Педагогикалық қабілет

Автор: Пользователь скрыл имя, 11 Марта 2012 в 22:01, реферат

Описание работы

Әрқандай іс-әрекетке байланысты адам қандай да қызмет орындауы қажет және сол істің тиімді нәтижесін қамтамасыз етуге жәрдем беретін сапаларға ие болуы тиіс. Мұндай дара педагогикалық ерекшеліктер міндетті түрде, бір жағынан, өзіндік психикалық табиғатына ие болудан, екіншіден - әркімде өз алдына, қайталанбас көрінісінен жеке адам қабілеті, мінез-құлқы деп аталады. Адам болғанның барлығы тік жүру, сөйлеу мүмкіндіктеріне ие, бірақ бұлардың бірі де шын қабілет тобына кірмейді, себебі, біріншісі – психологиялық құбылыс емес, екіншісі – баршада бірдей көрінетін әрекет. Қабілеттердің табысты іс-әрекетпен байланыстылығын баса айтумен, тиімді нәтижеге негіз боларлық дара-өзгермелі адам қасиеттерінің шеңберін тарылта қарастыру керек.

Содержание

І Кіріспе

ІІ Негізгі бөлім

2.1. Педагогикалық қабілеттің дара стильдері

2.2. Педагогикалық мінез-құлық пен қызметтің дара стильдері

ІІІ Қорытынды

Работа содержит 1 файл

Педагог кабилет.doc

— 257.50 Кб (Скачать)

Психологияның аса қажеттілігі педагогикадағы тәрбие мәселесіне келгенде ерекше байқалады. Педагогикалық тәрбиенің мақсаты даму жолындағы қоғам талаптарына сай жеке тұлғаны қалыптастыру. Ал, бұл мақсатқа жету үшін жеке адамның қалыптасу заңдылықтарын, бағыт-бағдарын, қабілетін, қажеттілігін, эмоциионалдық-ерік аясын, дүниетанымын зерттеу қажет .

Қазіргі нарықтық қоғамда оқушылар арасындағы ұлғайып кеткен тәртіп бұзушылық пен бұзақылықтың алдын қалай алуға болады деген мың сан сұрақтар, проблемалар туындап отыр.

Бұлардың бәріне шешім табу, оқушылардың әр жас деңгейіндегі психикалық даму мүмкіндіктерін анықтау, белгілеу және дер кезінде көмек көрсету мектеп психологының ең негізгі міндеттерінің бірі. Сондықтан, психологтар психологиялық анықтау жұмыстарын дер кезінде және білікті түрде жүргізуі қажет. Психологиялық анықтау жұмыстарының мақсаты- баланың психикалық даму ерекшеліктері мен деңгейін анықтау және жоғары психикалық функциялары қызметінің жай-күйін бағалау. Сонымен қатар, психологиялық анықтау барысында бала дамуының әлеуметтік жағдайын, тәрбиелеу жағдайлары мен түрін, отбасы ішіндегі қатынастардың сипатын толық айқындау қажет.

Өкінішке орай көптеген мектеп психологтары оқу үлгерімі төмен оқушыларға ғана назар аударады (ол да егер сынып жетекшісінің сұранысы болса ғана). Ал, эмоционалды-ерік аясы бұзылуы салдарынан туындайтын мінез-құлық ауытқушылығы бар оқушылар саны болса күннен күнге өсіп келе жатқанымен, олар дер кезінде анықталып, психологиялық түзеу жұмыстары жүргізілмей жатыр.

Мінез- құлық ауытқушылығы (девиантты мінез-құлық) мәселесі -педагогикалық психологияның басты әрі маңызды проблемаларының бірі.

Мінез-құлықтағы ауытқулар баланың эмоционалды-ерік аясының дамымағандығымен және оның бұзылуымен тікелей байланысты. Өз еркінің дамымағандығы нәтижесінде бала « өз қалауын» таппай, үлгі ретінде басқа адамдардың мінез-құлқын көшіріп алады.

Балалық шақ пен жасөспірімдік кезеңіндегі мінез-құлық ауытқушылықтарының пайда болуының бірнеше себептері бар. Олар: баланың жаратылысына байланысты әлеуметтегі кері әсерлерге тез бейімделуі, әлеуметтік тұрмыс жағдайының төмен болуы, жанұяда көп ұрыс-керістің болуы, балаға тәрбие беретін адамдардың жиі ауысып тұруы,тәрбие процесінің педагогикалық тұрғыдан төмен және жүйесіз болуы (асыра сілтеушілік немесе немқұрайдылық), әлеуметтік тұрғыдан теріс мінез-құлықты дамытатын айналадағы жат ағымдардың «субкультураның» болуы және баланың зиятының төмен болуы.

Мінез-құлқы бұзылған балалармен жұмыс істеу барысында олардың психологиялық ерекшеліктерін есепке алып отыру керек. Мінез-құлқында қиыншылықтары бар балаларда қоршаған орта өзіне қарсы тұрады деген ой болады. Өйткені, баланың өзіне деген сенімі өзгелердің пікірі арқылы қалыптасады. Егер айналадағы адамдар балағаүнемі дұрыс қарым-қатынас жасаса, онда ол өзін осы сыйластыққа лайық екенмін деп санайды, ал егер керісінше, оның жасаған істерінің кемшіліктерін бетіне басып, ұрсып, жаратпай жатса, оған өзім лайық емеспін дегеннен басқа ештеңе қалмайды.

Мінез-құлқы бұзылған балаларға өзімшілдік, өзін-өзі төмен бағалау, қоршаған ортадан агрессивті түрде қорғану, қаңғырып кетіп қалу, алкоголизм, наркомания және тб. тұлғаның патологиялық даму формалары тән болады. Және бұл жағдайда баланың әрекеті әр түрлі болады: өзінің кері іс-әрекет нәтижесінің (агрессивті түрдегі) қандай болатынын білмейді, адамдардың көзқарасын дұрыс түсініп бағалай алмайды, әрдайым көңіл-күйдің құлазуына бейім болады. Бұндай балалардың оқу үлгерімі төмен және оқудағы дағдылары өз деңгейінде қалыптаспайды, өз құрбыларымен дұрыс қарым-қатынасқа түсе алмайды.

Мектепте ерік-аясы бұзылған балалар жалпыға бірдей тәртіпке бағынбайды, шыдамсыз және ашуланшақ болады, сабақ үстінде тұрып кетіп, басқаларға кедергі келтіруі мүмкін.

Сондықтан, әр-бір ұстаз оқушының ерекшелігін байқаса, ол балаға ерекше көқараспен қарап, психолог маманның көмегіне жүгінуі қажет.

Мінез-құлқы бұзылған балалар көбінесе өзінен үлкен немесе кішкентай балалармен жиі тіл табысады. Жасөспірімдер өзінің әлеуметтік теріс қылықтарын жасырмайды, өйткені, олардың өзімшілдік сезімі өте жоғары болады, ал алып жатқан ескертулер мен жазалар олардың тек ішкі қарама-қайшылығын күшейте түседі. Мұндай балаларға әкімшілік жазаларды қолдануға болмайды (мыс: елдің көзінше ұрсу, пед.кеңестерде талқылау т.с.с.)

Сондықтан, мінез-құлық ауытқуларына бейім балаларды ерте анықтау мен түзеу жұмысы мектеп психологтарының ең негізгі және маңызды міндеттерінің бірі болуы керек. Психологиялық анықтау жұмыстары неғұрлым ерте жүргізілсе,соғұрлым оқушылар арасындағы мінез-құлық ауытқулар мәселесін шешу нәтижелі болады. Сонымен қатар, психологиялық анықтау нәтижесі бойынша жүргізілетін түзеу жұмыстары дер кезінде орындалса, қоғамдағы көптеген келеңсіз жағдайлардың алдын алуға болатын еді.

 

5. Я.А.Коменский оқыту теориясы туралы.

 

Коменскийдің еңбектерінде неге және қалай үйрету керек деген мәселе ерекше орын алады. Ортағасырлық мектептің берген білімі, онда қолданылған схолостикалық оқыту тәсілдері және шәкірттерге әсер етудің қатаң шаралары оны қанағаттандырмады. Коменский бұл мектепті балаларды қорқытып-үркітудің және ақылдылардың түрмесі деп атады. Ал шәкірттерді дамытпады, керісінше, ақыл-ой қабілеттілігін тежеп отырды, олардың оқуға деген ықыласын өлтіріп отырды.

 

Мектеп, Коменскийдің пікірінше, адамдардың тірі шеберханасы болу тиісті, немесе, оның айтуынша, "ізгіліктің шеберханасы”, "жарықтың шеберханасы” деп бағалады. Мектеп адамды ақылды, адамгершілікті, қайырымды ету үшін бәріне үйрету керек деді. Бұл дегеніміз шәкірттер мектепте жан-жақты білім алу керек. Мектепте берілетін білім жеңіл-желпі ат үсті болмау керек, берік берілетін білім болуы керек, демек, адам басқаның ақылын басшылыққа алмау керек, өзінің ақылымен жұмыс істеу керек, тек ғана кітаптан оқып қою, заттар мен құбылыстар туралы басқаның пікірін түсіну жеткіліксіз, өзінің жеке басында заттардың мәніне үңіле білу қабілеттілігін дамыту және шын мәнінде оларды дұрыс түсіне білуді қалыптастыру қажет.

 

Осыдан келіп, ұл ыпедагог жалып білім беретін мектептердің бағдарламасына жан-жақты білім негіздерін енгізді (гуманитарлық және реалдық). Мектепте моральді оқытуды енгізуді ұсынды. Дінге сенетін адам ретінде мектепте дінге ерекше мән берді.

 

"Ақылды, адамгершілігі мол, қайырымды адамдарды” дұрыс даярлау үшін, уақытында оқу бағдарламасын уақытында жемісті іске асыру үшін Коменский мкеетп ескі оқытудың әдістерінен, қорқытудың варварлық тәсілдерінен және оқушының жеке басын жаншудан бас тартудың қажеттігін атап өтті. Осыны қамтамасыз ету үшін, демек, оқытудың тиімді ұйымдастыру үшін оқытудың дидактика негіздерін түбірімен өзгерту керек деген болатын-ды.

 

Ескі ортағасырлық мектепте негізделген жүйеге қарама-қарсы ол өзінің көптеген ережелерінде жаңа дидактикалық негізде қарастырды.

 

Коменскийдің дидактикасы ортағасырлық мектепке қарағанда, оқыту үрдісін "өміршең және табиғи, жеңіл және жемісті” ету үшін бағытталды.

 

Ескі варварлық оқыту әдістеріне, өз мәні жағынан негізіне "табиғи әдісті” немесе табиғатқа сәйкестікті, яғни, оқытудың әдістерімен табиғат заңдылықтарының арасындағы сәйкестікті жатқызады. Коменский өз дидактикалық қағидаларын табиғатқа сілтеме жасау арқылы дәлелдейді және бекітеді. Ол негізінен өсімдіктердің өміріне, құстардың дамуына, бағбанның, архитектордың қызметінесілтеме жасайды және т.б.

 

Біріншіден, Коменскийдің түсіндіруінше, дидактиканың "алтын ережесін” төменгіше түсіндірді: "Бәрі де сезім органдары арқылы қабылданады, атап айтсақ: көретін нәрсе – қабылдау үшін көру сезімімен, еститін нәрсе – есту сезімімен, иіс – иіс сезімімен, дәмінтату – дәм сезімімен, сипай-сезу, сипай-сезу арқылы іске асады. Егер де қандай ма болмасын заттар мен құбылыстарды бірнеше сезіммен бірден қабылдауға болады, мейлі олар бірден бірнеше сезімдер арқылы қабылдансын”.

 

Коменскийдің талап етуінше, оқу заттар мен құбылыстартуралы сөздік баяндаудан басталмау керек, бірақ оларды нақты бақылаудан бастау керек. Табиғи мүмкін болатынды бақылау қажет, бірақ заттарды тікелей бақылау мүмкін болмаған жағдайда оларды суреттермен, моделдермен, картинкалармен ауыстыру керек.

 

Негізгі дидактикалық қағидалардың бірі ретінде көрнекілікті талдауда Коменскийдің сіңірген еңбегі ұлан-теңіз. Сол кездегі қалыптасқан көрнекілік оқытудың кейбір практикалық іс-тәжірибесін ол ұлы ғұлама педагог ретінде негіздеді, жинақтады, әрі қарай тереңдетті және кеңейтті, тәжірибеде көрнекілікті кеңінен қолданды, өзінің оқулықтарын суреттермен қамтамасыз етті. Мағынасыз, механикалық жаттауға, догматикалық оқытуға Коменский оқытудың саналылық талаптарын қарсы қойды.

 

Коменский біржүйелік оқытуға ерекше мән берді. Ол құбылыстардың арасындағы байланыстарды оқушылардың түсінуінің қажеттігін атап көрсетті, оқу материалын біржүйелікпен дұрыс ұйымдастыру керек, ол шәкірттерге хаос (жүйесіз) болмауы керек, негізгі қағидалар түрінде қысқаша баяндалған болуы керек.

 

Оқыту үрдісінде, оның айтуынша, деректерден қорытындыларға, мысалдардан ережелерге жүріп отыру керек, демек, бұл деректер мен мысалдарды біржүйелейді, жинақтайды; нақтылыдан абстрактыға, жеңілден қиынға, жалпыдан жалқыға жүріп отыруды талап етті.

 

Коменский дидактикалық қағидаларының бірі – оқытудың бірізділік қағидасына жан-жақты тоқталды. Барлық шәкірттерге ұсынылған материалдарды меңгеру үшін жаңа материалды оқыту оның алдындағы сабақта даярланған материалдық тікелей жалғасы болуы керек.

 

Коменский балалардың жас ерекшеліктерімен санаса отырып, ең алдымен шәкірттердің түйсіктерін, одан кейін есін, одан әрі ойларын, ең соңында тіл мен қолын дамыту қажет деп кеңес береді, себебі шәкірт меңгергенді дұрыс айта білуі және оны күнделікті ісінде қолдана білуі қажет.

 

Коменский оқытудың түсініктілік қағидасы туралы құнды кеңестер береді. Шәкірттерге оқыту тек ғана жас шамасына лайықтап беру керек. Шамаға лайықтылық және түсініктілік қағидаларын оықтудың анықтығына, негізгі мәселелерді хабарлау арқылы іске алады.

 

Сонымен қатар Коменский оқытудың беріктілік қағидасы туралы да құнды кеңестер берді. Коменский "берік негіз қалану керек, оқытуда асықпау керек, оқушылар берілген материалды толық меңгеруі қажет”.

 

Оқу материалын берік меңгеруде жаттығулардың және қайталаудың мәні орасан зор.

 

Коменский оқушылардың таным қабілеттіліктерін дамытуға ұмтылып отырды.

 

Оқыту жұмысының нәтижесі белгілі дәрежеде қолданылатын ұйымдастыру түрлеріне, әдістеріне және тәсілдеріне тікелей байланысты екені белгілі.

 

Коменскийді сол кезде үстемдік еткен оқытудың түрі де, оқытудың қолданылатын әдістері де ешқандай да қанағаттандырмады. Оқытудың түрі оқушыларға негізінен тапсырма берумен және әрбір оқушыдан негізінен тапсырма берумен және әрбір оқушыдан сабақ сұраумен шектелді.

 

Ал педагогика тарихында тұңғыш рет әртүрлі әдістерді қолдана отырып, жаңа сынып-сабақ жүйесін ұсынды, оның ішінде көрнекті оқыту әдістеріне ерекше орын берді. Коменский алғаш рет жаңа сынып-сабақ жүйесін ұсына отырып, төмендегі негізгі мәселелерге ерекше назар аударды:

 

1) оқу жылы белгілі жыл мезгілінің тек ғана бір күні басталуы қажеттігін ұсынды; 2) ғылыми білімнің барлық жиынтығы сыныптарға дәл бөліну туралы; 3) уақыт сондай дәл бөлінген болу керек, әрбір жыл, ай, күннің өзінің ерекше міндеттері болу керек. Коменский оқу жылы және оның оқу тоқсандарына бөлінуі ұғымын алғаш рет бекітті, оқу демалыстарын (каникулдары) енгізді, оқу күнін ұйымдастыруды анықтады (4 сағат ана тілі мектебінде, 6 сағат латын мектебінде) теориялық тұрғыдан сынып-сабақ жүйесінің негізін салды және оны тәжірибеде қолданды, іске асырды.

 

Коменскийге дейін мектептерге шәкірттерді қабылдау әртүрлі уақытта, бүкіл оқу жылының бойында жүргізілді. Шәкірттер сыныпта бірге отырғанмен, бірақ сыныптағы барлық оқу шәкірттермен көп жағдайда ұжымдық сабақ болмады. Мұғалім әр шәкіртпен жеке жұмыс жүргізді. Сонымен, Я.А.Коменский сынып-сабақ жүйесінің негізін сабақты қалай жоспарлау, өткізу керек, шәкірттерден сұрап отыруға, сонымен қатар сабақта жаңа материалды түсіндіріп отыруға және жаттығуларға ерекше көңіл бөлді.

 

Сабақты жүргізуде мұғалімнің атқаратын қызметі ерекше. Кітаптар, оқулықтар – бұл тілсіз мұғалімдер. Тек ғана мұғалімнің сабақта материалды түсіндіргеннен кейін ол шәкірттің жан дүниесінде жаңарып, терең із қалдырады. Мұғалім сабақты қызықты мысалдармен, айшықты көрнекті құралдармен, басқа да достық қарым-қатынаспен, балаларға жүрек жылуымен, кейде әзіл-оспағымен түсіндіру арқылы шәкірттердің сабаққа деген ынтасын оятады. Сабақтағы шәкірттердің зейініне ерекше мән берді. Ал зейінді жарықпен салыстырады. Әсіресе, сабақты ойдағыдай меңгеру шәкірттің сабаққа зейін аударуына тікелей байланысты.

 

Коменский мұғалімдерді шәкірттермен, сыныппен жұмыс істей білуге үйретті.

 

Коменский мұғалімге ерекше мән берді. Мұғалім мамандығының өте құремтті, абыройлы мамандық екеніне тоқтала келіп, оны өте жоғары бағалады: "Оларға (мұғалімдерге) тамаша қызмет тапсырылған, күн астында одан жоғары ешнәрсе болмақ емес”, - деген болатын-ды. Бұл мұғалімге, оны ұлы мәртебелі ісіне жаңаша, прогрессивті көзқарас болып табылады. Бұл мәселе күні бүгінге дейін күн тәртібінен түспей отырған өзекті мәселенің бірі болып табылады.

 

Коменский мұғалім,- деп жазды, -ол әруақыттада таза, белсенді, табанды, шәкірттерге адамгершілік қасиеттің үлгісін көрсетуі тиіс, сонымен қатар білімді, еңбексүйгіш болуы керек.

 

Коменский теориялық оқулық қандай болу керектігі туралы құнды теориялық ойларды ұсынды және бірнеше оқулықтар мен оқу құралдарын жазып, осы теориялық қағидаларын іс жүзіне асырды. Оның айтуынша, оқулықтар дәл және түсінікті тілмен жазылуы керек, оның сыртқы түрі балалар үшін өте тартымды болуына тоқталды.

Информация о работе Педагогикалық қабілет