Автор: Пользователь скрыл имя, 11 Марта 2012 в 14:40, курсовая работа
Курстық жұмыстың мақсаты : Сынып жетекшісінің рөлі, міндеті мен сынып ұжымын ұйымдастыруда алатын орнын зерделеу.
Курстық жұмыстық міндеттері : Осы мақсатқа жету үшін мынадай міндеттер қойылды:
- Тәрбие құралдарының – педагогикалық жетекшісін таныту.
- Сынып жетекшісі –оқушылар ұжымын қалауға негіз болатынын көрсету.
- Сынып жетекшісінің мұғалімдер ұжымымен жұмыс жасау факторларын айқындау.
- Сынып жетекшісінің қоғамдағы алатын орнын көрсету.
- Сынып жетекшісінің бойында керекті қасиеттерді талдау.
- Сынып жетекшісінің ата-аналармен жұмысын саралау.
- Сынып жетекшісінің - жалпы мектептегі алатын орнын көрсету.
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім.
І Тарау
1.1. Сынып жетекшінің мектептегі алатын орны.
1.2.Сынып жетекшісі- педагогикалық тәрбие құралдарының жетекшісі.
ІІ. Тарау
2.1. Сынып жетекшісінің мұғалімдер ұжымымен функциясы.
2.2. Сынып жетекшісінің ата-аналармен бірлестігі.
ІІІ Тарау
3.1. Сынып жетекшісі бойында танылатын қасиеттер.
3.2. Сынып жетекшісінің қоғамдағы алатын орны.
Практикалық бөлім.
Қорытынды.
Әдебиеттер тізімі.
Қосымша.
Жоспар
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім.
І Тарау
1.1. Сынып жетекшінің мектептегі алатын орны.
1.2.Сынып жетекшісі- педагогикалық тәрбие құралдарының жетекшісі.
ІІ. Тарау
2.1. Сынып жетекшісінің мұғалімдер ұжымымен функциясы.
2.2. Сынып жетекшісінің ата-аналармен бірлестігі.
ІІІ Тарау
3.1. Сынып жетекшісі бойында танылатын қасиеттер.
3.2. Сынып жетекшісінің қоғамдағы алатын орны.
Практикалық бөлім.
Қорытынды.
Әдебиеттер тізімі.
Қосымша.
Кіріспе
« Баланың бас ұстазы ата-ана» десек те, бала «ата-ана – мұғалім –қоғам» үштігінің бірлігі арқасында тәрбиеленеді. Осы мәселеде сынып жетекшісінің еңбегінің зорлығына ешкім дауласпас керек. Қызығы мен қиындығы қатар жүретін осы бір істің мән-жағын атқарған адам ғана біледі. Сонымен « сынып жетекшісі» деген кім? Сұрағына жауап іздеп, жан-жақты зерделесек.
Курстық жұмыстың тақырыбы : « Сынып жетекшісінің рөлі»
Курстық жұмыстың өзектілігі : Сыныптағы тәрбие жұмыстарының ұйымдастыруымен және оқушылардың ұстазы болып табылатын, оқушылар ұжымын ұйымдастырып, тәрбиелейтін, мұғалімдер, ата-аналар мен жұртшылықтың тәрбиелік күш-жігерін біріктіруші –сынып жетекшісі екенін саралау.
Курстық жұмыстың мақсаты : Сынып жетекшісінің рөлі, міндеті мен сынып ұжымын ұйымдастыруда алатын орнын зерделеу.
Курстық жұмыстық міндеттері : Осы мақсатқа жету үшін мынадай міндеттер қойылды:
- Тәрбие құралдарының – педагогикалық жетекшісін таныту.
- Сынып жетекшісі –оқушылар ұжымын қалауға негіз болатынын көрсету.
- Сынып жетекшісінің мұғалімдер ұжымымен жұмыс жасау факторларын айқындау.
- Сынып жетекшісінің қоғамдағы алатын орнын көрсету.
- Сынып жетекшісінің бойында керекті қасиеттерді талдау.
- Сынып жетекшісінің ата-аналармен жұмысын саралау.
- Сынып жетекшісінің - жалпы мектептегі алатын орнын көрсету.
Ғылыми болжам:
1. Оқушылар ұжымындағы педагогикалық жетекшілікте сынып жетекшісінің рөлі маңызды емес.
2. Сыныпта сынып жетекшісі тәрбие процесінде емес, басым көпшілікте оқыту процесінде жетекшілік етеді.
3. Сыныпта берік ұжым, мықты ұйымдастырушылық болу үшін сынып жетекшісі мен оқушы қарым-қатынасы маңызды емес.
Ғылыми жаңалығы : Педагогикалық әрекетте, әсіресе тәрбие процесінде, оқушылар ұжымы үшін сынып жетекшісінің алатын орны ерекше, сонымен қатар мектеп басшылығы үшін де болашақта тәрбиелі, жан-жақты білімді жас тәрбиенің сынып жетекшісінің маңызын, қадірін арттыра түседі.
Зерттеу объектісі : Сынып жетекшісі.
Зерттеу заты : Сынып жетекшісінің қызметі.
Зерттеу әдісі: Сауалнама ( ата-аналармен, оқушылармен) , тест жұмысы ( сынып жетекшісімен) , педагогикалық зерттеу әдебиеттерін талдау.
Теориялық және практикалық маңызы: Педагогикалық журналдарға әдістемелік жұмыс ретінде ұсынуға болады, мектеп басшысының нысанына алуын қарастыру, болашақ ұстаздарға дәріс ретінде ( талдап, оқуға) семинарларға ұсынуға болады.
1.1. Сынып жетекшісінің мектепте алатын орны.
Елімізде болып жатқан өзгерістер мектептің өз жұмысын ғылыми тұрғыдан басқаруды ұйымдастырудың тиімді әдістерін іздестіруді, басқару рөлінің өсе түсуін талап етеді. Мектептің басқару жүйесінде мұғалімдер, ата-аналар, оқушылар ұжымы кіреді. Сондықтан оқу жылының басында әр сыныпта ата-ана, ұстаз, оқушы бірлесе отырып білім берудегі ұстаздардың, оқушының, ата-ананың міндетін айқындайды. Оны реттеуші сынып жетекшісі болғандықтан оның жұмысының мазмұнын өзгертіп, жаңа тұрғыдан қарастыруды қажет етеді. Сынып жетекшісінің басқарушылығы жоғары болуы уақыт талабы.
Мектеп оқу жылының басында негізгі пәндер бойынша әр баланың білім деңгей анықталады. Әр айда баланың білім деңгейінің өзгерісі бақыланып, сарапталады. Ол үшін, пән мұғалімдері сынып жетекшісіне ай сайынжұмыстың нәтижесі, баланың үлгерімі жайлы есеп береді. Яғни, сынып жетекшісі ата-ана, оқушы, пән мұғалімдерін байланыстырушы ғана емес, қарым-қатынастарын басқарушы, бақылаушы, кеңесші.
Ата-ана сынып пән мұғалімі
Сынып жетекшісінің негізгі қызметі.
Анкеталық:
- оқушының тұлғаліқ ерекшеліктері
- ұжымның өзіндік дамуын, ынтасын, қабілетін
- тұлғаның тәрбиелік деңгейін бағалау
- оқушылардың қоршаған ортаның сынып ұжымына әсерін
- педагогиканың ұжымының тәрбиелеу мүмкіндігін зерттеу және талдау.
1) Ұйымдастыруға бағытаушылық:
а) балалардың іс-әрекетерге қызығушылығын ұйымдастыру;
ә) отбасы мен мектепті ынтымақтастыру
б) пән мұғалімдерімен жұмыс жасау;
в) әр оқушыға жекелеме әсер ету;
г) оқу іс әрекетінде оқушыға көмектесу;
д) тұлғаның мүмкіндігін ашу.
2. Коммуникативтік.
а) оқушы тұлғасыынң қалыптасуына көмектесу;
ә) әр баланың арасындағы өзара қарым-қатынасты орнату;
б) ата-ана мен оқушы арасындағы сыйластықты орнату;
в) ұжымда психологиялық жағымды жағдай жасау;
г) оқушылардың адамдармен қатынасына көмектесу.
Сынып жетекшісінің міндеті:
а) сыныптың оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыруға(аптасына сыныптың 5 сабағына қатысу)
ә) бекітілген бөлменің тазалығына, мүліктердің сақталуына
б) сыныптың журналының жағдайына,
в) тәрбиеленушінің отбасының жағдайын зерттеуге, ата-аналармен тығыз байланыс жасауға, бала тәрбиесінде ата-анаға педагогикалық көмек беру;
г) сыныптың оқушыларын ұжымға ұйымдастыруға, олардың арасында байланысты жақсартуға;
д) үнемі оқушының тұлғаның ерекшелігін зерттеуге;
ж) оқушының бойына ұлттық құндылықтарды сіңіруге;
з) баланың психо-педагогикалық ерекшеліктерімен әкімшілікті, пән мұғалімдерін таныстыру.
Әр сынып оқушыларына қойылатын бірыңғай талаптарды басшылыққа алуға, оларға жеке қатынас жасауға тиіс мұғалімдердің белгілі ұжымы жұмыс жүргізеді. Бұл қжымның ұйымдастырушысы да, дем берушісі де сынып жетекшісі болып табылады. Ол мұғалімдердің оқу-тәрбие жұмыстарының ерекшеліктерін зерттейді, олардың оқушыларға деген талаптары мен және қарым-қатынастарымен танысады, жеке оқушылардың мінез-құлқы жайлы, оларға ықпал етудің әдістері туралы пікір алысады.
1.2. Сынып жетекшісі – педагогиканың тәрбие құралдарының жетекшісі.
Сынып жетекшісі өте маңызды ,әрі жауапты міндеттерді орындайды. Ол сыныптағы тәрбие жұмыстарының ұйымдастырушысы және оқушылардың ұстазы болып табылады, оқушылар ұжымын ұйымдастырады,тәрбиелейді, мұғалімдердің, ата-аналар мен жұртшылықтың тәрбиелік күш-жігерін біріктіреді. Сабақтан тыс уақытта тәрбие жұмыстарын жүргізуде комплексті қарауды жүзеге асыру, ақыл-ой, идеялық-саяси, еңбек және адамгершілік тәрбиелерінің тығыз бірлігін қамтамасыз ету мектеп оқушылары тәрбиесінің тиімділігін арттыруға ықпал етеді.
Сынып жетекшісінің негізігі міндеті – оқушыларды тәрбиелеу және оларды тату ұжымға топтастыру. Ол тәрбие құралдарына оқу міндеттеріне саналы және жауапты қатынасты тәрбиелеу, оқу барысында өзара көмек ұйымдастыру, мектеп тәртібін, режимін сақтауға үйрету және т.б.
Сынып жетекшісі әр оқушының бойына ұлттық құндылықтарды қалыптастырып, потенциалды қабілетін ашып, интеллектісінің дұрыс дамып жетілуіне жағдай жасайды. Ол сынптың оқу-тәрбие жұмысын іске асыратын, оқушының ұжымдағы өміріне басшылық жасап, ата-ана мен мектептің ынтымақтастық тенденциясын қамтамасыз ететін басты тұлға.
Сынып жетекшісінің негізгі міндеті мектептің алдына қойылған оқу-тәрбие үрдістеріне ойдағыдай орындау үшін оқушылар ұжымын ынтымағы күшті, отрақ мақсатта біріктіру болып табылады. Сынып оқушыларын барлық жағынан зерттеп-біліп, бейімділгі, талап тілегін анықтап, мінез-құлқын үнемі бақылап, бүкіл сыныптың жеке адамның мінез-құлқының дағдыларын дамытып, өз сыныбының , өз мектебінің абыройы үшін оқушыларды жауапкершілік сезімі рухында тәрбиелеу мақсатымен оқушылар ережені орындалуын қадағалап, сынып оқушыларының оқу үлгерімін, қоғамдық жұмысты атқаруды, демалысты қалай өткізетінің бақылап, олардың шығармашылық жұмысын зерттеп біліп, оқушылардың күнделікті іс-әрекетімен, отбасындағы тіршілік жағдайымен танысып, оқушылардың тәртібіін, олардың үйге берілген сабақтарын , атқаратын қоғамдық жұмыстарын ретке салып отыру, өз сыныбының мұғалімдерімен оқу-тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру үшін оқушыларға бірыңғай талап қойып, оқу және қоғамдық жұмыстарға көмек көрсету үшін үнемі байланыс жасап, оқушылардың сабаққа қатысуын, сыныпты безендіруін және сынып құралдарының сақтауын, кезекшіліктің ұйымдастырылуына орындалуын бақылау сынып жетекшісі арқылы жүзеге асады.
Сынып жетекшілерінің тәрбие жұмыстарына арналған тәрбие бағыттары :
- Адамгершілік тәрбиесі
- Ақыл-ой тәрбиесі.
- Құқықтық тәрбие.
- Денсаулық және дене тәрбиесі.
- Оқушылардың саяси мәдениетін қалыптастыру.
- Сұлулық тәрбиесі.
- Экологиялық тәрбие.
- Экономикалық тәрбие.
2.1. Сынып жетекшісінің мұғалімдер ұжымымен функциясы.
Сабақ беретін пән мұғалімдерінің ұжым ұйымдастыруда сынып жетекшісі басты рольді атқарады.
Біріншіден мұғалімдердің сабағына қатысу, іс-әрекетін қадағалау:
Сабақта: 1. Бірыңғай педагогикалық талаптардың орындалуын;
2. Өздігінен білім алу және өзін-өзі тәрбиелеу дағдысын қалыптастыруын;
3. Ұлттық құндылықтарды игеру әдістерінің орындалуын.
4. Әр оқушының дербес ерекшеліктерін ескере отырып, жекелеме жұмыс жасауын қадағалау.
5. Оқушының жекелеме картасына талдау жұмысын жасау.
6. Пән мұғалімдері мен оқушылардың арасындағы қарым-қатынасты нығайту.
7. Пән мұғалімі мен ата-ананың ынтымақтастығын жақсарту.
8. Қосымша сабақтар, кеңестерді ұйымдастыру.
Сынып жетекшісі педагогикалық ұжымның басқа да мүшелерімен, ең алдымен , сол сыныппен жұмыс істейтін педагогтармен тығыз байланыста қызмет етеді.
Ол мұғалімдерге баланың даму динамикасы , оның қиыншылықтары мен жетістіктері, оның отбасында болып жатқан өзгерістер туралы жүйелі ақпарат беріп отырады. Қиыншылықтар туған жағдайда сынып жетекшісі осы қиыншылықтарды жою жолдарын талқылауға мұғалімдерді қатыстырып, дамуында кемшілігі бар балалардың психикалық ерекшеліктерімен, ондай балаларға жасалатын педагогикалық ықпалды арнайы тәсілдермен алдын-ала таныстыра отырып, педагогтерге олардың іс-әрекетін түзетуге көмектеседі.
Мұғалім мен баланың ата-анасының арасындағы қарым-қатынасты реттейді.
Сынып жетекшісінің пән мұғалімдерімен қандай да бір мәселені бірігіп ойластыруға және оны шешудің жолдарың іздестіруге қаттысты әңгімелер өткізуі маңызды.
Ол мұғалімдердің көтерген бастамаларын, ұсыныстарын ықыласпен қабылдайды, олардың ескертулеріне қарай өз жұмыстарын ұйымдастырады.Мектеп тәжірбиесінде сынып жетекшісінің жұмысын бағалауда үлгерім, құжаттар, кабинетті рәсімдеу және т.с. сияқты сыртқы көрсеткіштерге үстемдік беру әлі жалғасуда. Педагогиканың шеберлік және мұғалімнің балалардың, ата-аналардың және өзінің әріптестерінің арасындағы беделі бағаланбай келеді.
2.2. Сынып жетекшісінің ата-аналармен бірлестігі.
Баланы өмірге бейімдеуде мектеп, ұстаз және ата-ананың орны бөлек. Туындаған тәсіл-тәрбиедегі жарасымдылық мектеп пен ата-ана, әлеуметтік орта бірлесіп жұмыс істегенде ғана үйлесімділік табады. өйткені, баланың өмір сүруге құштарлығының оянуы өзін қоршаған ортасына, ұстазға, ата-анаға, құрбы-құрдастарына, олардың күнделікті іс-әрекетіне, жүріс-тұрысына, сырт көрнісіне, сөйлеген сөзіне, әдептілігіне т.б. қасиеттеріне байланысты.Халық «Ұяда не көрсең, ұшқанда соныілерсің» деп тегін айтпаған. Баланың қоғамдық әлеуметтік дамуы жанұяда өз орнын алуынан басталады. Ата-ана балаға жеке тұлға ретінде баға беріп, дамытып жетілдіреді де, аяқтандырған балапанын мектепке табыс етеді. Осыған сәйкес жасөспірім талабын қанағаттандыратын, қоғамның, ұлтымыздың ұстанған бағытымен сабақтас келетін тәрбие жүйесін жүзеге асыру- педагогиканың ұжымның басты міндеті.
Тәрбиедегі ата-ананың ролі бала тәрбиесі- ата-ана үшін күрделі де жауапты міндет. Жас шыбық иілгіш болса, жас адам да сондай жақсыға да , жаманға да бірдей бейім болатыны баршамызға мәлім. Ата-ананың үйдегі іс-әрекеті балаларының көз алдында өтеді. Сондықтан жақсы, жаман әдетіміздің бала тәрбиесінде ықпалы зор.
Бала тәрбиесінің алғашқа алатын қазығы- туған ұясы, өз отының басындағы ата-анасының тәрбиесі, өнегесі. Қазақта «Баланың бас ұстазы- ата-ана» деген сөзі бар. Жас кезінде дұрыс тәрбие алмаса, есейе келе тәртібі қиындап, оқу үлгерімі нашарлап кетеді. Мұндай жағдайларда « не істеу керек» деген ой туады. Әрине, ата-аналар балаларының оқу-үлгеріміне күнделікті назар аударып, оны қадағалап отыруы қажет. Тәрбие ешқандай үзіліс, демалыс күндер дегенді білімейді.
Ұлы ғалым, философ Әбу Насыр әл Фараби « Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие керек. Тәрбиесіз берілген білім- адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның өміріне қауіп әкеледі» - десе, Жан Жак Руссо « Бала туғанда ақ қағаздай таза болып туады , оның үстіне шимайды қалай салсаң, қағаз бетіне солай түседі, бала тәрбиесі сол сияқты, өзің қалай тәрбиелесең солай тәрбиеленеді» деген екен. Бұдан шығатын түйін, бала тәрбиесіне ең әдемі оның өз ата-анасының еңбекқорлығы, ұстамдылығы, ақыл-ойы, сана –сезімі, адамгершілігі әсер етеді.
Сондықтан ата-ана, қстаздар жас ұрпаққа жан-жақты тәрбие беруді назарда ұстағаны жөн.
Ата –аналармен жұмысты ұйымдастырудың негізігі міндеттері мыналар :
Оқу жылының басында жіне оқу тоқсанының қорытындысында сыныпта ата-аналар жиналысын тұрақты түрде өткізіп тұру. Жалпы ата-аналар жиналысында мектептің оқу-тәрбие жұмысының барысы, алдағы міндеттері туралы есеп беруін ұйымдастыру.