Автор: Пользователь скрыл имя, 11 Марта 2012 в 22:01, реферат
Әрқандай іс-әрекетке байланысты адам қандай да қызмет орындауы қажет және сол істің тиімді нәтижесін қамтамасыз етуге жәрдем беретін сапаларға ие болуы тиіс. Мұндай дара педагогикалық ерекшеліктер міндетті түрде, бір жағынан, өзіндік психикалық табиғатына ие болудан, екіншіден - әркімде өз алдына, қайталанбас көрінісінен жеке адам қабілеті, мінез-құлқы деп аталады. Адам болғанның барлығы тік жүру, сөйлеу мүмкіндіктеріне ие, бірақ бұлардың бірі де шын қабілет тобына кірмейді, себебі, біріншісі – психологиялық құбылыс емес, екіншісі – баршада бірдей көрінетін әрекет. Қабілеттердің табысты іс-әрекетпен байланыстылығын баса айтумен, тиімді нәтижеге негіз боларлық дара-өзгермелі адам қасиеттерінің шеңберін тарылта қарастыру керек.
І Кіріспе
ІІ Негізгі бөлім
2.1. Педагогикалық қабілеттің дара стильдері
2.2. Педагогикалық мінез-құлық пен қызметтің дара стильдері
ІІІ Қорытынды
Қорытынды
Сонымен, тұлға - бұл шынайы жоғары интегративтік, бұзылмайтын біртұтас жүйе. Тұлғаның қалыптасуындағы орталық бөлім болып - адамның мотивациялық аймағының, яғни оның талаптарының, тілектерінің, ұмтылыстарының және ниеттерінің дамуы саналады. Қажеттіліктер қанағаттанылуы керек, ал бұл оларды қанағаттандыратын амалдарды іздеуге және табуға бағытталған әдістер мен құралдардың пайда болуын және оларды жетілдіруді қажет етеді. Сондықтан мотивациялық сфераның дамуына байланысты баланың танымдық қабілеттерінің, оның дағдыларының, қолынан келетін істерінің, әдеттері мен мінезінің дамуы жүзеге асырылады.
Адам қажеттілігін қанағаттандыру үшін шынайы қоршаған ортаға бейімделіп қана қоймай, онымен қатынас жасай білуі керек Осындай бейімделудің құралы болып - адамның уайымдары саналады. Олар адам қажеттілігінің қанағаттанылуының деңгейін ерекше әсерлі түрде көрсетеді. Уайымдар адамның қоршаған ортамен қарым-қатынастарға бейімделуінің бастапкы құралы болып, кейінірек өзіндік мағынаға ие болады және адам қажеттілігін сезіне бастайтын психологиялық шындық түрінде көрінеді. Осылайша адамның психологиялық дамуына шексіз мүмкіндік тудыратын қанықпайтындай көрінетін қажеттіліктер пайда болады. Тұлғаның қалыптасуындағы қажеттіліктерді жете түсіну үшін баланың өмір үрдісінде пайда болатын және дамитын жаңа әлеуметтік қажеттіліктерді ескеру қажет.
Л.С.Выготскийдің ілімі бойынша, онтогенетикалық даму кезінде бала санасының жүйелік құрылысы өзгереді. Осы теориялық пайымдауды жалғастыра отырып, біз адам тұлғасы да жоғары интерактивтік деңгейдегі тұрақты салыстырмалы психологиялық жүйе екенін мойындауымыз керек. Және бұл жүйенің де өзіндік даму кисыны мен заңдылықтары бар.
Тұлғаның қасиеттеріне мінез және қабілет жатады.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Тлеуова С. Жоғары мектеп педагогикасы, Шымкент, 2004
2. Игенбаева Р. Жоғары мектеп педагогикасы, Алматы, 2008
3. Жарықбаев Қ. Жантану негіздері. Алматы -2004
4. Селевко Г.К. Современные образовательные технологии. – М. 1988.
5. Зимняя И.А. Педагогикалық психология. Оқулық.Алматы-2005.
6. Педагогикалық психология. -Алматы, 1995
Міне, сондықтан қабілетті адамнын басқа бір қасиетімен (заттың түстерін жақсы айыру, пропорцня сезімі, музыкалық есту т. б.) шатастыруға болмайды. Қабілет әр кезде де жеке адам қасиеттерінің синтезі.
Сөйтіп, қабілетті іс-әрекет талабына сай және онда жоғары көрсеткішке жетуді қамтамасыз ететін жеке адам қасиеттерінің синтезі деп анықтауымызға болады.
Қабілет қоғамдық және жеке адамдық зор мәнге ие. Экономика мен ғылымның, өнердің дамуында әлеуметтік объективтік жағдайлармен қатар адамдардың қабілеттері де маңызды орын алады. Осы айтылғандармен қатар қабілеттілік адамның дамуын жеделдетеді, еңбекте творчестволық табысқа жеткізеді, оған материалдық және рухани ләззат береді.
ӘДЕБИЕТТЕР
1. Педагогика / под ред. В.А.Сластенина и др. – М., 2002. – 566 стр.
2. Подласый И.П. Педагогика. В 2-х кн. Кн.1. -М., 2002. 573 стр.
3. Қоянбаев Ж., Қоянбаев Р. Педагогика. – Астана, 1998Субъект категориясы философияда, әсіресе онтологияда, негізгі орын алатыны белгілі ( Аристотель, Декарт, Кант, Гегель) Ол қазіргі кездегі психологияда да өзіне үлкен назар аудартуда (С.Л.Рубинштейн,К.А.
Біріншіден, субъект категориясы әрқашан объект категориясымен сәйкестендіріледі.( С.Л.Рубинштейн)
Екіншіден, танушы субъект, немесе «ғылыми таным субъектісі – бұл өзі танып отырған болмысты қоғамдық- тарихи қалыптасқан формаларда саналы түсунуші қоғамдық субъект»(А.Н.Леонтьев)
Үшіншіден, қоғамдық субъект іс-әрекетте де,нақты индивид болмысында да тіршілік құрып, жүзеге аса алады.
Төртіншіден, «Мен»және басқа адам проблемасы мәселесін қарастыра отырып С.Л. Рубинштейн келесі жағдайға назар аударады: «Мен»қандай да бір іс-әрекетті ұйғарады және керісінше, «ырықты, басқарылушы, саналы түрде реттелуші іс-әрекетті әрекеттегі адам, осы іс-әрекеттің субъектісі – берілген индивидті «мені»тиісті ұйғарады»
Бесіншіден, субъект – саналы әрекеттенуші – оның өзіндік сана-сезімі (С.Л.Рубинштейн).
Алтыншыдан, әрбір нақт субъект өзінің басқаға қатынасы арқылы танлады.
Жетіншіден, әрбір «Мен» жекеше де, қоғамдық та болғанымен, ұжымдық субъект болып табылады.
Сегізіншіден,субъект-іс-
Тоғызыншы, субъект-ол бейнелеу процесін гносиялогиялық және өзіндік психологиялық талдаудан, «субъективтік»бейне категориясынан туындайды.(А.Н.Леонтьев)
С.Л.Рубинштейн бойынша, іс-әрекет сбъектііні маңызды сипаттамасы – оны іс-әрекетте қалыптасуы және дамуы- бұл тек қана оқушының дамуына емес, сондай-ақ педагогты өзін-өзі дамытуына, жетілуіне қатысты.
Білім беру процесіні идеалды біріккен субъектісі П.Ф.Каптерев тарапынан, бір білім беру алаңымен, оқу мен даму алаымен, көрсетілген көрсеткіші.
«Өнерлі мұғалім мен оқушыны өздігінен білім алу мен даму қажеттілігі байланыстырады. Өзін толыққанды дана деп санайтын және енді оқудың қажеті жоқ деген мектеп мұғалімі бұл алаға жатпайды, даму баспалдағының ешқандай сатысында тұрмайды, ол білім беру жұмыстарына мүлдем бөгде... Ол мәдениеттен, оны игеру мен тұлғалық жетілу жұмыстарынан тысқары» Білім беру процесінің субъектілері өзін-өзі дамытып отыруға «жазылған», оның ішкі күші олардың әрқайсысының дамуының бастауы мен импульсы ретінде қызмет етеді.
Білім беру процесінің субъектілері таным, іс-әрекет, өмір субъектілеріне тән жалпы қасиеттерімен де, сондай-ақ олардың ерекшеліктері айқындалатын және олар үшін ерекше білім беру процесінің субъектілеріне тән қасиеттерімен де сипатталады.
Педагогтың субъективтілік қасиеттерін құрылымдық көрсеткіштері:
Арнайы
Объективтік Субъективтік
(мұғалімнің (жеке мұғалімдік
ғылыми талант) қасиеттер
дайындығы)
А.К.Маркова бойынша, субъектілік қасиеттер құрылымы келесі сипаттама блоктарымен көрсетілуі мүмкін:
Кәсіби, психологиялық,
педагогикалық білімдер
Кәсіби, психологиялық
позициялар, ұстанымдар
Мұғалім педагогикалық еңбек субъектісі ретінде
Мұғалім педагогикалық
іс-әрекет субъектісі ретінде қарым-қатынас субъектісі
Н.В.Кузьмина бойынша, педагогикалық қабілеттер:
Педагогикалық мақсатты ұйғару Педагогикалық ойлау
Рефлексивті-перцептивті қабілеттер
Педагогикалық Педагогикалық
рефлексия
Педагогикалық қабілеттердің жалпы құрамы:
1. Дидактикалық қабілеттер - шәкірттерге оқу материалын неғұрлым ұғынықты қылып беру қабілеті
2. Академиалық қабілеттер - ғылымның сәйкес аймағына деген қабілеттер
3. Перцептивті қабілеттер – оқушының, тәрбиеленушіні ішкі дүниесіне ене білу қабілеті
4. Тілдік қабілеттер - өз ойлары мен сезімдерін тілді, мимика және пантомимика көмегімен айқын және нақты білдіре алу қабілеті
5. Ұйымдастырушылық қабілеттер – бұл, біріншіден, оқушылар ұжымын ұйымдастыру қабілеті, екіншіден, өз жұмысын дұрыс ұйымдастыру қабілеті
6. Авторитарлық қабілет – шәкірттерге тікелей эмоционалд-еркін әсер ету қабілеті
7. Коммуникативтік қабілеттер – балалармен қарым-қатынас жасау қабілеті
8. Педагогикалық қиял - өз әрекеттерінің салдарын алдын ала көруден, оқушыдан болашақта кім шығатынын елестете отырып, оның тұлғасын тәрбиелеуді жобалаудан, тәрбиелеушілерді қандай да бір сапаларының дамуын болжай алу іскерлігінен көрінетін арнайы қабілеттер
9. Зейінді бір мезгілде бірнеше іс-әрекеттерге тарату қабілеті
1. Оқыту процесіні басты субъектісі – оқушылар
2. Оқыту процесінің анықтаушы мәні – оқушылардың өзіндік белсенді таным әрекеттері
3. Оқыту – таным процесіне негізделеді
4. Мұғалім – оқушылардың таным іс-әрекеттерін ұйымдастырып, басқарушы.
«Жеке тұлға» ұғымы өте терең. Басқа жекелей қасиеттерімен бірге жеке тұлға қасиеттерімен бірге жеке тұлға – танымдылығы, шығармашылық
Мүмкіншілігі мен қабілеттерінің жиынтығы. Қазіргі уақытта педагогика ғылымының бір ерекшілігі - білім беру процесінің субъектілері өзін-өзі дамыуына бағытталған жаңа оқыту технологияларын шығаруға ұмтылуы.
Соның бірі М.М. Жанпейісованың «Модульды оқыту технологиясы». Бұл технологияның ерекшелігі – оның білімді меңгеруге емес, тұлғаны танымдық қабілеттерін және танымдық процестерді, яғни, жадының алуан түрлерін (есту, көру, қимыл т.б.), ойлауды, ынтаны, қабылдау қабілетін арнайы жасалған оқу және танымдық жағдайлар арқылы дамытуға, сондай-ақ тұлғаның қауіпсіздігін, өзін-өзі өзектілендіру, өзін-өзі бекіту, қарым-қатынас, ойын, танымдық және шығармашылық қажеттіліктерін қанагаттандыруға бағытталуы.
Танымдық қызметтің өзінен жағымды эмоциялар алатындай қызмет ұйымдастырылмаса, онда мұғалімні баланы танымға «жектелеп енгізбек» болған әрекеті күтілген нәтиже бермейді (яғни, тұлғаны дамытпайды).
Бұл үшін мұғалім сабақта әр балаға психологиялық қолдау көрсетуі, психологиялық жайлы (ыңғайлы) орта туғызуы қажет. Мұғалім ондай жағдайды жасай алады, тек ол үшін келесі қағидаларды басшылыққа алуы тиіс:
1. Балаларға әрқашан сенім көрсетуі
2. Оқушыларға оқытудың мақсаттары мен міндеттерін белгілеп, нақтылауға көмектесуі
3. Оқушылардың оқуға деген ішкі қызығушылығына мән беруі
4. Әр түрлі тәжірибенің қайнар көзі ретінде, оқушы қиындыққа кездескенде әрқашан кеңес алуға болатын тұлға ретінде тұруы
5. Өзінде топтың көңіл-күйін сезу және оны қабылдау қабілетін дамытуы
6. Топта өз сезімін ашық білдіруі
7. Әрбір оқушының сезімі мен көңіл толқуларын түсінуге мүмкіндік беретін эмтиялық дәрежеге ұмтылуы
8. Өзін-өзі жақсы бағалауы тиіс
Танымдық қабілеттердің дамуы модульдік оқыту технологиясының мынадай элементтерінен құралады:
- тапсырмаларды үш деңгеймен саралап беру
- Б.Блумның технологиясын пайдалану
- білім дәрежесін бағалаудың тоғыз балдық жүйесі (деңгейлер бойынша)
- тұлғалық бағытталған формалар
- сөйлесу бөлімнің сабақтарын ұйымдастыру
Сонымен қатар оқушыларды танымдық қабілеттерінің даму оқуға деген қызығушылықтарын (артырады) қалыптастырады, яғни:
1. Танымдық қызметтен қанағаттанып, қуаныш сезіміне бөлену (оқу модуліні сөйлесу бөлімі сабақтарындағы «екіліксіз» оқу, «өз деңгейінде» жұмыс істеу мүмкіндігі, ойынға қатысу, қорқыныш сезімінің жойылуы,өзіндік және өзара бірге дайындалу мүмкіндігі, субъект-субъектілік қатынастар)
2. Сөйлесу бөліміндегі білім дәрежесін бағалауда өзін-өзі бағалау әдістерін пайдалану.
Бұдан, яғни оқыту процесінде мұғалім мен оқушы өздерін нық сезініп, өз күштеріне сене бастайды. Оқушылар үнемі өзара сөйлесіп, өзара қатынаста болуға төселеді, бұл олардың өз ойларын дұрыс қиыстырып, сыртқа еркін шығарып айтуына мүмкіндік береді. Оқушылардың сөйлеу тілі, қисынды ойлау дамиды, қорқыныш, мазасыздық сезімі жойылады, өзін таныту мүмкіндігі пайда болады. Оқушылар өзара сөйлесудің, оқыта үйрету ойындарының артықшылығын көреді. Оқу материалына бірнеше мәрте қайта оралу,