Автор: Пользователь скрыл имя, 01 Декабря 2011 в 13:04, курсовая работа
Бүгінгі таңда елімізде жүріп жатқан әлеуметтік-экономикалық өзгерістер жалпыға бірдей білім беретін орта мектептердің алдына әлемдік өркениеттің барлық талаптарына сай келетін, парасатты, тәрбиелі жастарды тәрбиелеп дайындауды талап етуде. Бұл Отанымыздың келешек дамуымен, әлемнің алдыңғы қатарлы елдер қатарына қосылуымен, қазіргі мектеп оқушыларының білім дәрежесімен, шығармашыл ойлай алу қабілеттерімен сабақтаса орайласады. Осыған орай білім беру салаларында оқыту мен тәрбиелеудің жаңа технологияларын қолдану жұмыстары жедел қарқынмен жүруде.
Кіріспе
І тарау Мақал-мәтелдер – тәрбие құралы
1.1. Мақал-мәтелдердің зерттелуі ........................................................................ 4
1.2. Мақал-мәтелдердің түп негізі – түркі тілдерінде .......................................10
ІІ тарау Тәрбие үрдісінде мақал-мәтелдерді пайдалану
2.1. Мақал-мәтелдердің тәрбиелік мәні ..............................................................14
2.2. Мақал-мәтелдердің оқытылуы .................................................................... 21
2.3. Сабақтан тыс уақыттарда мақал-мәтелдер арқылы тәрбие беру...............28
Қорытынды .........................................................................................................36
Пайдаланған әдебиеттер тізімі .........................................................................38
Халық, қоғам – кең ұғым. Халық тұрмысының айнасы мақал-мәтелдерде осы қоғамдық топтардың, таптардың арасындағы қайшылықтар, тартыстар бейнеленеді. Байлар «Құм жиылып тас болмас, құл жиылып бас болмас» деп кедейлерді кемсітсе, кедейлер «Аузы қисық болса да бай баласы сөйлесін» деп байларды кекетеді. М.Ғабдуллиннің монографиялық еңбегінде осының барлығы мол мысалдармен дәлелденген. Автор өзінің педагогикалық ой-пікіріне лайық парасаттылықты, білімділікті, саналылықты уағыздайды; өнер-білімге, ерлік-еңбекке, бірлік-ұйымшылдыққа тәрбиелейтін мақал-мәтелдерді түсіндіруге, насихаттауға ерекше көңіл бөлген, мақал-мәтелдердің эстетикалық мәнін, маңызын ашып, айқындап берген. Алайда, бұл еңбекте де қазақ мақал-мәтелдерінің даму тарихы, поэтикалық құрылысы жеткілікті қамтылмаған, зерттелмеген.
Мақалдар мен мәтелдер – мағынасы да, формасы да әлдеқашан қалыптасқан, өзгеріске онша тез ұшырамайтын тұрақты жанр. Фольклорлық мұраның даму дәуірін белгілегенде бұл ерекшеліктерді елемеуге, ескермеуге болмайды.
Жаңа мақалдар мен мәтелдерден көптеген мысалдар келтіре отырып талдау жасаған. Алайда қазақ мақалдары мен мәтелдері туралы әдебиет тарихы үшін жазылған соңғы очерк бола тұра, мұнда жаңа мәтелдердің шығу, қалыптасу жайы, әдеби-поэтикалық ерекшеліктері ашылмайды; тектес жанрлармен байланысты, көршілес халықтардың мақал-мәтелдерімен қарым-қатынасы анықталмайды.
Қазақ мақал-мәтелдерін ауыз әдебиетінің жанры ретінде зерттеу, табиғатын айқындау, көркемсөз өнеріне қатысты аспектілерімен қыр-сырларымен шұғылданушылар, негізінен, әдебиетші мамандар. Мақал-мәтелдердің өзіндік ерекшеліктерін айқындауға ат салысқан әдебиетші ғалымдардың қатарында М.Әуезов, Қ.Жұмалиев, М.Ғабдуллин, Ғ.Мүсірепов, С.Мұқанов, Б.Адамбаев, М.Әлімбаев, Н.Төреқұлов, Т.Кәкішев, З.Қабдолов, М.Базарбаев, С.Қасқабасаов, С.Нұрышев, Б.Ақмұқанова т.б. атауға болады.
Мақал-мәтелдердің табиғатын танып-білуге атсалушылардың екінші бір тобына тіл мамандарын жатқызуға болады.
Сонымен, қазақ мақал-мәтелдерінің зерттелу тарихына шолу жасау барысында оның бес бағытта жүргізіліп келгендігі анықталады: а) тіл ішілік, яғни бір тіл аясындағы зерттеулер; ә) туыс тілдерді салыстыра талдауға; б) әр тектес тілдер бірліктерін салғастыра қарауға; в) этнолингвистикалық астарын ашуға және г) қолданбалы мақсатқа негізделген зерттеу жұмыстары.
Көптеген
зерттеушілер мақал-мәтелдерді қашаннан
зерттеп жатса да, түгел жинақтап,
санын анықтау мәселесін күн
тәртібіне қойған жоқ. Демек, қазақ
тіліндегі мақал-мәтелдер аз емес, баршылық.
Халық жазушысы М.Әлімбаевтың, фольклоршы
Ө.Тұрманжановтың, Б.Адамбаевтың т.б. фольклортанушылардың
халық даналығына қатысты рухани мұрасын
зерделеп жүйелеу – болашақтың ісі.
Қазақтың көрнекті қайраткері, ірі тіл маманы Ахмет Байтұрсынұлы: «Кемшілік болмас үшін әр ұлт баласын әуелі өз тілінде оқытып, өз тілінің жүйесін білдіріп, жолын танытып, балалар әбден дағдыланғаннан кейін, өзге тілді оқыта бастайды» – деген еді [2]. Демек, жас ұрпақты ұлттық ерекшеліктеріндегі әдет, салт-дәстүрлерінен тәлім-тәрбие алуға негіз болатын ана тілі.
Қазақ халқы ауыз әдебиетінің бай мұрасында баланың дамуына, жалпы тәлім-тәрбиеге ықпал жасайтын мол мүмкіндіктер бар. Бұл бай мұраны мұғалім баланың жас кезеңіне, дара ерекшеліктеріне сай, ұғымына байланысты ертегі, мақал-мәтелдер, шешендік сөздер, аңыз-әңгімелер және алуан түрлі салт-дәстүрлерді педагогикалық тұрғыдан іріктей алуы керек.
Төменгі сынып оқушыларын ізеттілікке, қайырымдылыққа тәрбиелеу. Ұлттық тәлім-тәрбиені дер кезінде беру, меңгерту – ұстаздың басты міндеті. Бастауыш сынып оқушыларының өзара қарым-қатынас жасауының алғашқы әліппесі, қадамы сәлем беруден, амандасудан басталатынын білу керек. Қазақ халкының сәлемдесу рәсімі ата-ананың, ағайын туманың, түгелдей ел жұрттың амандығын саулығын қамтитын мазмұнда болады. Дәстүр бойынша сәлемдесу «Ассалаумағалейкум» деген сөзден басталады. «Сөз анасы -сәлем», «Көргенді бала алыстан сәлем береді» деген аталы сөздер баланы инабаттылықка, ізеттілікке тәрбиелейді. Бастауыш сынып оқушыларының психологиялық тұрғыдан бір ерекшелігі – олар өз айналасындағы адамдардың бәрімен бауырмалдылықпен қарым-қатынас жасайды. Олар балалармен дос болуды қалайды. Баланың жас кезеңіндегі табиғи ерекшелігі адамгершіліктің ең төл қасиетін дамытуға, қалыптастыруға негіз болады.
Қазақ халқының туысқандық, бауырмалдылық қасиеті оның жеті атасын білуді талап етеді. «Жеті атасын білген ер, жеті жұрттың қамын жер», – деген халықтың дана сөзі бар. Сондай «Қырық рулы елміз, қарға тамырлы қазақпыз» – деген аталы сөз де бірліктің, бауырмалдылықтың белгісін білдіреді.
Бала тәрбиесіне байланысты қазақ халқында көптеген салт-дәстүрлер бар: шілдехана, балаға ат қою, тұсау кесу, атқа мінгізу, т.б. Көптеген дәстүрлердің ішінде ұлттық салтымызды бейнелейтін «Қонақ келсе – құт» деп халқымыздың қонақжайлылығын білдіретін дәстүр, өзінің бүкіл мазмұнымен, әдет-ғұрпымен, қонақ күту рәсімімен жоғары ұлттық-мәдени негіздерін, үйге келген қонақты бар ықыласпен, жылы жүзбен қарсы алу, күту, қадірлеу, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан дәстүр. Сондықтан төменгі сынып оқушыларын қонақты күту, мерекелік күндерді өткізудің барысында ұлттық-мәдени сапалары туралы ұғымды қалыптастырып, іс-әрекетпен байланыстыру керек. Олар амандасу, құрмет көрсету, қонақ күту, дәмді тамақ пісіру, қонақасын салу рәсімі.
Қазақтың тұрмыс тіршілігінде, әдет-ғұрпында ерекше орын алатын, мәні зор ертеден мерекеленіп келе жатқан ұлттық мейрамының бірі – «Наурыз мейрамы». Наурыз – парсы сөзі. Бұл қазақ тілінде «Жаңа күн» деген сөз. Бұл күн жыл сайын наурыз айының 22-сі күні мерекеленеді, яғни, күн мен түннің теңесетін, қар еріп, көктің шыға бастайтын кезі. Осы кезде мал төлдеп, шаруаның арқа басы кеңіп, аузы аққа тиген. Сондықтан бұл уақытты жаңа жыл басы «Ұлыстың ұлы күні» деп есептеген, зор қуанышпен қарсы алып отырған. Осыған орай бастауыш сынып оқушыларына еңбек туралы алғашқы ұғымдарды, еңбектің қоғамдық мәнін, еңбек туралы баланың міндеттерін, оларға қамқорлық жасау, реттілікті, ұқыптылықты дағдыландыруда, нарықтық экономиканың алғашқы түсініктерін білуге, қазіргі жағдайда өзіне не қажет екенін білдіру арқылы оның ой-санасын, ақыл-есін, бағытын өмір сүруге дайындайды. Ол үшін, ауыз әдебиетінің «Еңбек-бәрін де жеңбек», «Байлықтың анасы-жер, атасы-еңбек» т.б. бай мұрасы арқылы ғасырлар бойы жинақталған қазақ халқының тұрмыс-тіршілік, еңбек саласындағы бай дәстүрін пайдалану керек. Қазақ халқы өзінің өмір тәжірибесінде баланы жастайынан еңбекке араластырудың мүмкіндіктерін ойластырған.
Қазақ халқының бала тәрбиелеудегі мұрасына көз жіберсек, отбасына байланысты тұнып тұрған дәстүрдің бар екенін көреміз. Ұлттық салттар мен дәстүрлердің, әдет-ғұрыптардың заманға сай, ұрпақтарымызды өркендетер өрнектерін халық жоғары бағалайды.
Төменгі сынып оқушыларының ерекшелігін ескере отырып, ұлттық-мәдени тәрбие берудегі негізгі жол – іс-әрекетті ұйымдастыру. Оқушының өзі жолдастарымен, кұрбыларымен, ересек адамдармен қарым-қатынас жасауда, халықтың дәстүрі негізінде балалардың қуанышты көңіл-күйін туғызатын қызықты іс-әрекеттерді педагогикалық, психологиялық талаптарға сай ұйымдастыру керек. Оқушыларды жан-жақты қабілетті адамзат етіп өсіруде халықтың салт-дәстүрінің тәлім-тәрбиелік, білім-танымдылык рөлі орасан зор. Өзге халықтар сияқты қазақ елінің де бала тәрбиесі жөнінде атам заманнан бері жиып-терген мол тәжірибесі бар. Аға буын өз бойындағы ізеттілік, қайырымдылық, кішіпейілділік, әдептілік, елін-жерін, отансүйгіштік секілді ең асыл қасиеттерін жас ұрпаққа күнделікті тұрмыста үнемі үйреніп, қаны мен жанына сіңіріп келеді.
Ұрпақ тәрбиесіндегі ежелден қалыптасқан халқымыздың жақсы дәстүрлері мен тағылымдарын оқып үйреніп, өнеге тұтпай тұрып, жастарды ізгілік пен парасаттылыққа баулу мүмкін емес. Қазақта әр бала әкесінің жеті атасын білетін болған. «Ассалаумағалейкум» деп екі қолын созып амандасқан ауылдың жасөспірімдерін ауыл қарттары немесе көрнекі ауыл ақсақалдары «Уағалейкумәссалам» деп жақсы сәлем қайтарып, алдымен «Айналайын кімнің баласысың?» деп сұрайтын.
Әкесінің
есімі таныс болмай қалса, «ол қайсысы,
әлгі кімнің баласы ма?» деп немесе «әлгінің
немересі ме?» деп баладан аталарының
есімдерін сұрай бастайтын. Жеті атасын
сол арада мүлт етпей атап шыққан бала
неғұрлым жас болса, қарттар соғұрлым
риза болатын-ды.
ІІ Тарау Тәрбие үрдісінде мақал-мәтелдерді пайдалану
2.1. Мақал-мәтелдердің тәрбиелік мәні
Мектеп – бұл оқушы тұлғасы мен санасының дамуы қуатты жүретін ерекше құнды, қайталанбайтын кезеңі. Сондықтан да бастауыш білім – үздіксіз білім берудің алғашқы басқышы. Осыған сәйкес оқушыға белгілі бір көлемдегі білім, білік-дағдыларды меңгертумен бірге табиғат, қоршаған дүние туралы түсініктерін кеңейте отырып, оларды шығармашылық бағытта жан-жақты дамыту – бүгінгі күннің басты талабы. Бұл әрине, мұғалімнен көп ізденісті талап етеді. Соңғы кездері Мектеп терде дәстүрлі емес сабақ түрлері, соның ішінде кіріктірілген сабақтар ерекше орын алуда. Жас бүлдіршіндерді халықтың салт-дәстүрі, әдеп-ғұрыптары арқылы оқытып-тәрбиелеу өте ұтымды. Себебі, жастайынан халықтық тәлім-тәрбие негізінде тәрбиеленген жеткіншек болашақта өз халқын, өз жерін ардақтайтын адал да парасатты азамат болып өсетіні сөзсіз.
И.Левитовтың пікірінше, оқушыларды, шығармашылық қабілеттері деп біз іс-әрекет қорытындысында жаңа бір нәрсені үйренулері және олардың даралық бейімділіктерінің, қабілеттерінің, тәжірибелерінің көрінуі болып табылады. Мектепке дейінгі балалардың және бастауыш сынып оқушыларының жас ерекшеліктеріне сай қабілеті, олардың белгілі бір іс-әрекетке бейімділігі арқылы көрінеді. Бейімділік – бұл адамның белгілі бір іс-әрекетпен айналысуға бет бұрысы, оған көңілінің аууы, яғни оянып келе жатқан қабілеттің алғашқы белгісі. Сондықтан да әрбір педагог балалық кезде ерекше көзге түсетін бейімділіктердің, келешекте олардың қабілеттерінің көрсеткіштері екенін ұмытпай, оқушылардың бейімділіктерін дер кезінде көре біліп, оларға сәйкес келетін қабілеттерді дамыту біздің міндетті борышымыз екенін ұмытпауымыз керек.
Баланың жасырын, тіпті тым тереңде жатқан қабілеттерінің көрінуіне мүмкіндік жасау үшін оны оқытып, жан-жақты дамыту керек және оны тек оқыту үрдісі кезінде ересектердің басшылық етуімен жүзеге асыруға болады.
Педагогика ғылымы еш нәрсеге бейімі жоқ, қабілеті жоқ адам болмайды деп дәлелдейді. Сол себепті де балалардың қабілетін кеңінен өрістете дамытуға тек мектеп қана мақсатты түрде ықпал ете алады. Бірінші сыныптан бастап балалардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға мүмкіндік беретін қандай жұмыс түрлерін, әдіс-тәсілдерді пайдалануға болады деген мәселе туындайды. Мұнда ең алдымен, біздіңше, оқушыға түрлі тақырыпта, мазмұнды шығарма жаздырту жұмысы орын алады. Ескеретін бір мәселе – бұл оқушыға алдымен шығарманың үлгісін көрсету немесе тірек схема беру. Себебі, кез келген оқушы бірден шығарма жазуға қиналатыны сөзсіз. Екіншіден, ересектердің көмегінсіз оқушыға алдын-ала осы бағытта ізденуіне жағдай жасай отырып, шығарманы іште, яғни сыныпта жаздырту. Үшіншіден, ерекше бір ескеретін мәселе - бұл оқушы еңбегін бағалау. Мұғалім ең алдымен, окушының ізденісін, айтайын деген ойын бағалай білуі тиіс.
Мектеп тегі оқу-тәрбие үрдісінде ұлттық-мәдениеттің озық үлгілерінің мүмкіндігі мол, сабақ барысында ұлттық мінез-құлық, әдет-ғұрып негізінде бата, аталы сөздер, тәрбиелік мақсатта мақал-мәтелдерді пайдалану қажет. Қазақ халқы – сөз қадірін біліп, оны қастерлеп, данышпан, ұлы адам сөзін өнеге ретінде өрнектеп, терең мағыналы сездермен зерлеп келе жатқан халық.
Олай болса, халқымыздың ұлдарымыз бен қыздарымыздың санасына сіңіріп, салт-дәстүрін сақтауға, әдет-ғұрпын кеңінен қолдануға үйрету үшін әр сабақта тиісті жерінде пайдалана отырып қалыптастыруымыз керек. Үйрету кезінде халқымыздың тұрмыс, салт-дәстүрімен шектесек, мұнымыз тым жұтаң болады.
Ұрпақ – өмірдің жалғасы, халықтың мұрагері, кең даламызда көшпелі күн кешіп, аттың жалында, түйенің қомында жүрсе де, халқымыз ұрпағына жақсы тәрбие берудің салтын, дәстүрін, әдет-ғұрпын қалыптастырған. Еңбекті сүю, қиыншылыққа төзімді болу, ел намысын қорғау, өзгені жатсынбау, ата-тегін жадында сақтау, сөз ақылын қастерлеу, тапқырлық пен алғырлық таныту, ата салтын бұзбау, жасы, жолы үлкенді сыйлау, қонақтың меселін қайтармау, көрші кәдесін жасау, адал болу сияқты талаптар қойған. Халықтық тәрбиенің асыл қазынасын қастерлеп, өткендегі мәдени мұра атаулыны іске асыру, жас ұрпағымыздың бойына ұлттық мәдениетті, ізгі салт, сыпайылылық пен мейірімділікті уағыздау, халықтық мәдени білім берудің өзегіне айналуы қажет.