Автор: Пользователь скрыл имя, 02 Марта 2013 в 19:53, лекция
Ғылым таным процесінің ерекше формасы ретінде. Ғылыми іс-әрекет, оның мақсаты мен міндеттері. Студенттердің ғылыми қауымдастықтары және олардың студенттердің шығармашылығын дамытудағы орны.Студенттердің ғылыми зеррттеу жүмысы курстық және дипомдық жүмыстарды орындаудың негізі. Студенттердің ғылыми үиімелері олардың студенттердің ғылыми шығармаларын дамытудағы ролі. Кіши және кустаррда жоғары оқу орында студенттердің ғылыми іс әрекетңн жоспарлау.
Негізгі бөлім
Ғылыми іс-әрекет (Ғылыми процесс ретінде)
Ғылым таным
процесінің ерекше формасы ретінде.
Ғылыми іс-әрекет, оның мақсаты мен
міндеттері. Студенттердің ғылыми қауымдастықтары
және олардың студенттердің
Ғылыми-педагогикалық зерттеу және оның әдіснамалық принциптері.
Ғылыми-педагогикалық
зерттеудің мәні. Педагогикадағы зерттеу
ғылыми іс-әрекеттің нәтижесі ретінде.
Ғылыми-педагогикалық зерттеу
Зерттеудің проблемасын және тақырыбын анықтау ғылыми ізденістің бастапқы кезеңі ретінде.Зерттеу тақырыбының өзектілігі қоғамның білім беру жүйесіне қоятын талаптардың көрінісі ретінде. Қазіргі педагогикалық зерттеулердің проблемалары. Проблема көптеген ғылыми мәселелердің жинақталып жүйеленген жиынтығы ретінде. Ғылыми ізденістің табыстылығының зерттеу проблемасының дұрыс құрастырылуына тәуелділігі. Проблеманың қайнар көздері. Зерттеу проблемасы тәжірибені және ғылыми әдебиетті зерттеудің нәтижесі ретінде. Зерттеу проблемасы бастауыш білім берудің қажеттіліктері мен олардың ғылымда шешілуі арасындағы айқындалған қарама-қайшылық ретінде. Зерттеу тақырыбы зерттеу тақырыбының тиянақталған және қысқартылып құрастырылған формулировкасы.
Ғылыми әдебиетпен жұмыс және жинақтаған мәліметерді талдау әдістемесі.
Зерттеліп отырған проблеманың жағдайын талдау. Ғылыми әдебиетпен жұмыс ғылыми зерттеу іс-әрекетін меңгерудің маңызды жағдайы ретінде. Ақпарат көздерін іріктеу және оқып зерттеу. Әдеби көздердің түрлері. Библиографиялық іздеу, каталогтармен (алфавиттік, пәндік, жүелілік, жаңа түсімдердің) жұмыс істеу. Әдебиет көздерінің библиографиялық мәліметтері, оларды рәсімдеуге қойылатын талаптар. Жинақталған ақпаратты талдау. Ғылым фактілерін және тәжірибені жинақтаудың, тіркеудің және сақтаудың әдістемесі. Мәтінмен жұмыс (жоспар, выпискалар, тезистер, аннотация, рецензия, конспект, цитата). Ғылым тілі оның жағдайы мен дамуының көрсеткіші ретінде. Педагогикалық зерттеулердегі негізгі ұғымдарды талдау. Ғылыти ұғымдар, ғылымның терминологиясы.
Ғылыми-педагогикалық зерттеудің бастапқы кезеңі.
Ғылыми-педагогикалық зерттеудің бастапқы кезеңі және оның барысы: зерттеудің проблемасы, тақырыбы, нысаны мен пәні, мақсаты мен міндеттері, жетекші идеясы мен болжамы. Зерттеу пәнін анықтау – ізденістің шеңберін анықтау. Педагогикадағы зерттеу объектілері: жүйелер, процестер, құбылыстар (тәрбиенің, оқытудың, білім берудің, тұлға мен ұжым дамуының және қалыптасуының). Зерттеу мақсаты ізденістің соңғы нәтижелері жөнінде түсінік ретінде. Жалпы мақсатты зерттеу міндеттерінде нақтылау. Зерттеудің жетекші идеясы зерттеудің теориялық ұстанымдарын және зерттеудің жалпы бағытын анықтау ретінде. Болжам – мәселенің мүмкін шешу жолы. Курстық және дипломдық жұмыстардың ғылыми аппараты.
Ғылыми-педагогикалық зерттеудің нақты зерттеу және қорытындылау кезеңдері.
Нақты зерттеу
кезеңінің сипаттамасы. Зерттеліп
отырған процестер мен
Ғылыми-педагогикалық зерттеу әдістері.
Таным әдістері
ғылыми зерттеудің негізгі элементтері
ретінде. Ғылыми-педагогикалық
Пәннің пререквизиті: бұл пәнді оқу үшін студенттердің мына пәндерден білімі болуы керек: «Педагогиканың жалпы негіздері», «Жалпы психология», «Тәрбие теориясы», «Дидактика».
Пәннің постреквизиті: студенттердің «Ғылыми педагогикалық зерттеу теориясы мен әдістемесі» пәнінен алған теориялық білімдері “Психологиялық – педагогикалық диагностика” пәндерін игеруде және курстық, дипломдық бітіру жұмыстарын жазу кезінде қажет.
«Ғылыми педагогикалық зерттеу теориясы мен әдістемесі» арнайы курсының қысқаша сипаттамасы.
Еліміздегі соңғы жылдардағы өзгерістер білім беру міндеттерінің аясын кеңейтіп отыр. Осыған байланысты білім беру жүйесі оның әр саласын жаңартуды талап етеді. Бұл ғылыми-педагогикалық зерттеулердің принциптері мен әдістерін меңгеру қажеттілігін анықтайды. Сондықтан болашақ мамандардың әдіснамалық және ғылыми-зерттеу мәдениетін қалыптастыру заман талабы.
«Ғылыми педагогикалық зерттеу теориясы мен әдістемесі» арнайы курсы педагогикалық ақиқатты танып білу әдістерін меңгеруге, маңызды диагностикалық ақпараттарды алу және оған талдау жасай білу іскерлігін қалыптастыруға, озық тәжірибелерді зерделей білуге бағытталған.
Мақсаты: студенттерді ғылыми-педагогикалық зерттеулердің негізі жөнінде біліммен қаруландыру және ғылыми-педагогикалық зерттеу жұмыстарын өзбетімен сауатты жүргізу біліктілігін қалыптастыру.
Міндеті: студенттерді педагогикалық зерттеу жұмыстарын жоспарлау, ұйымдастыру және педагогикалық экспериментті жүргізе білу білігі мен дағдысын қалыптастыру; зерттеу жұмысының нәтижелерін өңдеу және жинақталған материалдарды ғылыми жұмыс түрінде өңдеу және рәсімдеу білігі мен дағдысын қалыптастыру.
Пәнді меңгеру барысында студенттер білуі қажет: жалпы, жас ерекшелік, әлеуметтік педагогика курстарының мазмұнын; белгілі педагогтар мен психологтардың эксперименттік тәжірибеге негізделген жұмыстарын; ғылыми-әдістемелік әдебиеттерге конспект, аннотация жасай білу.
Түйінді құзіреттерге:
- қалыптастырушы: педагогикалық мақсат қою саласындағы білімдерді, біртұтас педагогикалық процесті жобалау жүзеге асыру біліктері мен дағдыларын меңгеру;
- жүйелеуші: психологиялық-педагогикалық білімдер бойынша іздену, педагогикалық болмысты тұтас қабылдауға және жүйелі ойлауға қабілетті болу;
- зерттеушілік: пеадгогика және психология саласындағы білімдерді меңгеру, зерттеу мәдениетін жетілдіруге ұмылу;
Пәндік құзіреттерге:
- коммуникативті: пеадгогикалық ынтымақтастыққа қабілетті және толерантты болу;
- технологиялық: педагогикалық инноватика, педагогикалық технология саласындағы білімдерді меңгеру, педагогикалық шеберлікті жетілдіруге ұмтылу;
- бақылаушы: бақылау – бағалау материалдарын әзірлеу, алынған нәтижелерді түсінідіріп беру біліктері мен дағдыларын меңгеру;
Арнай құзіреттерге:
- бағдарламалық: педагогтың кәсіби парызын ұғыну, педагогикалық қызмет нәтижесіне жауапкершілікпен қарау;
- пәнаралық: педагогикалық міндеттерді шешуде түрлі пәндер салаларындағы білімдерді біріктіру біліктері мен дағдыларын меңгеру;
- әлеуметтік: пеадгогикалық этика нормаларын сақтау, педагог мамандығының әлеуметтік маңыздылығын ұғын;
- дамытушы: педагогикалық қызметте жоғары мотивацияға ие болу, өз бетімен білім алуға және өзін - өзі тануға ұмтылу;
- креативтік: стандартты емес және альтернативті шешім таба білу біліктері мен дағдыларын меңгеру;
- ұйымдастырушы - әдітемелік: білім беру саласындағы нормативті – құқықтық құжаттыр туралы білімдерді меңгеру, жоғары орындаушылық тәртібі мен ұйымдастырушылық қызметті жүзеге асару
Автореферат /гр.autos-өзім + лат. referre-баяндау, хабарлау/ - ғылыми шығарманы автордың қысқаша баяндауы.
Адамгершiлiк тәрбиесi - оқушылардың бойында мінез-құлықтың белгілі бір сипаттарын қалыптастыруға және оларға өздерінің бір-біріне, отбасына, басқа адамдарға, мемлекетке, Отанға деген қатынасын анықтайтын мінез нормалары мен ережелерін дарыту жөніндегі тәрбиелеушілердің арнаулы мақсат көздеген іс-әрекеті.
Адаптация /лат.бейімделу/ - органның, организімнің, жеке адамның немесе топтың сыртқы жағдайлардың өзгеруіне бейімделуі. Түрлері: физиологиялық, сезгіштің табалдырықтары төмендеп немесе жоғарылағанда түрақты әсер етуші тітіркендіргішке бейімделуі, әлеуметтік-психологиялық, яғни жаңа топқа енгенде, кәсіптің жаңа жағдайына бейімделуі.
Акселерация - /лат. Acceieratio-жеделдету/- балалардың дене және психикалық дамуының тездету құбылысы. Ол ХІХ ғасырдың аяғы және ХХ ғасырдың басынан физиологтардың, педагогтардың және психологтардың зерттеу объектісіне айналды.
Ақыл-ой тәрбиесi - ғылыми білімдер жүйесін, интеллектуалдық іскерлік пен дағдыларды, ғылыми-материалистік қөзқарасты, шығармашылық ойлауды, танымдылық қызметті, қабілетті, ой еңбегі мәдениетін қалыптастыруға арналған мақсатты бағытталған процесс.
Аннотация - баспа шығармасына қысқаша сипаттама, яғни міндеті, мазмұны, формасы және т.б. ерекшеліктері көрсетіледі. Аннотация баспа шығармасының мазмұны, оның авторлары, жұмыстың оң жақтары туралы мәліметтер келтіріледі, түсініктеме немесе ұсынба сипатында болады
Әдiс /гр. Metohodos - танып бiлудің немесе зерттеудiң жолы, теория, iлiм/ - танып бiлу жолы; iс-әрекеттiң, iстiң тәсiлi, шындықты менгерудiң практикалық және теориялық тәсiлдер мен операциялардың жиынтығы.
Әдіс құрылымы – онда міндетті түрде тәсілдер және құралдар баршылық.
Әдіснама - іс-әрекеттің теориялық және практикалық ұйымдастырудың және құрудың принциптерінің және тәсілдерінің жүйесі.
Педагогикадағы әдіснама – тану принциптері, әдістері, формалары және процедуралары туралы ілім.
Әдiстеме /методика/ - 1) бiр нәрсенi практикалық орындаудың әдiстерiнің, тәсілдерінің жиынтығы; 2) қандай да бiр ғылымды оқытудың әдiстерi туралы iлiм.
Байқау - жеке адамның танып білгісі келген объектіні мақсатты, жоспарлау түрде қабылдауы.
Бақылау оқытуды – мұғалімдер мен мектептердің жұмыстарын тексерудің әкімшілік-ресми тәртібі, нәтижелерін басқару шешімдерін қабылдау үшін қызмет ету, мұғалімнің оқушылар білімін тексеруі және бағалауы.
Бақылау түрлері – алдын ала бақылау, ағымдық, күнделікті, аралық қорытынды.
Бақылау әдістері – оқытудың жетістігі, оқу процесінің тиімділігі туралы мағлұмат алу мақсатында оқыту процесінде қарама-қарсы байланысты қамтамасыз ететін мұғалім мен оқушылардың бірізді, өзара байланысты диагностикалық қызметтердің жүйесі.
Ауызша б.ә. – сұқбат, оқушы әңгімесі, түсіндірме, мәтінді оқу, технологиялық карталар, сызбалар, тәжірибе туралы хабарлар.
Жазбаша б.ә. – бақылау жұмысы, мазмұндама, шығарма, диктант, реферат.
Тәжірибелік б.ә. – лабораториялық сынақтар, бұйымдарды жасауды, аппарат монтаждауды бағалау.
Дидактикалық тестілер б.ә. Дидактикалық тест – белгілі бір материал бойынша оқушылардың оны меңгеру дәрежесін анықтайтын стандартты сұрақтар жиынтығы.
Тәрбие жұмысын б.ә. – бақылау, құжаттарды тексеру, тестілеу, сауал, оперативті талдау, есеп.
Баяндама - докуметтерге негізделген тақырып бойынша хабарлама. Б. қойылатын талаптар: ақпараттылық пен ойды аз сөзбен мейлінше тұжырымды, анық етіп жеткізу шеберлігі, ықшамдылық,айқындылық.
Бiлiктiлiк /квалификация/ - бітірушінің білім туралы құжатында көрсетілген кәсіптік қызметті орындауға немесе білімін жалғастыруға деген кәсіби даярлығының түрі мен дәрежесі.
Бiлiм - шындықты тaнып бiлy пpoцeciнiң нәтижeci, oның aдaм caнacындa eлec, ұғым, пiкip, ой тұжыpымы, тeopия түpіндe cәйкecтi көpiнici. Шынaйы бiлiм - тaнyдың нәтижeci, қоғамдық-тapиxи пpaктикaмeн тeкcepілгeн жәнe логикaмeн көз жeткiзiлген. Бiлiм apқылы жeкe aдaм тaбиғaттың жәнe қoғaм құбылыcтapының oбъeктивтi жaқтapын зеpттeйдi, түciнeдi, ұғaды.
Бiлiм беру - қoғaм мүшелеpiнiң aдaмгepшілiк, интеллектуалдық мәдeни жәнe дeне дaмyы мен кәciби білiктiлiгiнiң жoғapы дeңгейiнe қoл жeткiзyдi мaқcaт eтeтiн үздiкciз тәpбиeлey мeн oқытy пpoцeci. Білім беру ұғымын ең алғаш рет педагогикаға енгізген Иоганн Генрих Песталоцци.