Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Декабря 2011 в 23:50, курсовая работа
Мақсаты: Балабақшада балаларға әлеуметтік тәрбие беруде ауыз әдебиеті үлгілерін тиімді пайдалану
Міндеті: ауыз әдебиеті үлгілері арқылы балалардың бойында ұлттық сана-сезім қалыптастыру;
ой-өрісін, дүние танымын кеңейту;
балаларды адамгершілікке, еңбекке, тапқырлыққа, ыждағаттылық сезімге баулу.
КІРІСПЕ..................................................................................................................3
І Халық ауыз әдебиетіне сипаттама..............................................................5
1.1 Ауыз әдебиеті түсінігі.................................................................................5
1.2 Мектепке дейінгі жастағы балаларға ауыз әдебиеті үлгілері арқылы әлеуметтік тәрбие берудің маңызы..................................................................6
ІІ Мектепке дейінгі жастағы балаларға әлеуметтік тәрбие беруде
ауыз әдебиеті үлгілерін пайдалану................................................................10
2.1 Жұмбақтар мен жаңылтпаштар, олардың тәрбиелік маңызы................10
2.2 Ертегілер - мектеп жасына дейінгі балалардың ой-өрісін, дүние танымын кеңейтудің басты құралы................................................................................17
2.2. Ұлттық ойын – баланың білім-білік дағдысын қалыптастыратын тәрбие құралы...............................................................................................................25
ҚОРЫТЫНДЫ................................................................................................31
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ......................................................32
Ең бастысы жаңылтпаш бала тілін ширатудың қолайлы құралы. Баланың жас кезінде әсіресе 3-жасар кезінде «р» дыбысын айтуға қиналуы дәлел болады. Осы кезеңде «р» дыбысы орнына «и» дыбысын айтады.
Мысалы:
Деген де, ей Тайқарбай, әй Тайқарбай,
Қойыңды мол жусанға жай, Тайқарбай,
Тайқарбай, Марқар байлар толып жатыр,
Әй, Тайқарбай, дегенің қай Тайқарбай?
немесе
Торта қойдым,
Орта қойдым,
Орта қойдым
Жорта қойдым.
Бала жаңылтпашты жылдам айтқан кезде «р»-дың орнына «и» дыбысын айтып жіберетіндіктен «Тойта», «ойта», «Тайқайбай» болып шыға келеді. Жаңылтпаштың негізгі мақсаты баланы әр дыбысты дұрыс айтуға баулиды
1.Есет атам ет асатар,
Ет асатса бес асатар.
2.Қай тай лақтай,
Қай лақ тайлақтай.
3.Тебіншек ат- шегіншек,
Шегіншек ат- тебіншек.
Жаңылтпаштың сөздері қара сөз түрінен, өлең түрінде ұйқасымды да құрылады.
Мысалы: Ар жақтағы Құдияр құдам еді,
Ол мені қудаламады,
Мен оны қудаладым, - деп соңғы
екі жолын қайталап айтады.
2.2 Ертегілер - мектепке жасына дейінгі балалардың ой-өрісін, дүние танымын кеңейтудің басты құралы.
Қазақ халқының тұрмыс – салтын, арман-үмітін, өткен өмірін кеңінен танытатын ауыз әдбиеті үлгілерінің көлемді саласының бірі – ертегілер. Ертегілер өте ерте заманда, тіпті жазу-сызу өнері болмаған кездің өзінде – ақ туға. Бұларды халқымыз күні бүгінге дейін ұрпақтан ұрпаққа ауызша жеткізіп келеді.
Б.Г.Белинский баланың ой сезімін дамытудағы ертегінің маңызы жөнінде: «Баланың ең алғашқы естіген ертегілері жақсы мен жаман туралы, әділеттілік пен әділетсіздік туралы, дөрекілік пен нәзіктік туралы, ар-ождан ұят туралы түсінік береді, баланы қатты толқытады. Бұл толқу оның – мінез – құлқына, психикасына әсер етіп еңбекке, адамдарға деген ізгі ниетін қалыптастыруға жол ашады» деген.
Халық ауыз әдебиетінің басқа түрлері секілді ертегілер де адам баласының еңбекке, тұрмыс-тіршілік жағдайларына байланысты туған. Жаратылыс құбылыстарын, табиғат сырын жетік білмеген, олардың неліктен болатынын толық түсінбеген ертедегі адамдар әр нәрсені қиял еткен, өздерінің ауыр еңбектерін жеңілдету жайын қарастырған. Бұл жөніндегі ұғым-түсініктерін, сезім күйлерін әңгімелеп айтатан болған. Осы негізде ертегі – әңгімелердің алғашқы үлгілері пайда болған.
Бертін келе, экономиканың ілгері дамуы, қоғамдық қарым-қатынастардың алға басуы, адам баласының дүние танудағы ой өрісінің, сана сезімінің ұлғайып, өсуі жалпы халық ауыз әдебиетіне, соның ішінде ертегілерге көп әсер еткен.Осы негізде ертегілердің алғашқы үлгілері әр түрлі өзгерістерге түскен, мұнымен қатар жаңа ертегілер туа бастайды жне онда халықтың тұрмыс-салты, күнделікті өмірдегі іс-әрекеті басты орын алады, қоғамдық мәні бар мәселелер көтеріледі.
Бұлардың бәрін халық ертегілері арқылы көркемдеп суреттеп, образдар арқылы бейнелейді.
Ауыз
әдебиетінің басқа түрлері
Мектеп
жасына дейінгі балалар ертегілерді
өте жақсы көреді. Бұл жастағы
балалар ертегінің мазмұныына емес,
оның эмоционалдық ерекшелігіне назар
аударады.Балабақшаның тәрбиеленушілерін
ауыз дебиетінің үлгілерімен таныстырып,
олардың рухани өмірін байыта түсу
тәрбиешілердің міндеті болып саналады.
Мектепке дейінгі мекемелерде ертегі сабақта және сабақтан тыс уақыттарда да өтіледі.Оқу жұмысы балалардың жас ерекшелігіне орай жоспарланады. Сәбилер (3-4жас) тобында ауызша әңгімелеп беру тәсілі қолданылады. Ересек балалар (5-6жас) тобында оқығанды тыңдату мен әңгімелеп беру қатар жүргізіледі. Мұндағы мақсат – ертегіні ауызекі әңгімелеуге төселдіре отырып, оқылғанды шыдамдылықпен тыңдай білуге үйрету.
Ертегімен таныстырмас бұрын, тәрбиеші балаларға ертегі айтып беретінін, ертегі деп не себептен аталатынын түсіндіреді. «Оқиға өте ертеде болған, оқиғаны баяндаушы да өте ертеде өмір сүрген, сондықтан ертегілер көбіне «Ерте, ерте, ертеде», деп басталады деп әңгімесін одан әрі жалғастыруына болады.
Күннің екінші жартысында (түскі ұйқыдан соң) айтылған ертегінің мазмұнын толық қабылдау және тіл байлықтарын арттыру мақсатымен түрлі көңіл көтеру ойындарын өткізуге болады:
1.Ойыншықтармен ойын көрсету (қуыршақ театры).
Ойыншықтар ойынында ертегінің мазмұны қуыршақтар ойыны тартымды шығуы үшін тәрбиеші көп дайындық жұмысын жүргізеді. Қажетті ойыншықтар алдын – ала дайындалады, ойыншықтардың тартымды, сәнді болуы ескеріледі. Ертегі бойынша қажетті ойыншық бөлек бір үстелге қойылады. Беті орамалмен жабылады.Екінші үстелге тәрбиеші рет-ретімен қойып көрсетіп, ертегіні мазмұндап береді. Ал ересектер тобы мен мектепке даярлайтын топтың балалары ертегінің мазмұны өздері айтып бере алады.
Ертегінің мазмұнын көлеңке театры арқылы көрсетуден бұрын оқиғаға қажетті көріністі бейнелейтін суреттер алдын ала картон қағаздан қиылып жасалынады.Олар қара бояумен боялады, сөйтіп оқиғаның ретімен төрт бұрышты кергішке керілген дәкенің сыртынан көрсетіледі.
Оған
ересек және мектепке даярлайтын топтың
балалары қатысады. Өздерінің қалаған
ертегісін кейіпкерлендіреді –
сөзін жатқа айта отырып, өзі қалап
алған кейіпкерлерінің мінез-
Алдын ала магнитофонға жазылып алынған ертегіні тыңдатуға болады. Магнитофонға радио арқылы берілетін ертегілер, көркем сөз шеберлерінің оқыған, тәрбиешілердің айтқан ертегілері жазылады.
Ертегі сабақ
(мектепке даярлық тобы)
Кіріспе бөлім:
«Шаттық шеңбері» (балалар ортаға шеңбер құрып тұрады)
-Армысың, қайырымды алтын күн!
- Қайырлы таң балалар.
- Жарқырады күніміз.
- Қайырлы таң балалар.
- Әлемде болсын тыныштық.
- Қайырлы таң балалар.
- Жайнай түсті даламыз
- Аман ата-анамыз
Тәрбиеші:
- Балалар, бүгінгі ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде ертегілер еліне саяхат жасаймыз. (балаларды ертегілер көрмесіне шақырады)
- Өтілген
қандай таныс ертегілерді
Балалар:
Тәрбиеші:
Негізгі бөлім:
(музыка
ырғағы ойналады және әр
Тәрбиеші: (автор)
- «Ертеде шөбі шүйгін, мөлдір бұлақтың басында жиналған төлдер иеміз қайсымызды жақсы көреді?» - деп бір-бірінен сұрасты
Сонда лақ тұрып:
1-бала: Ешкі қойды бастаған,
Қойды артына тастаған.
Ешкі деген жануар,
Сойса саны қалақтай
Сауса сүті бұлақтай
Адамдар біздің сүтімізді ішіп, түбітімізден киім жасайды.
Адамдар мені жақсы көреді (мә-мә-мә)
Сонда құлын тұрып:
2-бала: Лақ сен босқа мақтанба
Қоғалы көлді жайлаған
Қоғаның басын шайнаған
Қашқанға жетпей қоймаған
Ер қанаты өзің деп
Ер қуанып айдаған.
Біздің етімізден қазы-қарта, шұжық жасайды, қымыз алады. Адамдарды алыс-алыс ауылдарға жеткіземін.
Адамдар мені жақсы көреді. (жылқыша кісінейді)
Сонда бұзау тұрып:
3-бала: Сендер босқа мақтанбаңдар
Адам тіршілігіне ең қолайлысы мен