Автор: Пользователь скрыл имя, 02 Декабря 2012 в 12:45, курсовая работа
Осындай қағидалардың негізіне сүйене отырып, жеке бастың салауатты өмір сүру бағытының негізгі мәселесін зерттейміз
Курстық жұмыстың мақсаты салауатты өмір салтын оқушыларда қалыптастырудың педагогикалық негіздері
Міндеттері:
- Салауатты өмір сүру салтының педагогикалық негіздері
- Салауатты өмір сүру салтының мағынасы
- Салуатты өмір сүру салтын мемлекеттік деңгейде реттеу
- Салауатты өмір сүру салтын оушыларда қалыптастыру
- Салауатты өмір салтын қалыптастырудың мектептегі негізгі бағыттары
- Салауатты өмір салтын қалыптастыру бойынша ашық сабақтар ұйымдастыру
КІРІСПЕ
І САЛАУАТТЫ ӨМІР СҮРУ САЛТЫНЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Салауатты өмір сүру салтының мағынасы
1.2 Салуатты өмір сүру салтын мемлекеттік деңгейде реттеу
ІІ САЛАУАТТЫ ӨМІР СҮРУ САЛТЫН ОҚУШЫЛАРДА ҚАЛЫПТАСТЫРУ
2.1 Салауатты өмір салтын қалыптастырудың мектептегі негізгі бағыттары
2.2 Салауатты өмір салтын қалыптастыру жұмыстарын ұйымдастыру
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Сонымен қатар «Адам өзінің дені сау ,бақытты сезіну үшін не істеу керек?» деген сұрақты негізге ала отырып, салауатты өмір салтын қалыптастыруда сынып сағатында «СПИД - деректер мен дәйектер»деген тақырыпта баяндама оқыдым. Ондағы мақсатым адам экологиясына кері әсерін тигізетін жазылмас дерттен сақтану,өзін-өзі лас жолға бейімдемеу жолдары туралы толық мағлұматтар беру.Оқушылардың өз пікірлерін ортаға салу мақсатында қызуқанды тартысқа түсіп,болашақ ұрпақтың сақталуына келеңсіз жағдайлардан әруақытта аулақ болуға жұмыстануды өрбітті. .[№4,11бет]
Салауатты өмір салты –ол адам экологиясының таза болуы. Осы мақсатта наркомания ,СПИД,арақ ішу,шылым шегу.т.б қоғамға үлкен кеселін тигізіп отырған бұл дерттің алдын - алу шаралары мен таныстыру,үйрету мақсатында «Сәнге берілу ме,әдет пе, әлде ауру ма?», «Дені саудың - жаны сау», «Нашаға жол жоқ» деген тақырыптарда пікірлесу кештері ұйымдастырылып,кештің қонақтары мектеп медбикесі, салауаттану пән мұғалімдері оқушыларға дәрігер тілімен сындарлы ,саналы етіп жеткізе білді. Оқушылар сұрақтар қойып,тақырыптың негізгі идеялары ашық айтылды.Кітапханадағы «Салауатты ұрпақ - ұлт байлығы» атты көрмемен таныстыруды жоспарладым.
Оқушылар ЖҚТБ-ға қарсы жаңа ақпараттармен кітапханашылар арқылы танысып білді. Онда «Есірткінің жас өмірді улаушы» атты бөлімінде есірткінің адам өміріне зияны туралы тәжірибелер,көрсетулер арқылы толық мағлұмат,түсінік берілді. «Есірткі есікті қағып тұр», «Ужас норкоманий», «Есірткі меңзеген есалаң өмір» атты газет бетіндегі мақалаларды оқып,таны-сып, талқылады. «Дүниені дүрліктерген дерт» бөлімінде АН-1,N-1,құс тұмауы ауруларының кеселі, одан қорғану жолдарымен танысты. Мектеп кітапханашысы Сүгірова Фариданың «СПИД абайламаса адамды аямайды» атты өткізген дөңгелек үстеліне сынып оқушылары қатынасып,өздерінің СПИД туралы деректерімен таныс екендіктерін дәлелдей білді.Дөңгелек үстелдегі берілген сұрақтарға сыныбымның оқушылары дұрыс,нақты жауаптарын таба отырып,өз белсенділіктерін көрсетті.
Оқушыларды салауаттылыққа тәрбиелеуде кітапханамен тығыз байланысуды жоспарға қойдым. Салауатты өмір салтын қалыптастыру оқушының ағзаны улайтын заттардан аулақ болып, саналы азамат болып тәрбиеленуіне үздік үлесімді қосып,оқушыларды мектепішілік шараларға қатынасуға үнемі бағыт беріп отырамын. «Тәні тазаның - жаны таза»- дейді қазақ.
Салауаттану білімі мен тәрбиенің бірлескен жүйесі оқушының денсаулығын сақтауға және нығайтуға көмектеседі. Сондықтан, оқушылардың дені сау болып, сапалы білім алуы үшін бүгінгі заман талабына сай игі дәстүрлер мен құнды әдеттерді қалыптастыра отырып, салауатты өмір сүрудің құндылығына, қажеттілігіне оқушының көзін жеткізіп, оны іске асыру жолдарын көрсетіп, нақты шешім қабылдауға үйретуіміз керек.
Суға жүгіріп келіп,қарғып яки секіріп түспе, суға кетесің. Су ішінде бір орында түрма, отырма, жүзе бер, жүзе бер, көбірек қимылда. Су ішінде он-жиырма минуттан (көп дегенде шәй қайнатым уақыттан) артық болма. Дірілдей бастасаң, тезірек судан шық. Судан шығысымен әуелі денеңді сүртіп қүрғатып, киініп алған соң, жылынғанша серуенде. Жылы, тымық күні Судан шыққан соң, жалаңаш денеңе біраз күн тиіп түла бойыңды жел қақсын. Аурудан әбден айықпаған әлсіз адамға тымық, жылы. күні ғана суға түсуге болады. Суға түсу шарттарын әбден біліп ал. Осы шарттарды елемесең, түрлі бақытсыз оқиғаларға душар боласьң.
Жуынғанда тұла бойыңдағы кірің кетеді. Теріңдегі бітеліп қалған тесіктері ашылады. Терің көнбісті болып шынығады. Сондыктан жиірек жуын.
Жылы суда дене кірі тезірек ериді. Сабының жылдамырақ көпіреді. Сондықтан салқын судан гөрі жылы су денеңдегі кіріңді тез а лады.
Өте жылы су әсіресе күнде жуынғанда қаныңды тасытып, денеңді болбыр етіп, нәзіктендіріп жібереді. Бұл есіңде болсын. Жылы суға яки моншаға түскен соң, денеңді жәйімен бірте-бірте салқындат. Суықтан сақтан.
Шомылып шыққаннан кейін үстіңді таза орамалмен (сүлгімен) немесе дәкемен әбден сүртіп құрғат. Денеңді таза ұстау үшін жуынғаннан кейін іш киіміңді (көйлек-дамбалыңды) жиі ауыстырып түр. Ең болмағанда көйлек-дамбалыңды аптасына бір рет ауыстыр.
Қара жұмыс істегенде ауыстыратын екі киімің болсын.
Күндіз кигеніңді түнде шешіп жайып, түнде кигеніңді күндіз жайып ауыстыр.
Тер, түлеген тері, теріңнен шыққан май, басқа зиянды
нәрселердің бәрі ішкі киімге сіңеді. Бұл заттар шіри бастайды, шіріктің әсерінен колтықтарыңның, башайларыңньң арасы секілді жерлерде қолаңса, шуаш пайда болады. Шіріктің салдарынан тері жидіп түлейді, қызылшақа болады, түрлі жара түседі.
5. Өзіңді, тамағыңды таза
ұста, ішкен-жеген сайын және
Ең болмағанда тісіңді күнде кешкісін жатарда бір тазала. Мәсуегіңнің қылы тым қатты не өте жұмсақ болмасын. Күтеперіштен жасалған тіс тазалағышты колданба.
6. Таза ауада (сыртта) көбірек қимылда (серуенде, ойна, жүгір, тағысын тағы).
7.Өте жылы киінбе, басың жеңілдеу нәрсе ки, мойныңды ашық ұста. Шаш қойма.
8. Дененді тар киіммен, белбеумен, түрлі баумен байлап қыспа.
9. Аяқ киіміңнің (етігіңнің) ұлтаны табаныңа лайық болсын. Өкшесі жалпақ, аласа болсын. Биік өкше өте зиянды болады.
10. Киімің әсіресе шұлғауың байпашің (шұлығың) суланса шапшаң шешіп таста, құрғақ киім киіп ал.
11. Бөгделердің киімдерін, әсіресе бет орамалын, қол орамалын пайдаланба, бөркін, көйлек-дамбалын киме. Ауру адамның, өліктің киіміне жолама.
12. Өте көп ішіп-жеме. Бұзылған астан, сіңімсіз тамақтан, әсіресе тәттіден бойыңды аулақ сал. Жас балаға тәтті беріп үйретпе. Асты жөнімен ішіп-же, күніне үш мезгілден артық тамақтанба, уақыты асқан тамаққа әуес болма. Пияз, тұз сияқты тағамдарды асқа көп салма. Қызыл бұрыш, хрен секілді нәрселерді асыңа салма. Ауырған, арам өлген малдың етін, шала піскен, иістенген, бұзылған етті, жемісті жеме. Ауруға шалдығасың.
13. Арақ, боза секілді есірткі ішімдіктерге жолама. Наша шекпе, көкнәр жеме! Диюана боласың. Шәйды, кофені қып-қызыл қыльш ішпе, сұйықтау етіп іш. Бүларды ұйқтардың алдында ішпе.
14. Тамаққа отырар алдында қолыңды жу. Тамақты қазақша, қолмен жесең, қолыңды сабындап жу.
15. Ауру, саулығы күмәнділеу адаммен табақтас болма. Ешкімнің де сарқытын ішіп-жеме.
16. Аяқ-табақ, қасық-аяқ, пышақ-шанышқы секілді ас ішетін аспаптарыңды таза ұста. Олардын өзіңе меншіктісі болғаны жөн.
17. Жуып-тазаламай тұрьш, басқалар колданған аяқ-табақты, шанышкы-пышақты, ожауды, кесені, тағы басқаларьн таза ыдыс-аяқтарға араластырмай, ыстық суға кайнат.
18. Ерте жат, ерте тұр, оянған соң төсекте еріншектеп жатып алма. Оянысымен төсектен тұрып кет. Төсекте керіліп жата берсең, еріншектігің ұстап, бүгінгі істейтін жұмысыңа зауқың болмайды.
19. Кешке ұйқтардын алдында ауыр жұмыс істеп өзіңді-өзің шаршатпа. Болдырсаң, дұрыстап ұйқтай алмайсың.
20. Ұйқы адамға күш жинап, қуат береді. Адамға пайдалы ұйқы — түс көрмей қатты ұйқтау. Түнде ұзақ отырып істеген ми жұмысы адамның ұйқысьш бұзады, адамды ұмытшақ етеді. Сондықтан денсаулықты сақтау ережесі саған «ерте жат, ерте тұр, сонда ғана ұйқы сені тынықтырады» дегендей кеңес береді.
21. Ұйқының ұзақтығы жасқа карай түрліше болады. Тәулігіне емшектегі балаға 16-20 сағат, 10-12 жашр балаға — 9 сағат, бозбалаларға — 8 сағат, үлкен кісіге 6-7 сағат ұйқы жетіп жатыр.
22. Еш уақытта біреумен қойындасып жатпа, жеке жатып үйрен. Басқа кісінің төсегіне жатпа, төсек-орнын, жастығын, көрпе жаймасын қолданба.
ІІ. Сабақ үстінде денсаулығыңды ойласаң…
1. Жазу жұмысына отырғанда жарық (терезе, шам) сол
жағыңда бол сын.
2. Жазу үшін отырғаныңда
астыңдағы орындығыңның
Жазғанда тік отыр. Көкірегіңмен үстелдің шетін кидірмелеме.
3. Үстелге отырғанда екі білегіңді шынтағыңа дейін үстелдің үстіне салып отыр. Астыңдағы орындығың аласа болса, үстіне көпшік немесе басқа нәрсе салып, керегінше биіктет.
4. Үстелге отырғанда табаныңды жерге — еденге тегіс тигізіп тіреп отьір. Аяғың жерге (еденге) жетпесе, табаныңның астына тақтай (сандыкша, жәшік) қойып, басып отыр.
5. Үстелге отырғанда аяғыңды орындықтың астына қарай бүкпе, не болмаса бір аяғыңды екінші аяғыңнын үстіне салып айқастырма. Аяғыңның тізеңнен төменгі балтыр жағы тік тұрсын.
6. Орындықтың үстінде тік отыр. Арқаңды орындықтың арқалығына таяп, сүйеніп отыр. Басыңды төмен еңкейтпе.
7. Жазғанда екі білегің шынтаққа дейін тегіс үстелдің үстінде жатсын. Сол қолыңмен қағазды басып, керегінде ілгері жылжытып отыр.
8. Жазатын қағазыңды оң жаққа таман, қарсы алдыңа
қой.
9. Оқығанда орындығыңды үстелден аз-кем кейіндеу қойып, кітабыңды екі қолыңмен ұста. Кітаптың төменгі жағы үстелге тіреліп тұрсын, жоғарғы жағы үстелден көтеріңкі болсын.
Оқығанда көзің кітбыңның бетінен ең кем болғанда 32 сантиметрдей (2 сүйемдей) қашықта болсын.
10. Орындыққа отырғанда криімің астында бүктетіліп жатпасын. Сондықтан еркек балалар ықшамдау шалбар, қысқа бешпент кисін.
Қыз балалар орындыққа көйлектерін тегістеп, бүктесінсіз қылып отырсын. Отырып алған соң, астыңдағы көйлегіңді дұрыстаймын деп қолыңмен тартқыштама.
Салауатты өмір салтын насихаттауда және сәбилердің, жасөспірімдердің, жастардың өмір дағдыларын қалыптастыруда білім беру жүйесінің рөлі айрыкша. Салауатты өмір салтының негізін, оның нормалары мен ережелерін қалыптастыру мектепке дейінгі және мектептегі тэрбиелеу мен оқыту кезеңдерінде жүргізілу керек. Осы кезеңде жеке тұлғаның әдептілік, адамгершілік, рухани, адалдық қасиеттері мен гигиеналық дағдылары қалыптасады.
Адам баласы өзін қоршаған ортаның құбылыстарын, оның пайда болуы мен даму себептерін шындық тұрғысында танып білді. Ол ғылымда ашылған әрітүрлі құбылыстардың зандылықтарын ғылыми пәндер негіздерінде айқын таниды.Дүниетанымда адамның сенімі мен мұраты үлкен рөл атқарады. Сенім болмаған жерде өмір болмайды. Сенім — терең, таиянақты ойланып айтылатын идеялардан жиынтыты. Әртүрлі идея адам сенімінің негізгі, шындықты терең тануы. Оның соңынан еріп отыру қажет.Сенім жеке адамның өмірлік ұстанымыныяң беріктігін анықтайды, мінез-құлқын сипаттайды. Дұрыс сенім, дұрыс іс-әрекет кепілі.Адам мұраты -адам баласының жоғары мұрат-мақсаттары өмірге ұмытылушылығы, талаптанушылығы.
Жан және тән саулығы адамның жалпы жеке денсаулығының ажырамас бөлігі болғандықтан ұдайы үйлесімді бірлікте болуға тиіс. Тән саулығы жан саулығына ықпал етеді жэне рухани бақылау тән саулығын сақтау үшін қажетті шарттарды жасайды.
Зерттеудің нысаны: Адам денсаулығының басты құрайтын көздері оның рухани және тәндік жағдайы болып табылады. Әлеуметтік көздерін құрайтындар әлеуметтік байланыстар мен жеке адамдар арасындағы қарым-қатынасты көрсетеді және адамның рухани саулығының ажырамас бөлігі болып табылады.
Жан саулығы - бұл біздің
ақыл-ойдың, тәніміздің, денеміздің саулығы.
Ақыл-ой - бұл қоршаған әлем мен өзіңді
тану қабілеті, бұл болған оқиғалар мен құбылыстарды талдау, өз өміріңе
негізгі ықпал ететін аса ықтимал оқиғаларды
болжау, қойылған міндеттерді шешуге,
өз мүдделеріңді, өміріңді және шынайы
қоршаған ортаның саулығын қорғауға бағытталған
үлгі (бағдарлама) жасай білу.
Дүниетаньмның қалыптасуы ұзақ және күрделі үрдіс. Сондықтан
да ол адам өмірін түгел қамтиды. Нәтижесінде
жеке көзқарастар және сенім жүйесі дамиды
қалыптасады, олар жеке адамның әрекет
жасауына басшылық етеу.
Дүниетаным тек оқу процесінде немесе
тәрбие процесінде ғана дамып қалыптаспайды.
Ол күнделікті өмірде, тартыс-таласта,
отбасында да қалыптасады. Бірақ ол ғылыми
дүниетанымға сүйеніп таразыланады. Әрине,
оған жоғарыда көрсеткеніміздей өзіндік
көзқарас, сенімнің атқаратын рөлі ерекше.
Шәкірттердің дүниетанымын қалыптастыруда сол дүниетанымның өзіндік атқаратын қызметін білгеніміз жөн.
Ең маныздысы оқушылар
жас шамасның мүмкіндігіне сай дүниеде
мәңгі қозғалыста және диалектикалық
дамитын материалдан басқа
Оқушылар дүниетанымының
қалыптасуда мектептің іс-
Барлығымыз біретінде
әр адам өмірде белгілі принциптерді
ұстанып өмір сүреді. Оларға байланысты
жүреді, тұрады, бергілі бір күнтүзбе
бойынша барлық өмірдегі жұмысын, қызметтерін
орындайды. Адамдардың ешқайсысы бір-біріне ұқсамайтын секілді,
олардың өмірге деген көзқарасы да, психологиясы,
ағзасының қажеттіктерін қамтамасыз ету
жолдары да түрліше емес пе? Олардың өмірдегі
көздеген мақсаттары, армандары сәйкес
келе бермейді. Әр адамның өзінінің өмір
сүру стилі мен ұстанып жүретін принциптері
бар. Адамның физиологиялық мүмкіншіліктері
мен психологиялық қасиеттеріне байланысты.
Өмір сүру стилі менімше бұл, мысалға алсақ адам белгілі бір күнтүзбемен, принциппен өмір сүреді. Яғни өзіне белгілі бір уақытта спортпен шұғылданады, мектепке барады, кітапханаға барады, жұмысқа барады, демалады, паркке немесе зоопаркке, бассейнге, түрлі үйірмелерге қатысады. Осының барлығы адамның өмір сүру принципін анықтайды. Ал ол өз кезегіне өмір сүру стилін құрудың негізгі критериясы.
Информация о работе Салауатты өмір салтын оқушыларда қалыптастырудың педагогикалық негіздері