Автор: Пользователь скрыл имя, 11 Февраля 2013 в 18:48, отчет по практике
Мектеп жұмысы барысында мектеп директорының мекеме жоспарымен таныстым. Оқу ісі жөніндегі орынбасары Ким Антенина Владимировна мектептің оқу-ісі жоспарымен таныстырды, сонымен қатар тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Мусиралиева Ариса Абдешевна мектептің тәрбие жұмысы жоспарымен таныстырып, тәрбие іс-шараларын жіктеп көрсетті. Менің мамандығыма байланысты қоғамдық пәндер кабинеттерін аралап, олардың жабдықталуын көрдім. Сынып жетекшісі сынып оқушыларымен таныстырып, сынып журналын, сынып белсенділерімен таныстырды.
Кіріспе ...........................................................……………………………...…...3
Негізгі бөлім ..............................................................................................4-7
1.Төл құжаттар ........................................................................................9
2.Оқушылар тізімі .................................................................................11
3.Сыныпқа мінездеме ...........................................................................13
4.Оқушыларға мінездеме .....................................................................14
5.Сынып белсенділері...........................................................................16
6.Сабақ кестесі.......................................................................................17
7.Тәрбие сағаттары ...............................................................................18
8.Оқытудың инновациялық технологияларын жетілдіру.....................
9. 12 жылдық білім беру жүйесі............................................................4
10. Кәсіби деңгейдің дамуы....................................................................5
Қорытынды ........................................................................................................8
Қолданылған әдебиеттер тізімі ......................................................................8
Дәстүрлі технология ең алдымен авторитарлық педагогиканың талаптарына оқушының ішкі өмірімен өте нашар байланысты ілім болып табылады, ал ол әртүрлі сауалдар мен мүқгаждықгардан түрады, онда түлғаның өзіне тән қабілеттерін көрсету үшін жағдайларымен творчестволық көріністері болмайды. Оқыту процесінің авторитарлығы іс-әрекетті регламентациялаудан көрінеді; оқытуды атқару тәртібінің ықтиярсыз істелінетіндігі ("мектеп түлғаны даралайды"); бақылауды бір орталықтандыру; орташа оқушыға бағыттанушылық ("мектеп талаптарды өшіруде") . Онда окушы позициясы ықпал етуге оқыту объектісіне бағынған, окушы "тиісті" окушы әлі толықанды. Түлға емес, рухсыз "винт" ретінде көрінеді. Ал мүғалімнің позициясы-ол командир, жалғыз инциативті адам, төрешісі ("әрқашанда ол дүрыс айтады") жас үлкен адам (ата-ана) оқытады; пәнмен балаға, "жазалаушы оқ" стилі.
Білімді меңгеру әдістері дайын білімдерді хабарлауға негізделеді, оқыту белгілі бір үлгілермен, индуктивтік логикамен жеке даралықган жалпылыққа механикалық есте сақтауға көзбен көргенді мазмүнын айқын беру, репродуктивтік еске түсіру елестету.
Дәстүрлі оқыту
1. Иллюстративті-түсіндіру әдістері (лекция, баяндау, әңгімелесу, тәжірибелерді көрсету, еңбек опера-циялары, экскурциялар және т.б.) мүғалім түсіндіреді және оқу материалын көрнекті түрде көрсетеді.
2.Репродуктивтік әдіс: мүғалім білімді, іс-әрекет тәсілдерін, тапсырмаларды шешуді тәжірибелерді елестету үшін тапсырмалар қүрастырады; оқып үйренуші оқу материалдарын белсенді еске түсіреді. (сүрақтарға жауап береді, еспетер шығарады және с.с), сонымен "білім көшірмелерін қалыптастырады".
Сонымен дөстүрлі оқыту технологиясының артықшылықтарына мыналарды жатқызуға болады: ерекшеліктердің жүйелілігі; оқу материалын логикалық Дүрыс бере білу үйымдастырудың анықтылығы; мүғалім түлғасының окушыларға түрақгы әсерлі эмоция сезімдік ықпал, жалпы оқу барысында қаржыны орынды жұмсау. Бұл технологияның нашар жақтары мыналар: біркелкілік. табандык. құрылым, сабақ уақытын тиімсіз бөліп тарату. оқушыларды бір-бірімен қатынастардан изоляциялау. оқшаулау, оқушыларда дербестіктің болмауы, енжарлық (немесе көзбоярлықтағы белсенділік); оқушылардың сөз іс-әрекетінің нашарлылығы; оқушыларға орташа өлшеммен карау, индвидуальды оқытудың таза болмауы, нашар қайта байланыс. Бұндай сабақтарда материалдан тек қана хабардар болуын қаімтамасыз етіледі, ол ең жоғарғы деңгейге жету үй тапсырмасын орындауға қолданылады.
12 жылдық білім беру жүйесі
Қазақстан Республикасының 12 жылдық білім беру тұжырымдамасында педагог кадрлардың кәсіби - тұлғалық құзыреттілігін қалыптастыру басты мақсат екендігін атай келе, 12 жылдық білім беруде педагог төмендегідей құзыреттіліктерді игеруі міндетті деп көрсетілген.
Ендеше құзыреттілік
дегеніміздің өзін қазіргі заман
талабына сай педагог қауымының
өзін -өзі өзгерте алу
Мұндай құзырлылықтың қатарына мыналар жатады:
Аталған құзыреттілік қасиеттерді тұлға бойына дарытуда педагог қауымның арнайы әлеуметтік білім беру құзыреттіліктерінің жан- жақты болуы талап етіледі.Егер педагог өзінің кәсіби өсу жобасын дұрыс жолға қоя отырып, өзінің кәсіптік қызметіне нақты берілу арқылы тұлғаның алған білімін өмірде қолдана білетіндей тапсырмалар жүйесін ұсына алатын жағдайда болғанда ғана студент құзыреттілігін қалыптастыруға мүмкіндік табады. Бір сөзбен айтқанда, тұлғаға бағытталған білімдер жүйесі білім стандартына сай тұлғаның жан- жақты дамуына негізделген, алған білімін өмірдің қандай бір жағдаяттарына қолдана алатындай дәрежеде ұсыну педагогтің құзыреттілігіне байланысты болады.
Кәсіби деңгейдің дамуы
Психологтер де, педагогтер де адамның рухани интеллектуалдық, кәсіби шығармашылықпен өзін-өзі дамытуы өмірінің әр кезеңінде әр қалай деп көрсетеді.Мысалы, ұлы педагогтер А.Дистерверг ,К.Ушинский А.Макаренко ,В.Сухомлинский ,т.б мұғалімдік еңбекті адамтану ғылымы , адамның жан дүниесі , рухани әлеміне бойлай алу өнері дей отырып, педагогикалық шеберліктің дамуына зор үлес қосқан. Осы тұрғыдан алып қарағанда педагогикалық шеберлік- кәсіби әрекетті жоғары деңгейге көтеретін мұғалімнің жеке қасиеттерінің , оның білімі мен білігінің жүйесі. Осы мәселені терең зерттеген А.Маркова мұғалімнің кәсіби деңгейге көтерілуінің төмендегідей психологиялық критерийлерін анықтаған.
Обьективті критерийлер. Мұғалімнің өз мамандығына қаншалықты сәйкес әлеуметтік тәжірибеге қосар үлесі қандай екендігі.Жоғары еңбек көрсеткіші,әртүрлі мәселелерді шығармашылықпен шеше алу біліктері, т.б жататындығын атап өтеді.
Субьективті критерийлер. Адамның мамандығы қаншалықты оның табиғатына, қабілеттері мен қызығушыларына сәйкес қаншалықты ол өз ісінен қанағат табатындығымен байланысты. Мұғалім еңбегіндегі субьективті критерийлерге кәсіби – педагогикалық бағыттылық, кәсіптің маңыздылығын , оның құндылығын түсіну, маман иесі ретінде өзіне позитивті көзқарастың болуын жатқызады.
Нәтижелі критерийлер. Мұғалім өз ісіне қоғам талап етіп отырған нәтижелерге қол жеткізіп отыр ма деген мәселе тұрғысынан қарастырады.Біреулер нәтиже ретінде оқушылардың білімдерінің стандартқа сай болуын алса, енді біреулер олардың қарым- қабілетін дамытуды алады, ал кейбіреулері оқушылардың өмірге дайындығын басты назарда ұстайды, ал оқыту нәтижесі біз үшін баланың психологиялық функцияларын жетіліп, өзінің педагогикалық әрекеті арқылы алған білімдерін өз өмірлік мәселелерін шешуге қолдана алуы.
Шығармашылық критерийлер. Мұғалім өз кәсібінің шекарасынан шыға алуы, сол арқылы өз тәжірибесін, еңбегін өзгерте алуы жатқызылады.Шығармашыл мұғалім үшін біреудің тәжірибесін қайталағаннан гөрі өз жаңалықтарын, білгендері мен түйгендерін басқаларға ұсына алуының, шығармашылық бағыттылықтың болуының мәні зор. Кәсібиліктің бірден келе салмайтындығы белгілі, оны әр мұғалім ерте ме, кеш пе меңгеруі тиіс. А.Маркова оның кезеңдерін төмендегідей етіп бөледі: мұғалімнің өз мамандығына бейімделу кезеңі: мамандықта өзін-өзі өзектендіру кезеңі:мамандықты еркін меңгерген кезең: мамандықта шығармашылық деңгейге жеткен кезең. Осылайша ғалым кәсіби құзыреттіліктің сипаттамасын шебер- мұғалімнің , жаңашыл- мұғалімнің, зерттеуші- мұғалімнің, кәсіби дәрежесіне көтерілген мұғалімдердің жиынтық бейнесі ретінде қарастырады.
Ең бірінші кезекте мұғалімнің « өзіндік жаңалығы» болуы қажет. Ғылым жаңалығын түрлендіруде өз үлесін қосу арқылы жасаған нәтижелі жұмысы өзгелердің тәжірибесін толық көшірмей, жаңа ортаға икемдеп, өзіндік іс- әрекет жиынтығы арқылы айтарлықтай нәтижеге қол жеткізу керек.Қазіргі кәсіптік- педагогикалық қызмет қандай мұғалімді талап етеді. Мұғалім – оқушылардың жеке тұлғасын дамытуға басымдық беретін, күрделі әлеуметтік-мәдени жағдайларда еркін бағдарлай алатын, шығармашылық процестерді басқара алатын, адам туралы ғылымның жетістіктерін, оның даму заңдылықтарын, компьютерлік оқыту өнерін терең меңгерген жан- жақты дамыған шығармашыл тұлғаны талап етеді.
Ал, білім беруде кәсіби құзырлы маман иесіне жеткен деп мамандығы бойынша өз пәнін жетік білетін, оқушының шығармашылығы мен дарындылығының дамуына жағдай жасай алатын, тұлғалық- ізгілілік бағыттылығы жоғары, педагогикалық шеберлік пен өзінің іс- қимылын жүйелілікпен атқаруға қабілетті, оқытудың жаңа технологияларын толық меңгерген және білімдік мониторинг негізінде ақпараттарды тауып, оларды таңдап сараптай алатын, отандық және шетелдік тәжірибелерді шығармашылықпен қолдана білетін кәсіби маман педагогті айтамыз.
Пән мұғалімі Туратбекова Жазира өзінің сабақтарына қатыстырып, менің сабақ жүргізуімді бақылады. «Адам,Қоғам және Құқық» сабағында 9 «ж» сыныбына «Қазақстан Республикасының Конституциясы: құрылымы мен маңызы» атты тақырыпта сабақ жүргіздім. Онда маған пән мұғалімі және әр оқушы жан-жақты көмек берді.
Сабақтың тақырыбы: «Қазақстан Республикасының Конституциясы: құрылымы мен маңызы»
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға Конституциясы құрылымы, маңызы туралы білім беру.
Тәрбиелік: Оқушыларды Ата Заңымызды құрметтеуге, қастерлеуге баулу, отанға,елге деген адамгершілік сезімін қалыптастыру.
Дамытушылық: Оқушылардың құқықтық білімін, мәдениетін жоғарылату, ойлау, сөйлеу қабілеттерін арттыру.
Сабақтың көрнекілігі: ҚР Конституциясы, Президент суреті
Сабақтың әдісі: Түсіндіру, баяндау.
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі: 1) Оқушыларды түгелдеу.
2. Үй тапсырмасын сұрау:
1)Құқықтық мемлекет дегеніміз не?
2) Құқықтық мемлекеттің негізгі белгілері?
3)ҚР-ның өз алдына қойған негізгі міндеті?
3.Жаңа сабақ:
1) Конституция дегеніміз не?
2) ҚР-ның тұңғыш Конституциясының қабылдануы?
3) ҚР-ның 1995 ж. 30 тамыздағы Конституциясының
қабылдануы?
Қорытынды
Қорытындылай келе, мен сыныппен жақсы тіл табысып, сынып жетекшісі Төлешбаева Забира апаймен кеңесе отырып, бірлесе отырып жұмыс жасадым. Пән мұғалімдерінің сабақ оту барысын бақылап, оларға әдістемелік жұмыстарда көмек көрсеттім. Сынып оқушылары ұйымшыл, әрі өте алғыр. Топпен жұмыс жасау маған қатты ұнады. Оқушылар мектеп өмірі мен қоғамдық жұмыстарға белсене араласады.
Пән мұғалімдері маған өз
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Информация о работе РДДО техналогиясын тиімді қолдану және оқыту әдістемесін жетілдіру