Автор: Пользователь скрыл имя, 01 Декабря 2011 в 13:04, курсовая работа
Бүгінгі таңда елімізде жүріп жатқан әлеуметтік-экономикалық өзгерістер жалпыға бірдей білім беретін орта мектептердің алдына әлемдік өркениеттің барлық талаптарына сай келетін, парасатты, тәрбиелі жастарды тәрбиелеп дайындауды талап етуде. Бұл Отанымыздың келешек дамуымен, әлемнің алдыңғы қатарлы елдер қатарына қосылуымен, қазіргі мектеп оқушыларының білім дәрежесімен, шығармашыл ойлай алу қабілеттерімен сабақтаса орайласады. Осыған орай білім беру салаларында оқыту мен тәрбиелеудің жаңа технологияларын қолдану жұмыстары жедел қарқынмен жүруде.
Кіріспе
І тарау Мақал-мәтелдер – тәрбие құралы
1.1. Мақал-мәтелдердің зерттелуі ........................................................................ 4
1.2. Мақал-мәтелдердің түп негізі – түркі тілдерінде .......................................10
ІІ тарау Тәрбие үрдісінде мақал-мәтелдерді пайдалану
2.1. Мақал-мәтелдердің тәрбиелік мәні ..............................................................14
2.2. Мақал-мәтелдердің оқытылуы .................................................................... 21
2.3. Сабақтан тыс уақыттарда мақал-мәтелдер арқылы тәрбие беру...............28
Қорытынды .........................................................................................................36
Пайдаланған әдебиеттер тізімі .........................................................................38
Мақал-мәтелдер өмірдің сан алуан құбылыстарын кеңінен қамтып, қоғамдық, әлеуметтік маңызы бар мәселелерді, яғни адамгершілік, еркіндік, әділеттілік, денсаулық, өнер, білім, тіл, т.б. турасында ықшамды, мағыналы, көркем тілмен айтылған өмір тәжірибелері, ой қорытындылары мен тұжырымдарының тереңдігін айқындайды. Мысалы:
Жақсы ай мен күндей,
Әлемге
бірдей.
Үлкенге
құрмет-кішіге міндет.
Досы көпті жау алмайды,
Ақылы
көпті дау алмайды.
Еңбек
етсең емерсің.
Туған жердей жер болмас,
Туған
елдей ел болмас.
Ел үмітін ер ақтар,
Ер
атағын ел сақтар.
Батыр туса – ел ырысы, - дейтін мақал-мәтелдердің балалар үшін танымдық, тәрбиелік мәні зор болмақ.
Оқушылардың тілі шебер, ойы орамды болуы үшін ана тілі, қазақ тілі оқулықтарындағы мақалдармен шебер жұмыс жасау қажет. Оқушыларға алдын-ала берген тапсырмаларды тексеріп, мақалдың мағынасын ашқызу үшін пікірлерін тыңдау қажет.
Оқулықта
кездесетін мақалдарға
сай келетін оқиға
ойластыру арқылы
оқушылардың шығармашылық
қабілетін оятуға
болады. Сондай-ақ, бастауыш
сынып оқушыларымен
белгілі мақал негізінде
әңгіме жазу, мәтін бойынша
мақал құрастыру сияқты
шығармашылық жұмыстар
жүргізуге болады. Үйренген
мақалдарды орынды қолдану
керектігі түсіндіріліп,
«Сөз тапқанға – қолқа
жоқ» сайысын, «мақалдата»
айтысу жұмысын және
«Мың бір мақал» сияқты
ойындар жүргізу оқушы
тілін, ойын дамытудың
ең шебер құралы.
«Мың бір мақал» ойыны:
Ойынның шарты – 3 топқа бөлініп, мақал сайысын өткізу.
І.
Мақал айтып, тоқтағанша
жарысу.
ІІ. Мақалдың соңын жалғастыру және мәнін, мағынасын ашу.
1.Батыр туса – ел ырысы (Жаңбыр жауса – жер ырысы).
2.Ат айналып қазығын табар (Ер айналып елін табар).
3.Тіліңмен
жүгірме (Біліммен
жүгір).
ІІІ. Белгілі бір тақырыпқа байланысты мақал айту.
Төрт түлік мал туралы:
1.Мал өсірсең қой өсір
Өнімі оның көл-көсір.
2.Ат ерінді келеді.
Ер мұрынды келеді.
Оқу-білім туралы:
1.Ақыл азбайды
Білім тозбайды.
2.Қына тасқа бітеді,
Білім
басқа бітеді.
Төменде
оқушылардың шығармашылық
жұмыстарынан үлгілер
ұсынамыз.
Оқушылар құрастырған мақалдар:
1.
Көп сөйлеген адамның
досы аз.
2. Еңбекқор оқушы сабаққа қарайды,
Жалқау оқушы сағатқа
қарайды.
3. Жақыныңа жәрдемдес,
Дұшпаныңмен
мейірімдес.
4.
Жақсы сөз –
мақтаныштан артық.
5.
Бірлікті құртатын
өтірік.
6. Тұзсыз аста дәм болмас,
Доссыз тойда ән болмас.
Мақал-мәтелдердегі оқу мен еңбек, ойын мен өнер, адамның әр түрлі жақсы қасиеттері, елін сүю, ата-ананы құрметтеу, үлкенді сыйлау, т.б. осы іспетті өнегелі сөздер бала санасына біртіндеп құйыла береді.
Мақал-мәтел – ата-бабамыздан қалған өшпес мұра. Көлемі жағынан шағын болғанымен, мазмұны терең, уақыт өткен сайын мағынасы терең, құны артып, қымбат қазынаға айналып келеді. Мақал-мәтелдердің ұрпақ тәрбиесіндегі орны айрықша, тәрбиелік мәні зор рухани байлық.
Бастауыш сынып оқулықтарында берілген мақал-мәтелдерді қамтитын тақырыптар төрт түлік туралы, кішіпейілділік пен адамгершілік, еңбек пен кәсіп, өнер мен білім, батырлық пен ерлік, туған жер, ел табиғатына байланысты. Осыған шолу жасасақ:
І сыныпта: төрт түлік, кішіпейілділік, еңбек, батырлық, өнер жайындағы мақал-мәтелдер берілген;
ІІ сыныпта: төрт түлік, өнер-білім туралы, отан, туған жер, бірлік, еңбек жайында;
ІІІ сыныпта: адамгершілік, туған ел, еңбек, бірлік, табиғат жайында;
IV
сыныпта:
өнер-білім, ерлік
пен батырлық, бірлік,
достық, адамгершілік қасиеттері, т.б.
туралы. Соның ішіндегі:
Төрт түлік жайында:
Түйе атасы – нар Мал баққанға бітеді.
Ағаш атасы – шынар. Түлік төлден өседі.
Ат – адамның қанаты. Мал өсірсең, қой өсір
Сиырдың сүті – тілінде. Өнімі оның көл-көсір.
Мақалдардың түпкі мазмұнында қазақ халқының кәсібі мал шаруашылығы болғандығын баяндай отырып, оның өнімді, тиімді жақтары жан-жақты айтылған.
Өнер-білім жайында:
Өнер – білім бұлағы, Қына тасқа бітеді,
Білім – өмір шырағы. Білім басқа бітеді.
Білім таппай мақтанба Білекті бірді жығар,
Өнер таппай баптанба. Білімді мыңды жығар.
Акыл – тозбайтын тон, Білім жолы қиын жол.
Білім таусылмайтын кен.
Халқымыз білім, ғылым жолының қиындығын «Оқу – инемен құдық қазғандай» деп бағалаған. «Білімдіге дүние жарық, білімсіздің күні кәріп» деп білімді күннің нұрына балаған. «Өнер – бұлақ, білім – шырақ» дей отырып, өнер мен білімді қатар қойған.
Ерлік, бірлік жайында:
Шешен сөз бастар, Батыр туса – ел ырысы,
Батыр қол бастар. Жаңбыр жауса – жер ырысы.
Ер жігіт елі үшін туады, Досы көпті жау алмайды,
Елі үшін өледі. Ақылы көпті дау алмайды.
Бірлік – бұзылмас қамал. Ерлік пен бірлік жеңіске жеткізеді.
Негізгі мазмұны оқушыларды бірлікке, татулыққа шақыра білсе, ал ерлік жайында халқымыз азаттығы, елдігі үшін, қандай да болса күресте біріге білген. Жауды ерлік жеңбейді, елдік-бірлік жеңеді.
«Бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарып» біріккенде ғана жеңіске жететіндігін мәлімдейді.
Еңбек жайында:
Ердің атын – еңбек шығарады.
Еңбек – адамның екінші анасы.
Еңбектің наны тәтті, жалқаудың жаны тәтті.
He ексең, соны орасың.
Бұл мақалдың мазмұны оқушыларды тәрбиелеуде еңбек деген не екенін түсіндіріп, оны сүйе білуге, өзге еңбегін қастерлей білуге үйрету. Адамзат тіршілігінде қандай да нәрсе болса, еңбексіз қолға түспейпейтіндігіне көз жеткізуді көздейді.
Адамгершілік, кішіпейілділік жайында:
Әдептілік белгісі – иіліп сәлем бергені.
Ағаны көріп іні өсер,
Апаны көріп сіңлі өсер.
«Сіз» деген – әдеп
«Біз» деген - көмек.
Әдепті бала, ата-анасын мақтатар,
Әдепсіз бала, ата-анасын қақсатар.
Жақсыдан үйрен,
Жаманнан жирен.
Ұлтымызда тәлім-тәрбиеге, әдептілікке, адамгершілікке шакыратын айшықты сөздер аз емес. Тәрбиеге қатысты нақыл сөздердің мәнін ашу арқылы оқушыларды осы қасиеттерге үндейді.
2.3. Сабақтан тыс уақыттарда мақал-мәтелдер арқылы тәрбие беру
Ұлттық-мәдени құндылықтардың қыры мен сырын көптен бері зерттеп келе жатқан халқымыздың сөз зергерлерінің бірі – Мұзафар Әлімбаев ағамыз өзінің «Рауан» баспасынан шыққан «Халық – ғажап тәлімгер» деген еңбегінде былай деп жазыпты: «Халық педагогикасы – ғасырлар бойы қалыптасып, қорлана байып келе жатқан ғылым» [13]. Мәселен, ұрықтың ана бойына біткен кезіндегі құрсақ тойынан бастап, бала ержеткенге дейінгі аралықты қамтитын түрлі жөн-жоралғы, салт-дәстүр, әдет-ғұрып, тыйым сөздер, түрлі ырымдар – осынау ұғымдардың бәрі халық педагогикасының жүйесін құрайды. Халық педагогикасына әкенің баласына, енесі мен абысын-ажынның жас келінге айтатын ақыл-кеңесі, тағы баска да сол сияқты толып жатқан күнбе-күнгі күйбең тірліктен туындайтын, ғылыми жүйеге түсе қоймаған, қарапайым ережелер мен тұжырымдар, ғылыми тілмен айтсақ, эмпирикалык деңгейдегі тәлім-тәрбиелік ұғымдар жатады. Мәселен, бесік жырында нәресте, бөбек психологиясына лайықты көркем, әсерлі ырғақтар толып жатыр. Сондай-ақ, халық педагогикасына қыз ұзатып, келін түсіру, қазақтың ертеден келе жатқан отыз күн ойыны мен қырық күн тойы, бұларда айтылатын жар-жар, сыңсу, қоштасу, беташар, өлім-жітім болғанда айтылатын есірту, көңіл айту, жоқтау, қайым өлеңдер, бата беру, игі тілек, сәлемдесу, сәлем кылу, ауыз әдебиетінің бұлардан басқа да толып жатқан жанрлары (мақал-мәтелдер, жұмбақ, санамақ, айтыс, толғау, ертегі, дастан, терме т.б.) жатады. Бұны айтып отырғанымыз халқымыздың тарихында күні бүгінге дейін өскелең ұрпақты оқытып-тәрбиелеуде қолданылып келе жаткан, атадан балаға мирас, тұтас халықтық тәлім-тәрбиенің, яғни халық педагогикасының әдіс-тәсілдері.
Халық педагогикасының өзі ауыз әдебиетінен, фольклордың сан алуан жанрларынан, сондай-ақ, күнбе-күнгі тіршіліктегі халық тәжірибесінен нәр алып отырады. Халқымыздың кезінде талай жұртты тамсандырған тамаша қасиеттерін: үлкенді сыйлау, ата-ананы құрметтеу, иманжүзділік, қонақжайлылық, бауырмалдық, балажандық, ақкөңілділік, қайырымдылық, ақынжандылық, мейірімділік, ізгілік т.б. осы секілді асыл адамгершілік қасиеттерін ғылыми шегелеп, дамыта түсу керек.
Халықтық тәрбиенің арқауы, ұлттық тәрбиенің негізі - ауыз әдебиеті мен халыктық салт-дәстүрлерге ерекше мән бере жинақтап, шығармаларда оны саралап, даралап, тұжырымдап тәрбиелігіне тоқталамыз.
Халық ауыз әдебиетінің нұсқалары, салт-дәстүрлер қазіргі кезде жанданып, өзінің өміршеңдігін дәлелдеуде. Атадан балаға, өткеннен бүгінге, бүгінен келешекке аманаттаудың бірден-бір көрсеткіші. Ол ешқашан ұмытылмақ емес. Қайта ұмытылғаны жаңғырып, түлеп жаңаруда.
Оқушыларды жан-жақты қабілетті азамат етіп өсіруде халықтық салт-дәстүрлердің тәлім-тәрбиелік, білім-танымдык рөлі орасан зор.
Салт-дәстүр халықтардың тіршілік кәсібіне, наным-сеніміне, өмірге деген көзқарасына байланысты туып, қалыптасып, ұрпақтан-ұрпаққа ауысып, өзгеріп, жаңарып отырады. Оның жаңа қоғамдық қатынасқа қайшы келетіндері жойылып, өмірге қажеттілері дамып, жаңа мағынаға ие болады.
Мектептегі сабақтан тыс оқытудың біркелкі оқу кестесі оқушыларға жүйелі тәрбие беруге бейімдейді, ынталандырады. Тәрбие процесін қалпына келтірудің өзекті тұсы педагогикалық ынтымақтастықты қальштастыруға бірден-бір ықпалы мол демократиялықтан айқын көрінеді. Шәкірт ұстаздарға, ұстаз шәкіртке сенуі керек. Сол сенім адамды жігерлендіреді, құлшындыра түседі. Шәкірттің көкейкесті сұрақтарына нақтылы жауап беріп, ашық әңгімеге шақырған дұрыс. Бұл ынтымақтастықты нығайтады. Кейде мұғалім арасында әділдік жетіспейтін жағдайлар да кездеседі. Оқушыларды ынталандыру ұлттық-мәдени құндылықтарда жиі қолданылады. Бала жаны жақсы ісін мадақтауды, өзіне ыстық ықылас білдіруді, ізгі ниет көрсеткенді ұнатады. Осыны ескерген халық балаларды ынталандыру ниетімен мадақтау арқылы олардың жан дүниесін тербеп, психикалық ықпал етудің тамаша үлгілерін қалыптастырған. Бұл әдістер олардың ерсі қылықтарына тыйым салу үшін де пайдаланылған. Сөйтіп, әділ шара қолдану қалыптасқан. Олар ескерту, шектеу, ұялту болып бірнешеге бөлінген. Бұлардың да ауқымы кең, қазіргі педагогикаға сай нәрселер.