Автор: Пользователь скрыл имя, 06 Марта 2013 в 08:35, реферат
Егемендікпен байланысты жасалған қазақ орат мектептерінің тұжырымдамасына мектепте қазақ тілі мен әдебиетін, мәдениетін, өнерін, музыкасын, Қазақстан тарихын, салт-санасын, дәстүрлерін жан-жақты оқыту және оқушыларға ғылыми негізде терең білім беру көзделген.
Оқушылар қазақ халқының шежіресімен, тарихы мен ел билеген, ел қорғаған азаматтардың өнегелі өмірімен танысу ісін мектептен бастауы күн тәртібіне қойылды. Осы мақсатпен 1992 жылдан бастап мектептердің жанынан «Атамекен» отауы құрылып жұмыс істеді.
Кіріспе
Негізгі бөлім
Оқушылар ұжымы туралы түсінік және оның мәні мен міндеттері
1.2 Оқушылар ұжымын ұйымдастыру және тәрбиелеу жолдары
1.3Н.К.Крупская, А.С.Макаренко, В.А.Сухомлинский оқушылар ұжымы туралы тағлымдары
1.4 Ұжымды ұйымдастыру жолдары
А.С. Макаренко идеясын И.П.Ивановтың "коммунар әдісі" дамытты
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
ЖОСПАР
Кіріспе
1.2 Оқушылар ұжымын ұйымдастыру және тәрбиелеу жолдары
1.3Н.К.Крупская, А.С.Макаренко, В.А.Сухомлинский оқушылар ұжымы туралы тағлымдары
1.4 Ұжымды ұйымдастыру жолдары
Кіріспе
Замана жетiстiктерi негiзiнде жас ұрпаққа сапалы бiлiм берудi мақсат еткен көпшiлiк қауым, ата-бабаларымыз сан ғасырлар бойы сақтап-жинақтап келген халық педагогикасының асыл мұралары негiзiнде саналы тәрбие берудi әрқашан жадынан тыс қалдырған емес. Соңғы жылдары өткiзiлiп жатқан ғылыми-практикалық конференциялар мен ҚР Президентінің Жарлығы, ҚР Заңдары, ҚР Үкіметі Қаулылары, ҚР Білім және ғылыми министрлігі құжаттары мен зерттеушi ғалымдардың еңбектерiнде этнопедагогика мұраларының назарға iлiнуi – аталмыш проблеманың көкейкестiлiгiн айқындап отыр. Болашақта гүлденген Қазақстанның одан ары қарыштап өркендеуiнiң негiзгi тұтқасы болатын демократиялық қоғамды құратын парасатты һәм бiлiмдi тұлғаларды дайындауда мектептегі оқушылар ұйымы арқылы ұлттық тәлiм-тәрбие жұмыстарын ұйымдастырудың маңызы зор екенi даусыз. Озық жетiстiктерге негiзделген бiлiм нәрiмен қатар, ұлттық тәрбие құндылықтарын бойына сiңiрген ұрпақтар ғана ұлт тағдырын тереңiнен таразылап, болашағын барынша болжайтын тұлға ретiнде танылатыны анық.
Кеңес одағы ыдырап, Қазақстан Республикасы өз алдына егеменді ел болғалы көптеген өзгерістер болды, ол өзгерістер халыққа білім беру саласында да орын алды.
Кеңес мектебіндегі бұрынғы балалар ұйымы: октябрята, пионер, комсомол ұйымдары бұл күнде жұмыстарын толық тоқтатты.
Егемендікпен байланысты жасалған қазақ орат мектептерінің тұжырымдамасына мектепте қазақ тілі мен әдебиетін, мәдениетін, өнерін, музыкасын, Қазақстан тарихын, салт-санасын, дәстүрлерін жан-жақты оқыту және оқушыларға ғылыми негізде терең білім беру көзделген.
Оқушылар қазақ халқының шежіресімен, тарихы мен ел билеген, ел қорғаған азаматтардың өнегелі өмірімен танысу ісін мектептен бастауы күн тәртібіне қойылды. Осы мақсатпен 1992 жылдан бастап мектептердің жанынан «Атамекен» отауы құрылып жұмыс істеді.
2002 жылдан бастап
ұлтына , дініне, әлеуметтік жағдайына
қарамастан өз еркімен біріктір
Оқушылар ұжымы туралы түсінік және оның мәні мен міндеттері
Нақты топтардың жоғарғы дәрежеде ұйымдасқан түрі ұжым деп аталады. Адамдардың ерекше ұйымшылдығының арқасында олардың мүдделерінің бір-бірімен ұштасып, «Бір жеңнен қол, бір жағадан бас» шығаратындай халге жетуі топтың психологиялық ахуалының орнауы, онда ырың-жырыңның орын алмауы, дамудың биік деңгейіне көтерілу- ұжымның басты белгісі. Педагогика теориясында жүргізілген зерттеулердің нәтижесінде ғалымдар жалпы ұжым ұғымына бірнеше анықтама береді. Мысалы, Г.И. Шукина «Ұжым дегеніміз – бірыңғай қоғамдық бағалы мақсаты бар, мақсатты,орындау барысында барлығының өзара байланысты, жаауапты міндеттер тапсырмалары, өздерінің ұжымдық органы, басқа ұйымдармен тығыз байланысы бар балалардың біріккен тобы»- деп түсіндіреді. Ал, Т.А. Ильина : «Ұжым – арнайы ақсатқа бағыталған, іс-әрекет негізінде ұйымдасқан адамдар бірлестігінің формасы өз заманының дарынды педагог-әдіскері» екенін көтереді. Ю. К. Бабанский: «Қоғамдық мәні бар, ортақ мақсаттар негізінде жалпы маңызды бағыттарға байланысты қарым-қатынас жасайтын адамдардың әлеуметтік бірлестігі - ұжым»деген ұғымды қамтиды. Сонымен, жоғарыдағы педагогтардың ұңымына берген анықтамалары А.С Макаренконың жеке адамның ұжымында қалыптастыру жүйесі туралы ғылыми теориясына, зерттеген проблемасына негізделгенін көреміз.
Ұжым дегеніміз қоғамның бір бөлігі болып табылатын адамдар тобы (балалар немесе үлкендер) . Ол қоғам мақсатына бағытталған, іс-әрекетте жалпы мақсат көздейтін адмадар тобы.
А.С. Макаренконың дәлелдеуі бойынша ұжым адамдардың жәй ғана жиынтығы емес немесе кездейсоқ топтаса салуы емес, ол жалпы мақсатқа жетуі, алға міндет етіп қойған қоғамға пайда тигізуге тырысушылар тобы деп аталуы мүмкін.
Адамға ұжым ықпалының тәрбиелік мәні бұл жөніндегі мәселе тәрбие процесіндегі дара қатынас орнату мәселесімен өте тығыз байланысты. Ұжым туралы мәселеде жеке адаммен ұжым арасындағы қарым-қатынас ортақ міселе болып есептеледі.
Балаларды ұжымда біріктірудің негізгі көзі-ортақ мақсаттың болуы және оны іске асыруға бағытталған біріккен іс-әрекеттің болуы. Ұжым сипаты болуы үшін бірімен бірі байланысты іс-әрекет барысында адамдар арасында әрекеттерінде көрінеді. Ұжымның жеке адамға тигізетін тәрбиелік ықпалын қарастырғанда психикалық процестерін заңдылықтары негізге алынады.
Ұжымдық іс-әрекетте әр бір оқушының іс-әрекеті басқалармен тығыз байланыста болады. Мұндай жағдайда ұжымдық сезім туады. Бұл қарым-қатынас басқаның ісіне енжарлық туғызбай керісінше бір-біріне көмектесуі өз жолдасының ісіне қуану немесе ренжу, мақтану немесе намыстану сияқты әр-түрлі қатынастар жүйесін туғызады, адамның көңіл-күй жағдайының тәрбиелік мәні арта түседі.
Ұжым мүшелерінің ортақ көзқарасы , ортақ мүддесінің болуына мақсаттың ортақ болуы көмектеседі. Бірақ мақсат өсіп дамып отыруымен бірге , қоғамдық бағалы құнды мақсат болуы ұжымдағы балалардың үнемі дамуына ықпал жасай алады.
Кез келген кенет пайда болған мақсат оқушылардың жеке басын тәрбиелеуге ықпал жасай алмайды.мысалы, бір топ жас өспірімдер кенет танысып. Екі топ болып доп ойнап жарысады делік. Ойын барысында қызу қобалжу ,қарсы топты жеңу үшін бір бірімен көмектесіп, бірлесіп ынтымақ сезімін білдіреді. Ойын біткеннен соң ол сезімде бітеді. Немесе тәртіп бұзушылардың тобын алсақ, бұларда «темірдей қатаң тәртіп» бар екенін білеміз. Бірақ бұлардың мүддесі қоғам тәртібіне, ұжым мүддесіне жат қарсы бағыттағы мақсатта.Сондықтан кейбір ортақ мақсаттары ұжым болудың шарты бола алмайды.
Тек қана қоғамдық бағалы мақсат, оны орындауға деген барлық мүшелердің ықпалы болуы, басқа ұжымдармен ортақ пікір, ортақ табысқа жету қажеттілігі, басқаға да, өзіне де қатаң талап қоюы нағыз ұжым дамуының шарттары болып есептеледі. А.С.Макаренко атап көрсеткен ұжымды сипаттайтын міндеттер бүгінгі таңда да өз мәнін жойған жоқ. Ол міндеттер мына төмендегілер:
Ұжымның
бұл сипаттамалары , белгілері,
ұжымның даму,өсу, қалыптасу
Қоғамда ұжым жеке адамдарға қатысты мына міндеттерді атқарады:
Ұжымның тәрбиелеуші міндеттерін аша отырып, А.С. Макаренко балалар ұжымының қоғамға пайдалы іс-әрекеттерін біріктіріп отырудың маңызын атап көрсетті. А.С. Макаренко ұжымы қозғалмастан бір орында тұра алмайды, ол үнемі дамып отырады және ұжымның әрбір мүшесінің қалыптасуына күшті ықпал жасайды.
Ұжымның ең басты көрсеткіш – өзара адамгершілік қарым-қатынастың орнауы, әр адамның бір-бірінің ерекшелігін білу, мақсатқа бағытталған іс-әрекеттің ең тиімді жолдарын табуға ықпал жасаумен бірге, істің нәтижелі болуына, әр адамның ұжымда өзара әрекеттесуі жеке адамның кең дамуына негіз болады. Егер ұжым мен жеке сенімсіздік туғызу, орынсыз тексеру, бақылау жасау, күдіктену негізінде жүргізісе, ол сөз жоқ ұжымның ыдырай бастағанының белгісі болады.
Жеке адам мен ұжымның қарым-қатынасы тәрбие процесінде оларға дара, жеке қатынас жасауды талап етеді.
Бұл салада мұғалімнің басты міндеті – әрбір баланың ұжымындағы позициясы қалай болатындағын берік есте сақтау керек.
Оқушылар ұжымының мәні мен міндеттері туралы ұлы педагогтардың идеялары оқу-тәрбие процесінде жүзеге асырылады. Еліміздің экономикалық , әлеуеттік дамуын жетілдіру, қоғамның барлық саласын қайта құру, демократиялық жариялық принцптерін дамыту кезінде ұжымның тәрбиелік ролі жоғарылап отыр.
1.2 Оқушылар ұжымын ұйымдастыру және тәрбиелеу жолдары
Оқушылар ұжымында , яғни сыныпта қоғамдық пікірді орнықтарудың маңызы ерекше. Оқушылар арасындағы қоғамдық пікір өздеріне деген шынайы ортақ көзқараста, оқу әрекеті мен қоғамдық жұмыстарының сапасын бағалауда, әділ сын мен орын алғанда жекелеген оқушының жағымсыз қылықтарын сынып талқысына салып отыырған жағдайда ғана қалыптасады.
Қоғамдық дұрыс пікір орныққан сыныптарда жолдастарының оқу тәртібіндегі кемшіліктерін оқушылардың өздері-ақ талқыға салып отырады.
Демек, ұжымдық талқылау, бағалау, жариялық, әрекеттік-қоғамдық пікірдің негізгі ерекшелігі. Қоғамдық пікірдің ұйымдастырушылық, ынталандырушылық мәнін де жоққа шығаруға болмайды.
Ұжым өмірін қызықты етіп ұйымдастыруда жақсы дәстүрдің тәрбиелік мәні ерекше. Дәстүр оқушылар ұжымынң өмірін, белсенділігін нығайтады және дамытады.
Дәстүр – бұл жақсы әдет-ғұрып, ұжым өмірінде орныққан істің жағымды тәжірибесі. Мектеп өмірінде қалыптасқан жақсы дәстүрлер бар. Олар жалпы мектеп көлемінде немесе белгілі бір сынып ішінде қалыптасқан.
Оқушылар ұжымын қалыптастыруда оның жекелеген мүшелерінің өзін-өзі тәрбиелеудің маңызы. Өзін-өзі тәрбиелеу – баланың белгілі бір нақты мақсат көздеген саналы әрекетінің нәтижесі.
Өзін-өзі тәрбиелеу жұмастары барысында оқушылардың театрға, киноға , мұражай және көрмелерге барып тұруларымен оның нәтижесін ұжым болып талқыға салуды дәстүрге айналдырудың да маңызы ерекше.
Табиғатқа және өндіріс орындарына жорықтар жасап еңбек ету.
Еңбек және соғыс ардагерлерімен өнер қайраткерлерімен қызықты кездесулер мен кештер ұйымдастырудың да тигізер пайдасы зор. Атақты аамдардың үлгі өнегесінде тәрбиелеу – оқушылардың сана сезімін адамгершілік қасиеттерін қалыптастырудың басты құралы.
1.3 Н.К.Крупская, А.С.Макаренко,
В.А.Сухомлинский ұжым туралы.
Ұжым және жеке
адам мәселесі қазіргі заманның ең
өзекті мәселелерінің бірі болғандықтан, педагогика
ғылымының да басты мәселесі болып отыр.
Адамды ұжымда тәрбиелеу идеялары қоғамның
даму заңдарына жауап береді.
Ұжым теориясына Н.К.Крупская, А.В.Луначарский,
А.С.Макаренко, С.Т.Щацкий, В.А.Сухомлинский,
т.б. ұлы педагогтар өз үлесін қосты.
Н.К.Крупская, А.С.Макаренко балаларды
ұжымда тәрбиелеу теориясы мен тәжірибесінің
негізін жасай отырып, жасөспірімдерді
жастайынан бірлесіп ынтымақта өмір сүруге,
еңбек етуге үйрету керек деп ой түйеді.
Н.К.Крупская 1926 жылы "Көркемдікке тәрбиелеудің
міндеттері туралы" атты еңбегінде:
"Қазіргі тәрбие ісінің көлемді міндеттерінің
бірі - балаларды ұжым болып жұмыс істеуге
және ұжым болып өмір сүруге үйрету",
-деп атап көрсетті.
Ұжымда тәрбиелеу принципін кеңірек және
сенімді түрде іске асыру ұлы педагог
А.С.Макаренконың еңбектері мен тәжірибелерінде
орын алған. Ол бұл принциптің методологиялық
мөнін түсініп, тәжірибеде балаға ұжымның
әсер ету күшін дәлелдеді. А.С.Макаренко
ұжымның нақтылы әдісін зерттеді және
ол әдістерді қолданудық шарттарын анықтады,
ұжымның даму заңдылықтарын және құрылысының
ерекшеліктерін ашты.
А.С.Макаренконың дәлелдеуінше ұжым адамдардық
жай ғана жиынтығы немесе кездейсоқ топтаса
салуы емес, ол жалпы мақсатқа жетуді алға
міндет етіп қойған, қоғамға пайда тигізуге
тырысушылар тобы.
Балаларда ұжымда біріктірудің негізгі
көзі - ортаң мақсаттың және оны іске асыруға
бағытталған біріккен іс-әрекеттің болуы.
Ұжымдық іс-әрекетте әрбір оқушының іс-әрекеті
басқалармен тығыз байланыста болады.
Мұндай жағдайда ұжымшылдық сезімі туады.
Бұл қарым-қатынас басқаның ісіне енжарлық
туғызбай, керісінше бір-біріне көмектесуі,
өз жолдасының ісіне қуану, ренжу, мақтану,
намыстану сияқты әр түрлі қатынастар
жүйесін туғызады. Адамның кеңіл-күйінің
тәрбиелік мәні арта түседі.
А.С.Макаренконың ойынша нағыз шын ұжым,
мейлі ересектер, мейлі балалар ұжымдары
болсын қоғамның бір мүшесі болып есептеледі.
Осыған байланысты қоғамның бастапқы
бір ұясы болып саналатын оқушылар ұжымы
басқа ұжымдармен байланыста болуы тиіс,
оның алдында қоғам мен ел алдындағыдай
міндеттер тұрады.
В.А.Сухомлинский балалар ұжымын дамыту
теориясына айтарлықтай үлес қосты. Оның
терең ойлары бірсыпыра ғылыми еңбектерінде
"Коллективтің құдіретті күші", т.б.
баяндалды.
В.А.Сухомлинскийдің пікірі бойынша әрбір
бала тәрбиесі ұжымдағы негізгі тәрбие
құралы болады. Балалар мен тәрбиешілер
арасындағы рухани қарым-қатынас ұжымдық
қатынастың даму процесі, В.А.Сухомлинскийдің
қарым-қатынас жайындағы идеясы жаңашыл
мұғалімдердің идеяларымен ұштасып жатыр.
Қорыта айтқанда, ұжым - тәрбиенің маңызды
құралы.
Оқушылар
ұжымы үш кезеңнен өтеді. Ұжымның даму
кезеңдерін А.С.Макаренко балалар ұжымы
дамуының мақсатына, іс-әрекетінің мазмұнына,
тәртібіне, балалардың ара-қатынасы тәуелділігіне
байланысты ажыратты.
Бірінші кезеңде оқушылар ұжымы жеткіліксіз
ұйымдастырылған топ. Сондықтан мұғалім
сынып өмірін ұйымдастыратын жұмысты
талап қоюдан бастайды. Талап баланың
іс-әрекетінің барысында орындалуға тиісті
нақты міндеттер. Талап қою балаларды
мінез-құлық нормасына үйрету, әлеуметтік
тәжірибеге тарту. Бұл кезеңде балалар
ұжымы сирек кездесетін құбылыс. Мұндай
жағдай бастауыш сыныптарда және әр мектептен
біріктірілген оқушылардың жоғары сыныптарында
болуы мүмкін.
Бұл кезеңде мұғалім ұжым іс-әрекетінде
белсенді, ынталы, оқушыларға сүйену керек.
Ұжым өміріндегі мұндай тәсіл сыныпта
белсенді жұмыс істейтін оқушылар тобын
көбейтуге және балалар мен мұғалімдердің
жұмысты бірлесіп істеуіне әсер етуі мүмкін.
Бірінші кезең аяқталу үшін мына мәселелерді
еске алған жөн:
• Ұжымды нығайтуға бағытталған мақсаттарды
анықтау;
• Ұжым іс-әрекетінің дамуы.
• Жеке адам арасындағы қарым-қатынас,
іскерлік және гуманистік қатынастардың
пайда болуы.
• Барлық ұжым мүшелері қолдайтын белсенділер
тобының бөлінуі.