Автор: Пользователь скрыл имя, 06 Марта 2013 в 08:35, реферат
Егемендікпен байланысты жасалған қазақ орат мектептерінің тұжырымдамасына мектепте қазақ тілі мен әдебиетін, мәдениетін, өнерін, музыкасын, Қазақстан тарихын, салт-санасын, дәстүрлерін жан-жақты оқыту және оқушыларға ғылыми негізде терең білім беру көзделген.
Оқушылар қазақ халқының шежіресімен, тарихы мен ел билеген, ел қорғаған азаматтардың өнегелі өмірімен танысу ісін мектептен бастауы күн тәртібіне қойылды. Осы мақсатпен 1992 жылдан бастап мектептердің жанынан «Атамекен» отауы құрылып жұмыс істеді.
Кіріспе
Негізгі бөлім
Оқушылар ұжымы туралы түсінік және оның мәні мен міндеттері
1.2 Оқушылар ұжымын ұйымдастыру және тәрбиелеу жолдары
1.3Н.К.Крупская, А.С.Макаренко, В.А.Сухомлинский оқушылар ұжымы туралы тағлымдары
1.4 Ұжымды ұйымдастыру жолдары
А.С. Макаренко идеясын И.П.Ивановтың "коммунар әдісі" дамытты
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Бұл кезеңде
мұғалімнің негізгі қызметі - оқушылардың
ұжымдық іс-әрекетін ұйымдастыру, оларды
өр түрлі іс-әрекеттеріне қатыстыру,
ұжымды балаға педагогикалық ықпал
жасайтын құралға айналдыру.
А.С.Макаренко ұжымды нығайту үшін тәрбие
жұмысын барлық ұжымды тәрбиелеуден бастау қажет
дейді.
Екінші кезеңде ұжым өзін-өзі басқаруға,
сынып жетекшісінің ұйымдастырушылық
қызметі тұрақты ұжым органдарына көшеді.
Бұл кезеңде белсенді топпен жұмыс істеудің
маңызы зор. Мысалы: жұмысты бірігіп жоспарлау,
әр түрлі оқу, қоғамдық еңбек тапсырмаларын
орындау, әрбір ұжым мүшелеріне көмектесу,
іс-әрекеттерін бақылау, т.б.
Мұғалімнің қызметі - коммуникативті,
балалармен байланыс жасау, ұжымның өмірі
үшін оқушылардың ынтасын қуаттау, жалпы
міндеттерді орындауда барлық оқушылардың
күш-қуатын нығайту.
Ұжымның бұл даму кезеңінде қатар ықпал
жасау принципі қолданылып, тұлғаға талап
қою ұжым арқылы жүзеге асырылады.
Үшінші кезең - белсенді топтың және ұжым
іс-әрекетінің дамуымен сипатталады, қоғамдық
өмірдегі деректерді, құбылыстарды бағалауда
қоғамдық пікір пайдаланылады.
Бұл саты ұжымның өрлеу кезеңі. Ұжым өмірінде,
оқушылар арасында жалпы істі бірлесіп
орындаудық арқасында ұжым-дық, гуманистік
қатынастар дамып, ұжымда тілектестік,
бір-біріне ілтипатты болу, жолдастарының
қуанышына, мұқтаждығына үн қатуға дайын
тұру, мінез-құлық нормасын сақтау, нормаға
бағыну сияқты қасиеттер пайда болады.
Ұжым қоғамдық пікірмен сипатталады. Қоғамдық
пікір -бұл ұжым мүшелерінің талаптарды,
пікірлерді бағалаудағы бірлігі. Бұл бірлікті
ұжым одан әрі дамытып, кейбір ұғымдар
және құбылыстар жайындағы пікірлерді
мақұлдайды немесе теріске шығарады. Демек,
ұжымдықталқылау, бағалау жариялылық,
әрекеттілігі - қоғамдық пікірдің негізгі
ерекшелігі.
Оқушылар ұжымын нығайту мен қалыптастыруда
аса маңызды мәселелердің бірі - ұжым алдындағы
мақсатты - перспективаны тандау. Осыған
орай А.С.Макаренконың теориялық мұрасына
сүйеніп, оның жақын, орта және қашық атты
перспективаларын еске түсірген жөн.
Жақын перспектива - бұл күнделікті өмірдегі
әр түрлі іс-әрекетке жеке тұлғаны ынталандыру,
қызықтыру. А.С.Макаренко: "Егер балалар
алдында қуанышты, қызыңты, істер бол-маса,
онда олар өмір сүре алмайды. Адам өмірін
шын ынталандыру - ертеңгі қуанышты сезіну".
Жақын перспектива: жарыс, саяхат, жексенбілік
серуен, цирк, мұражай және көрмеге бару,
үйірмелердегі қызықты жұмыстар.
Орта перспектива: балалар лагеріне бару,
жылсайын өткізілетін ән, сурет сайыстарына
қатысу, әдебиет, эстетикалық және этикалық
тақырыптарға пікірталас өткізу. Қашың
перспектива -ұжымның немесе жеке адамның
ұзақ мерзімге созылатын бір істі орындауға
талаптануы. Қашық перспектива: келешек
мамандықты таңдау, білім алу, мектеп бітіргеннен
кейін халық шаруашылығында жұмыс істеуге
тілек білдіру немесе кәсіптік оқу орындарына
түсу.
Қоғам адамдары кашьщ перспектива арқылы
мүмкіндігінше ұжымға, Отанға пайда келтіруі
тиіс. Бұл перспектива жақын және орта
перспективалармен мызғымас байланыста
іске асырылады.
Әрбір мұғалімнің міндеті - перспективаларды
оқу және тәрбие барысында тиімді пайдалану,
перспективаны баланың, сыныптың, мектептің
пайдасы үшін таңдап ала білу, оқушылардың
жас ерекшеліктерін және жалпы дайындық
дәрежесін еске алу.
Ұжым өмірінде дәстүрдің тәрбиелік маңызы
зор. Дәстүр -бұл тарихи қалыптасқан, бір
буыннан екінші буынға беріліп отыратын
қоғамдық өмірдегі, ұжымдағы адамдардық
қатынастарын көрсететін нормалар мен
принциптер. А. С.Макаренконың сөзімен
айтқанда, дәстүр ұжымды бекітіп, нығайтып,
оны толық, тұрақты, ықпалды және тартымды
етеді. Ұжым өміріндегі дәстүрдің түрлері:
мектеп мерекесі, сайыстар, олимпиадалар,
соңғы қоңырау, аға ұрпақтың мұрасын ұқыптылықпен
күтуге үйрену, ұжым абыройы үшін күресу.
ІІ Бөлім 2.1 Ұжымды ұйымдастыру жолдары
Қандай болмасын ұжымды ұйымдастыру негізі оның мүшелерінің қоғамдық ортақ мақсатқа бағытталған ісі болады. Ұжым құруды мақсат ете отырып балар ісін ұйымдастыруда ең алдымен педагогикалық міндеттерді шешу керек: іс-әрекетті таңдау және сол істің мақсаты мен мазмұнына балаарды қызықтыру істің әр түрлі саласында қалыптасады. Мысалы, еңбек ету де , ойын ойнауында , сабақ кезінде , мәдени көпшілік және спорт жұмыстарының барысында т.б.
Кез-келген
оқушылар ұжымын тәрбиелеуді ұйымдастыруды
тәрбиеші ең алдымен талап қоюдан
басталады. А.С. Макаренко талап қоюды,
ең алғашқы кездесуді жалпы
Белсенділермен жүргізілетін жұмыстар жүйесі – ұжымды ұйымдастырудың басты шарттарының бірі
Белсенділер тобын іріктеп алып жұымс жүргізу мұғалім мектеп талабын іске асырудың негізгі мақсаты, іс-әрекеті ұжымның өміріне пайдаланудың басты жолы болып есептелінеді. А.С.Макаренко ұжымды тәрбиелеуде сол ұжымнан шыққан ең алдыңғы топ- мықты белсендінің роліне үлкен мін берген . Белсендіні ол педагогтардың ең жақын тірегі ретінде қараған.
«Белсенділер
дегеніміз балалар мекемесіндег
Белсенділер мен жұмыс жүргізудің педагогикалық міндеттері:
Осылай ұжымда белсенділер тобы құрылуы арқылы ұжымдық қатынастар тәжірибесі қалыптасып, ұжымның біртіндеп ұйымдасуына , дамуына көмектеседі.
А.С.
Макаренко идеясын И.П.
Коммунар
әдісінің мәні - ұжым өмірін айқын,
бейнелі ұйымдастыру. Онда
Ұжымдық шығармашылық іс мына кезеңдер
бойынша жүзеге асырылады:
1-кезенде ұжымның атқаратын жұмыстары
әңгімеден басталып, шешуге тиісті мәселелер
ұсынылып, талқыланып, міндеттер белгіленіп,
сұрақтар қойылады. іс жобасы жасалады.
2-кезеңде ұжымдық іс жоспарланып, жалпы
жиналыста талқыланады. Әр ұжым мүшесі
өз пікірін айтып, мәселеге байланысты
сұрақтар қойып, ұсыныстарын кіргізеді.
3-кезеңде ұжымдық шығармашылық іс анықталады
және дәлелденеді. Іс жобасы әр бөлімде
талқыланып, жұмыс басталады.
4-кезеқде ұжымдық шығармашылық іс өткізіліп,
дайындық қорытындысы шығарылады. Мұны
барлық ұжым мүшелерімен бірігіп, жетекшілері,
тәрбиешілері ұйымдастырады. Бұл іске
қатысушылар үшін ең бастысы — сергектік,
өзі үшін, қабілетінше, жолдастарына және
адамдарға қуаныш әкелуге сенімділік.
5-кезенде ұжымдық шығармашылық іс аяқталып,
қорытындысы шығарылады. Ұжым: "Қандай
жұмыстар жақсы атқарылды? Себебі неде?"
"Не істелмеді? Неліктен?" "Келешекке
нені ұсынамыз?"- деген сұрақтарға жауап
алады.
6-кезенде ұжымдық іске қорытынды жасалғаннан
кейінгі жиында айтылған ұсыныстарды
жүзеге асыру, келешектегі іс-әрекеттерінің
мақсатын, мазмұнын және бағыттарын белгілеу.
Ұжымда балалардың іс-әрекеті мен қарым-қатынасы
процесінде жеке адам аралық қатынас жүйесі,
өзара жауапкершілік және тәуелділік
қатынасы, гуманистік қатынас балалардың
дамуы мен қалыптасуына әсер етеді.
Даму кезендерінде
оқушылардың іс-әрекеті мен
Ұжым тәрбиелік
ықпал жасау үшін оның дамуы, ілгері
жылжуы керек. Бұл жерде қозғалыстың себебін,
дамудық мүмкіндігінің сырын ашып алған
жөн. Мұндай психологиялық күш -болашақ
үміт дүниесі. Адамның болашаққа ұмтылуы,
өмірге үміт артуы, адам мен ұжым дамуының
маңызды сәттерінің бірі.
Болашақ
үміт дүниесінде адам қажеттілігінің
мәдени және материалдық жиыны, оның даму
деңгейі, бүкіл моральдық бейнесі айқындалады.
Белгіленген болашаң үміт дүниесі жүйелерін
жүзеге асыруда сынып жетекшісінің ұйымдастыру
жұмысы қажет. Міндеттері: оның болашақ
үміт дүниесін тауып қоя білуі, оны жүзеге
асыруды ұйымдастыру іскерлігі, балаларды
еліктіру, ңиялын ояту, өз ынтасына оқушыларды
сендіруі, болашаң үміт дүниесін айңын,
бейнелі, әсем суреттей білуі, балалармен
бірге олардың өмірін қуанышты және қызықты
еткісі келетініне сендіруі, орынды талап
қою, балалардың мүмкіндігіне сай жұмыстар
беру, оның ұжымға және жеке тұлғаға қажеттілігін
дәлелдеуі.
Бірыңғай педагогикалық талаппен қатар,
балалардың тәрбие ұжымының жетекші буынға
айналуы оқушылардың өзін-өзі басқару
ісіне қатынасуына байланысты. Ұжым өкілдері
бүкіл мектептің өзін-өзі басқару органдарының
құрамына енеді. Осылайша өз ұжымының
өмірін басқа бастауыш ұжымдардық өмірмен
байланыстырады. Бұл байланысты жүзеге
асырудың тағы бір жолы - ұжымның өз шамасына
сай мектептің ішіндегі еңбек жарыстарына
қатысуы. Бұл іс мектеп көлемінде есепке
алынады және бағаланады. Өзіне-өзі қызмет
істеуге оқушылар шамасына сай қатынасады.
Мұны ұйымдастыру барысында балалардың
жас ерекшелігін ескеріп, еңбектің көлемі
шамадан тыс болмауын қадағалау керек.
Оқушылар іс-әрекеттері туралы біраз пікірлер
айтылды.
Іс-әрекеті - бұл қарым-қатынас, ұжымның
өздігінен жұмыс істеуі және даму процесінің
көзі, нақты мақсатқа жету. Іс-әрекеттің
барысында қарым-қатынас дамиды.
Қарым-қатынас - бұл адамға адам қажеттіліктерін
қанағаттандыру. Педагогикалық ұжымның
міндеті - жеке адамның басқа адамдармен
қарым-қатынасын оны қуанышты көңіл-күйге
бөлейтіндей етіп орнату. Ұжым өмірінде
гуманистік қатынас ерекше орын алады.
Негізгі белгілері:
• сергектік, ширақтық, белсенділік, қайырымдылық,
ұжым мүшелерінің достық бірлігі, бір-біріне
ілтипатты болу, өзара жәрдем беру.
• балалар арасында баңталастық, өз қамын
көздеушілік, тұйықтык, бөлектенушіліктің
болмауы.
• басқа ұжымдарға жолдастық көмек беруге
дайын тұру.
Гуманистік қатынас - ұжымдағы балалардың
арасындағы байланыстарды дамытудық құралы.
Ұжымда балалардың іс-әрекеті және қарым-қатынасы
процесіндеі жеке адам аралық қатынас
жүйесі, өзара жауапкершілік және тәуелділік
қатынасы, гуманистік қатынас балалардың
дамуы мен қалыптасуына әсер етеді.
Ұжымның даму кезеңдері, олардың бір-бірімен сабақтастығы
Ұжымның дамуы және құрылуы ұзақ әрі күрделі процесс. Ұжымның дамуы, оның кезеңдері №2 кестеде көрсетілген.
Ұжымның даму кезеңі үш кезеңнен бөлініп қарастырылады
Ұжым дамуының бірінші кезеңінде педагогикалық талаптарды оқушылар арқылы тікелей мұғалім немесе тәрбиешінің өзі қояды.Бұл оқушылар ұжымы жеткіліксіз ұйымдастырылған топ . Бұл кезеңде ұжым іс-әрекетінде белсенді ынталы оқушыларға сүйену керек.
Мұғалімнің ұжымды ұйымдастырудағы бүкіл жұмысының табысты болуы көп жағдайда оның сынаппен алғашқы кездесуіне, педагогикалық талап қою кезеңі.
Ұжым дамуының
бірінші кезеңінде
II кезең –
өзін-өзі басқара алатын , яғни
сынып жетекшінің
Ұжым дамуының екінші кезеңінде педагогикалық талапты педагогпен бірге ұйымдасқан, ұжым мүддесін түсінген белсенділер тобы қояды. Ұжым дамуының екінші кезеңі - жоғарыда айтылғандай мұғалімнің талаптарын саналы түсініп, ол талаптарды ұжым мүшелеріне жеткізуіне әрекет жасайды. Оның нәтижесінде белсенділер тобы өздерінің ұжым мүшелерінен мінез-құлықты іс-қимылды талап ететін дәрежеге жетеді. Ұжымның дамуының бұл кезеңінің басты ерекшелігі оқушылардың біртіндеп өзін-өзі басқаруға көше бастауымен олардың ұжымдық іс-әрекеттерінің күрделене түсуін сипаттайды. Оқушыларға мұғаліммен қатар оқушылар белсенділері тарапынан өз пікірлерін және белсенділігін көрсетіп, тәрбиелік ықпал етіп отырады.
III кезең – өрлеу кезеңі.
Ұжым дамуының үшінші кезеңінде ұжымның ең жоғарғы дамыған кезеңінде , педагогикалық талапты бүкіл ұжым болып қоятын дәрежеге жетеді. Балалар ұжымы дамуының үшінші кезеңі қоғамдық пікірдің болуы мен сипатталады. Бұл кезеңде ұжымда орныққан шығармашылық қарым-қатынасты, іс-әрекетті бүкіл сынып қолдап отырады. Ортақ ұжым істер сыныпты қызықтырады, ұжымның кез-келген мүшесінің әрекеті жөнінде сыныптың дұрыс пікірі болады. Осындай кезеңге жеткен ұжым педагогикалық көзқарас тұрғысынан қарағанда толық мағынасындағы ұжым болып табылады.
Барлық кезеңде де оқушылардың өзіндік дербестігін дамыту, педагогикалық бақылау талап қою қатар жүру керек. Қоғамдық пікір, қоғамдық баға, сенім, сый құрмет, сын, жарыс, талдау, өз-өздеріне есеп беру жұмыстары барлық кезеңде шешуші орын алады. Оқушылардың өзара бір-бірімен қарым-қатынас жасауының ұжымдық дәстүрі – сенім, түсіну, сену, жауапкершілік, ынтымақ, талап қою, қамқорлық, ар-намыс, борыш, сыйлау, жауап беру сияқты жеке бастарының қарым-қатынас қасиеттері қалыптасып, мұғалім мен оқушы арасындағы қатынас ұжым мүддесіне сай құрыла бастайды.
ҚОРЫТЫНДЫ
Нақты топтардың жоғарғы дәрежеде ұйымдасқан түрі ұжым деп аталады.
Ұжым дегеніміз қоғамның бір бөлігі болып табылатын адамдар тобы (балалар немесе үлкендер) . Ол қоғам мақсатына бағытталған, іс-әрекетте жалпы мақсат көздейтін адмадар тобы.
А.С. Макаренконың дәлелдеуі бойынша ұжым адамдардың жәй ғана жиынтығы емес немесе кездейсоқ топтаса салуы емес, ол жалпы мақсатқа жетуі, алға міндет етіп қойған қоғамға пайда тигізуге тырысушылар тобы деп аталуы мүмкін.
Оқушылар ұжымында , яғни сыныпта қоғамдық пікірді орнықтарудың маңызы ерекше. Оқушылар арасындағы қоғамдық пікір өздеріне деген шынайы ортақ көзқараста, оқу әрекеті мен қоғамдық жұмыстарының сапасын бағалауда, әділ сын мен орын алғанда жекелеген оқушының жағымсыз қылықтарын сынып талқысына салып отыырған жағдайда ғана қалыптасады.
Қоғамдық дұрыс пікір орныққан сыныптарда жолдастарының оқу тәртібіндегі кемшіліктерін оқушылардың өздері-ақ талқыға салып отырады.
Демек, ұжымдық талқылау, бағалау, жариялық, әрекеттік-қоғамдық пікірдің негізгі ерекшелігі. Қоғамдық пікірдің ұйымдастырушылық, ынталандырушылық мәнін де жоққа шығаруға болмайды.
Қандай болмасын ұжымды ұйымдастыру негізі оның мүшелерінің қоғамдық ортақ мақсатқа бағытталған ісі болады. Ұжым құруды мақсат ете отырып балар ісін ұйымдастыруда ең алдымен педагогикалық міндеттерді шешу керек: іс-әрекетті таңдау және сол істің мақсаты мен мазмұнына балаарды қызықтыру істің әр түрлі саласында қалыптасады. Мысалы, еңбек ету де , ойын ойнауында , сабақ кезінде , мәдени көпшілік және спорт жұмыстарының барысында т.б.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі