Педагогикадағы термин сөздер

Автор: Пользователь скрыл имя, 02 Марта 2013 в 19:53, лекция

Описание работы

Ғылым таным процесінің ерекше формасы ретінде. Ғылыми іс-әрекет, оның мақсаты мен міндеттері. Студенттердің ғылыми қауымдастықтары және олардың студенттердің шығармашылығын дамытудағы орны.Студенттердің ғылыми зеррттеу жүмысы курстық және дипомдық жүмыстарды орындаудың негізі. Студенттердің ғылыми үиімелері олардың студенттердің ғылыми шығармаларын дамытудағы ролі. Кіши және кустаррда жоғары оқу орында студенттердің ғылыми іс әрекетңн жоспарлау.

Работа содержит 1 файл

гылыми педагогика лекции.docx

— 44.03 Кб (Скачать)

Әдеби шолуға сүйене отырып зерттелетін  проблеманың қаншалықты қарстырылғандығына жалпы сипаттама берілуі қажет.Оның жалпы зерттелу дәрежесін анықтау  қажет, оның кейбір жекеленген жақтары  қаншалықты зерттелген, соның аз зерттелген және зерттелмеген жақтарын ашу керек  те, құбылыстың табиғатын түсінудегі жалпы немесе жекеленген жақтарындағы қайшылықтарды анықтау қажет.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімін  құрастыру үлгісі, яғни кітаптар, мақалалар, ғылыми конференция материалдары, диссертация, авторефераттар, энциклопедиялар мен  сөздіктерді безендіру  тәртібі. Мысалы:

1 Қазақстан Республикасының  «Білім беру» туралы заңы //Егеменді  Қазақстан, 1999. 11.06. - 2 б.

2 Қазақ тілі  терминдерінің салалық ғылыми  түсіндірме сөздігі: Педагогика және психология /Жалпы редакциясын басқарған А.Қ.Құсайынов. - Алматы, 2002. - 66 б.

3 Нысанбаев Ә.  Адамға қарай бет бұрсақ: Ежелгі  грек философтары туралы ой толғаулары: Оқу құралы. - Алматы, 1992. - 61-140 б.

4 әл-Фараби. Әлеуметтік  этикалық трактаттар. - Алматы, 1975. - 187 б.

5 Сегізбаев О.А.  Казахская философия ХY-ХХ вв. - Алматы, 1996. - С. 153.

6 Әтемова К.Т.  Оқушыларда гуманистік қасиеттерді  қалыптастыруда мектеп пен отбасының бірлескен жұмысы: п.ғ.к. ғылыми дәрежесін алу үшін дайындаған дис.:13.00.01 - Алматы, 1998. - 40-50 б.

7 Бейсенбаева  А., Ералиева М. Оқу-тәрбие үрдісін  ізгілендірудің мүмкіндіктері //Қазақстан  мектебі, 2001, № 4. - 12-14 б.

 

5-дәріс. Ғылыми педагогикалық зерттеулердің алғашқы қойылуы

Дәріс жоспары:

1. Зерттеу мәселесі мен тақырыбы.

2.Зерттеу  объектісі  мен пәні.

3.Зерттеу мақсаттары, міндеттері, ғылыми болжам.

1. Әр педагогикалық зерттеулердің өзіндік проблемалары, тақырыбы, зерттеу объектісі, пәні, мақсаты, міндеттері және болжамы болуы тиіс. Зерттеу проблемасын не мәселесін қойғанда, зерттеуші бұрын зерттелінбегендерді тауып, солардың ішінен нені зерттеу керек деген сұраққа жауап береді. Проблема ғылыми ізденістің стратегиясы мен бағытын анықтайды. Көбіне проблема ол шешілмеген практикалық мәселе саласы, ал оны шешу үшін ғылыми білімге, отандық және шетелдік тәжірибеге жүгіну қажет. Оларды оймен саралап, жүйемен соның ішінен өзінің нақты міндетттерін шешуге көмектесетінін таңдап алып, педагогикалық жүйені жетілдіруге пайдаланады.

Ғылыми проблеманы қалыптастыру – ең бастыны уақ-түйектен ажырата алу, зерттеу пәні жөнінде  белгілі мен бұған дейінгі  белгісіздікті анықтау. Зерттеудің өзектілігі, ғылыми жаңалығы, теориялық және практикалық мәні, зерттеу нәтижесінің сапалық деңгейін көрсетеді. Зерттеу тақырыбы өзекті бір мәселені және педагогика ғылымының қазіргі жағдайын қамтуы қажет. Сонымен қатар, жоғары білімді маман дайындау міндеттеріне сай болу керек.

2. Зерттеу объектісі  – зерттелетін, проблемалық ситуация  тудырып отырған процесс немесе  құбылыс. Яғни, зерттеушінің ізденіс  жұмысында нені қарастыр Мысалы, педагогиканың зерттеу объектісі – тұлға ретінде баланы оқыту, тәрбиелеу және дамыту құбылыстарын танып білу.

Зерттеу пәні – зерттеу объектісінің шекарасында  жүзеге асырылатын педагогикалық ықпал  етудің аспектілеріне, педагогикалық  шарттарға, педагогикалық процестің  компоненттеріне немесе тәрбиешілер  мен тәрбиеленушінің түрлі қарым-қатынастарына  байланысты анықталады. Мысалы, педагогиканың зерттеу пәні – жаңа адамды (тұлғаны) қалыптастыру процесінің заңдылықтары. 

3.Зерттеу мақсаты зерттеу пәнін есепке алу негізінде анықталады. Зерттеудің мақсатты - ол болашаққа негізделген потенциалдық мүмкіндіктерді педагогикалық шындыққа айналдыру, яғни болашақта көзделген мақсатты жүзеге асыру.  Зерттеу міндеттері – теориялық, әдістемелік, қолданбалы бағытта құрылуы тиіс. Педагогиканың  міндеттері – педагогикалық жағдайларды ұғынып, соған сәйкес шешім қабылдау және іс-әрекет жоспарын құру.  Міндеттері  әдетте санамалау түрінде (анықтау, сипаттау, айқындау және т.б.) мұқият ойластырып анықталады.

Болжам –  шындық құбылыстың қасиеттері мен өмір сүру себебін түсіндіруді көздейді. Педагогикалық зерттеулердің болжамы  педагогикалық құбылыстар мен  процестердің жүзеге асуының шарттарын анықтауға  бағытталған. Болжам құбылыстардың жорамал түріндегі ішкі байланыстарын, оның механизмдерін және белгілі бір құбылыстардың қалай өтетіндігін шамалауға мүмкіндік береді.

 

6-дәріс. Зерттеу жұмысының құрылымы.

Дәріс жоспары:

1. Кіріспе бөлім.

2. Негізгі бөлім.

3. Қорытынды бөім.

4. Қосымша бөлім.

1. Ғылыми зерттеу жұмыстарының нәтижелерін жазу кіріспеден басталады. Кіріспеде зерттелетін ғылыми проблеманың (мәселенің қазіргі заманға жайы қысқаша сипатталады), зерттеудің өзектілігі, сол сияқты жұмыстың мақсаты, объектісі мен пәні, міндеттері, ғылыми болжамы, зерттеу әдістері көрсетіледі, жаңалығы, зерттеу жұмысын жүргізудің қажеттілігі негізделеді, аналитикалық шолу жасалынады. Зерттеудің көкейкестілігіне негіздеме беру дегеніміз анықталған проблеманы не үшін осы кезеңде зерттеу қажет екендігін түсіндіру. Зерттеу идеясы бұл зерттеудің негізгі көзі.

2. Зерттеу жұмысының екінші бөлігі – ол негізгі бөлім. Зерттеу жұмысының негізгі бөлімі 2 немесе 3 тараудан тұруы мүмкін. 1-тарауда зерттелетін мәселенің мән-жайы толық және жүйелі түрде баяндалады. Жаңа идеялар мен проблемалар және оларды шешудің мүмкін болатын жолдары, ғылыми зерттеу жұмысы арналған мәселе бойынша бұған дейінгі қажет болған жағдайда онымен сыбайлас зерттеулердің нәтижелері, оларды шешудің жолдары жазылады. Тиісті ақпарат көздеріне сілтемелер беріледі немесе қосымшаға енгізіледі. Сондай-ақ, зерттеу жұмысының 1, 2 параграфтарында зерттеудің бірінші міндетіне сәйкес зерттеу пәнінің негізгі ұғымдарын жалпы сипатттау, яғни бұл ұғымдарды анықтау, олардың негізгі компоненттерін анықтау, оларды дамытудың мүмкін болатын деңгейін анықтау, бұл деңгейге қол жеткізудің дәрежесін анықтау, шарттарын анықтау сияқты жұмыстар жүзеге асырылады. Бұл кезеңде теориялық зерттеу әдістері қолданылады.

Зерттеу жұмысының 2-тарауында эксперимент жұмыстары жүргізіледі, яғни эксперименттің мақсаты, бағдарламасы жазылады, алынған мәліметтердің мәні, нақтылығы мен дұрыстылығы бағаланады. Ол теориялық мәліметттермен салыстырылады. Бұл бөлім алынған нәтижелерді түсіндірумен және мүмкіндігінше қолданылуын баяндаумен  аяқталады.

3. Қорытынды және ұсыныстар бөлімінде жұмыс нәтижелері қаншалықты зерттеу міндеттеріне сәйкес орындалғандығы бағаланады. Қорытындыда жұмыс нәтижелерінің практикалық, ғылыми, әлеуметтік құндылығын көрсету қажет. Қорытындының соңы мыналармен аяқталады: жаңа нысандар, процестер, құбылыстар, заңдылықтар жөнінде ғылыми мәліметтер алумен, зерттеудің ғылыми негіздерін жасаумен, жаңа әдістер мен принциптер жасаумен, нұсқаулар құрумен, ұсыныстар, әдістемелер, ереже, бағдарлама т.с.с. жасаумен, жаңа жасалынған немесе жетілдірілген ұсыныстарды практикаға енгізумен.

4. Қосымшаға негізгі бөлімнің мәтінінің аясына сыймаған көмекші материалдар енгізіледі. Көмекші материалдарға кестелер, тәжірибе хатттамалары, эксперимент жүргізуге пайдаланылған дидактикалық құралдар, нұсқаулар, әдістемелер, көрнекіліктер және т.с.с. жазылады.

 

7-дәріс. Ғылыми педагогикалық зерттеу әдістері.

Дәріс жоспары:

1.Зерттеу әдістері туралы ұғым.

2. Теориялық және тарихи педагогикалық  зерттеулердің әдістері

3. Эмпирикалық зерттеу әдістері.

4.Педагогика ғылымының сандық  және сапалық зерттеу әдістері

1. Әдіс деген сөз гректің "metodos" деген сөзінен шыққан. Метод деген ұғым белгілі ақиқатқа, шындыққа, мақсатқа жетудің жолдары деген мағынаны білдіреді.

Педагогикалық зерттеу әдістері  дегеніміз –  құбылыстарды жан-жақты білуге және ғылыми мәселелерді шешуге бағытталған  тәсілдердің жиынтығы.

Зерттеу әдістерін  таңдап алу ғылыми педагогикалық  зерттеудің маңызды кезеңі. Зерттеу  әдістері педагогикалық шындықтан  алынатын деректерді және білімдерді жинаудың, өңдеудің, талдаудың негізгі  амалдары. Зерттеу әдістері зерттеу  мақсаты мен міндеттеріне сәйкес келуі қажет. Себебі зерттеу әдістері зерттеу міндеттеріне жетудің шарты.

2. Теориялық және тарихи педагогикалық зерттеулердің әдістері Зерттеудің теориялық деңгейінде зерттеуші заттың табылғанына еніп, оның ішкі құрылымын ашуға, пайда болуын, даму механизімері мен функцияларын анықтауға мүмкіндік беріледі. Бұл зерттеулердің мақсаты тек қана фактілерді анықтап, олардың сыртқы байланысын анықтауда ғана емес, олардың қандай себептен пайда болатынын,  өзгерістерін түсіндіру. Теориялық әдістер фактілердің ішінде жасырынған заңдылықтарды, жалпылықты, қажеттілікті, негізгіні, факторлар дамуының байланыстылығын анықтауға көмектеседі.

3. Эмпирикалық зерттеу әдістері. Педагогикалық бақылау әдісі. Педагогикалық құбылыспен танысу зерттеушіге педагогикалық жұмысқа қатысы бар деректерді үйреніп, жинақтап, белгілеп алуды қажет етеді. Құбылыстарды бақылау зерттеушіге алғашқы болжамдарын қортындылауға мүмкіндік береді. Әңгімелесу әдісі. Бұл әдіс те ғалым-тәрбиеші мен тәрбиеленушінің екеуінің де бірдей педагогикалық дерек пен құбылысқа деген ойы мен қатынасын айқындауға жәрдемін тигізеді. Сұхбат әдісі - қажетті ақпаратты алу немесе бақылау барысында түсініксіздеу болған құбылыстың мәнін аша түсу мақсатымен дербес не қосымша қолданылатын зерттеу тәсілі. Сауалнама- ауқымды материал жинақтау үшін қолданылады. Сұрақ жауаптары жазба күйінде қабылданады. Тест - жеке тұлғаның даралық-психикалық қасиеттерін, сондай-ақ білімін, білігі мен машығын салыстмалы шамалармен өлшеуге арналған әдіс.Рейтинг  әдісі - қандайда бір педагогикалық құбылысқа байланысты оқушылар мен мамандардың пікірін білу мақсатында жүргізілетін әдіс. Мектеп құжаттарын зерттеу әдісі -оқушылардың жеке іс қағаздарын, дәрігерлік анықтамаларын және т.б. жинақтау, талдау мақсатында қолданылатын әдіс.

Статистикалық әдіс – ғылыми маңыздылығы бар практикалық өзгерістерді өңдеу инструменті. Жоспарлау және моделдеу әдістерімен біріге отырып, статистикалық әдіс әр түрлі ғылыми гипотезаларды тексере отырып, объективті заңдылықтарды анықтауға көмектеседі.

 

8-дәріс. Курстық жұмыстың құрылымы

Дәріс жоспары:

1.Курстық жұмыс және оны орындауға  қойылатын талаптар.

2. Курстық жұмысты жазудың үлгісі.

Курстық жұмыс  – ғылыми-зерттеудің мәнді бір  бөлігі. Курстық жұмыс (лат.cursus, currere тез қозғалу) студенттердің орындайтын өздік жұмысы. Курстық жұмыстың міндеттері-студенттердің логикалық ойлануын, шығармашылық қабілеттерінің дамуын, оқу-тәрбие процесіндегі дағдысын, ғылыми-зерттеу шеберлігінің деңгейін, теорияны практикамен ұштастыра білу мүмкіншілігін, практикада қолдану білігін қалыптастыру; студенттерді курстық жұмысты дайындап, қорғау жөніндегі білігін қалыптастыру, олардың ғылыми әдебиетпен жұмыс істеу дағдысын қалыптастырып, сол арқылы ғылыми-әдістемелік зерттеу жүргізуге даярлау. Курстық жұмыстың орындалуы оқу орнының оқу жоспарында көрсетіледі. 

Курстық жұмыстарға қойылатын талаптардың ең негізгілері: курсық жұмысты орындау барысында  студент ұсынылған әдебиеттен мәтінді  көшіріп алмай, оның мазмұнын қорытындылауда, талқылауда өзінің ой түйіндерін келтіруі тиіс; жұмыс мазмұны жүйелі және нақтылы жазылуы тиіс. Жалпы белгілі  жайларды қайталай бермей, жұмысқа  автор өз ойын, өзі ізденіп тапқан мысалдары мен қорытындыларды, жүргізілген  эксперимент нәтижелері баяндалып  жазылуы тиіс; курстық жұмыстарды орындау үшін пайдаланылған әдебиет  тізіміне ғылыми еңбектер жинағы, монграфия, конференциялар материалдары, газеттер мен ғылыми журналдардағы басылымдар кіреді.

Курстық жұмыстың құрылымы кіріспеден, теориялық және практикалық бөлімдерден (теориялық  және практикалық бөлім екі немесе бірнеше тараудан тұруы мүмкін, ол зерттеулер жұмыстың құрылымымен, эксперименттің кезеңдерімен және проблеманы зерттеу  болашағымен және т.б. жағдайлармен байланысты), қорытындыдан және пайдаланылған  әдебиеттер тізімінен тұрады. Қолданылған  көрнекті құралдар дидактикалық материалдар  және қосымшалар жұмыстың ішіне тігіледі.

Курстық жұмысты  жазу кіріспеден басталады. Онда зерттеу  жұмысының өзектілігі, объектісі  мен пәні, зерттеу мақсаты, міндеттері,  болжамы, зерттеу әдістері т.б. көрсетілуі қажет. Ал негізгі бөлімде тақырыптың ғылыми-теориялық негізі сипатталып, жүргізілген тәжірибеге талдау жасалынады. Ал соңғы бөлімде қорытынды айтылып, практикада қолдануға нұсқаулар, ұсыныстар  беріледі. Курстық жұмыстың мәтініне зерттеудің кейбір қағидаларын бейнелейтін  әртүрлі кестелер, сызбалар, графиктер, диаграммалар енгізілуі мүмкін (немесе оларды «қосымша» түрінде де беруге болады). Эксперимент материалдарына баса назар аударылуы тиіс. Жұмыстың соңында барлық библиографиялық  ережелерді сақтай отырып пайдаланылған  әдебиет тізімі беріледі. Курстық  жұмыс орындауда студент: ғылыми жетекшінің көмегімен ғылыми жұмыс  орындаудың барлық кезеңдерінен (жоспар құру, әдебиет іріктеу, қажетті зерттеуді  жүргізу, олардың нәтижелерін өңдеу, қорыту және т.б.) өтеді. Көптеген жағдайда курстық жұмыс педагогикалық  практикамен байланыстырып жүргізіледі.

 

9-дәріс. Дипломдық (бітіру)  жұмыстың құрылымы.

Дәріс жоспары:

1. Дипломдық жұмысты орындауға қойылатын талаптар.

2. Дипломдық жұмыстың курстық жұмыстан айырмашылығы мен ұқсастығы.

Студенттердің өзіндік іс-әрекеттерінің түрлерінің бірі жоғары оқу орнын бітірерде  дипломдық жұмыс (бітіру жұмысын) орындау. Дипломдық жұмыс – студенттердің теориялық білімін тереңдетуге, практикалық даярлығын жетілдіруге, өз бетімен зерттеу дағдыларын қалыптастыруға бағытталған оқу әрекетінің бір формасы. Дипломдық  жұмыстың орындалуы оқу орнының оқу жоспарында көрсетіледі. Дипломдық жұмыстың тақырыптарын сол пәнді жүргізетін тәжірибелі ұстаздар жасайды және сол студент оқитын факультеттің кафедра отырысында, әдістемелік бірлестіктерінде қарастырылып, бекітіледі.

Дипломдық жұмыстарға бірқатар талаптар қойылады, олардың  ішіндегі ең маңыздылары: тақырыптың өзектілігі, оның ғылымның белгілі бір саласының  дамуының қазіргі жағдайы мен  болашағына, практикалық міндеттер  мен дипломдық жұмыстың жалпы  мақсатына сай болуы; зерттелетін  проблеманың тарихын және оның практикалық  жәйін оқу және сипаттау, сол сияқты озық педагогикалық және автордың жеке тәжірбиесін оқып, қорытып, жазу; зерттеу  пәнін, мақсаттарын және әдістерін  нақты сипаттау, автордың жүргізген  эксперементін талдау және жазу; нәтижелерді  қорыту, қорытынды мен практикалық  ұсыныстарды негіздеу.

Информация о работе Педагогикадағы термин сөздер