Тәрбие жұмысының жоспары

Автор: Пользователь скрыл имя, 19 Февраля 2013 в 18:32, курсовая работа

Описание работы

Мектеп пен жанұяның педагогикалық процесінде оқушылардың жеке тұлғасын қалыптастыру жүзеге асады. Педагогикалық процесті сауатты ұйымдастыру үшін мұғалім оның теориялық негіздерін түсініп, оның мақсаттарын, тәсілдерін ажырата алуы қажет.</h4> Формалар мен әдістер педагогикалық процеске қатысушылардың іс- әрекетінің қозғаушы күші болып табылады, сонын арқасында жеке тұлғанын қалыптасуы жүзеге асады.

Содержание

КІРІСПЕ
Оқушылар тәрбиесіндегі педагогтың рөлі...........................................................3
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1 МЕКТЕПТЕГІ ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫНЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ ......4
1.1 Сыныпта жүргізілетін тәрбие жұмысының мәні мен мағынасы ................4
1.2 Тәрбие мақсаты төңірегінде қалыптасқан өй - пікірлер ................................6
2 СЫНЫПТАҒЫ ТӘРБИЕ ЖҮЙЕСІ ЖӘНЕ ОНЫ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ .................................................................................................10
2.1 Сынып сағаты - сыныппен тәрбиелік жұмысының негізгі формасы ........10
2.2 Сынып жетекшісінің сыныпта тәрбие жұмысын жоспарлау мен ұйымдастырудағы рөлі ..........................................................................................16
2.3 Тәрбие жұмысының жоспарына қойылатын негізгі талаптар ....................21
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ........

Работа содержит 1 файл

курсовой Тәрбие жұмысының жоспары.doc

— 180.50 Кб (Скачать)

<h1>

<h3>Жоспары

КІРІСПЕ  

Оқушылар тәрбиесіндегі  педагогтың рөлі...........................................................3

НЕГІЗГІ БӨЛІМ   

1 МЕКТЕПТЕГІ ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫНЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ ......4

1.1 Сыныпта жүргізілетін  тәрбие жұмысының мәні мен мағынасы ................4

1.2 Тәрбие мақсаты  төңірегінде қалыптасқан өй - пікірлер ................................6

2 СЫНЫПТАҒЫ ТӘРБИЕ  ЖҮЙЕСІ ЖӘНЕ ОНЫ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ .................................................................................................10

2.1 Сынып сағаты - сыныппен тәрбиелік жұмысының негізгі формасы  ........10

2.2 Сынып  жетекшісінің сыныпта тәрбие  жұмысын жоспарлау мен ұйымдастырудағы рөлі ..........................................................................................16

2.3 Тәрбие жұмысының жоспарына қойылатын негізгі талаптар ....................21

ҚОРЫТЫНДЫ  

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР .......................................................................27 

</h3> 
<h4>КІРІСПЕ

 

Мектеп пен жанұяның педагогикалық процесінде оқушылардың жеке тұлғасын қалыптастыру жүзеге асады. Педагогикалық процесті сауатты ұйымдастыру үшін мұғалім оның теориялық негіздерін түсініп, оның мақсаттарын, тәсілдерін ажырата алуы қажет.</h4> Формалар мен әдістер педагогикалық процеске қатысушылардың іс- әрекетінің қозғаушы күші болып табылады, сонын арқасында жеке тұлғанын қалыптасуы жүзеге асады.

Материалистік диалектика адам табиғатын биологиялық пен әлеуметтіктің бірлігі деп түсіндіреді. Адам, басқа да тіршілік иесі сияқты, табиғат және қоғаммен өзара әрекеттестікте болады, оларды өзінше қабылдайды, яғни осы әрекеттестіктің белсенді қатысушысы.

<h4>Қоршаған дүниені өзгерте отырып, адам өзін де өзгертеді. Бұл ретте әртүрлі іс-әрекеттің орны ерекше. Адамның психикасы мен санасы қоршаған ортамен әрекеттестігі арқасында және нақты бір іс-әрекет барысында дамиды. Бұл ретте іс-әрекеті жеке дара емес, басқа адамдардың (ата-ана, мұғалімдер, оқушылар) іс-әрекетімен тығыз байланыста жүзеге асады. Сондықтан жалпы адамзаттық мәдениетті игеру үшін бала қоршаған ортамен басқа адамдар арқылы әрекеттестікте болуы керек, яғни олармен қарым-қатынас жасауы қажет. </h4>

Педагогикалық ықпал ету тәсілдері  дегеніміз жеке тұлғанын қоршаған орта мен мақсатты әрекеттестігін ұйымдастыруға  жағдай жасау. Сондықтан педагогикалық процеске жеке тұлғаның әрекеттестік жасайтын ортасы және осы әрекеттестікті ұйымдастыратын іс- әрекеттің түрлері жатады.

Берілген курстық жұмыстың мақсаты  -  сынып-сағатының, тәрбиенің мәні мен мағынасын аша отырып, оның сыныппен  тәрбиелік жұмысының негізгі формасы ретіндегі маңызын анықтау болып табылады. Курстық жұмыстың мақсатына  жету үшін оның алдына келесі міндеттер қойылады:

  • Тәрбие үрдісінің мәні мен мағынасын ашу оның теориялық негіздерін қарастыру;
  • Сыныпта тәрбие жүйесін қалыптастыру  ерекшеліктерін анықтау;
  • Сынып жетекшінің сыныппен тәрбиелік жұмысын жоспарлауын жан-жақты қарастыру.

Әр түрлі мектептерде  тәрбие жүйелері ұжымдық шығармашылық жұмыстар, қоғадық- пайдалы және өндірістік еңбек жұмысты ұйымдастырудың әр түрлі формаларын енгізу, ұлттық салт дәстүрлер; оқыту процесін ұйымдастыру негізінде қалыптасатын. Осылайша, тәрбие жүйесі мақсаттар жиынтығынан, тәрбие жұмысының ұйытқысы ретінде ұжым, ұжымдық қатынастар мен қоршаған ортаға деген жүйенің бірлігінен тұрады. Басқаша айтқанда, кез келген тәрбие жүйесі негізінде бүтіндей ұжымның тәрбие мақсаттарын белгілеуі, танымдық іс-әрекет, өзара қатынастар, оқушылардың өзін-өзі басқаруы, ұлттық салт-дәстүрлерге сүйену, әр жастағы ұжымдарды құру мен ұжымдық шығармашылық істің әдісін пайдалану.

<h4>Педагогикалық процеске қатысушылардың іс- әрекеті мен қарым- қатынасы педагогикалық ықпал ету арқылы жүзеге асады. Оқу тәрбие процесінің субъектілері әрекеттестігінің формалар мен әдіс тәсілдер арқылы шешілетін белгілі бір мақсаттары мен міндеттері, тиісті мазмұны бар, логикалық тұрғыдан аяқталған, белгілі бір уақыт аралығындағы педагогикалық процесс. Ұйымдастыру формалары тұтас педагогикалық процеске қатысушылардың қарым- қатынасы мен әрекеттестігінің тәсілі ретінде де қарастырылады. </h4>

 

<h4>1. МЕКТЕПТЕГІ ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫНЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ

    1. .Сыныпта жүргізілетін  тәрбие жұмысының мәні мен мағынасы.

 

Мектептегі оқу-тәрбие процесін демократияландыру мен  гуманитарландыру, қоғамымыздағы негізгі  міндеттердің бірі. Бұл міндетті шешу, оқушы жастарға эстетикалық білім және тәрбие берумен, бұл педагогикалық процеске мұғалімдердің даярлық дәрежесін қамтамасыз ету мәселесімен тікелей байланысты. Себебі, ол адам баласының жақсы еңбегінде, әдемі бастамаларында, атқарған тамаша істерінде, дене бітімінің жақсы үйлесімділігінде, жан дүниесінің кіршіксіз тазалығы секілді ұғымдарда өзіндік бейнесімен орын алады.</h4> Сондықтан да біздің қоғамда адамдардың жан-жақты үйлесімділігінде дамуы, оған әрбір тұлғаның өз өмірін "әлемдік заңы" бойынша құруға материалдық және рухани негіз жасалған, бұлар қоғаммен бірге үнемі дамып отырады. Сол үшін де қоғамның әрбір азаматы осы мүмкіншіліктерді барынша, әрі орынды пайдалана білуге дайын және тәрбиелі болуы тиіс.

Бүгінгі қоғамды қайта  жүру жағдайында әрбір адамның, соның  ішінде оқушы жастардың эстетикалық мәдениетінің қалыптасуы айрықша маңызға ие. Соған орай мектеп оқушылары мен жастардың өнер саласының әр түрімен айналысуы, нәтижесінде көркемөнерпаздар ұжымының оқтын-оқтын байқауының, сурет көрмелері мен балалар фестивалдарының ұйымдастырылуы біздің қоғамымыздың өскелең жас ұрпағына эстетикалық тәрбие беріп, эстетикалық мәдениетін дамытуға ерекше маңыз беруі деп бағалаймыз.

Эстетикалық тәрбие, ол тәрбиенің  басқа салаларымен де (ақыл-ой, адамгершілік, еңбек, дене, экология т.б.) тығыз байланысты. Сондықтан да адамның эстетика саласындағы тәрбиелік деңгейі, оның барлық іс-әрекетінде көрініс береді.

Кезінде, эстетикалық  тәрбиенің мәнін аша келе А. В. Луначарский, эстетика саласынан білім беру, балаларға арналған қайсы бір өнерді қарапайым түрде оқыту деп түсінуге болмайды, керісінше, олардың сезім мүшелері мен шығармашылық қабілеттеріне жүйелі түрде әсер ететін оқуды, одан оқушылардың ләззат алып, оны өздері жасай білу мүмкіншіліктерін дамыту деп түсіну керектігін айтқан. Енбек пен ғылым саласынан берілген білімде эстетика қамтылммаса, онда сол білімнің жансыздығын- деп оған айрықша мән берген.

Сондай-ақ, жапон елінде "эстетика саласынан білім алмаған  адам, экономикалық тұрғыдан да тиімсіз" — деген көзқарас қалыптасқан  екен. Бұл бізге де қатысты мәселе. Бұл бүгінгі өркениет талабы.

Дегенмен де эстетикалық  тәрбиенің кейбір міндеттері әр кезде, не болмаса барлық жағдайда біздің қалауымызға атқарылып отырған  жоқ. Оның себебі, бүгінгі күнге дейін  мұғалімнің эстетикалық даярлық  сапасының деңгейі, немесе оның шегі барынша нақтылы анықталмаған, оқушылардың эстетикалық тәрбиесінің дамуына қандай мұғалім нәтижелі әрі оң ықпал тигізеді, ол үшін оқушылардың эстетакалық тәрбиесіне кажетті даярлыктың негізгі компоненттері қандай болып белгіленген, т.б. мәселелер өз шешімін таппауда. Кейбір мұғалімдердің қайсы бір музыкалық аспапта ойнай білуі, билей немесе сурет салу біліктілігі,мұндай маңызды педагогикалық процесті шешуде педагогикалық қабілеттері жеткіліксіз. Ол үшін педагогикалық оқу орындарында арнайы даярлық жүйесін меңгеру қажет.

Ауыл мектептері жағдайында жүргізілетін бүкіл тәрбие жүйесінің, соның ішінде эстетикалық тәрбие жұмыстарының ерекшеліктерін де ескеру қажет. Ондағы мұғалім эстетакалық  тәрбиеге қатысты міндеттерді оқушылармен  ғана емес сондай-ақ олардың ата-аналарымен, жалпы ауыл тұрғындарынан  да жүргізуі шарт. Сол үшін де ауыл мектептерінің мұғалімдерінің эстетикалық мәдени даярлық, сапасына аса мән берілуі тиіс.

Мектептегі қабырға  газетінің сапасы төмен болуы, көркем өнерпаздар ұжымының орындау шеберлігі мен жүріс-тұрысындағы кемшіліктер, оқушылардың және оқушылар мен ұстаздардың өзара қарым-қатынасындағы оқулықтар, сыныптан  тыс шаралардың педагогикалық талапқа сай атқарылмауы т.б. кейбір келеңсіз жағдайлар оның эстетикалық тартымдылығын төмендетеді. Соған орай, оқушылардың этетикалық талғамы мен жағымды да әсерлі мінез-құлқы және көтеріңкі көніл-күйнің әсерленуіне кері ықпалын тигізеді.

Мектеп көлемінде өткізілген кейбір тәрбиелік шараларға (тақырыптық тәрбие сағаттары, таңертеңгіліктер, мектеп кештері, дәстүрлі мейрамдар, "Ал, қане қыздар!", "Ал, қане ұлдар!" байқаулары т.б.) қатысып, нәтижелеріне талдау жасағанда байқағанымыз, көптеген орындаулардың сапасының төмен дәрежеде болуына куә болдық.

Кейбір мектептерде  өткен мәдени шаралардың 43-іне қатыса отыра, солардың ішінде 19-ы 12-ден 30 минут мөлшерінде өз уақытынан тым көп кешігіп басталғанына, оларды ұйымдастыру және өткізу барысында да кемшіліктердің болғанын назар аудардық. Мысалы, оқушылардың сахнада өздерін дұрыс ұстай алмауы, сахнадағы орны мен жүріс-тұрысындағы ретсіздік, үйлесімсіздік, көрермендер арасында айқай-шудың немесе әбігердің тууына себепкер болды.

<h4>1.2. Тәрбие мақсаты төңірегінде қалыптасқан өй – пікірлер

 

 Ежелгі ойшылдар  тәрбиенің мақсаты ізгі, рақымшыл  азаматтарды тәрбиелеу деп түсінді. Ал, “рахым” туралы пікірде олардың ойлары бір жерден шықпады. Сократтың түсінігінше, тәрбиенің мақсаты - заттардың табиғатын зерттеу емес, өз-өзіңді тану, аса құлықтылықты жетілдіру. Сократтың шәкірті Платон ақыл-ой, ерік және сезімді тәрбиелеуге көп ықылас білдірді. Ол тәрбиені өкіметтің өзі ұйымдастыруы керек, үстемдік етуші топтар – философтармен жауынгерлердің талап тілегіне сай жұмыс істеу деп түсінді. Платонның шәкірті Аристотель, тәрбиенің мақсаты жан рахымы - ақыл-ес пен ерік-жігерді дамыту деп білді.</h4>

Я.А.Коменский тәрбиенің  күшіне сенді, оның ойынша тәрбие үш мақсатқа жетуге бағытталуы қажет: өзіңді және қоршаған ортаны тану (ақыл- ой тәрбиесі) және құдайға сыйыну (діни тәрбие). ДЖ. Локтың айтуы бойынша, тәрбиенің негізгі мақсаты азаматты қалыптастыру. ЖЖ. Руссо қоғамдық құндылықтарды қалыптастыруға тәрбие мақсаттарының бағыт- ұстанымынан айныған емес.

Пестолоццидың тәрбие мақсаты, адамның табиғи күш қуаты мен қабілеттілігін дамытуға негізделуді, сонымен қатар, бұл даму жан-жақты және үйлесімді болуының биігінен көрінуі қажеттілігіне тоқталса, ал И.Гербарттың ойынша, тәрбие мақсаты, рақымды адамды қалыптастыруға, қалыптасқан қарым-қатынастарға бейімделе алатын, қоғамдағы белгіленген тәртіпті сыйлайтын, оған бой ұсынатын адамдар деген түйінге келеді. Тәрбиенің ең жоғарғы мақсатын А.Дистерверг «ақиқат, сұлулық және мейірмділікке өз ынтасымен қызмет» ету деп анықтаған.

Ерте заманнан бері тәрбие мақсаты жайлы пікір жалғасып келеді. К.Д.Ушинский жазғандай: «Егер сізге айтса, тәрбие мақсатымен адамды бақытты етуге болады да, онда сіздің дауласуға әбден қақыңыз бар, ал тәрбиеші «бақыт» дегенде нені түсінеді; өйткені, бәрімізге белгілі, әлемде бақытқа ұмтылмайтын пенде жоқ; біреуге бақыт болып көрінетін жағдай, ал ол басқа адамға жай бір оқиға сияқты көрінеді, кейбіреуі тіпті бақытсыздық» - деп те түсінеді.

Осыған орай сұрақ  туады, балаға әрқашан бақытты болу пайдалы ма, бұл әлеуметтік мәселелерді  шешуде дәрменсіздікке, қайратсыздыққа әкелмей ме? Сөз тек осы күнгі тәрбие мәселесі жөнінде емес: педагогтар жастардың бүгінгі мен болашағын ескере отырып, өмірдің күрделі де қиын мәселесін шешуге дайындауға ынталану деп ұққан жөн.

Көп уақытқа дейін  тәрбие мақсаты идеалды адам мұратына, жан-жақты үйлесімді дамыған, рухани байлығы мол, моральдық қылықтары таза және дене күші дамыған тұлға ретінде түсінді. Әрине, бұл позиция- тәрбиеннің негізгі мақсаты. Бірақ, тәрбиенің мақсаты бір жақты қарастырылып, күнделікті тәжірибеде тәрбие жұмыстарының нәтижелері алға қойған мақсаттан біршама ерекшеленуіне әкеп соғады.

Бүгінгі тәрбиеннің мақсатын әлеуметтендіру мәселелерімен бірлікте қарастыру өзекті мәселелердің бірі екеніне ерекше мән берген орынды.

Тәрбие мақсаты - ол педагогикалық  процеспен қоғамның қажеттілігіне  қарай өзгеріп отырады.Тәрбие мақсаты қоғамның әлеуметтік сұранысына қарай және оның табысты орындалуы ұстаздың кәсіби дайындығына байланысты келеді. Ұстаздың қызметі мақсаттылығынан басталса, ал оқушылар оқу іс-әрекетінің мақсатын нақты ұғына отырып, тапсырманы орындайды.

Тәрбие мақсаты – бұл қоғамның бетбұрысына, қандай мұраттарына қолжеткізуіне бағытталған. Тәрбие мақсаты - педагогиканың ең маңызды мәселесі. Мақсат- тәрбиенің жалпы мақсаттылығынан, тәрбие жүйесінің сипатын айқындаушы ретінде көрінеді. Мақсат пен міндет бүтін және бөлшек ретінде арақатынаста болады, жүйесі мен оның компоненттеріне тәуелді. Қорыта айтқанда тәрбиенің мақсаты нақты тәрбие міндеттерінің жүйесі. (И.П Подласый).

Тәрбие мақсаты жалпы  және жекеленіп келеді. Тәрбиенің  мақсаты жалпы болып келгенде, яғни барлық азаматтарда сапалы құндылықтардың, ал жекеленіп келуі, яғни жеке тұлғаның қалыптасуын көздейді. Қазіргі заманда тәрбие жүйесіне қарай тәрбие мақсаты әр алуан болып келеді. Тәрбие мақсатының әр алуандығы тәрбиеннің өте күрделілігін көрсетеді. Мақсаттылыққа объективтік себептер әсер етеді. Олар, дененің физиологиялық жетілу заңдылығы, адамның психикалық дамуы, философия мен педагогикалық ойдың жетістігі, ортаның үнемі қоғамның мүддесіне орай өзгеріп отыруы.

Мәдениет деңгейі, тәрбие мақсатының жалпы бағытын айқындап отырады. Тәрбиенің мақсаты нақты-тарихи сипатына қарай құбылмалы келеді. Қоғамның тәрбие мақсатын өз бетінше ойдан шығаруына болмайды.

Тәрбие мақсатын тұжырымдауда, міндетті түрде табиғат, қоғам, адамның  объективті даму заңдылығына сүйену қажет.

Тәрбие мақсатын анықтауда маңызды себептердің қатарына жататындар, мақсатты құрастыру, оны белгілі заңдылыққа негіздеуді есепке алу. Ол саясат, мемлекет идеологиясы сияқты факторлармен бірге, тәрбие мақсатын айқындауда қоғам өзінің қажетті талабы мен мүддесінің маңыздылығын ұдайы есепке алу  жұмыстың дұрыс жүруіне кепілдік береді. Тәрбие мақсаты қоғамда жастардың белгілі бір функцияларын жүзеге асыру процесінде олардың уәждік қажеттілігінен туады. Қоғам қажеттілігі өндіріс тәсілі мен өндіріс күші және өндіріс түрі қатынасының даму деңгейімен анықталады. Сондықтан тәрбие мақсатының нәтижесі әрқашан қоғам дамуының жетістік деңгейін бейнелейді, ал өндіріс тәсілін өзгертумен анықталып отырады. Ойымызды нақтылау үшін, тәрбие мақсатының қоғамдық-экономикалық қатынас түріне байланысты екенін атап өтеміз.

Информация о работе Тәрбие жұмысының жоспары