Салауатты өмір салтын оқушыларда қалыптастырудың педагогикалық негіздері

Автор: Пользователь скрыл имя, 02 Декабря 2012 в 12:45, курсовая работа

Описание работы

Осындай қағидалардың негізіне сүйене отырып, жеке бастың салауатты өмір сүру бағытының негізгі мәселесін зерттейміз
Курстық жұмыстың мақсаты салауатты өмір салтын оқушыларда қалыптастырудың педагогикалық негіздері
Міндеттері:
- Салауатты өмір сүру салтының педагогикалық негіздері
- Салауатты өмір сүру салтының мағынасы
- Салуатты өмір сүру салтын мемлекеттік деңгейде реттеу
- Салауатты өмір сүру салтын оушыларда қалыптастыру
- Салауатты өмір салтын қалыптастырудың мектептегі негізгі бағыттары
- Салауатты өмір салтын қалыптастыру бойынша ашық сабақтар ұйымдастыру

Содержание

КІРІСПЕ
І САЛАУАТТЫ ӨМІР СҮРУ САЛТЫНЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Салауатты өмір сүру салтының мағынасы
1.2 Салуатты өмір сүру салтын мемлекеттік деңгейде реттеу
ІІ САЛАУАТТЫ ӨМІР СҮРУ САЛТЫН ОҚУШЫЛАРДА ҚАЛЫПТАСТЫРУ
2.1 Салауатты өмір салтын қалыптастырудың мектептегі негізгі бағыттары
2.2 Салауатты өмір салтын қалыптастыру жұмыстарын ұйымдастыру
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Работа содержит 1 файл

Бірінші байлық.doc

— 256.00 Кб (Скачать)

   Бүгінде мектеп  қабырғасында дене тәрбиесін  ұйымдастыру жүйесіне мыналар:

  • Дене шынықтыру сабақтары;
  • Факультативті сабақтар;
  • Дене шынықтыру және сауықтыру жұмыстары;
  • Сабақтан және мектептен тыс дене тәрбиесі  мен  спорттық іс-шаралар (үйірмелер, спорттық секциялар, жарыстар) жатады.

   Білім беру  саласында дене тәрбиесін   ұйымдастыру жүйесіне дене шынықтыру сабақтары жатады. Ол оқушылардың  жан-жақты жалпы дене дайындығын қамтамасыз етуді көздейді.

Дене тәрбиесі жүйесінің  негізгі міндеттері:

  • Қимыл-қозғалыстың жалпы бір кешенді түрлерін жасауға дағдыландыру;
  • Оқушылар әрбір қимыл-қозғалыстың  жылдамдығын, ырғақтығын қамтамасыз етіп, оның элементтері жайында түсініктерін қалыртастыру;

   Оқушылардың денсаулығын  нығайту  және дене тәрбиесінің  басқа да міндеттерін шешуде  дене шынықтыру сабақтарымен  қатар, сыныптан тыс дене тәрбиесінің  атқаратын қызметтері де ерекше.

   Сыныптан тыс  дене тәрбиесінің негізгі міндеттері:

  • Оқушыларды дене тәрбиесі жұмыстары мен спорттың  әр түрі мен айналысуға кең көлемде қатыстыру;
  • Спорттың әр түрлі бағыттарында олардың ұйымдастыру қабілеттерін шыңдау;
  • Олардың жалпы дене күштерін жетілдіріп және спортқа даярлығын арттыру және  спортқа деген қызығушылығын ояту;
  • Оқушылардың дене шынықтыру жаттығуларымен өз бетінше айналысуын тәрбиелеу;

   Сондықтан дене  тәрбиесінің сабақтан тыс жұмыстьарының   жүйесі оқыту процесінде атқарылған  спорттық ойындар  түрлерінің мазмұнымен тығыз байланысты болуы керек.

   Сыныптан тыс  дене тәрбиесі жүйесінің бағыттары:

  1. Оқушылардың санитарлық-гигиеналық  білімдері мен  түсініктерін тереңдету, оған қажетті біліктілік пен дағдысын қалыптастыру;

    Осы бағытта мектеп мұғалімдері, сынып жетекшілері мен дәрігерлер оқушылармен еңбек, демалыс және дұрыс тамақтану режимі,  дене гигиенасын сақтау, дене күштері мен денсаулықты шынықтыру  амалдарының маңыздылығы жайында әңгіме жүргізу, баяндамалар жасау, спортшылармен қызықты кездесулер ұйымдастыру, оқушылардың  жаппай спорт түрлерімен  айналысуға деген қызығушылығы және қажетсінуін тәрбиелеу.

  1. Оқушылардың денсаулығы мен дене күштерін шынықтыруда  табиғаттың мүмкіндіктерін пайдалану (күннің көзі, таза ауа, таза су т.б.). Мысалы, табиғат аясында серуен құру, саяхат жасау, туған өлкеге жорық жасау, әртүрлі спорттық жарыс ойындарын ұйымдастыру.
  2. Сыныптан тыс дене тәрбиесі жүйесінде оқушылардың спорттық жарыстарын, әртүрлі спорт түрлерімен және дене шынықтыру жұмытарын ұйымдастыру.

   Мысалы, спорт  секциялары мен үйірмелерін ұйымдастыру,  көпшілік спорт жұмыстары, спорттық  мейрамдары, әскери спорттық ойындар.

    Н.Ә.Назарбаевтың  «Қазақстан – 2030» жолдауында (1997) және «Слауатты өмір салтын  қалыптастыру»  бағытының бірі  – олардың дене тәрбиесін нығайту қажет екендігін атап көрсетті.

   Қорыта айтқанда, оқушылардың дене тәрбиесінің  нәтижесін арттыруда оқу және  сыныптан, мектептен тыс жұмыстарының  көптеген құралдары мен амал  тәсілдерін  кеңінен пайдалану  ықпалын оның педагогикалық міндеттерін іс жүзінде шешуге ықпалы және мүмкіншілігі зор.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.2 Салауатты өмір сүру салтын мемлекеттік деңгейде реттеу

 

    Денсаулық-  физикалық, психологиялық  және  әлеуметтік болып үшке бөлінеді. Организмде денсаулықтың осы  аталған түрлері бір-бірімен тығыз байланысты болады.

    «Салауатты  өмір салты» деген ұғым тек  үстіртін көз қарасқа ғана  жай дүние болып көрінуі мүмкін. Тән- тамақты шамалап жесең,  барынша еңбектенсең, уақтында  дем алсаң болғаны дегендей  ұғымды білдіреді.  Бірақ істеген ісіңнің, еңбек тәртібін сақтаудың  мейлінше пайдалы болуы үшін әркімнің психалогиялық ерекшеліктерінің де әсері зор екенін ескерген жөн. Тек психалогиясы сау адам ауруду болдырмауды, ауырған күнде қайтсе де одан арылуды мақсат етеді. Адамның ақыл-ойы, оның істеген ісіне, жұмыскерлігіне әсер еттетіні,  керісінше бір жері қатты ауыратын болса, ол адам тынышсызданатыны, мінез-құлқының  өзгеретіні де белгілі. Тіпті біреулер аурушаң келетін болса, екіншілері ауруы болмаса да ауруының барлығына өзін-өзі сендіріп,дәрігердің  абайламай айтқан  сөзіне сеніп,өзінше жобалап, мазасызданып жоқ ауруды өзіне бар дейтіндер де аз емес. Мұндай ауруларды медицинада ятрогендік (сендіруден болатын) ауру деп атайды. Кейде ауру күйзеліс жағдайды басынан кешірген немесе қатты ренжіген адамның ауыратыны да кездеседі. Осы айтылғанның бәрі  тән саулығын және әлеуметтік саулықты сақтау үшін психикалық саулықтың қажет екенін көрсетеді.

    Ауруды жұбату, оның жүрегінде сауығамын деген  сенім тудырады,  кейде бұл  дәрі ұсынылғаннан да пайдалырақ болады. Психика аурудың үдеуіне, сондай-ақ аурудан жазылуына рухани жағдай жасайды, яғни психика күйзелістің туындау себебі немесе оған қарсы төтеп беретін күш де бола алады.

    Бүкіл дүнйежүзілік  Денсаулық сақтау ұйымының мағлұматтары  бойынша  барлық аурулардың  45% күйзеліспен байланысты болмақ.  Сондықтан күйзелістің тетік-тегершінін білу, оның мүмкіндіктерін және күйзеліс қақтығыстарының алдын алу, оның кеселді салдарынан сақ болу қажет.

    Көп елдегі  тұрғындардың залалды дағдыларға  деген бой алдырудың, мұның етек алып, кең таралуын бірқатар  ғалымдар және алдыңғы қатарлы әлеумет басқа келген ұлттық  «апат» деп таниды. Адамзат  үшін  бұл дегеніміз «заманарық» зілзаласымен бірдей.

    Бұл бел  алған көпшілік кемістігін  «өркениет  ауруы» деп те атайды. Бірте-бірте осы дерт медициналық қана емес, сонымен бірге әлеуметтік сипат алып келеді.

   Дағды- бір не  бірнеше қимылды әлденеше рет  атқару қажеттілігінен туындайтын, сондай-ақ табиғатына таңылып  қалатын мінездегі «автоматтандырылған  элемент» осы. Динамикалық таптаурын істері туындайды, ми қыртысында кешенді шартты байланыстар, шартты рефлекстер тізбегі пайда болды.

     Егер де  осы шартты рефлекстер кешені  адам үшін пайданы  діттесе  және денсаулықты жетілдіруге  бағыттаса, жақсы ғой, айталық:  таңғы гимнастикамен шұғылдану,  ұйқы алдында серуен құру, тамақтану тәртібін бақылау т.б.  Бұлар –пайдалы дағдылар, бірақ дағдылардың басқа да түрлері бар, оларды залалды деп атайды. Тұлға ретінде өмір бойы өз мүмкіндігін жүзеге асыруға кедергі болатын, не мүмкіндіктен ажыратып ада қылатын  дағдылар бар, оларды да залалды деп есептейді.

Адам денсаулығына оңдыртпайтын кесел келтіретіні айдай  әлемге мәлім дағдылар қатарына: темекі шегу, ішімдікке салыну, есірткіге және улы заттарға (токсикоманияға) бой  алдыру жатады.

   БДҰ сарапшылары  «тәкелділік тудыратын» заттар  терминалогиясын анықтаған.

   А) алкогольді  –барбитурат түріндегі (этил  спирт, барбитураттар, седативті  мепробиромат, хлоралгидрат және  т.б.);

  Б) амфетамин   түріндегі заттар (амфетамин, фенметразин т.б.);

  B) кокаин түріндегі  заттар (кокаин және коко жапрақтары);

  Г) каннабис түріндегі  заттар (марихуана, гашиш);

  Д) галлюцинаген  түріндегі заттар (лизегид.-ЛСД, мескалин);

  Е) ката түріндегі  заттар (Catha ectulis fovsk);

  Ж)апиын түріндегі  заттар (морфии, героин, кодеин, метадон);

  З) эфирлі ертінділер  түріндегі заттар (толуол, ацетон  және тетрахлорометан).

   Жоғаррыда аталған  дәрі дәрмектер (эфирлі ертінділерді  есепке алмағанда) емдеу мақсатында  пайдаланылады және және адам  организмі бұларға бой алдыра бастайды-ослайша тәуелділік туындайды.

   Сондай-ақ есірткі  заттарына темекі де жатады, ол  денсаулыққа зиян келтіретіні  айдай анық, оған деген тәуелділік  тудырады.

Есірткі заттарға деген  тәуелділік тудырып, оны одан әрі  ушықтыратын  факторлар қатарына мыналар жатады: Организмнің жекеленген ерекшеліктері, есірткі қолданғанан кейін болатын түйсінулерді қабылдау,  ортаның әлеуметтік, мәдени сипаты есірткі заттар әсерлерінің тетіктегершігі.

   Қазіргі кезде  есірткі заттар мен  улы  заттар (токсикомония) проблемасы көкей кестілер тізбесінен көрінеді. Есірткіні бір ғана рет қабылдаған өзінде көңіл-күйді көтеріп (эйфория), дауаламайтын жерге апарып тастауы, тез арада жаның бей-берекетін алатын  үйірсектіктің қалыптасуының негізгі себептерінің бірі  болып табылады. Организмге есірткі заттарды енгізгеннен кейін  бет қызады, бүкіл денеге жылу таралуынан болатын жайлы бір сезім бой алады, тері жеңіл-желпі қышиды. Осыдан кейін-ақ пайда болатын жайбарақаттылыққа, тез өзгеріп құбыла бастайтын, түленіп түстенген елестер және қиял тектес әлем-жәлем дүние жетегіне алады. Есірткіге деген үйірсектік бірнеше апта ішінде-ақ біршама тез қалыптасады. Осыдан барып созылмалы «интоксикация» дамиды.

     Алкоголь-  құрамында этил спирті бар  ішімдіктер болып табылады. Алкоголь – «рахаттану орталығына» әсерін тигізеді, осындай сезім тудырып, адамдарды ұялу қасиеттерінен жұрдай етеді.

   Әр түрлі ішімдіктердің  спирттік мәні бірдей емес: сырада 3-6 %, шарапта-10-14 % , виски, арақ, бренди, ром, коняката- 40-50%  бар.      

   Профилактика- бұл мемлекеттік, қоғамдық, элеуметтік, эканомикалық, медициналық, санитарлық, психалогиялық шаралардың бірегей кешенді жүйесі.

  1. Әіресе өскелең  ұрпаққа есірткі заттарды алуға тосқауыл қою және бұларға деген сұанысты азайту.
  2. Залады дағдыларға деген үйірсектікке бой алдырайын деп жүрген тұлғадағы өзгерістер ертерек байқалғанда барынша психологиялық тосқауыл қоюға тырысу керек.
  3. Барлық бұхаралық ақпарат құралдарының мүмкін бұлар арналары арқылы жүйелі насихаттау (орталық теледидар, радио, баспасөз), бұл іске мамандарды араластыру және тәуелділіктен емделіп, құтылғандарды қатыстыру қажет.
  4. Жастар арасында өткізілетін медициналық, педагогикалық жұмысқа адам организіміне деген залал дағдылардың кеселін түсіндіру мәселесіне  ерекше назар аудару керек.

   Салауатты өмір салтын насихаттау ісі басымдылықтар қатарынан көрінуі керек. Залалды дағдылардың алдын алу ьақырыбына арналған әңгімелерде  Салауатты өмір салтын қалыптастыруды бала кезден бастау қажеттігіне басты көңіл бөлінуі қажет. Құлықсыз темекі тарту проблемасына жөні бөлек арнайы дәріс оқылуы ұсынылады.

    Осындай жұмыстардың  басқа елдердегі өтілуі тиімділігі  жөнінде  де тілге тиек ету  керек.

    Әрине тек жаппай тыйым  салумен табысқа жету мүмкі  емес. Осыны есте сақтаған жөн.  Салынған таптаурын осы деп үгіт насихат жұмысын «никотиннің бір тамшысы атты серейтеді» деген әпербақандықпен шектей қойсақ, темекі қораптары тысындағы көпшілік көзі түсетін  жазумен бітірсек, мақсатқа жетпеспіз. Темекі шегуді тастаңдар, арақ ішуді қойыңдар – деген салауатты ұрандар кері нәтижелерін алға тартатынын ұмытпаған дұрыс болар тегі!

   Жалпы тақырыпты қорытындылай  келетін болсақСалауатты өмір  салтын қалыптастыру ең алдымен  залалды дағдылардан (арақ-шарап,  темекі , есірткі, қолдану) аулақ болумен байланысты болады.Ақпарат арақ- шарап, темекі, есірткіні ауызға алудың кез келген түрлерінің жалпы адам және қоғам денсаулығына кесел келтіретіні жайында болуы қажет. Алкогольды тежеусіз қолдану, оның салдары, маскүнемдіктің медициналық, медико-психологиялық, құқықтық, адамгершілік, этикалық, эканомикалық, демографиялық аспектілері, алткогольдың адам денсаулығына етер физикалық және психикалық әсері, қоршаған ортамен қарым-қатынасы туралы мағлұматтар келтіріледі.

     Салауатты өмір салтын  қалыптастыруда темекі мен күреске  айырықша көңіл бөлінеді. Темекінің таралып кеткенігі, оны қолға алуға мәжбүр қылатын факторлар, шылым түтінінің құрамдас бөліктері, канцерогендер, тыныс алу ағзалары, ас қорыту, жүрек-тамырлар жүйесі т.б. аурулардың  туындауындағы темекінің ролі хақындағы мәліметтерді жіктеп талдай келе, темекінің медициналық, психологиялық, әлеуметтік аспектілері туралы ақпарат беріледі. 

    Тактикалық тұрғыда темекіге  деген теріс көзқарасты қалыптастыру  ләзім. Бұл жұмыс жас, жыныс,  денсаулық жағдайын ескере отырып  жүгізіледі. Осылайша балалар мен жасөспірімдерге арналған ақпараттың негізін денеміздің табиғи дамуына, психикалық эмоциялық әлеміне етер әсері, қыздар мен бала туар жастағы әйедермен, темекі тартатын жүкті әйелдер организмдеріндегі өзгерістер салдар және осындай аналардан туар бала болашағы т.б. жөніндегі мағлұматтар құрайды.

   Денсаулықты сақтауға себеп  болатын негізгі компонентер:

-тиімді тамақтану;

- табиғатына орай қимыл белсенділігі;-

- шынығу;

- психикалық денсаулыққа деген  оң көзқарас;

- тән, киім күтімі;

- тұрмыстағы гигиеналық режимді ұстану;

- еңбек пен демалыстың тиімді  режимін қадағалау;

- денсаулыққа нұқсан келтірмейтін, қалыпты жыныстық;

- темекңіден, есірткіден, алкагольден,  орынсыз дәрі -дәрмектен тартыну;

- экологиялық жағымды  (позитивті ) мінез құлық.

     Міне, осылай  өз денсаулығына деген кімнің  де болмасын бұған ұқсас айқын  сенім, салауатты өмір салты,  жас , әлеуметтік және басқа  ерекшеліктері ескеріле отырып, денсаулықты сақтауға деген бағдардың  алғы шарты болып қала бермек.

     СӨС   насиқатын денсаулықты сақтау, аурудың алдын алу т.с.с. шығыны аз, қол жетерлік, залалы жоқ әдістер аспектілерінде өткізу керек. Осы әдістердің арасында тұрғындарды табиғи сауықтырудың дәстүрлі емес әдістеріне ерекше көңіл бөлінбек.

Информация о работе Салауатты өмір салтын оқушыларда қалыптастырудың педагогикалық негіздері