Автор: Пользователь скрыл имя, 19 Февраля 2013 в 18:32, курсовая работа
Мектеп пен жанұяның педагогикалық процесінде оқушылардың жеке тұлғасын қалыптастыру жүзеге асады. Педагогикалық процесті сауатты ұйымдастыру үшін мұғалім оның теориялық негіздерін түсініп, оның мақсаттарын, тәсілдерін ажырата алуы қажет.</h4> Формалар мен әдістер педагогикалық процеске қатысушылардың іс- әрекетінің қозғаушы күші болып табылады, сонын арқасында жеке тұлғанын қалыптасуы жүзеге асады.
КІРІСПЕ
Оқушылар тәрбиесіндегі педагогтың рөлі...........................................................3
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1 МЕКТЕПТЕГІ ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫНЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ ......4
1.1 Сыныпта жүргізілетін тәрбие жұмысының мәні мен мағынасы ................4
1.2 Тәрбие мақсаты төңірегінде қалыптасқан өй - пікірлер ................................6
2 СЫНЫПТАҒЫ ТӘРБИЕ ЖҮЙЕСІ ЖӘНЕ ОНЫ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ .................................................................................................10
2.1 Сынып сағаты - сыныппен тәрбиелік жұмысының негізгі формасы ........10
2.2 Сынып жетекшісінің сыныпта тәрбие жұмысын жоспарлау мен ұйымдастырудағы рөлі ..........................................................................................16
2.3 Тәрбие жұмысының жоспарына қойылатын негізгі талаптар ....................21
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ........
Әлеуметтендіру қоғам талаптарын жеке тұлғаның қалыптасу кезенінде бірте - бірте игеруі, сана мен тәртіптің маңызды әлеуметтік мінездері, оның қоғаммен қарым- қатынасын реттейді.
Ғылымға адамды «Әлеуметтендіру» термині саяси экономикадан келді, оның ең алғашқы мағынасы жерді, өндіріс құралдарын «қоғамдастырудан» басталды. «Әлеуметтендіру теориясы» кітабында, бұл ұғымды қазіргі ұғымға жақындастыра қарап: адамның әлеуметтік табиғи мінезін дамыту немесе индивидтің мінезін, жалпы адамды әлеуметтік өмірге дайындау.
Тұлғаның әлеуметтік даму барысында қоғамда адам өзін тұлға ретінде сезінеді. Бұл тәрбие, білім, және өзін-өзі тәрбиелеу жағдайында, адам өздігінен алдына мақсаттар белгілеп, оған жетуде өзінің бедел-сезімін түсінеді, қоғамдағы өз орнына сенімді.
Әлеуметтендіру – тұлғаның белгілі бір бейнесін дәріптейді, оның негізгі белгілері: адамның әлеуметтік қарым-қатынасы, достық, сүйіспеншілік, отбасы, өндірістік, саяси т.б. көрінеді. «Адамның адам болып қалыптасуы жалғыздықта өмір сүрмейді, бірліктердің арқасында адам болып қалыптасады, өзін қоршаған басқа субъектілермен бірдей жағдайда тұрмайды, бірақ әркім-әрқайсысының жан-жақты ықпалынан осы жерлерге үздіксіз жауап қайтаруынан»(Наторп П.).
«Әлеуметтендіру жүйесінің алдына қойған міндеттерінің екі тобы шешімін табады: тұлғаның әлеуметтік бейімделуі мен әлеуметтік кемелденуі. Бұл міндеттердің шешімі ішкі және сыртқы факторларға байланысты. Соның ішінде, сыртқы ортаның қайшылықтары баланың бойында дамып келе жатқан ішкі қарсыластық күшіне сай келуге тиіс. Адамның орталыққа ұмтылыс күші, сыртқы мәдениеттің жерінен әлде қайда басым болуы қажет, сонымен қатар, оның жаңа ағымын үздіксіз сезінуі керек».
Әлеуметтік бейімделу (адаптация) индивидтің қоршаған орта жағдайларына ыңғайлануы болса, ал әлеуметтік кемелдену өзінің іс-әрекетін жүзеге асыру, тәртіптің қарым-қатынаста тұрақтылығы, тұлғаның өзі туралы пікірі, өз-өзіне баға беруі. Әлеуметтік бейімделу мен әлеуметтік кемелдену міндеттерінің шешімі: егер, ізгілікті орта болса, «барлығымен бірге болу» және «өзімен өзі болу» мотивтерімен, уәждік қажетсінумен реттеледі.
Әлеуметтендірудің
көптеген тұжырымдамаларын
Екінші жағынан, адам әлеуметтендіру кезінде белсенді түрде қатысып қоймай, қоғамға да бейімделеді, өз өзіне, өмірдегі жағдайларға да әсерін тигізе алады. Бұл көзқарасты субъект- субъект деп атауға болады. Бұл екінші позицияны Ч. Кули және Д.Г Мид ұстанды.
Жалпы адамдық мәдениеттің өзіне тән ерекшелігі, тұлғаның жан-жақты дамуының басты шарты адамшылдық мәдениеттің барлық мұратын игеру болып табылады. Екіншіден, мәдениеттің мақсаты әрбір адамды тәрбиелеу. Үшіншіден, мәдениет мазмұнының ерекшеліктері диалектиканың материалистік тұрғыдан адамның іс-әрекетінің белсенді-жасампаз сапасы жеке тұлғаның үйлесімді қалыптасуы іс-әрекет үстінде адамшылық мәдениетке үйренеді. Қоғамдық мәдениет (адамзат жинақтаған мәдениет мұрасы) адамдардың әрекетін үйлестіру мен интеграциялау үшін үлкен маңызды шара, іс-әрекет, сонымен қатар, тәрбие мақсатын айқындаушы. Э. С. Макарянның ойынша, бұл тұста философияда дәлелденген мәдениеттің үш түрін, яғни әр адамдардың меңгеруі қажет – материалдық, рухани, социо-нормотивті немесе адамгершілік мәдениеті. «Мәдениет» латын тілінен аударғанда өңдеу, баптау деген ұғымды білдіреді. Оның екінші мағынасы – рухты дәріптеп көтеру. Рим ораторы М. Р. Цицерон өзінің «Тускуланские диспуты» еңбегінде ең алғаш рет «мәдениет» сөзін теориялық тұрғыдан термин ретінде қолданған.
Кребер мен Клакхон мәдениет табиғатын талдайды, оны құрап тұрған элементтер мен қасиеттерді психология, тіл, қоғаммен қарым-қатынасын көрсете келе, мәдениетті үш қырынан қарастырады: адамның табиғатпен қарым-қатынасы аясында, құндылықтармен және басқа адамдармен пікірлесу. Жалпы адамдық мәдениеттің өзіне тән ерекшелігі, тұлғаның дамуының басты шарты адамшылық мәдениеттің барлық мұратын игеру болып табылады.
Әр түрлі мектептерде тәрбие жүйелері ұжымдық шығармашылық жұмыстар, қоғадық - пайдалы және өндірістік еңбек жұмысты ұйымдастырудың әр түрлі формаларын енгізу, ұлттық салт дәстүрлер; оқыту процесін ұйымдастыру негізінде қалыптасатын. Осылайша, тәрбие жүйесі мақсаттар жиынтығынан, тәрбие жұмысының ұйытқысы ретінде ұжым, ұжымдық қатынастар мен қоршаған ортаға деген жүйенің бірлігінен тұрады. Басқаша айтқанда, кез-келген тәрбие жүйесі негізінде бүтіндей ұжымның тәрбие мақсаттарын белгілеуі, танымдық іс-әрекет, өзара қатынастар, оқушылардың өзін-өзі басқаруы, ұлттық салт-дәстүрлерге сүйену, әр жастағы ұжымдарды құру мен ұжымдық шығармашылық істің әдісін пайдалану. Зерттеулер мен озат тәжірибелердің арасында педагогикалық ғылымда оқушылар арасында тәрбие жүйесі орын алғанда ғана тәрбие нәтижесі маңызды.
Тәрбие жүйесі бірнеше кезеңнен тұрады: </h4>
Сынып сағатын өткізген кезде тәрбие мақсаттары мәселесін шешпей, сыныпта тәрбие жүйесін құру мүмкін емес, өйткені білім беру саласындағы қызметкерлер үшін іс- әрекет, басқа да саладағы сияқты, мақсат пен міндеттер арқылы анықталады. Сынып сағаттың мақсаттары мен міндеттері мектептің тәрбие жұмысының бағдарын ұсынады, сыныптағы тәрбие жұмысы мектептің тәрбие жүйесінің бір бөлігі болып табылады. Қазіргі заманғы ізденістер бойынша тәрбиенің мақсатын анықтау мәдениеттану арнасында жүргізілуде. Бұл мәселе бойынша осы күнге дейін еш нәрсе анық болмаса да, бұл әдістеме біршама нәтижелі, өйткені ол ұлттық және дүниежүзілік мәдениеттегі тарихи қалыптасқан рухани құндылықтарға сүйенеді. Тәрбиеннің мақсатын тек өз халқының ұлттық мәдениетінің негізінде ғана емес, жалпы адамзаттық және адамгершілік ұлттық құндылықтарды игеру арқылы ғана анықтау мүмкін.
Мұғалімдер ұжымында ортақ мақсат болған жағдайда ғана, әрқайсысы оған жету үшін іс-әрекетке белсенді кіріскен кезде ғана үлкен нәтижеге жету мүмкіндігі бар. Ұлттық мәдениет құралдары арқылы жеке тұлғаны қалыптастыру жүйесі:
Мектеп өз түлектерінің мәдени негізінің қалыптасуына ықпал етеді, ол дегеніміз – мектеп бітірушінің білім мазмұнын, жеке тұлғаның өзін өзі әрі қарай дамыту факторы. Қойылған мақсат тәрбиелік міндеттер арқылы жүзеге асады. Оларды анықтаудың әртүрлі әдістемелері бар. Мысалы, Н.Е.Щуркова сыныпта келесі тәрбиелік міндеттерді ұсынады:
Сынып жетекшілерінің
сынып сағатын жүргізгенде
іс-әрекетіне жасалған
Педагогтардың, зерттеушілер мен мұғалімдердің оқушы ұжымындағы тәрбие жүйесін ұйымдастыру үшін маңызды міндеттерді бөліп қарау. Өйткені оқушы өмірінің барлық жақтарын сынып жетекшісі мен мектептің тәрбие жұмысы ықпалымен аяқталмайды. Ең маңызды міндеттер:
Сыныппен тәрбиелік жұмысындағы оқушылардың жеке тұлғасын қалыптастыруда оқушылардың адамгершілігін қалыптастыру маңызды міндеті болып табылады. Адамгершілік адамның іс - әрекетімен қылықтарынан көрінетін қоршаған ортаға деген қатынасын білдіреді. Қатынас дегеніміз - субъектінің қоршаған орта мен қалауы бойынша анықталатын байланысы. Сондықтан оқушының қандай құндылықтарды таңдап алуы сынып жетекшісі мен пән мұғалімдеріне тәуелді.
Зерттеушілер қатынастар жүйесіне әр түрлі компонентерді кіргізеді. Әрбір қатынас белгілі бір білімдерді игеру дегенді білдіреді, алайда бұндағы ең бастысы бұл білімдерді өнегелілік түрде түсіну, сезіну болып табылады. Щуркова Е.Н. , А.П.Сейтешев жеке тұлғаның қасиеттерін құндылық қатынастардың қалыптасу нәтижесі деп түсіндіреді. Осылайша, басқа адамға деген құндылық қатынастың нәтижесі – гуманизм, өз өзіне – қадір-қасиет, еңбекке – еңбексүйгіштік, еңбекқорлық болып табылады.
Жеке тұлғаның
ең басты қасиеттерін осылайша
бөлу өте маңызды, өйткені
Тәрбие нәтижелері туралы сөз етер болсақ, жеке тұлғаның басты қасиеттерінің қалыптасуы туралы айтуға болады:
Жеке тұлғанын осы бір қасиеттерін қалыптастыру- қоршаған орта туралы білімдерді өнегелік түрде түсініп- сезіну. Сондықтан, оқушылардың қоршаған орта туралы білімдер жинағын адамгершілікпен сезінуі тәрбие жұмысының басты мақсаты.
Оқу материалының, әрбір сабақтың өзіндік тәрбиелік маңызы бар екені белгілі. Олардың әрқайсысы оқушылардың қоршаған ортаға деген, құндылық қатынасын қалыптастыруда басқа адамның жеке тұлғаға құрметінең бастап, болмысты эмоционалды-эстетикалық қабылдауға дейінгі, құндылық сапаларын тәрбиелейді. Білімдерді терең меңгеруге, оларды өнегелілік түрде түсініп, сезінуге, оқушыларды адамгершілік-құндылыққа үйрету іс-әрекетті ұйымдастыру.
Пән мұғалімдерінің оқушыларды тәрбиелеу - сынып жетекшілерінің басшылығына тәуелді. Осылайша, олар сыныптағы жүйесін жүзеге асырады. Сонымен, сынып жетекшісі дегеніміз – оқушылар тәрбиесін реттеуші мұғалім. Мектептің тәрбие міндеттеріне сүйене отырып, өз сыныбындағы оқушылардың ерекшеліктері мен тәрбиелік деңгейлерін ескере отырып, осы мәселені шешуге пән мұғалімдері, оқушыларды, ата-ананы, демеушілерді т.б. тарта отырып, тәрбие жұмысын ұйымдастырады.
Сыныпта жеке тұлғаның ұжымдық
қасиеттері эстетикалық құндылықтарға,
табиғатка көзқарасы басым бола
Сынып жетекшісінің жұмысында сыныптан тыс тәрбие көрініс табады. Қазіргі уақытта оқушы жеке тұлғасын қалыптастыру, оның қабілеттілігін дамыту бірінші орында. Бұл ретте, сынып жетекшісі – пән мұғалімдерді мен ата-ананың әрбір оқушыға ықпалын үйлестіретін тәрбиені ұйымдастырушысы.