Ұстаз болу жүректің батырлығы

Автор: Пользователь скрыл имя, 02 Апреля 2013 в 20:38, реферат

Описание работы

Міне, жадырап жаз өтіп, алтын күз де келіп жетті. Табиғаттың осы бір жыл мезгілін әркім-ақ сыңғырлаған жез қоңырау үнімен, мектептегі мұғалімдер мен оқушылардың қарбалас, сағыныса табысқан қуанышты сәттерімен елестетеді. Жаңа оқу жылымен қатарлас келетін Мұғалімдер күні де күздің үлесіне тиіпті. Мектеп қабырғасынан әлдеқашан алыстап кетсе де, бойында жылуы бар әрбір парасатты азамат әліп үйретіп, білім теңізіне жетелеген ұстаздары мен балалық шағының талай қызықты күндеріне куә болған алтын ұя – мектебін әрдайым үлкен сағынышпен, құрметпен еске алып отырады.

Работа содержит 1 файл

ұстаздық дастаны.doc

— 315.00 Кб (Скачать)

 

1. Қына басқа бітеді / тасқа

Білім шашқа бітеді /басқа

2. Біліп тұрсаң да, сұрама / сұрап ал

3. Аз біл, көп сөйле /Көп біл, аз сөйле

4. Бір елі ауызға

Бес елі қақпақ / Екі  елі

5. Көрмес – шошқаны да көрмес /түйені

6. Өнер алды – ұзын тіл /қызыл тіл

7. Жығылып жатып, жығылғанға күлме /сүрінгенге

 

Әліппе: Жарайсыңдар балалар! Мына тапсырма  ең соңғы тапсырма. Сендердің міндеттерің “Отан”, “Туған жер” тақырыбына, мейлінше көп мақал-мәтелдерді еске түсіріп айту. (Көп мақал-мәтел айтқан балаларға жұлдызшалар таратылады)

 

Жүргізуші: Жарайсыңдар балалар! Тапсырмаларды өте жақсы орындап шықтыңдар. Білімге бай екендеріңді байқаттыңдар.

(Ойын соңында көп  жұлдызшаларға ие болған оқырман  “Жеңімпаз” аталып, сыйлықпен марапатталады).

 

Жүргізуші: Міне, осымен біздің ойын-мерекеміз де аяқталып қалды. Құрметті ұстаздар!  Көңілдеріңіз көктемдей болсын, өмірлеріңіз мәнді, сәнді қуанышқа тола берсін! Келгендеріңізге көп рахмет!

(Бәрі бас иеді). Хормен  “Ұстазым” әнін орындайды.

 

 

ҰСТАЗ – АТЫ  МӘҢГІЛІК,

ЖАДЫМДА ҚАЛАР  ЖАҢҒЫРЫП!

(Ойын- байқау)

 

Мерекеге екі топ қатысады. 1 – мұғалімдер, 2 - оқушылар. Әр топ мүшелерінің кішкентай кездеріндегі суреттері, оқу құралдары, “Таза парақ”, “сызғыш”, “өшіргіш” сөздерін жазуға арналған үлкен әріптер, 2 қалам. Зал  кітап көрмесімен, гүлдермен безендіріледі. Мереке сәлемдесумен, құттықтаумен басталады.

 

1-оқушы: Құрметті ұстаздар! Сіздерді төл мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз. /Оқушылар ұстаздарына арнап өлеңдер оқиды, ән шырқайды, гүл сыйлайды/

 

Қоңырау сөзі:

“Күміс көмей, жез  таңдай,

Үні ашық”, - деп мені

Таңдап жаршы қойғандай,

Жер жүзінің мектебі

 

Шәкірттерді қарсы алып

Сыныптарға ендірем.

Бітсе сабақ жар салып,

Бәйек болып мен жүрем.

 

Біз сіздер оқытып жүрген барлық пәндерді ардақтаймыз. Сөздеріңізді ықыласпен ынта қойып тыңдап, пән атаулыны зер салып оқып, үйреніп жүрміз. Жан-жақты білім бергені үшін әрбір пән мұғаліміне алғысымыздың шегі жоқ.

 

2-оқушы:   Анашымдай сыр шерткен,

Ақыл, білім үйреткен.

Ана тілін оқимын,

Ерекше зор құрметпен.

 

3-оқушы:   Математика сабағын

Жақсылап ұғып аламын

Сәулесі де сананың,

Мәнінен ой табамын.

 

4-оқушы:   Ұлтын сүйген баламын

Ұлтым тілі – анамның.

Қазақ тілі – ортақ  тіл,

Тілімнен ой табамын.

 

5-оқушы:   Шыңдап күнде мен енді,

Шынықтырам денемді.

Сүйемін ән-күй сабағын,

Суретті сәндеп саламын.

 

Бәрі/ қосылып/:           Білім берген біздерге

Рахмет Сіздерге.

 

Көркемсөз оқушы:       Қоңырау сөзі

 

Алып менің тілімді,

Ата-анаң да тыңдаған.

Ұмытпайды үнімді,

Мамандар сан мыңдаған.

 

Өзім – кіші, дәу  ісім,

Мұғалім де сыйлайды.

Сыңғырлаған дауысым,

Жалқауларды қинайды.

 

Айтқан әнім бұл менің,

Сағынарсың кәрі–жас.

Өмір бойы біргемін,

Балғын шағың ұмытылмас!

 

Жүргізуші: Ал қазір құрметті ұстаздар, сіздер үшін көңілді үзіліске қоңырау соғылады. Сіздерді көңілді байқауларға шақырамыз. Байқауға 2 топ қатысады.  Ал енді әділ қазылар алқасын сайлауымыз керек. Олар:

- ең әділ және қатал оқушы

- ең әділ және қатал ата-ана

- ең әділ және қатал мұғалім

/Әділ қазылар алқасы сайланады/.

 

1-байқау “Бұл не?”

 

Әр топтан бір адам қатысады. Шарты: Көзі жұмулы қалыпта  заттарды қолымен ұстап, атын табу керек.

 

2-байқау “Тамаша мұғалім”

 

Топ мүшелері бір-бір  парақтан алып, “тамаша мұғалімге” тән қасиеттерді жазады. 2 топтың жауабындағы ұқсастықтар бағаланады.

 

3-байқау “Бұл кім?”

 

Мұғалімдерге оқушылардың  кішкентай кездеріндегі суреттері  беріледі, ал оқушыларға мұғалімдердің. Дұрыс жауап бағаланады.

 

4-байқау “Сенесіздер  ме?”

 

2 топқа да бірдей  сұрақтар беріледі:

1. Жапонияда оқушылар тақтаға түрлі-түсті сиямен жазады. /Ия/

2.Австралияда бір-ақ  рет пайдалануға жарайтын тақталар  қолданады екен. /Жоқ/

3. Автоқалам Ежелгі Египетте пайда болған /Ия/

4. Шарикті қаламды тек қана әскери ұшқыштар пайдаланған. /Ия/

 

Жүргізуші: - Тыныштық сақтаңыздар! Мұғалімдерге арналған емтиханымызды бастаймыз. / Мұғалімдерге шарлар үлестіріледі. Әр шардың ішінде сұрақтар бар. Мұғалімдер шарды жарып, сұрақтарға жауап беруі керек/.

 

Сұрақтар:

 

1. Домбырада – жетеу, сырнайда – алтау, қобызда бесеу. Бұл не? /әріп/

2. Бұл санда қанша әріп бар болса, сонша сан бар. Ол қай сан? /Жүз/

3. Жел соққанда тау ық бола ма? /Ық болады/

4. Теңізде қандай тас болмайды? /Құрғақ/

5. Ертістің ортасында не бар? /Т әріпі/

6. Өзі судан шығады, бірақ судан қорқады. Бұл не? /Тұз/

 

Жүргізуші: Әділқазылар алқасы байқау қорытындысын шығарғанша, енді ұстаздар кезек-кезек билет алыңыздар. Сол билеттегі сұрақтарға дұрыс жауап таңдап алу керек.

 

№1 билет. Сыныпта сіз  үшін ең сүйікті оқушы болу керек  пе?

№2 билет. Сабақта ұйықтап қалған оқушыны оятасыз ба?

№3 билет. Сабаққа жиі  кешігіп келесіз бе?

№4 билет. Ата-аналарға балалардың тәртібі туралы хат жазасыз ба?

№5 билет. Сабақта анекдот  айтқан кезіңіз болды ма?

 

Жауаптар:

1. Жоқ, ұстаз үшін  оқушының бәрі бірдей.

2. Мүмкін, менің көңіл-күйіме қатысты

3. Ойланып көремін.

4. Ойымда да болған емес.

5. Ешқашан, тапқан екенсіңдер, онда тұрған не бар?

 

 

Жүргізуші:  Ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған батыр да, тілінен бал тамған ақын да, тегеуріні темір балқытқан жұмысшы да, егін салған диқан да, мал бағып терін төккен шопан да, көк күмбезінен әрі өткен ғарышкер де бәрі-бәрі ұстаздан білім, тәлім алған, сондықтан ұлағатты ұстаздар сіздерге бүкіл адам баласы құрметпен бас иеді.

/Көңілді күй, сахнаға  оқушылар шығады, олар ұстаздарға  біркелкі бас иеді/

 

Көркемсөз оқушы 1: Ғұлама, білгіш ғалымнан

Оқушы жас жалыннан,

Мархабатты ойшылдан,

Мал өсірген қойшыдан,

Жазушыдан, ақыннан,

Ғарышкерден – Батырдан

 

Көркемсөз оқушы 2: Өнері асқан актерден,

Ырыс қазған шахтерден,

Мың бұралған  бишіден,

Ой тербеткен күйшіден,

Оқыған жас-кәріден

Оқушының бәрінен,

 

Бәрі /қосылып/:  Ұстаздарға мың сәлем!

 

“Ұстаз” әні шырқалады. Сөзін жазған: Сая Итеғұлова

Сазын жазған: Есенжол  Өтебасов

 

Жүргізуші:     Мереке құтты болып, мерейлеріңіз арта берсін,  ұлағатты ұстаздар!

 

ҰСТАЗ – ҰЛЫ  ТҰЛҒА

(Әдеби-сазды кеш)

 

Безендірілуі: Кітапхананың оқу залы. Мұғалімдер күніне арналған “Ұстаздарым, думан болсын әр күнің” атты кітап көрмесі ұйымдастырылған.  Плакатқа жазылып нақыл сөздер,  түрлі-түсті шарлармен ілінеді, гүлдермен әсемделінген.

 

Қатысатындар: Жүргізушілер, оқушылар

 

Жүргізуші:      Құрметті Ұстаздар! Сіздерді мұғалімдердің кәсіби мерекесімен құттықтаймыз. “Ұстаз – ұлы тұлға” атты әдеби-сазды кешімізді бастаймыз.

 

Ұстаз!

Осынау сөзде қаншама мән-мағына жатыр десеңізші!  Ұлағатты ой иелері де, арман оты жүрегінде алаулаған жеткіншектер де, парасатты қоғам қайраткерлері де бір адамға қарыздар. Ол – Ұстаз! Алғаш “Әліппенің” бетін ашып, әріп танытқан, өмірдің қыр-сырын білуге, сан қилы құбылыстарды терең түсінуге мұрындық болып, жан дүниеңе нұрлы шуақ түсіріп, адамгершілікке баулыған мұғалімнің бейнесі көңіл төрінен орын алады ғой.

Ұстаз  да диқан сияқты. Ол әр адамның жанына білім дәнін  себеді. Әр шәкіртін аялап өсіріп, өмір атты шексіз ғаламға топшысын қатайтып ұшырады. Дәлірек айтсақ, адамды өмір сүре білуге тәрбиелейді. Сол үшін бойындағы асыл қасиеттерін шәкірттеріне сіңіріп, тер төгеді.

 

Бірінші оқушы: Ұстаз еңбегі – ұлы еңбек. Сондықтан да ұлы ақын Абайдың:

Ақырын жүріп, анық бас,

Еңбегің кетпес далаға.

Ұстаздық еткен жалықпас

Үйретуден балаға, - деп  айтуында терең мағына жатыр.

Егер әр адамның жүрегінде  ізгілік сәулесі болса, ол – мұғалімнің еңбегі. Сол нұрды жеткіншектің жүрегіне  сіңіру үшін қаншама тер төкті  десеңізші! Дүниеде адамды тәрбиелеп, азамат атандырғаннан артық абырой мен құрмет жоқ шығар, сірә?!

 

Екінші оқушы: Айтсаң, жеткіншектердің  жүрегіне ізгілік сепкен, тәрбиелеген мұғалімнің еңбегін айт! Шынында, ұлы да ұлағатты еңбек емес пе?!

 

Үшінші оқушы: Әр жылдың қыркүйек айында ұстаздар өзінің  сүйікті шәкірттерімен жүздеседі. Мектептің маңдайшасындағы “Хош келіпсіздер!” деген сөздерден ұстаздардың дарқан жан дүниесі аңғарылады. Қоңырау үні сыңғарлай естіледі. Кішкентай бүлдіршін күліп қойып, жез қоңырауды соғып тұр. Ол үшін бұл жай ғана қоңырау емес, қол бұлғап, алға қарай шақырған өмір қоңырауы іспетті.

 

Барлығы хормен:

Қоңырау үні үзілмесін, ұстаз! Әуелей берсін, әсем сазды жез!

Қоңырау үні! Еңбегің  жансын, сүйікті мұғалім! /Осы сөздер айтылып жатқанда қалған оқушылар сахнаға шығып, бастаушылардың артына тұра береді. Хормен “Ұстазым” әні орындалады.

 

Бірінші оқушы:  Білімнің кәусар бұлағын

Жүресің құйып санама

Біз үшін сенсің, мұғалім,

Ұстаз да, ғалым, дана да.

 

Екінші оқушы:  Қыр-сырын зерттеп заманның,

Ұлылығын айтып бабамның

Өнеге, өріс беретін

Барометрі сенсің адамның.

 

Үшінші оқушы:  Сағыныш сазы толқытқан,

Арнамақ сөздің мәйегін.

Шәкірттерің оқытқан

Келіп тұр жолдап сәлемін!

 

Төртінші оқушы: Өмірдің ұғып тереңін,

Өркен жайған қауымым

Қабыл ал жүрек сәлемін,

Құлақта сенің әр үнің!

(Бір оқушы мұғалімдерге  арнап ән орындайды)

 

Бесінші оқушы:  Ұстаздардың ұлағатты сөзінен,

Өмір бойы таусылмас  нәр аламыз.

Ұстаздардың мейірімді  көзінен,

Бізге деген жылылықты  табамыз.

 

Алтыншы оқушы:  Ұстаздар! Қандай ғажап халықсыздар!

Шәкіртке шыңдай биік алыпсыздар.

Жан біткен жанарына нұр сыйлаған,

Күндей боп күлімдеген жарықсыздар.

 

Жетінші оқушы: Жаралған жақсы үміт пен мұраттардан,

Жансыздар әлдилеген  шуақты арман.

Жатталсын есімдерің  жан жүректе,

Адамның аяулы әні  сияқталған.

 

 

Сегізінші оқушы: Жүрегіміз түкпірінен ән қылып,

Шырқай оған айттық біздер тілекті.

Ұстаз аты биік, әрі  мәңгілік,

Тербетеді сезім менен  жүректі.

 

Тоғызыншы  оқушы: Бірге өсіп, ен жайлаған ұл менен қыз,

Асыға сәлем жолдап жүректен біз.

Тәтті күй, асқақ ән мен әсем биді,

Сіздерге тарту етіп ұсынамыз.

(Бір-екі ән, немесе би биленеді)

 

Жүргізуші:  Құрметті ұстаздар! Белгілі жазушы, ұстаз,

сықақшы Әдібай Табылды ағамыздың 

“Ұстаздық оңай ма?”   

                                атты скетчінің көрінісін қабыл  алып, 

                                 тамашалаңыздар!

 

Қатысушылар: Әділет – еңбек ардагері, Тәлтік – жас мұғалім.

Сахнаға Әділет шығады.

 

Әділет: Амансыңдар ма, ардақты шәкірттерім менің?!

Шат-шадыман болып, Тәлтік келеді.

Тәлтік: Ассаламалайкум, ағай! Сәләмет саусыз ба?    Денсаулығыңыз...

Әділет: Кел, айналайын! Әке-шешең аман ба? Қандай жаңалығың бар?

Тәлтік: Бәрі жақсы, ағай... Мен өзіміздің мектепке мұғалім боп келдім.

Әділет: Өз ауылыңа келгенің жақсы бопты. Келген қадамың құтты болсын!

Тәлтік: Ағай, осы... ауылға, атаға бөлу, меніңше, дұрыс емес...

Информация о работе Ұстаз болу жүректің батырлығы