Педагогикадағы термин сөздер

Автор: Пользователь скрыл имя, 02 Марта 2013 в 19:53, лекция

Описание работы

Ғылым таным процесінің ерекше формасы ретінде. Ғылыми іс-әрекет, оның мақсаты мен міндеттері. Студенттердің ғылыми қауымдастықтары және олардың студенттердің шығармашылығын дамытудағы орны.Студенттердің ғылыми зеррттеу жүмысы курстық және дипомдық жүмыстарды орындаудың негізі. Студенттердің ғылыми үиімелері олардың студенттердің ғылыми шығармаларын дамытудағы ролі. Кіши және кустаррда жоғары оқу орында студенттердің ғылыми іс әрекетңн жоспарлау.

Работа содержит 1 файл

гылыми педагогика лекции.docx

— 44.03 Кб (Скачать)

Бiлiм беру мазмұны - ғылыми бiлiмнiң, icкepлiктiң жәнe дaғдының жүйeci. Ocы жүйeнің нeгiзiндe oқyшылapдың ақыл-oйы, қaбілeтi дaмиды, ғылыми-мaтepиaлиcтiк көзқapacы, мiнeзi қaлыnтacaды.

Бiлiм беру процесiнiң мониторингi - бiлім бepy пpoцеciнiң инфopмaцияcын жинay, өңдеу кoмпьютеpлiк технoлoгияны пaйдaлaнy нeгiзiндe oның бapыcын, нәтижеciн жәнe пәpмeндiлiгiн үздiкciз қaдaғaлay, бaйқay.

Бiлiм берудегi авторитаризм - oқытушылap мен оқyшылapдың өзapa әpекeтiнiң түpi. Оқушылаpдың еpкін жәнe көзқapacын cөзciз жәнe қaтaң зopлaп, бepiп жaткaн бiлiмнiң мaзмұнын, әлеyмeттiк кұндылықтapды жәнe мiнeз-құлық нopмaлapын ceнiмге aлy тaлабымен cипaттaлaды.

Ғылым - ақиқаттығы қоғамдық тәжірибемен тексерілетін және дәлелденетін қоршаған орта жөнінде тарихи қалыптасқан және үнемі дамып отыратын адам білімінің логикалық жүйесі. Ғылым ерекше тану процесі болып табылады. Ғылым қызметі қоршаған орта туралы ақиқат білім жинау және теориялық жүйеге келтіру болып саналатын адам қызметінің бір саласы.

Ғылыми педагогикалық  зерттеу – жаңа біліммен қаруландыру процесі, оқыту, тәрбиелеу, дамытудың объективті заңдылықтарын ашуға бағытталған танымдық іс-әрекеттің түрі. Ғ.з. үш деңгейі баршылық: эмпирикалық – ғылымда жаңа фактілер белгіленеді; теориялық – бұрын ашылған фактілерді түсіндіруге және олардың дамуын болжауға мүмкіндік беретін негізгі, жалпы заңдылықтар ұсынылып қалыптастырылады; әдістемелік-тәжірибелік-зерттеулер негізінде құбылыстарды зерттеудің жалпы қағидалары мен әдістері, теория құрылымы қалыптасады.

Ғылымтану - ғылымның дамуын және қызмет ету заңдылықтарын қарастыратын зерттеулер саласы. Ғылыми қызметтің құрылымын және динамикасын, ғылымның басқа қоғамдық институттарымен, қоғамның рухани және материалдық салаларымен қарым-қатынасын зерттейді.

Ғылыми-педагогикалық зерттеудің объектілері - педагогикалық жүйелер, құбылыстар, процестер (тәрбие, білім беру, даму, ұжымды, жеке адамды қалыптастыру) болып табылады.

Ғылыми-педагогикалық зерттеудің пәні- педагогикалық объектінің нақты аясындағы элементтердің, байланыстардың, қатынастардың жиынтығы. Онда шешімін табуға тиісті мәселе бөлініп шығарылады.

Дарынды балалар - жалпы немесе арнайы дарындылыққа (сазға, сурет салуға, техника т.б.) ие балалар.

Дағды - жаттығу нәтижесінде автоматтандырылған әрекет.

Дәстүрлі оқыту - ең алдымен оқытуды ұйымдастырудың кластық-сабақтық жүйесі тусініледі.

Дәстүрлі емес сабақ - бұл орнатылмаған құрылымы бар импровизациялық оқу жұмысы. Түрлері: интегралды сабақтар, аукцион, парламенттегі дебаттар, ойын, саяхат, музыкалық-театрландырған, сайыс т.б. сабақтар.

Дәріс /лекция/ - белгілі-бір тақырып бойынша материалды ауызша баяндау. Ж.О.О. жаңа білімді хабарлаудың жетекші әдісі және мектептің жоғары сыныптарында оқытудың әдістерінің бірі.

Дипломдық жұмыс - жоғары оқу орнын бітіру кезінде қорғалатын студенттің дербес жазба жұмысы.

Диссертация - ғылыми дәреже алуға үсынылған және диссертанттың көпшілік алдында қорғайтын ғылыми жұмыс. Д. зерттеудің нәтижесі ғылымға және практикаға үлес қосып, ғылымның алдыңғы шебі болады.

Жалпылау - ойлау іс-әрекетінің өнімі, шындық құбылыстарының жалпы белгілерінің және сапаларының бейнеленуі.

Жаттығу - нысаналы түрде сан рет қайталап орындалатын әрекет, ондағы мақсат осы әрекетті жетілдіре түсу.

 

Дәрісханалық кешен

 

1-дәріс. Кіріспе. Ғылыми - іс-әрекетке жалпы сипаттама

Дәріс жоспары:

1. Ғылым - таным процесінің ерекше  формасы.

2. Ғылыми революция және оның  типтері.

3. Ғылыми зерттеудің негізгі  кезеңдері.

Ғылым –қоғам мен табиғаттың объективті заңдарын жалпылай оқытуға және теориямен қаруландыруға, жаңа заңдарды түсіндіру мен қалыптасуын меңгертуге бағытталған адам іс- әрекетінің сферасы, саласы. Сондай – ақ жаңа білім алуды, өмірде ғылымилықтың қалыптасуын қарастырады.

Ғылымитану – ғылымдағы комплексті білімді кеңейту деген мағынаны білдіреді. Нормативті сөздіктерде оған білім негізі деген анықтама берілген. Сонымен қатар, ғылымитану заңды өлшемдердің қызметтерін және ғылымның дамуын, ғылыми іс - әрекеттің құрылымы мен динамикасын, басқа әлеуметті институттармен өзара әрекеттестігі мен сферасын және ғылымға байланысты сұрақтарға жауап беруші білім беруді айтамыз.

Оның әлемдік  көзқарасын және теориялық - әдіснамалық  негізін жалпы педагогика теориясы құрайды. Ол мынандай нәрселерді реттейді және оны қалыптастырады: ғылыми педагогикалық  білім теориясын және педагогика пәні, ғылыми педагогикалық фактілерді, мәселелерді, идеяларды, болжамдарды, педагогикалық процестің ұйымдастыру  заңдары мен принциптерін, ғылыми педагогикалық білімнің типологиясын, өлшемдерін  және нормаларын; ғылыми педагогикалық іс - әрекеттері мен  әдіснамалық теорияларын; педагогикалық  іс - әрекеттерді ғылыми түрде ұйымдастыру  және басқару теориясын.

2.Ғылыми  революция – зерттеу әдістерін ғылымға байланысты жаңартуда және әлемдік көзқарастарға байланысты, сондай – ақ негізгі салалардың да қызметтерін осы ғылыми революция атқарады. Ғылыми революцияның түрлері: ғылымдағы өзекті революциялар, жергілікті (локальды) ғылыми революция, Жеке ғылыми революция

3. Ғылыми зерттеудің негізгі кезеңдері. 

Зертеу жұмысын  орындау кезеңдері логикалық  тәртіп пен тәжірибелі-экспериментальды және зерттеушілік жұмыстың өзара байланысын ұйғарады. Неғұрлым тиімді нұсқа ретінде 4 кезеңді көрсетуге болады.

Бірінші кезең – дайындық. Зерттеу проблемасын анықтау. Проблема жағдайын зерттеу: өзіндік анализ; берілген проблема бойынша өзіндік білім мен тәжірибені анализдеу; арнайы әдіснамалық әдебиеттерді зерттеу мен анализдеу, жұмыстың болжамы, зерттеудің міндеттері мен мақсаттарын анықтау; әдістемені құрастыру.

Екінші  кезең – фактілі мәліметтерді жинау. Сұрақтың теориясы бойынша әдебиеттерді зерттеу және анализ жасау; тәжірибелі эксперименттік жұмыстың жоспарын, анықтаушы эксперименттің мазмұны мен әдістемесін құру.

Үшінші  кезең – зерттеу мәліметтері сандық және сапалы түрде талдау. Корреляция коэффициентін, орташа өлшемдерді, графиктерді құру.

Төртінші  кезең – мәліметтерді интерпретациялау және шешімдерді анықтау. 

 

2-дәріс. Педагогика ғылымының әдіснамасы.

Дәріс жоспары:

1.«Педагогиканың әдіснамасы»  туралы түсінік.

2. Педагогикалық зерттеулердің  әдіснамалық принциптері.

1.Педагогика ғылымының әдіснамалық негіздері диалектикалық-материалистік таным, қоршаған орта мен адам психикасы байланысын негізге алады. Әдіснама гректің сөзінен аударғанда «әдісдер туралы оқулар» не «әдістер теориясы» деген ұғымды білдіреді. Ғылымның әдіснамасы дегеніміз – ғылыми танымның құрылу принциптері, түрлері мен тәсілдері туралы ілім.

Әдіснама - күрделі  ұғым, сондықтан ол кең және тар  мағынада қолданылады.  Кең мағынада ол барлық ғылыми пәндерге ортақ бастапқы философиялық позициядағы ғылыми таным  деген мағынаны білдіреді.

Тар мағынада әдіснама нақты пәндерге тән ғылыми таным теориясы дегенді білдіреді. Педагогика ғылымының әдіснамасы – бұл педагогикалық теориялардың негізі мен құрылымы туралы, педагогикалық құбылыстар мен процестерді зерттеу туралы, білімдерді алу амалдары туралы білімдердің жүйесі. Әдіснамалық білімнің құрылымын төрт деңгейде көрсетуге болады: философиялық, жалпы ғылыми, нақты-ғылыми, технологиялық.

2. Әр ғылымның әдісманасы өзіндік әдістемелік тұрғылары мен принциптері арқылы ашылады. Педагогиканың әдіснамалық  принциптері.

Жүйелілік принциптің мәні мынада: оның дербес компоненттері бөлек емес, керісінше басқалармен өзара байланыста, бір жүйеде қарастырылады. Жүйелі принципте педагогикалық жүйе келесі компоненттердің біртұтастығы ретінде қарастырылады: мақсат, субъекттер, мазмұны, әдістер және формалары, материалдық база.

Педагогикадағы  тұлғалық принцип тұлғаға педагогикалық процесті жүзеге асыру мен құрастыруда мақсат, субъект, оның тиімділігінің негізгі критерийі мен нәтижесі ретіндегі бағдарды білдіреді. Ол тұлғаның қайталанбастығын, оның интеллектулды және рухани еркіндігін, құқығын мойындауды қажет етеді.

Антропологиялық принцип - барлық ғылым саласындығы адам жайындағы деректерді жүйелі түрде пайдаланып,оларды есепке алып және педагогикалық процессте жүзеге асыру:

Іс-әрекет принцип -әрекет мақсаты, адамдардың қоршаған ақиқат өмірді қайта жаңғыртуға бағытталған көзқарас.

Мәдениетшілік принцип - құндылық жүйесі ретінде адамның мәдениет пен объективтік байланысы негізінде пайда болған көзқарасы:

Этнопедагогикалық принцип - қазіргі тәрбие теориясы мен ұлттық тәрбиені ұштастыра практика жүзінде қолдана алу қажеттігін айқындайтын көзқарас.

Аксиологиялық принцип тұлғаның материалдық, мәдени, рухани, адамгершілік құндылығы,  олардың шынайы өмірмен қатынасы. Құндылық жүйелерінің тарихи процесс барысында өзгеруі туралы философиялық ілім. Аксиологиялық көзқарас негізіне педагогикалық іс-әрекет пен білім беру кезінде адам өмірінің құндылығын түсіну және бекіту алынады.

 

3-дәріс. Педагогикалық зерттеу жұмыстарының түрлері.

Дәріс жоспары:

1.Болашақ маманның зерттеушілік қызметі.

2. Зерттеу көздері.

3.Студенттердің ғылыми зерттеу  жұмыстарының түрлері: реферат,  аннотация жазу, курстық жұмыс,  тезис, ғылыми баяндама,  диплом  жұмысы.

1. Қазіргі кезде мамандарды даярлауда терең білім беру мен қатар кәсіби іс- әрекеттің ғылыми негіздерін өмірде қолдануға, тәжірибелік іскерлік пен дағдыны қалыптастыруға  ерекше көңіл бөлінуде.

Қазіргі таңдағы  маман даярлау қоғам сұранысын  қанағаттандырмай отыр десекте болады. Әсіресе, жоғарғы оқу орны түлектерінің  кәсіби танымдық ізденісі  төменгі  деңгейді көрсетуде. Демек, қоғам дамуына  байланысты  туындап отырған талаптар  мен мамандар даярлау процесі  арасында  қарама-қайшылықтар кездеседі. Бұл мәселені  шешу жоғары оқу  орнында  оқыту процесінде  студентердің танымдық іс-әрекеттерін өздігінше  жоспарлай отырып, оны шешудің  жолдарын табу арқылы  және белгілі  бір нәтижеге  жетуге, өздігінен  жұмыс істеу біліктері  мен  дағдыларының  қалыптасуына тікелей  байланысты  екендігі анықталады.

Педагогикалық зерттеулер - әр түрлі жоспарлы және көпфункционалды. Бұл педагогика тарихи, педагогикалық-психалогия, әлеуметтік  педагогика, педагогикалық-философиялық, әдіснамалық сипаттағы зерттеулер.

2. Зерттеу көздері. Зерттеу жұмысының көздері жалпыадамдық гуманистік идеял, адам туралы, соның ішінде педагогика ғылымының жетістіктері, алдыңғы қатарлы тәжірибе, ұжымның және социумның педагогикалық потенциялы, педагог тұлғасының шығармашылық потенциялы т.б. өзекті мәселелер болып табылады.

3.Студенттердің ғылыми  зерттеу жұмыстарының түрлері.

Реферат – жазбаша түрде немесе көпшілік алдында оқыған ғылыми жұмыс немесе ғылыми проблеманы зерттеу нәтижелері жөнінде ғылыми-ақпараттық сипатта болатын еңбек.

Ғылыми  баяндама –(латын тілінен аударғанда – баяндау, хабарлау деген ұғымды білдіреді.) қандайда бір мәселенің бірнеше әдебиеттерге талдау және салыстыру жасай отырып ашу.

Конспектілеу  –ғылыми еңбектерді, дәрісті, біреудің сөзін  қысқаша цитата, тезис түрінде  түрінде жазып алу. Шығармашылық конспектілеу  конспектілеуші адамның өзінің ойларымен, сұрақтарымен, талқылауларымен толықтырылады.

Тезистер – қандайда бір теорияның баяндалуы, дәрістің, баяндаманың, шығарманың негізгі ойы. Тезис құрастыру -әдебиетпен  өзіндік жұмыс істеудің бір түрі.  

Аннотация- қандайда бір кітаптың, мақаланың қысқаша мазмұны. Мұнда кім жазды, мазмұны, кімдерге арналғаны белгіленеді. Аннотация (латынша: annotation - ескертпе) мәні, мазмұны, формасы және басқа ерекшеліктері тұрғысынан алғанда құжаттың немесе оның бөліктерінің қысқаша сипаттамасы.

 

4-дәріс. Зерттелетін мәселенің жағдайын талдау.

Дәріс жоспары:

1. Библиографиялық  дайындық.

2. Әдебиетпен  жұмыс

1. Библиографиялық дайындық. Библиография - әдебиеттерді қолдану ерекшелігіне, жазылу үлгісіне, баспасына, зерттеу тақырыбына байланысты тізбе құру немесе әдеби шолу. Жұмысты мына ретпен жүргізген тиімді:

- сөздіктер  мен энциоклопедияны пайдалана  отырып қарастырылатын тақырыпқа  қатысты негізгі ұғымдардың анықтамаларымен  танысу;

- олардан  көбінесе бұл саладағы көрнекті  еңбектер мен қарастырылып отырған  мәселеге айтарлықтай үлес қосқан  ғалымдарға сілтемелерді табу;

- жүйелі каталогтың  көмегімен зерттеу тақырыбы бойынша  библиография құру керек. Кітапхана  неғұрлым ірі болса, каталогпен  жұмыс істеу соғұрлым тиімді  болады.

Әрбір мақаланың  библиогрфиялық түсіндірмесі кітапхана  үшін  жеке карточкаға жасалған жөн  болады. Мұндай карточкалар жинақталғаннан соң жеке карточка құруға болады.

2. Әдебиетпен жұмыс. Әдебиет ғылыми зерттеу көзі. Библиографиялық дайындық нәтижесінде тақырып бойнша қанша мақала, еңбек бар екендігін, бұл проблемаға ғалымдардың ынта-ықыласты екендігін біледі. Оқығанда ең алдымен аса көрнекті, осы салаға үлкен үлес қосқан автордан бастап оқыған жөн, сонда басқа көптеген жұмыстардың мазмұнын түсіну оңайға түседі.

Информация о работе Педагогикадағы термин сөздер