РДДО техналогиясын тиімді қолдану және оқыту әдістемесін жетілдіру

Автор: Пользователь скрыл имя, 11 Февраля 2013 в 18:48, отчет по практике

Описание работы

Мектеп жұмысы барысында мектеп директорының мекеме жоспарымен таныстым. Оқу ісі жөніндегі орынбасары Ким Антенина Владимировна мектептің оқу-ісі жоспарымен таныстырды, сонымен қатар тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Мусиралиева Ариса Абдешевна мектептің тәрбие жұмысы жоспарымен таныстырып, тәрбие іс-шараларын жіктеп көрсетті. Менің мамандығыма байланысты қоғамдық пәндер кабинеттерін аралап, олардың жабдықталуын көрдім. Сынып жетекшісі сынып оқушыларымен таныстырып, сынып журналын, сынып белсенділерімен таныстырды.

Содержание

Кіріспе ...........................................................……………………………...…...3
Негізгі бөлім ..............................................................................................4-7
1.Төл құжаттар ........................................................................................9
2.Оқушылар тізімі .................................................................................11
3.Сыныпқа мінездеме ...........................................................................13
4.Оқушыларға мінездеме .....................................................................14
5.Сынып белсенділері...........................................................................16
6.Сабақ кестесі.......................................................................................17
7.Тәрбие сағаттары ...............................................................................18
8.Оқытудың инновациялық технологияларын жетілдіру.....................
9. 12 жылдық білім беру жүйесі............................................................4
10. Кәсіби деңгейдің дамуы....................................................................5
Қорытынды ........................................................................................................8
Қолданылған әдебиеттер тізімі ......................................................................8

Работа содержит 1 файл

Практика жоспары дайын.doc

— 249.00 Кб (Скачать)

 

 

 

 

 

                                        

 

 

 

 

 

Тәрбие сағаттары

 

Ұстаз - ұлы тұлға.

Мақсаты: Ұстаздың адам өмірінде алатын орын зор екендігін, ұстаздарды құрметтеу, сыйлау және қадірлеу қасиеттерін оқушылардың бойына дамыту әрі дарыту.

 Көрнекілігі: Ұстаздар туралы нақыл сөздер, өлең үзінділері жазылған көрнекіліктер, әр түрлі шаралар.

Сабақтың барысы:

Ұстаз-жас ұрпақтың рухани сәулеткері, қоғам, халық өзінің үміті  мол болашағын тапсырытын сенімді  өкілі. Олар сол сенімді ақтай отврып, зеделі де зерек, парасатты, ұлттық және адамзаттық құндылықтарды бойына дарытқан тұлғаларды тәрбиелеуде. 
Қазақ мектебінің болашағы туралы М.Жұмабаев «Әрбір елдің келешегі мектебіне байланысты»деп айтып кеткенде тәуелсіз Қазақстан Республикасының тарихи әлеуметтік, мәдени рухани болмысындамытуға, қоғамдық өмір мен ұлттық мектепті қалыптастыруда ұстаздардың еңбегі зор. Жалпы балалар, ұстаздардың еңбегін тек оқушылар ғана бағаламаған, олардың алдында ұлы жазушыларда бас иген. Сонымен қатар өздерінің өлең жырларына қосып жырлап жүрген. 
Ұстаз болу- жүректің батырлығы, 
Ұстаз болу- сезімнің ақындығы. 
Азбайтұғын адамның алтындығы. 
Мұғалім деген- ерекше тұлға дар шың, 
Ұмытылмастай көңілде мәңгі қалатын. 
Мұғалім деген-аяулы адам асыл жан, 
Шәкіт кәңілңнде күн болып жайнап жанатын.  
Мектептің басты тұлғасы, жүрегі мұғалім. Егемен еліміздің ертеңін ойлар білімді де саналы, Отанын, туған жерін, ұлтын сүйетін ұлтжанды парасатты азаматта тәрбиелеуде мұғалімнің еңбегі орасан зор екенін баршамыз мойындаймыз.  
 
ҰСТАЗ ДЕГЕН... 
Ұстаз... жаратылысынан өзіне айтылғанның бәрін жете түсінген, көрген, естіген және аңғарған нәрселердің бәрін жадында жақсы сақтайтын, ешнәрсені ұмытпайтын... алғыр да аңғарымпаз ақыл иесі..., мейлінше шешен, өнер-білімге құштар, аса қанағатшыл жаны асқақ және ар-намысын ардақтайтын, жақындарына да, жат адамдарына да әділ..., жұрттың бәріне... жақсылық пен ізгілік көрсетіп...қорқыныш пен жасқану дегенді білмейтін батыл, ержүрек болуы керек. 
Әл-Фараби 

Маған жақсы мұғалім  бәрінен де қымбат, өйткені мұғалім – мектептің жүрегі. 
Ыбырай Алтынсарин 
 
Мұғалімнің ұдайы жақсы оқитын балаларға ғана сүйсініп, ылғи соларды ғана оқытуы дұрыс емес. 
Мұхтар Әуезов 
 
Проблемалық сұрақтар: 
Ал, балалар бір минутқа өзімізді мұғалімбіз деп есептейік. Осы сыныпта отырғандарыңның барлығыңәр пәннен беретін мұғалімсіңдер.Балалар сендерге мынандай сұрақ. 
1.Сендер сабақ түсіндіріп жатқан кездеріңде артқы партада отырған балала сендемен жағаласып сөйлесіп отыр делік.Сөйлесіп отырғанына қарамастан жан-жағын жайпап, сабақ тыңдап отырған балағада тисіп тыңдауға мүмкіншілік бермейді. Осы жағдайда ұстаздар не істер едіңдер? 
2. Сендер ұстаздар ашық сабақ өткізбекші болып жатырсыңдар. Алдын ала балаларға тапсырма беріп қойғансыңдар. Тіпті ертеңгі сабаққа қатынасатын завуч, директорады шақырып қойғансыңдар. Енді осылардың дайындығын тексеріп көрейінші деп тексерген сәтте сыныптағы балалардың көбісі дайын емес. ертең ашық сабақ. Сыныптағы балалардың біеуі сіз берген тапсырмаңызды жоғатып алдым десе, енді біреуі ертең сабаққа келмеймін дейді. Ал, ұстаздар осы бір жағдайда балаларға қанда шаралар қолданасыңдар. 
3.Енді ұстаздар сендер балаларға диктант жаздырғалы жатырсыңдар делік. Диктантты оқып беіп енді жазғызғалы жатқан сәтте бір оқушы тұрып, апай мен қаламсапымды ұмытып кетіппін, енді біреуі жазғым келмейді деген сәтте ұстаздар осы оқушыларға қандай шара қолданар едіңдер.

Сабақты бекіту: «Ұстаздық қылған жалықпас, үйретуден балаға»-деп, ұлы Абай айтқандай, балалар ұстаздарың ешқашан сендерге үйретуден жалықпасын, сендер үйренуден жалықпаңдар деп сабағымызды аяқтаймыз.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

МАМАНДЫҚТЫ ҚАЛАЙ ТАҢДАУҒА БОЛАДЫ?

 

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік: оқушыларға болашақ  мамандық және оқу бағдарын  таңдауда көмектесу, мамандық  әлемі және оның ерекшеліктері  туралы дүниетанымын кеңейту;

2.Дамытушылық: оқушылардың өмір  туралы, мамандықтар туралы көзқарасын  дамыту, алдағы уақытта мамандық  таңдауда дұрыс жолда болуына  себепкер болу, таңдаған мамандығының  өз бейімділігі мен қабілетіне  сәйкес келуін нақтылау, өз-өзін  танудың жалпы әзірлігін қалыптастыру

3.Тәрбиелік: мамандық таңдау  мәселесін белсенді арттыру, мамандық  әлемі туралы ақпарат алу арқылы  және өзін тану шекарасын кеңейту  арқылы мамандық бағытын таңдауда  жауапты шешім қалыптастыру.

 

Көрнекілігі: мамандық түрлеріне байланысты суреттер, қанатты сөздер.

 

Сабақтың барысы:

 

Егер сен бала кезіңнен дәрігер  немесе ғарышкер болғың келсе және осы уақытқа дейін өз таңдауыңның  дұрыстығына күмәнданбасаң - сенде  ешқандай проблема жоқ. Анаң және апаң не айтса да, химия және биология бойынша оқулықтарға қызығушылық танытасың немесе «жас физик» үйірмесіне барасың және мектеп бітірген соң не істейтініңді жақсы білесің.

Егер осылай болса, онда сен бақыттысың. Өйткені соңғы қоңырау соғылған кезде көптеген балаларда «кім боламын», қайда оқуға түскім келеді және жалпы оқу орынына барғым келе ме деген мәселелер шешілмеген.

 Мамандықты таңдау мәселесінің  мазалауы өте жақсы - бұл сенің  әлеуметтік және психологиялық  кемелденгеніңді білдіреді. Егер  саған бәрібір болса, ең жаманы  сол: анаң қолыңнан жетелеп  заңгерлік институтқа апарады (өйткені саған тарих «ұнайтын сияқты»), содан соң саған қағаздармен жұмыс істеу және адамдармен қарым-қатынас жасау ұнамайтындығы анықталады.

 Кәсіби өз тағдырын  өзі шешудің қиыншылықтары балалардың  екі категориясында пайда болады. Біріншілері осы өмірде әлі қызықты еш нәрсе тапқан жоқ. Мұғалімдері мұндай балаларда қандай да бір пәнге деген қызығушылық тудыра алмаған, ал таланттары жерге көмілген.  Мұндай балалар жақсы оқи алады, бірақ ештеңеге әуестіктері жоқ, олардың өмірі зеріккен немесе бір сарынды. Міне, сондықтан немен айналысатындығын анықтай алмайды, өйткені өмірде оларды ешнәрсе өзіне ерекше еліктіре алмайды. Неден таңдау жасайды? Әдетте, олар әкелері қайда жұмыс істейтінін, ихтиолог деген кім екенін білмейді және мамандықтар әлеміндегі бағдары нашар балалар.  Балалардың екінші категориясы оқуда да және белсенділіктің басқа формаларында да өте белсенді. Оларға барлығы қызықты, бір уақытта үш үйірмеге, бес факультативке және он спорттық секцияға  қатысады. Олардың қолынан бәрі келеді. Егер адам талантты болса, онда барлығында талантты дегендей. Қолына не алса да, барлығында табысқа жетеді. Бірақ.... ол да өзіне не ұнайтынын, өз өмірін немен байланыстыратынын анықтай алмайды.

Өзіңді қалай тануға болады? Психологтардің есептеуінше, мамандықты таңдауда адамның психологиялық ерекшеліктері мен мамандықтың сәйкесінше сипаттамалары  сай келуі керек. Мамандық ҚЫЗЫҚТЫ болуы тиіс. Егер саған өсімдіктер, жануарлар ұнаса, онда өз кәсіби іс-әрекетіңде  тірі табиғат объектілерімен кездесу сен үшін қызықты болады.  Егер сен техниканы ұнатсаң – онда оған деген қызығушылық инженер – конструктор немесе физик-теоретик іс-әрекеттерінде қолдау табады.

 Кез келген мамандық  адамда «кәсіби маңызды сапалар»  деп аталатын сапаларды талап  етеді, мысалы, корректорға зейінділік, суретшіге – бейнелік ойлау және т.б.  Сондықтан, қандай да бір мамандықты таңдай отырып, сенде кәсіби маңызды сапаларға сәйкес  қабілеттер бар ма екендігін ұғыну қажет. Мамандықты таңдауда күмәнділік жағдайында, сенің қабілеттерің толығымен жүзеге асатын болса, бұл іс-әрекетте үлкен жетістіктерге қол жеткізесің.

 Жүзеге асыратын  мамандық типі сенің тұлғалық, мінездік типіңмен сәйкес келуі  керек. Егер сен қарым-қатынасқа  жоғары деңгейде түсе алатын  болсаң, онда саған көптеген қарым-қатынастар  орнатумен байланысты мамандық  таңдау қажет.  Егер эмоционалды  тұрақты емес болсаң, онда сен ұзақ уақыттық зейін шоғырланушылығын талап ететін, бір сарынды іс-әрекеттермен шұғылдана алмайсың. 

 

 

Қорытынды:

Сонымен, өз қабілеттеріңді, қызығушылықтарыңды және тұлғалық сипаттарыңды біле отырып, енді сен мамандықты емес, жоғары оқу орынын немесе факультетті таңдайсың. Сені қызықтыратын іс-әрекет түріне қандай мамандықтар және маманданулар сәйкес келетінін анықта. Бұл тек бір жақты сәйкес келулер емес (мысалы, жаңа бағдарламалар жасау үшін, «Информатика» мамандығын алу қажет). Шешім қабылдау психологиялық емес көптеген факторларға негізделуі керек: университеттің  беделі және сайыс, достардың, ата-ананың пікірлері, оқу ақысы. Параққа ерінбей әрбір нұсқаның оң және теріс жақтарын тізіп жазып шық. Алынған мәліметтерді достарыңмен және туыстарыңмен талда. Ең соңғы таңдау тек өзіңде, өйткені мамандықты таңдай отырып, тағдырыңды таңдайтыныңды ешқашан естен шығарма. Мамандық қанағаттанушылық әкелуі (тек оң эмоциялар) және сенің (қоғамға пайдалы) мүмкіндіктеріңнің толықтай жүзеге асуын қамтамасыз етуі тиіс.

 

 

Қазіргі кезеңдегі  психологиялық педагогикалық әдебиеттер ғылыми-технологоиялық процестің жетістіктері мен білім беру саласына "жаңа компьютерлік технологияларды" енгізуімен бірге келген "технология" деген ұғым жиі кездеседі. ұылымда арнаулы технологиялык бағыт пайда болды. Бұл бағыт XX ғасырдың 60-шы жылдарында АҚШ және Англияда пайда болды және қазіргі уақытта практика жүзінде барлықдүниежүзі елдеріне тарады.

Барлык, жасалған және қазіргі күнде адамның қолданып жұрген технологияларды екі түрге бөлуге болады: өндірістік және әлеуметтік, өндірістік технологияларға үлгі ретінде табиғат шикізатын қайта өңдеу технологиясы болады. Бұл жағдайда технология деп бастапқы материалды өнім "шығуында" белгілі бір алдын ала берілген қажеттерді бөліп алу мақсатымен кайта өвдеу процесі деп айтады.

Әлеуметтік  технология деп, онда   бастапқыда   соңғы нәтиже болатын адам болады,ал негізгі оның көрсеткіші өзгеріп тұратын бір немесе бірнеше оның    қасиеттері болады.    Әлеуметтік технологияға    классикалық үлгі ретінде жүмысшыларды өз мамандықтарына оқыту қызмет етуі мүмкін.  Әлеуметтік технология ол    өндірісте қолданатын  технологиядан  принципиалды  түрде өзгешелігі бар. Әлеуметтік технологиялар үйымдастыру мен жүзеге асыру жағынан өте күрделі және оралымды. Әлеуметтік технология бүл өте жоғары деңгейдегі үйымдастырылған технологиялар деуге болады, себебі адам әлеуметтік технологияның объектісі, ал ол өте тым көп жақтылы жүйе.  Оған күші мен бағыты әртүрлі бОлатын соны   көп сыртқы әсерлер ықпал етеді, кейде олар    қарама-қайшы болады, осыған орай көбінесе әсерлер қандай қаншалықты тиімді болатындығын алдын ала айтуға қиын. Сондықтан әлеуметтік технологияны өндірістік технологияның аықтамасында мүмкін болатындай белгілі бір дәл таңдап алынған процестердің жиынтығы деп айтуға болмайды. Өндірістік технологияны дамыту арқылы тым жоғары нәтижелерге жетуге деген ү.мтылушылық білім беру саласында тастап кетпейді аттап кетеді. Педагогикалық іс -әрекет саласына "технология" деген сөздікті енгізу "индустриялдық" технология деген идеяға негізделген және ол оқытуда техникалық жабдықтарды қолданумен байланысты. Бүл бағытты бірқатар бүрынғы кеңестік үкіметтің аймағында ғалымдар қолдайды. Білім беру салсындағы педагогикалық технологияның басқа бағыттары оқу материалын талдау техникасын, мүғалім мен оқушылардың оқу іс- әрекетін үйымдастыруды іздестіруде. Осымен қатар педагогикалық технология үстаздар мен оқушылардың аз ғана күш жүмсап ең жақсы нәтижелерге жетудің тиімді принциптері мен әдістерін анықтауға бағытталған.

І. Оқытудың дәстүрлі технологиясы. Оқытудың дәстүрлі технологиясы деп ең алдымен XVII ғасырда дидактика принциптерінде қалыптасқан, Я.А. Коменский негіздеген және қазіргі дейін дүниежүзі мектептерінде басым көпшілігі қолданатын оқытуды класс-сабақтықүйымдастыру деп түсінеді. Класс-сабақ жүйесі педагогикалық процестің одан әрі жетіліп ұйымдастырған дайындау қажетілігіне байланысты пайда болған, себебі сол ғасырдың ортасында оқуға келушілердің санының көбейе түсуіне байланысты шамамен бір жастағы балаларды оку топтарына жинақтала бастады.

Соңғы жүз  жылдықта класс-сабақ жүйесін одан әрі дамытуға бағытталған бірнеше зерттеулер жүргізілген. Олар оқу жүмысының үйымдастырудың мынадай формаларын іздестірумен байланысты болды. Ол сабақтың кемшіліктеріне, айталық оның орта оқушыға бағытта-луын, оқудағы алға басушылық қортындыларының мазмүнының біркеліктілігі мен орташа шамасы, қүрылымының өзгермейтіндігі: үйге берген тапсырманы сүрау, жаңа сабақты баяндау, үйге тапсырма беру. Дәстүрлі сабақтың кемшілігінің нәтижесі, ол оқушылар-дың танымдық белсенділігіне дамуымен және оның дербестігіне тежеу болатындығында.

Дәстүрлі  класс-сабак технологияларының аса  көрнекті белгілірі о.і: біржастағы оқушылардың тұрақты құрамы мен дайындық деңгейлері; кластың бірыңғай жылдық оқу жоспары мен бағдарламасымен жүмыс істеу; сабақ оқудың негізгі бірлігі; әрбір сабақ бір оқу пәніне такырыпқа арналған, себебі класс оқушылары ортақ бір материалмен жұмыс істейді: сабактардың унемі тұрақты алмасуы кесте (расписание) мүғалімнің баскарушылық ролі және с.с

Сонымен, окушы, оку күні, сабақтар кестесі, оқу каникулдары, үзілістер-бұл класс сабақ жүйесінің белгілері.

Дестүрлі  оқыту технологияларының концептуалдык негізін Я. А. Коменский жасаған педагогика принциптері: ғылымилық, бірігцлік, жүйелілік, беріктілік, белсенділіктегі сапалылық, көчнекілік теорияның практикамен байланыстылығь жас аралық пен өзіндік ерекшеліктерді ескеру.

Оқыту дегеніміз ересек үлкен үрпақтардан емес өеіп келе жатқан ұрпақтарға білім, білік және дағдыларды, әлеуметтік тәжірибені алып беруін айтамыз. Бүл түтас процестің қүрамына мақсат, мазмүн, әдістер мен қүралдар кіреді.


Оқытудың  мақсаттары бірқатар жағдайларға байланыеты тиісті бір құрамдас бөліктен кіргізетін   ойнақы өзгерткіш категория болады. Мақсаттың ерекшелігіне сай дәстүрлі оқыту дегеніміз түлғаны белгіленген қасиеттермен, тәрбиелеу болып табылады. Мақсаттың мазмүнына байланысты дәстүрлі оқыту түлғаны дамытуға (жан-жақты дамыту тек қана мәлімдеме ғана) емес көбіне білім, білік және дағдыларды меңгеруге бағытталған. Қазіргі кездегі жалпы мектепте мақсат біршама өзгерген айталық идеологияландыру шығарылып тасталған, жан-жакты үндестерілген даму ұраны алып   тасталған, адамгершілік тәрбиесінің құрамы да   өзгерістерге   ұшыраған, бірақ мақсатты жоспарланған қасиеттер сапалар (оқыту стандарттары) жиынтығы ретінде қарастыру пародигмасы брынғы сияқты қалып отыр.

Білім берудің  дәстүрлі жалпы мектептің мазмүны бүрынғы кеңес үкіметі жылдарында қалыптасқан, ол елді индустриализациялау міндеттерімен дамыған капиталистік елдердің техникалық деңгейіне қиыншылықпен, жалпы іылыми-техникалық прогрестің ролімен және ол осы күнге шейін технократияльшығымен анықталады.

Информация о работе РДДО техналогиясын тиімді қолдану және оқыту әдістемесін жетілдіру