Автор: Пользователь скрыл имя, 19 Февраля 2013 в 18:32, курсовая работа
Мектеп пен жанұяның педагогикалық процесінде оқушылардың жеке тұлғасын қалыптастыру жүзеге асады. Педагогикалық процесті сауатты ұйымдастыру үшін мұғалім оның теориялық негіздерін түсініп, оның мақсаттарын, тәсілдерін ажырата алуы қажет.</h4> Формалар мен әдістер педагогикалық процеске қатысушылардың іс- әрекетінің қозғаушы күші болып табылады, сонын арқасында жеке тұлғанын қалыптасуы жүзеге асады.
КІРІСПЕ
Оқушылар тәрбиесіндегі педагогтың рөлі...........................................................3
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1 МЕКТЕПТЕГІ ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫНЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ ......4
1.1 Сыныпта жүргізілетін тәрбие жұмысының мәні мен мағынасы ................4
1.2 Тәрбие мақсаты төңірегінде қалыптасқан өй - пікірлер ................................6
2 СЫНЫПТАҒЫ ТӘРБИЕ ЖҮЙЕСІ ЖӘНЕ ОНЫ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ .................................................................................................10
2.1 Сынып сағаты - сыныппен тәрбиелік жұмысының негізгі формасы ........10
2.2 Сынып жетекшісінің сыныпта тәрбие жұмысын жоспарлау мен ұйымдастырудағы рөлі ..........................................................................................16
2.3 Тәрбие жұмысының жоспарына қойылатын негізгі талаптар ....................21
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ........
Сынып жетекшісінің сыныппен тәрбиелік жұмысы мектеп жобасымен белгіленеді. Алайда бұл тізім оның іс- әрекетінің барлық жақтарын қамти алмайды. Оның іс- әрекетінің әр түрлі жақтары көптеген зерттеулерде қарастырылған.
Дәстүрлі емес әдістемелерде сынып жетекшісінің негізгі қызметтері:
Сыныптың мектептегі тіршілік қызмет-әрекетін ұйымдастыру (Н.Е.Щуркова):
-әрбір оқушыны қажетті оқулықтармен және әдістемелік құралдармен қамтамасыз ету;
-баланың көзінің көруі, құлағының естуі, оның бойын ескеріп, әрбіреуінің қабілеті мен белсенділігіне қарай оқу бөлмесіне санитарлық-гигианылық талаптарға сай қамтамасыз ету;
-сыртқы киім мен аяқ киім қоятын орынның болуы;
-мектептің ертеңгілік
тамағының тәртібі мен
-оқушы үсті-басын ретке
келтіре алатын дәретхана
-сынып бөлмесінің
ішкі көрінісін, бөлменің
-әрбір баланың киімі
мен аяқ киімін гигиена,
-әрбір оқушының сабақ кестесі мен сынып бөлмелерінің орналасуынан хабарлар ету;
-оқушының барлық сынып бөлмелерінің неге арналғанын оларды пайдалану ережелерінен түсінік беру;
-оқушының қоршаған
заттармен жоғары мәдени
Топтың пәндік іс-әрекетін ұйымдастыру:
-балаға дүниенің көпжақтылығы
мен кұрделілігі, қарама-
-баланы дүниедегі
адам өміріне қажетті
-баланың күш-жігерін, өзінің денесіне, денсаулығынан, ағзасының сұлулығы мен күшіне, адамның өз денесін билей алатын спорттық іс-әрекет;
-балаға дүниені көркем образдар арқылы тануға, көркемдік заттар тудыра отырып, дүниені көркейтуге мүмкіндік беретін іс-әрекет.
Өмірді түсініп, сезінудің рухани іс-әрекетін ұйымдастыру, ол дегеніміз – оқушылардың рефлексиясы, өмір құндылықтарын түсініп, сезінудегі өзіндік талдауға және өзінің ішкі дүниесін дамытуға жәрдем беру.
Тәрбие нәтижелерінің диагностикасы негізінде жеке тұлғалық дамудың сипаттамасы. Сынып жетекшісінің диагностикалық іс-әрекеті тәрбиелік жүйені құрудың негізі болып табылады. Жеке тұлғаның қалыптасуы ерекше қасиеттерін анықтауға мүмкіндік береді.
Жоғарыда келтірілген жеке тұлғаның қасиеттері оқу барысында сабақта да, сыныптан тыс тәрбие жұмыстарында да қалыптасады. Оқушылардың оқу пәндеріндегі тәрбиелік материалдар да аз емес.
Оқушылардың сыныптағы іс-әрекетін ұйымдастыру. Сынып жетекшісі мына бір тұжырым ережелерді ұғынып, түсінген жағдайда ғана тәрбие міндеттерінің шешімі нәтижелі болмақ:
-тәрбиенің жеке тұлғаға бағытталуы;
-тәрбие жүйелік сипатта болуы;
-тәрбие іс-әрекетінің мақсаттарының бірлігі, оқушылармен жұмыс істейтін мұғалімдердің өзара әрекеттестегі тәрбие жүйесінің кепілі;
-тәрбие процесі жеке тұлға теориясы мен іс-әрекет теориясына, құндылықтар теориясы мен басқару теоиясына сүйенуі қажет.
Жеке тұлға теориясы арқылы мұғалім оқушының тек тәрбие обьектісі ғана емес, сонымен қатар ол іс-әрекеттің субьектісі екенін түсінеді. Ол сынып жетекшісіне оқу-тәрбие жұмысын, оқушы жеке тұлғасының қалыптасу, оқушылардың іс-әрекеті бірнеше кезендерден тұрады: мотивтің қалыптасуы – оларды адамгершілік түсініктерді ұғынуға жағдай жасау; мінез-құлық пен іс-әрекет нормаларының қалыптасуы - өз іс-әрекетіне қанағаттану. Демек, оқушы жеке тұлғасының қалыптасу технологиясы мотив, танымдық, мінез-құлық, эмоционалдық сезім компоненттерінен тұрады. Осылайша, мотивті қалыптастырып, білім беріп, іс-әрекетті ұйымдастыру. Жағымды эмоциялар баланың қоршаған болмысқа деген сенімін арттырады.
Сынып жетекшісінің іс-әрекетінде басқару теориясының да маңызы бар. Педагогтің негізгі жұмысы – оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастыру басқару теориясының құрамды бөлігі болып табылады. Оның заңдылықтарын білу педагогтар мен оқушылар арасындағы қатынасты, сыныптағы тәрбие жүйесін басқарудағы мүмкіндік береді.
Сынып сағатының тәрбие
жүйесі қызметіндегі маңыздысы - оқушылардың
іс-әрекетінің түрлерін тиімді таңдау
(тәрбиелік шаралар) және оларды өткізу.
Адамды қалыптастыратын негізгі іс-
Басқару теориясы тәрбиелік шараларды дайындаудың нәтижелі әдісін анықтауға мүмкіндік береді, олар:
-тәрбиелік шаралардың нақты бір формасын таңдау (сынып сағаттары, КВН, демалыс кеші, т.б.);
-шаралардың мақсаттары мен міндеттерін анықтау;
-шараларды өткізуге ынталы топ пен оқушыларды таңдау;
-ынталы топпен бірігіп тәрбие жұмыстарын жоспарлау;
-жұмысты ұйымдастыру
міндеттерін ынталы топ
-мерекеге дайындық;
-сынып жетекшісінің тәрбие шараларын дайындауда оқушыларға ақыл-кеңес беруі;
-ынталы топпен бірігіп шараларға дайындықты тексеру;
-тәрбиелік шараларды өткізу;
-оқушылармен (ынталы
топ, сыныптың мүшелерімен)
-оқушылармен бірігіп алдағы жұмысты жоспарлау.
Тәжірибе көрсеткендей, осы ұсынысты қолдана отырып, сыныпта осындай тәрбие жұмыстарын өткізуге болады.
Сынып жетекшісінің жұмысында сыныппен немесе жеке бір оқушымен этикалық әнгіме өткізу ерекше орын алады. Өсіп келе жатқан адамның қиындықтарын адамгершілікпен түсіндіру, ересек адам тарапынан көрсетілген өз мезгіліндегі моральдық қолдау, оқушы жеке тұлғасының қалыптасуына көп әсер етуі мүмкін.
<h4>2.2. Сынып жетекшісінің сыныпта тәрбие жұмысын жоспарлау мен ұйымдастырудағы рөлі
Жоспар бір күннің немесе бір оқу жылының нәтижесі емес. Бала тәрбиесі қиын болса, оны қоғамның, жеке тұлғаның талабымен ұштастыра құру - одан да қиындық, туғызады. Мұндай жағдайда сынып жетекшісінен ерінбей, талмай ұзақ, мерзімді зертеу жұмыстарын жүргізуді қажет етеді.
Жоспар жарты жылға
немесе тоқсанға арнап
Мектеп тәжірибесінде бүгінгі күні тәрбие жоспарының түрлері көп. Олардың ішінде сынып өміріне тиімдісі де, тиімсізі де бар. Кеңестік дәуірде тәрбие жұмысының мазмұны коммунистік тәрбиенің салаларына негізделген (ақыл-ой, адамгершілік, эстетикалық, дене т.б.).Бүгінгі күні олай емес. Жеке адам әрекет үстінде қалыптасып, дамитындығы бізге мәлім. Олай болса, тәрбиенің мазмұны оқушылар ұжымы мен жеке тұлғаның қалыптасуындағы, олардың сан алуан әрекеттің түрлерімен байланысты.
Мектептегі қолданылып жүрген және ғылыми педагогикалық әдебиеттер мен журналдарда шыққан еңбектердегі жоспардың түрлі формаларымен таныс бола отыра, тәрбие жоспарының төмендегідей түрін ұсынып отырмыз.
Жоспардың бұл түрі сынып
жетекшісіне тәрбие үрдісінде оқушылардың,
пән мұғалімдері мен ата-
Сынып жайлы мәлімет: сынып, сынып белсенділері, балалардың тәртібі, денсаулығы, сабақ үлгерімі, қабілеттері, олардың ата-аналары, белгілі бір ұйымға қатысы, қоғамдық тапсырмасы, тұрғылықты мекен-жайы туралы қысқаша сипаттама беріледі.
2.Өткен оқу жылыына сай атқарылған тәрбиелік шаралардың нәтижесіне қысқаша талдау.
3.Жаңа оқу жылына
белгіленген тәрбие жұмысының
мақсаты мен міндеттерін
4.Сынып жайлы мәлімет, өткен оқу жылында атқарылған тәрбие жұмыстарының нәтижесіне талдау, жаңа оқу жылына арналған сол сыныптағы тәрбие жұмыстарының міндеттері негізінде оқушылармен, ата-аналармен, қоғамдық ұйымдар және пән мұғалімдерімен бірлесе атқарылатын іс-әрекеттердің түрімен, әр тараптағы атқарылатын тәрбиелік шаралар мазмұны және формалары төмендегідей бөлімдерде көрсетіледі.
Апта аралығын көрсету | |||||
Негізгі бөлімдер |
Тәрбиелік шаралрадың мазмұны |
Формасымен тәсілі |
Мерзімі, уақытты |
Жауапты адам |
өтілген туралы белгі |
1.Сынып ұжымын ұйымдастыру |
|||||
2. Оқушылардың өзін-өзі басқару ұйымдары және балалардың бірлестіктері мен өзара әрееттері |
|||||
3. Пән мұғалімдері және мектеп әкімшіліктермен байланысы |
|||||
4. Отбасы және жұртшылықпен жұмыс |
|||||
5.Жеке оқушымен жұмыс |
1.Сынып ұжымын ұйымдастыру: (формасы - сынып сағаты),тақырыптық әңгімелер, саяси хабарлама, оқырмандар конференциясы, пікірталас, сұрак-жауап кеші, олимпиада, көңілділер мен тапкырлар клубы (КВН), еңбекке қатысты істер; спорттық және мәдени шаралар, кездесулер т.б. бұқаралық шаралар жатады.
<h4>2.Бұл бағытта сыныпқа қатысты ұйымдастыру шаралары белгіленеді (Ұйымдастыру формасы — сынып жиналысы). Онда оқушылардың оқу, тәрбие және қоғамдық пайдалы істеріне қатысты ұжымдық шараларды жоспарлау, оларды ұйымдастыру жұмыстары көрсетіледі. Оқушылардың өзін-өзі басқару ұйымдарына қатысты сынып жиналысының тақырыбын, олардың күн тәртібін белгілейді, сонымен қатар, сынып жетекшісі әртүрлі үйірмелер мен клубтар жұмыстарының тақырыбын жоспарға кіргізе отыра: көмек көрсету, ақыл-кеңес беру т.с.с. оларға өзінің тікелей қатынасын көрсетеді. </h4>
3.Сол сыныпта істейтін барлық пән мұғалімдері, пәндік үйірмелердің жетекшілерімен байланыс орнатып, олардың жоспарлауында оқу-тәрбие жұмыстарына арналған бұқаралық шаралары белгіленіп, өзара жауапкершіліктері анықталады т.с.с. өзара әрекеттері көрсетіледі. Мектеп жоспары бойынша сыныпқа қатысты шаралар енгізіледі.
4.Отбасы және жұршылықпен жұмыс: оқушылардың ата-аналарымен байланыс орнату, ата-аналар лекториясының тақырыптарын белгілеу. Мектеп ата-аналар лекториясының жоспарынан: ата-аналар жиналыстарының тақырыбын, мерзімін, олардын; отырыстарын т.с.с. шараларды өзінің жоспарында көрсете отырып, олардың өзара байланысын қамтамасыз ету секілді жұмыстар белгіленеді.
5.Жеке оқушымен жұмыс: бұл бөлімде сыныптағы кейбір ұжымның сабақ үлгеріміне, тәртібіне қатысты, оның қабілетін шыңдауға сай жұмыстардың түрлері кіреді.
Мектептегі сынып жетекшісінің тәрбие жұмысындағы негізгі міндеті- оқушылардың жеке басын қоғамның талабына сай тәрбиелеу. Бұл міндетті орындау, әдетте оқушылар ұжымын қалыптастырудан басталады. Оқушылар) ұжымы - оқушылардың жалпы мақсатпен және қоғамдық пайдалы бірлескен еңбекпен топтасқан тұрақты бірлестігі. Оқушылар ұжымына тән қасиет: мақсаттылығы, ауызбірлігі, белсенділігі, іскерлігі, жауапкершілігі т. б.
Сынып жетекшісі тәрбие жұмысын жоспарлағанда оның ең басты, шешуші саласы балалардың достығы жараскан тату-тәтті, іскер ұжымын құру екендігін ұмытпауы тиіс. Оқушылар ұжымының өмірін қызықты ұйымдастырмайынша, мектеп алдында тұрған міндеттерді орындау мүмкін емес.
Оқушылар ұжымын тәрбиелеудің маңыздылығы, мектеп қабырғасынан шыкқаннан кейін олар әртүрлі ұжымға тап келеді. Сондықтан да олардың сынып және мектеп ұжымындарында жеке бастарының каншалықты үйлесіп, қалыптасуына байланысты оның кейінгі уақыттардағы психологиялық жағдайы сәйкестенеді, қайсібір әрекеті нәтижелі болады. Сынып ұжымында бала өзінің үлкендермен қарым-қатынастағы қабілетін тәрбиелейді. Соған орай ұжымдағы өзара қарым-қатынас жүйесі бір-бірімен байланысты іскерлік және достық жағдайында болып келеді. Олар негізінен ұжым болып қалыптасу кезеңінің алғашқы мерзімнен бастау алады. Аристотельдің айтуынша, адам баласы қоғамның тірі организмі болғандықтан, тек қоғамда ғана ол өзінің табиғатын дамыта алады. Олай болса, ол қарын-қатынас жасау барысында өмір сүруге және ғылымға қатысты білімдерді алады, әр түрлі әрекетке қатысты білік пен дағды қасиеттерін меңгереді, қоршаған ортаның тылсым құбылыстарын түсіне бастайды және соған өзгелер де бейімделеді.
Сыныптағы оқушылардың өзара дұрыс қарым-қатынасы — тұрақты көңіл-күйді, бір-біріне сенім мен сыйласымдылықты қалыптастырады. Дұрыс қарым-қатынас-өмір құбылыстарын бағалау өлшемін және ақиқат, жақсылық, әсемдік туралы көзқарасты тәрбиелейді. Сондықтан, тек адамдармен шынайы іскерлік, достық қарым-қатынаста ғана адамның өзін-өзі дамуына мүмкін туады. Ол үшін, адамға қолайлы жағдай жасау қажет. Оқу-тәрбие процесінде мұндай жағдай негізінен оқушының жолдастары арасында өзара достық, қарым-қатынаста мүмкін болады. Осындай қарым-қатынастағы балалар тобын — оқушылар ұжымы деп атауға болады.