина |
Билікті балалар |
Негізгі жасырын мақсаты- билік болып табылатын балалар. Олар тұрақты, талапты, басқаларды басқаруды талап ететін. |
В.Г.Баженов И.П. Подласый Н.М. Трофимова С.П. Дуванова Н.Б. Трофимова Т.Ф. Пушкина |
Суицидті балалар |
Мінез-құлық ережелерінің түрлі бұзылыстары бар балалар. |
И.П. Подласый |
Делинквентті балалар |
Кішігірім құқықбұзушылықтар
жасайтын, сот тәртібінде криминал
ретінде жазалануға дейін |
Н.М. Трофимова С.П. Дуванова Н.Б. Трофимова Т.Ф. Пушкина |
Аддиктивті мінез-құлықты балалар |
Ішімдік немесе басқа де есірткі заттарымен зиян келтіретін балалар |
Н.М. Трофимова С.П. Дуванова Н.Б. Трофимова Т.Ф. Пушкина |
Аномальді мінез-құлықты балалар |
Пікірлеріне, бағалары мен түсініктеріне сәйкес келмейтін жағдайларға ауыр әсерленетін балалар |
В. Г. Степанов И.П. Подласый |
Демонстративті әсерленетін |
Қарқынды қойылым көрсету |
Н.М. Трофимова С.П. Дуванова Н.Б. Трофимова Т.Ф. Пушкина |
Иммунитивті реакциялы балалар |
Қашу жағдайды ешқандай реттемесе де, ал кейде ушықтырады, Аффектогенді жағдайлардан ойсыз қашу арқылы аффектіні босататын балалар, |
Н.М. Трофимова С.П. Дуванова Н.Б. Трофимова Т.Ф. Пушкина |
Интрапунитивті реакциялы |
Аффектіні өз-өздеріне зиян келтіру арқылы босататын балалар |
Н.М. Трофимова С.П. Дуванова Н.Б. Трофимова Т.Ф. Пушкина |
Ауытқыған мінез-құлықты балалар |
Орнатылған құқықтық нормалардан аутқитын мінез-құлықты балалар |
Р.С. Немов В.П. Кащенко |
Токсикоманиялық мінез-құлықты балалар |
Ішімдік немесе басқада жынды
ететін заттарды қолдану |
Н.М. Трофимова С.П. Дуванова Н.Б. Трофимова Т.Ф. Пушкина |
Транзиторлы сексуалды девиациялы балалар |
Ерте жыныстық қатынасқа түскен балалар, жеткіншектік гомосексуализм |
Н.М. Трофимова С.П. Дуванова Н.Б. Трофимова Т.Ф. Пушкина |
Инфантильді балалар |
Ағза дамуында тежелістер болатын, соның салдарынан оларда «балалық» мінез-құлықтың ұзақ уақытқа сақталуы |
Р.С. Немов И.П. Подласый |
Кекшіл балалар |
Дәстүрлі емес мінез-құлық мақсаты- кек қайтару болып табылатын балалар |
В. Синельников И.П. Подласый А.И. Захаров |
Тәртіпсіз балалар |
Белгілі бір қысым |
В.Г. Баженов В.Г. Степанов И.П.Подласый |
Талапшыл балалар |
Негізгі мақсаты- өзіне назар
тарту болып табылатын балалар. |
А.И.Захаров |
Қиын балалар |
Физикалық, ақыл ой |
В.П. Кащенко |
Объективті тұрғыдағы қиын балалар |
Бұл балаларға қатысты мұғалім жұмыстары өнімділігі төмен |
А.Д.Гонеев Н. И. Лифинцева Н.Ф. Ялпаева |
Субъективті тұрғыдағы қиын балалар |
Онымен мұғалімнің жұмыс істеуі қиын, мұғалімнің көп жұмыс атұаруын қажет ететін балалар |
А.Д.Гонеев Н. И. Лифинцева Н.Ф. Ялпаева |
Педагогикалық назардан тыс қалғандар |
Тәртіпсіздік деңгейі маңызды тұлғалық қасиеттер қалыптаспауынан байқалады |
А.Д.Гонеев Н. И. Лифинцева Н.Ф. Ялпаева |
Әлеуметтік назардан тыс қалғандар |
Қиын тәрбиеленетін және педагогикалық
назардан тыс қалған, кәсіби бағыттылығы,
пайдалы дағдылары мен |
А.Д.Гонеев Н. И. Лифинцева Н.Ф. Ялпаева |
Аномальді балалар |
Туа немесе жүре пайда болған қалыпты физикалық немесе психикалық дамудан елеулі ауытқыған балалар |
А.Д.Гонеев Н. И. Лифинцева Н.Ф. Ялпаева |
Деморальді балалар |
Өнегелік критерийлерін |
А.Ю. Коджастиров |
«Қатерлі топ» балалары мен жеткіншектер |
Психикалық және әлеуметтік дезадаптацияның түрлі формалары, адеквадты емес мінез-құлықтары бар балалар |
А.Ю. Коджастиров |
Қиын тәрбиеленетін балалар |
Саналы немесе бейсаналы түрде мақсатты педагогикалық ықпалған қарсылық білдіретін балалар |
А.И. Захаров Р.С. Немов |
Осылайша
түрлі ғылымдар өкілдері (медицина,
психология, педагогика) түрлі уақыттарда
нормадан ауытқитын мінез-
Аталған мәселемен В.Н.Кудрявцев, В.Д.Парыгин, В.В.Шпалинский, А.М.Яковлев, Г.С.Тагирова, Я.И.Гилинский, А.Е.Личко, П.Б.Ганушкин, О.ВКербиков, В.П. Кащенко, П.П.Блонский, К.М.Гуревич, Н.Дж.Смелзер, Р.Мертон, Т.Селин, В.Куфаев және Қазақстандық ғалымдар Л.Керимов, В.В.Трифонов, В.А.Ким, Л.А.Байсерке, Т.Қ.Бөлеев, К.С.Бақтыбаева, Ж.А.Өскенбаева, П.Қ.Бөлеева, Ш.А.Тулебаева т.б. айналысты.
Қарастырылған әдебиеттер негізінде, ауытқыған мінез-құлық кешенді құбылыс және олар жеткіншектерді суицидке итермелейтін бірнеше типтерден тұрады деген қорытынды жасауға болады.
Информация о работе Жеткіншектер арасында суицидті мінез-құлық ауытқуын тарихи-педагогикалық талдау