Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Декабря 2011 в 23:50, курсовая работа
Мақсаты: Балабақшада балаларға әлеуметтік тәрбие беруде ауыз әдебиеті үлгілерін тиімді пайдалану
Міндеті: ауыз әдебиеті үлгілері арқылы балалардың бойында ұлттық сана-сезім қалыптастыру;
ой-өрісін, дүние танымын кеңейту;
балаларды адамгершілікке, еңбекке, тапқырлыққа, ыждағаттылық сезімге баулу.
КІРІСПЕ..................................................................................................................3
І Халық ауыз әдебиетіне сипаттама..............................................................5
1.1 Ауыз әдебиеті түсінігі.................................................................................5
1.2 Мектепке дейінгі жастағы балаларға ауыз әдебиеті үлгілері арқылы әлеуметтік тәрбие берудің маңызы..................................................................6
ІІ Мектепке дейінгі жастағы балаларға әлеуметтік тәрбие беруде
ауыз әдебиеті үлгілерін пайдалану................................................................10
2.1 Жұмбақтар мен жаңылтпаштар, олардың тәрбиелік маңызы................10
2.2 Ертегілер - мектеп жасына дейінгі балалардың ой-өрісін, дүние танымын кеңейтудің басты құралы................................................................................17
2.2. Ұлттық ойын – баланың білім-білік дағдысын қалыптастыратын тәрбие құралы...............................................................................................................25
ҚОРЫТЫНДЫ................................................................................................31
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ......................................................32
ІІ Мектепке дейінгі жастағы балаларға әлеуметтік тәрбие беруде
ауыз әдебиеті үлгілерін пайдалану
2.1 Жұмбақтар мен жаңылтпаштар, олардың тәрбиелік маңызы
Мектеп жасына дейінгі баланы айналасындағы қоршаған әлеммен таныстырудың тағы бір құралы ол – жұмбақ. Жұмбақ деген атына қарағанда жұмудан шыққан сияқты. Яғни қолыңды жұмып ішінде не барын айтшы дейсің ғой. Шындығында жұмбақ қолдың жұдырығында жасырынып тұратын зат емес.Ол баланың күнделікті өмірде көріп жүрген жанды-жансыз заттарына ұқсас нәрселерді сипаттай отырып. Сол нәрсенің негізгі қасиетін бүгіп айтпай, баланың зейнін ұштау ойлату, әрбір нәрсенің негізгі белгілері қандай, ол немен салыстыруға болады деген ой елегін көз алдына елестете отыра, қоршаған дүниені бақылап, бағалауға баулитын тәрбиелік қасиеті ерекше.
Жұмбақ – халық ауыз әдебиетінің ең ескі түрінің бірі. Халық ауыз әдебиетін зерттеудің негізін салушылардың бірі – ғалым-жазушы М.Әуезов жұмбақтың өмір танытқыштық, тәлім-тәрбие берерлік маңызын көрсете келіп, былай дейді: «Сырт қарағанда соңғы уақыттарда жазба әдебиеттің күшеюімен қатар, жұмбақ азайған шығар, жаңадан жасалмайтын шығар деген ойлар болушы еді. Анығында, бұл теріс боп шықты. Жұмбақтар қазақ халқының арасында әлі тыңнан туып, молайып, дамып келеді. Олай болса, халықтың жұмбақ деген фольклор қорын жинап басып, тексеріп тану – ғылымдық зор міндет болады».
«Жұмбақтың көлеміне кіретіндер: табиғат жайы, адамның денесі, хайуанат пен өсімдік, бақташы, егінші елдің еңбек процесі, еңбек құралы, азын-аулақ техника жайы сияқтылар болады». Әдетте бір затқа жұмбақталған заттың мынадай белгіле, қасиеттері салыстырылып, ұқсатылады: бірінші – заттың сыртқы тұлғасы мен түр-түсі; екінші – заттың тұрақты саны мен көлемі (мөлшері); үшінші – заттың қызметі мен қимылы; төртінші – заттың неден жасалатындығы, қайдан шығатындығы; бесінші – заттың даусы, дыбысы т.б.
Жұмбақтар балаларға олардың дүние тану қабілетін дамыту, тапқырлыққа баулу мақсатымен үйретіледі.
Жұмбақ оқу жеке сабақ түрінде емес, баланың білімін тиянақтау үшін сабақ процесінде оқылады.Әсіресе, зат таныту сабақтарында қолдану тиімді.
Ол баланы жастайынан қиялдай білуге, қоршаған ортаны бақылап, тапқырлыққа баулуды көздейді. Мысалы: Арбаны жұмбақтағанда, оны адамға тәріздеп ұқсатып былай сипаттайды.
Ізі бар, қадамы жоқ аяғының
Тимейді үші жерге таяғының
Қолдарын хайуанға арта тастап,
Салады әуезіне баяғының.
Киіз үйді жұмбақ қылғанда, айдаһар тәрізденіп былай сипаттайды:
Дүниеде бір айдаһар білесің бе?
Жаны жоқ қимылдауға денесінде
Ішінде сүйектері бақша-бақша,
Жарқылдар жалғыз көзі
Ал, аспан әлемін жұмбақтағанда ол бір көз жетпейтін дария, көк шатыр, кең сарай бейнесінде суреттейді. Сол аспан әлемін мекендеушілер кімдер екенін былай баяндағанда:
Көріп едім бір үлкен дарияны,
Барша қыз мекен етіп жатыр оны
Ішінде ерлі-байлы екі аққу бар,
Жарықтық жеті сарбаз балалары,
- деп аспанды – дарияға
Балалар айналадағы өмірді бақылау арқылы таниды. Олай болса, бақылау кезеңі мазмұнды, нәтижелі өтуіне баса назар аудару керек. Мектепке дейінгі мекемелер тәжірибесінде көп байқалып жүрген жай: тәрбиешілер көбіне серуеннің бақылау кезеңін үстірт өтетіндігі.Мысалы, «Балалар, қараңдаршы, бүгін қар жауыпты, ол аппақ». Балалар, «Иә», -деп жауап береді. Әңгіме одан әрі ой жалғаспайды.Осы ретте қардың түсіне ғана көңіл аударып қоймай, қардың суық болатындығы, күннің көзіне шағылысып тұрса, оны ақша қар деп атайтынын айтып, қарды ұстатуға болады. Оны қолға ұстағанда еритініне де көңіл аударту керек. «Балалар, қар қолға ұстағанда ери бастайды екен, себебін кім айта алады? Иә, қол жылы, жылылықтан қар ериді. Бөлмеге апарып қойсақ та ериді, мына ыдысқа қарды толтырып салайық, бұл әзір далада тұрсын, серуен біткен соң, бөлмеге апарып қоямыз. Артынан не болғанын көреміз».Бұдан кейін тәрбиеші қар туралы тақпақ айтып беруіне болады.
Келесі серуенге шыққанда, тәрбиеші қар туралы балалар білетін жұмбақты айтқызып, шешімін сұрайды. Сонда 3-4 естіген жұмбақ туралы алғашқы түсінік беріледі, осылай түрлі іс-әрекет кезінде жатталады. Жұмбақ оқу, шештіру жеке сабақ ретінде емес, тіл дамыту сабақтарында, экскурсия, бақылау, ойын т.б. жұмыстарға қоса жоспарланады.
Мысалы, тәрбиеші найзағай туралы жұмбақты балаларғай айтуы керек болды дейік:
Жөңкиді бұлттар дүркіреп,
Жауады жауын күркіреп.
Аспанның жүзі жарқ етті
Ақ
найза жерге сарт етті
Мұндай жағдайда мынадай дайындық жұмыстары жүргізіледі: бақылау
Кезінде
аспанда бұлт болатыны, ол бұлттың
әр түрлі болатыны: қою бұлт, сұрғылт
бұлт, ақ бұлт олардың қозғалып
отыратындығы мұқият
Бұдан кейін бұлт туралы, жаңбыр туралы тақпақтарды айтуға болады.
Енді мен сендерге бір жұмбақ айтайын, сендер жақсылап тыңдап жауабын беріңдер:
Әдемі түнде
Мен жүрсем, бірге жүреді,
Ол не?
Қане балалар , ойланыңдар.
Балалардың көбі «Жаңағы оқыған – Ай туралы», - деп жауап береді. Балаларды осылай жұмбақпен таныстыруға болады. Бұдан кейін мектепке даярлық тобы балаларының өздеріне жұмбақ кештерін ұйымдастырып тұруға болады.
Жұмбақты: 1)табиғат көріністерін; 2) заттардың, ойыншықтардың қасиетін, сынын байқату; 3) сабақты ұйымдастыру кезінде айтқызуға болады.
Мысалы,
сурет салмастан бұрын
Жұмбақ сабақ алдында балалардың көңілін сабаққа аудару мақсатымен де айтылады. Мысалы, тәрбиеші математика сабағында балаларға сағат туралы ұғым беру үшін жұмбаққа қосуын болады.
Лүп-лүп соғып жүрегі,
Сол қолында жүреді.
Осылайша жұмбақтарды тізіп айта беруге болады. Ең негізгісі жұмбақ баланың дүние тану әлемін, ой-өрісін, білімін тереңдететін, әр бір заттардың неден істеліп, неден пайда болуын, дүниедегі әр бір заттың өзіндік атқаратын қызметін, ерекшелігін неден істелгенін, не жұмысқа арналғанын, жанды-жансыз нәрсенің адамның ойына келе бермейтін қасиетін баланың жас кезінен бастап тәрбиелеу керек екенін халық педагогикасы білген, сол жолда қазақ халқы баласын ұқыптылыққа әр нәрсенің өзіндік ерекшелігін ескеруге, бақылауға, байқауға көңіл бөлгендігін ғылыми педагогика жоққа шығармайды.
Баланың тілін дамытуда ауыз әдебиетінің жұмбақ түріне негізделіп жүргізілген жұмыс тәжірибе. Жұмбақтар тіл мәдениетін тәрбиелеуде үлкен рөл атқарады. Жұмбақтар баланы байқағыштыққа, тапқырлыққа, баулып, ой-қиялын ұштастыруға көп әсер етеді. Жұмбақ баланың ойлау қабілетін дамытады.
Жұмбақтарды балаға үйрету барысында «ТРИЗ» технологиясының әдіс-тәсілдері қолданылады. Жұмбақпен жұмыс осы технологияның үш әдісі арқылы жүргізіледі.
Осы әдістерді қолдана отырып түрлі жүйеде жұмбақтар шешіліп шығарылады.
Жүйелілік жақындау әдісінің құндылығы:
1. Тақырып таңдап алынады. 2. Ойдың жалпыдан жекеге, дербеске ауысуы.
3. Объектінің
әр түрлі қасиеттері мен
тақырып тандалып алынады Мысалы: Ағаш
Жаз
Күз Қыс Көктем |
Жасыл
Сары Суарады су қажет етеді |
Жазда жап- жасыл, күзде сап-сары деп айтамыз. Жазда жапырақпен, қыста жалаңаш. Көктемде бүршік жарады, күзде түсіп қалады. Бұнда біз жүйелеп көрсетіп тұрмыз. Бала өз ойын ұшқырлап шығара алады.
Топтастыру әдісінің құндылығы:
1.Тақырып алу.
2.Тақырыпты ести отыра бір ойға келу.
3.Айтылған
зат немесе құбылыспен
4. Тақырыпқа байланысты сөздер топтасады.
5. Келесі
кезең айтылған топтастыру
Тақырып тандап алынады Мысалы: Ағаш
Ағаш |
Бүршік
Гүл Жеміс Тамыр Жапырақ |
Ағаш өміріне байланысты болып топтасады |
Мысалы: Бүршік жапырақ жаяды, гүлімен жеміс береді, тамырымен қоректенеді, биік болып өседі. Бұл не? (Ағаш)
Миға шабуыл әдісінің
Мысалы: алма
Мысалы: Өзі дөңгелек, қызыл, тәтті, түсі әр-түрлі ағашта өседі тағы басқа сипаттау.
Бала тілін дамытуға халық ауыз әдебиетін орынды, жүйелі пайдалана білген әрбір тәрбиеші баланың санасын арттыра отырып, түсінігін кеңейтіп ұғымын байытады. Сонымен қатар баланың ойлау белсенділігі артады, өз бетімен жұмыс түрі дамиды, сөз топтарын меңгереді, өз ойын еркін жеткізе алады.
Халық ауыз әдебиетінің бір саласы – жаңылтпаштар. Жаңылтпаштар балалар бақшаларында ана тілі сабағында және сабақтан тыс уақыттарда тіл ұстарту, сөздің дыбысталуын нақышына келтіре дұрыс, тез, шебер айта білуге жаттықтыру, сөздің мағынасын түсіне білу мақсатымен пайдаланылады.
Қазақ
халқы бауырында өсірген
Жаңылтпаш - қазақ халқының ауыз әдебиетінің түріне жатады.Оның атқарар қызметі аз емес. Олар көбіне баланың ұғымын, түсінігін, дүниетанымын кеңейте түседі. Жаңылтпаштар баланың тілін ұштай түсіп, оның кекештенбей, тұтықпай, еркін, жатық, асықпай, қысылмай сөйлеуіне көмектеседі. Әр сөзді бұзбай дұрыс айтылуы мақсат етіледі. Сөздерді шапшаңдата тез-тез айтуы тиіс, баланы сөйлете білу үшін маңызы өте зор.