Автор: Пользователь скрыл имя, 01 Декабря 2011 в 13:04, курсовая работа
Бүгінгі таңда елімізде жүріп жатқан әлеуметтік-экономикалық өзгерістер жалпыға бірдей білім беретін орта мектептердің алдына әлемдік өркениеттің барлық талаптарына сай келетін, парасатты, тәрбиелі жастарды тәрбиелеп дайындауды талап етуде. Бұл Отанымыздың келешек дамуымен, әлемнің алдыңғы қатарлы елдер қатарына қосылуымен, қазіргі мектеп оқушыларының білім дәрежесімен, шығармашыл ойлай алу қабілеттерімен сабақтаса орайласады. Осыған орай білім беру салаларында оқыту мен тәрбиелеудің жаңа технологияларын қолдану жұмыстары жедел қарқынмен жүруде.
Кіріспе
І тарау Мақал-мәтелдер – тәрбие құралы
1.1. Мақал-мәтелдердің зерттелуі ........................................................................ 4
1.2. Мақал-мәтелдердің түп негізі – түркі тілдерінде .......................................10
ІІ тарау Тәрбие үрдісінде мақал-мәтелдерді пайдалану
2.1. Мақал-мәтелдердің тәрбиелік мәні ..............................................................14
2.2. Мақал-мәтелдердің оқытылуы .................................................................... 21
2.3. Сабақтан тыс уақыттарда мақал-мәтелдер арқылы тәрбие беру...............28
Қорытынды .........................................................................................................36
Пайдаланған әдебиеттер тізімі .........................................................................38
Әр
халық тарихында бүкіл
Халқымыздың қалыптасқан әдет-ғұрыптары мен дәстүрлері, ұлттық мәдениет негіздері болғандықтан, мейрам-тойлар сол ұлттық мәдениеттің әдепті рәсімдері ретінде өтілетіндіктен, бұл үрдістердің тәрбиелік әсерін оқушылардың бойына сіңірудің алуан түрлі әдістемелерін қолданамыз. Ең әуелі отбасында ата-ана мен үйелменділерді бір-біріне үйрету, талап ету, талап қою арқылы әдет-ғұрыптар мен дәстүрлерді ұғындырып, оны дағдыға айналдырып, әдеттік ұғымын қалыптастырады.
Мектепте ұйымдастырылатын тақырыптық көрме, этностық шығармаларды сахнаға лайықтап көрсету, кесте, сурет салу, газет шығаруды ұйымдастыру, әдептілік дәрістерін оқыту әдісі, тапқыштар жарысы, көркемсөз үйірмесі - бәрі әр түрлі әдістер арқылы оқушылардың отансүйгіштік сезімін дамытады, адамгершілігін арттырады.
Қазақ фольклорының қай жанрын алсаңыз да, халқымыздың ғасырлар бойы сақтаған танымдық та, тәрбиелік мәні зор бай тәжірибесінің түп қазығы екеніне көзіңіз жетеді. Баса айтқанда, ертегі жанры баланың сана-сезімін оятып, қиялын қанаттандырады, жаманнан жирендіріп, адамгершілікке, имандылыққа тәрбиелейді. Сондықтан отбасында да, балабақшада да, мектепте де мақал мәтелдер – әрі білім, әрі тәрбие құралы. Әр алуан мазмұндағы мақал-мәтелдермен танысу бала қиялын ұштап, еркін сөйлеуге үйретеді.
Демек, мақал-мәтелдерді оқу үрдісінде пайдаланудың түрлі әдістемелік жолдары да қарастырылады.
Халық мұрасы – ауыз әдебиетінің танымдық, тәрбиелік мәні шексіз, шектеусіз терең дүние және ол тұтастай алғанда жас ұрпақ үшін ғана емес, адам өмірінің барлық кезеңі үшін мәнді, адамзаттың рухани-эстетикалық қуатының қайнары. Бала тәрбиесіне бағытталып, сәбидің жан дүниесінің қалыптасуына, рухани марқаюына негізгі ұйтқы болатын шығармалар – балалар фольклоры деп аталады. Көне мәдениетіміздің қай саласының болмасын қайнар көзі деп біз әрқашан да фольклорды танимыз.
Балалар фольклоры – балалар психологиясын, көркемдік талғамын, шығармашылық мүмкіндіктерін танытатын халықтың ғасырлар бойы жасаған асыл мұрасы. Ол өзінің бала қабілетіне лайықтылығымен, логикалық жүйелілігімен, тілінің нәрлілігімен, ақ пен қараның жігін айқын ажыратқан тәрбиелік маңыздылығымен, эстетикалық талғамдығымен бағалы. Баланың жас ерекшелігіне орай дүниетанымы ересектер көзқарасымен қаншалықты сәйкес келмейтін болса, оның күнделікті тірлігі, өзіндік өмірлік мұраты, қиял, арманы мен ойы өмірге соншалық керек. Міне, балалар фольклоры – сол қарапайым да, нәзік, күрделі де, қызык әлемнің көркем дүниесі. Фольклор термині «халық ауыз әдебиеті» деген ұғым шеңберін ұлғайтып, халық өнерінің музыка қолданбалы өнер, халық ойындары сияқты салаларын толық қамтитын кең өріске ие болып отыр. Оқу-тәрбие процесінде халық ауыз әдебиетінің алар орны ерекше. Сонымен қатар жұмбақ, санамақ. мысал, мақал-мәтелдер, ертегілер ертеңіне сеніммен қол созған қазіргі шақта ата-бабасын, тегін тануға ұмтылған жас ұрпақтың талабын қанағаттандыратын, өткенін өзінше білуіне көмектесетін амал-тәсілдердің біріне айналуда.
Мақал-мәтелдер қай халықтың болса да ауыз әдебиетінде көлемі шағын, мазмұны бай, тілі көркем жанрға жатады. Мақал-мәтелдер өзін жасаушы халықпен бірге жасайды, біреулері ескіріп қолданудан шығып, екіншілері жаңарып туындап жатады. Мақал мен мәтел – егіз жанр. Халық шығармасының басқа түрлері сияқты мақал мен мәтелді де әуелде жеке адамдар шығарды. Оны біреуден біреу естіп айтып таратады, өңделеді, өзгертіледі, сөйтіп халыктық мұраға айналды. Демек, мақал-мәтелді белгілі бір халықтың өмірде көрген-білгенін жасаған қорытындысы, ақыл-ойы деуге болады.
Мақал-мәтелдер
көркем шығармаларда да көп қолданылады.
Ақын-жазушылар шығармаларында халық
даналығын пайдаланумен бірге, сол
үлгілермен өздері
де жаңа мақал-мәтелдер
жасайды. Ыбырай
Алтынсариннің «Аш
бала тоқ баламен ойнамайды,
тоқ бала аш болам деп
ойламайды» дейтін сөзі мақалға айналып
кеткен [4].
Мақал-мәтелдер – ертек, аңыз, батырлық – ғашықтық жырлар, қара өлеңдер секілді халық шығармаларында ертеден келе жатқан көне жанр. Алайда, ертедегі құлпытастарда, ескі кітаптарда жазылып қалғаны болмаса, мақал-мәтелдер халық жадында сақталып қалған.
Мақал-мәтелдер көшпелі ел тұрмысынан туып, сол халык өмірінің барлық саласын қамтитынын, бейнелейтінін көрсете келіп, С.Сейфуллин жалпы ауыз әдебиетіне ортақ мынадай бір ой тастайды: «Ауыз әдебиетінің қай бөлімі болса да, сол заманның тұрмысының қандай болғанын, тұрмыстың әсерімен ол тұрмысқа ұқсап туған сана, қандай сөз, қандай әдебиеті болғанын көрсетеді».
Балалар үшін айнала қоршаған табиғат, қоғамдық түрлі құбылыстар құпия сырларға толы жұмбақ дүние. Осының барлығын бала есі кіре бастағаннан білуге құмартады. Баланың алғашқы ұстазы – ата-анасы. Көп жасаған, көпті көрген ата мен әжелер балаға тілі шыққаннан бастап қысқаша әңгіме, ертек айтады. Әуел баста балаларға арналған мақал-мәтелдер өңделе - жөнделе келе үлкендер де ғибрат алатын үлгілі, өнегелі сөзге айналады. Мақал-мәтелдердің өзіндік тақырыптары мен түрлері болады.
Еңбек пен кәсіпке арналған мақал-мәтелдер: «Мал баққанға бітеді, малды тапқанға бақтыр, отынды шапқанға жақтыр». «Атадан ұл туса игі, ата жолын қуса игі», т.б. Аңшы, малшы, егіншілік сияқты кәсіптерге арналған мақал-мәтелдер жас ұрпақты адал кәсіпке, ерлік еңбекке баулиды.
Өнер-білімге арналған мақал-мәтелдер: «Жігітке жетпіс өнер де аз», «Өнер – бұлақ, білім – шырақ», «Білікті бірді жығады, білімді мыңды жығады», «Көп жасағаннан сұрама, көпті көргеннен сұра».
Әулет және қоғам туралы мақал-мәтелдер: «Ата – балаға сыншы», «Ата көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер», «Алып анадан туады», «Анасын көріп қызын ал», «Бала – адамның бауыр еті», «Гүл өссе – жердің көркі, қыз өссе – елдің көркі», «Ауыл болсаң, қауым бол», «Ағайынның аты озғанша, ауылдастың тайы озсын» деп ауылдың ауыз бірлігін насихаттайды.
Тұрмыс-салт мақал-мәтелдері: «Той десе қу бас домалайды», «Тойдың болғанынан боладысы қызық», «Сыйға – сый, сыраға – бал», «Берместің асы піспес», «Жоқтық жомарттың қолын байлайды», «Аттан айырылсаң да, ер тоқымнан айырылма».
Мақал-мәтелдерде баланың ақыл-ойын жетілдіруге, мінез-құлқын түзеуге айырықша көңіл бөлінген. Ол үшін еңбекке, өнер мен білімге үлкен мән берілген. Бұл тұрғыдан алғанда аталған дидактикалық жанрларды халық педагогикасы деуге болады.
Мақал-мәтелдер – әдеби жанр, әрқайсысы өз алдына мағына беретін көркем шығарма.
Қазақ фольклорының қай жанрын алсаңыз да, халқымыздың ғасырлар бойы сақтаған танымдық та, тәрбиелік мәні зор, бай тәжірибесінің түп қазығы екеніне көзіңіз жетеді. Баса айтқанда, ертегі жанры баланың сана-сезімін оятып, қиялын қанаттандырады, жаманнан жирендіріп, адамгершілікке, имандылыққа тәрбиелейді. Сондықтан отбасында да, балабақшада да, мектепте де ертегі – әрі білім, әрі тәрбие құралы. Әр алуан мазмұндағы ертегілермен танысу бала қиялын ұштап, еркін сөйлеуге үйретеді.
Баланың ойын дамытып, оны шапшаңдыққа, тапқырлыққа баулитын жұмыстың тағы бір түрі – жұмбақтар, ребустар, сөзжұмбақтар кұрастыру. Бұл оқушыдан салыстыру, жоспарлау сияқты бала үшін қиындау тәсілдерді колдануды талап етеді. Сондықтан да мұғалімнің үлгі, тірек схемасы, кеңесі қажет болатыны сөзсіз. Алайда мұғалім оқушыны шығармашылық бағытта өз бетімен жұмыстануға тек бағыт беруші екенін естен шығармауы керек. Сол себепті де шамадан тыс қамқорлық пен көмектің пайдасы мен зияны бар екенін ұмытпауы тиіс. Аталған жұмыс түрлеріне бөлек сағат бөлінбейтіні сөзсіз. Сондықтан бұл жұмыс түрлерін күнделікті сабақ кезінде сабақ тақырыбына сәйкес немесе сергіту сәттерінде, сабақтан тыс кезде тиімді пайдаланған мұғалімге беретін нәтижесі мол. Сол себепті де шығармашылықпен іздене білген мұғалім болашақта өзіндік көзқарасы толық қалыптасқан, дүниетанымы кең, білім, білік-дағдысы жоғары, шығармашылық бағытта өз бетімен жұмыс жасай алатын жас жеткіншекті тәрбиелей алады. Мұның өзі жоғары сыныптарда оқушының кез-келген пәнді жете меңгеріп, мектепті үздік бітіруіне жол ашады.
Бастауыш сынып окушыларына арналған ұлттық тәлім-тәрбиеге негізделген жұмыстарда 1 сынып оқушыларына әдептілікті, имандылықты, мейірімділікті, қайырымдылықты, инабаттылықты, ұлттық салт-сана мен дәстүрлердің, әдет-ғұрыптың өркениетті бағдарларын үйрету көзделген.
Отбасында ата-ана, мектепте мұғалім бала тәрбиесіне үлгі етіп, шешендік сөздерден мысалдар келтіріп, баланы әңгімеге тартып, оның ақыл-ойын қалыптастырып, ойлау, сөйлеу қабілеттерін оятады.
Халық дәстүрінің бала ұғымына сай жүйесін іріктеп, оқуға берілген тапсырмалардың орындалуына нақтылы талап қоя білуі қажет.
2.2. Мақал-мәтелдердің оқытылуы
Мақал-мәтелдер дегеніміз сөз арқылы ықшамды, өтімді түрде айтылатын белгілі бір күрделі ойлардың қорытындысы қоғамдық өмірдегі тұрмыс-салттағы болып өткен елеулі оқиғалар, мақал-мәтелдердің шығуына негіз қалаған. Өйткені көпшілік назарын аударатын кейбір іс-әрекеттер белгілі бір тиянақты ұғым, тұжырымды ой тудырып, мақал-мәтелге айналып отырған. Мақал-мәтелдер ықшам, бірақ толық бір ой-пікірді білдіріп, барынша жинақталған, бейнелі тіл байлығы болып есептеледі. Мақал-мәтелдер әркімнің құрғақ қиялының туындысы болмастан, қайта тұрмыстағы алуан түрлі құбылыстардан нәр алған өмір тәжірибесінің қорытындысы. Онда халықтың данышпандығы, асыл тәжірибелері және өткір де шынайы талғамдары бейнеленген. Көшпелі ата-бабаларымыз сонау ерте дәуірден-ақ мақал-мәтелге ерекше мән беріп, оларды ақылмен байыптай алатын адамды қастерлеген. Көшпелі тұрмыс салтында мақал-мәтелдер мектеп пен мұғалімнің, кітап пен баспасөздің қызметін атқарды. Ол айнала дүние туралы білімнің сығынды жиынтығы, өзінше шағын ауызекі энциклопедия ғана болып қоймай, ұстаздық, тәлімгерлік міндетті де атқарды. Адам бойындағы барлық жақсылықты паш етіп, жамандық атаулыны жерлеп, күлкіге, әзіл-оспақ, келекеге айналдырды. Ал мұндай ақыл-кеңестер қысқа да нұсқа, әрі иланымды болды.
Мақалдар сөз салмағын ойлана айтуға үйретеді. «Ойнап сөйлесең де, ойлап сөйле», «Аңдамай сөйлеген ауырмай өледі», «Көп сөз – көмір, аз сөз – алтын» сияқты мақалдар ақыл-ой мен зерделіліктің сөйлеу мәдениетімен тығыз ұштасып отыратынын мегзейді.
Мақал-мәтелдер тілдің адам өміріндегі рөлі туралы аз айтпаған. Жалпы, бейнелі сөз, шешендік өнерге құрмет – о бастан-ақ қазақ психологиясына ерекше тән сипат. «Қазақ шешендікке құмар, ол сөз өнерін, әсіресе әзіл-оспақты қатты сүйеді» деп тегін айтпаған Ш.Уәлиханов.
Сөз – күшті, қуатты, құдіретті қару. Халқымыз ойға олақ, сөзге шорқақ жанды әжуалап, аз сөйлеп, көп ойлап, логикаға жүгініп отыру қажеттігін «Тіл тас жарады, тас жармаса, бас жарады», «Сөз – сүйектен, таяқ еттен өтеді», «Жылы-жылы сөйлесең, жылан іннен шығады», «Жүйелі сөз жүйесін табар» сияқты мақалдармен ерекше ескерткен. Сөйтіп, шебер де шешен сөйлей білу мәдениетті адамның асыл қасиеті болып табылған.
Мақал-мәтелдер өте терең мағыналы, бейнелі сөздер арқылы адамдарға ғибрат, сабақ, көптеген тәрбие береді. Адамдарды ар-намысты болуға, адамгершілікті қастерлеуге, еңбекшіл, ақыл-парасатты, төзімді, ынсапты, пәк, көркем де иманды болуға, шыншыл, өнерлі, білімді болуға тәрбиелейді. Мақал-мәтелдердің өсиеттік маңызы, иландыру қуаты өте күшті болады. Себебі мақал-мәтелдер халықтың ұзақ жылдық тұрмыс-тәжірибелерінің қорытындысы негізінде жинақталған ой-пікірлерінің гауһары болып саналады. Сондықтан мақал-мәтелдердің оқушының сөйлеу қабілетін жетілдіруде рөлі өте зор. Мақал-мәтелдердің көбі өлең формасында ұйқасып келетіндіктен оны есте сақтау оңай болады. Бастауыш мектеп ана тілі оқулығында мақал-мәтел өте көп. Бұлардың барлығы мәтіндердің ішінде кездеседі және көптеген мәтіндердің соңына, мәтін мазмұнына сәйкестендіріліп, арнаулы орналастырылған. Оқыту барысында бұлардан аттап өтіп кетуге мүлде болмайды. Мақал-мәтелдерді оқытуда мыналарға көңіл бөлу керек:
1) Мәтіндердің соңына қосылып берілген мақал-мәтелдерді сол мәтіннің мазмұнымен бірлестіріп, түсіндіру керек. Түсіндіруде мазмұн көлемінен шығып кетуге болмайды.
2) Мақал-мәтелдер – тіл жетілдірудің ықшам бейнелі бейнелеудің тамаша құралы, ол оқушылар тілін дамыуға анық та бай мазмұн қосады. Мазмұндама жазғанда немесе сөйлегенде мақал-мәтелдерді лайықты пайдаланса, мазмұндама немесе сөздің тілі жанданып, логикалық қуаты күшейіп, жалпыға бірдей түсінікті болып шығады. Сондықтан мақал-мәтелдерді оқыту арқылы оқушылардың сөздік қорын көбейтуге болады.