Концепция воспитания в системе непрерывного образования Республики Казахстан

Автор: Пользователь скрыл имя, 04 Февраля 2013 в 03:24, курсовая работа

Описание работы

Жас ұрпақтың азамат болып қалыптасуы, оның шығармашылықпен дамуының түп тамыры тәрбиеден бастау алып ол Қазақстанның ертеңі мен еліміздің ұлттық қауіпсіздігі, қоғамның құндылық бағдарлары жайлы сөз қозғағанда тәрбие проблемалары ерекше назар аударуды қажет етеді.
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінде тәрбиені дамыту соңғы жылдары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің, субъектілерге білім беретін басқару органдарының, білім беру мекемелерінің барлық типтері мен түрлерінің заңды басым бағыттарының бірі болып отыр.

Работа содержит 1 файл

basa_66.doc

— 131.50 Кб (Скачать)

Қосымша білім  беру  педагогы баланың өз мүмкіндігін сезінуіне көмек беріп, олардың орнықты дамуына жағдай жасап, жеке тұлғаның өзін-өзі дамытуын ынталандыратын механизмді іске қосады. Тәрбиеші ретінде қосымша білім беру педагогының қызметін бағалаудың негізгі параметрлері мыналар:

  • сабақты ұйымдастыру (үйірме, факультатив, секция) педагогика-лық стереотиптерден жиналған әсерден емес,  топ  ерекшелігінен бастау алуы;
  • бала мен педагогтың өзара қарым-қатынас сипаты өзара сыйлас-тық, достастық, сенімділік негізде құрылуы;
  • баланың бостандығын, жеке абырой сезімінің қорғалуын   әсер ететін психологиялық климаттың ықпал етуі;
  • білім алушының өзін-өзі табысты көрсету,  өзін-өзі орнықтыру, өзінің көзқарасын дәлелдей білу мүмкіндігі.

 Педагогикалық  қолдау О.С.Газманның пікірінше мектеп ережесін қабылдауына, білім алуда табысты ілгері жылжуына, әлеуметтік-экономикалық жағдайға, оның физикалық және психикалық денсаулығына байланысты баланың дербес проблемаларын шешуде   превентті және оперативті көмек беру; тиімді іскерлік және коммуникациялық жеке қарым- қатынас; өмірлік, кәсіптік, әдепті таңдауға (өзін-өзі анықтауға) көмек беру.

Көзқарас  – ол білім беретін мекемелер ұстазының немесе басшысының педаго-гикалық қызметтеріндегі белігілі бір өзара байланысты түсіну, идеялар мен тәсілдер жиынтығын қолдануға ниеттенген  іс-әрекеттерін жүзеге асыруда алатын бағыты.

 Қағида – кез келген теорияның, ілімнің, ғылымның, дүниетаным-ның, теориялық бағдарламаның бастапқы негізі; жүйелі объектілерді  тану және қайта құру бойынша қызметттің негізгі ережесі.

Тәрбие қағидасы – тәрбиешілер міндетті түрде сақтайтын, тәрбиені ұйымдасытру-дың аса маңызды ережелері, бастапқы ережесі.

Өзін-өзі тәрбиелеу  – субъективтік мақсатта жеке тұлғаның мүдде-сінде мақсатты түрде құрылатын және  оның  қасиеті мен қабілетінің дамуын  саналы басқаратын үдеріс.   

Өзін-өзі басқару – оқушылардың және студенттердің шығармашылық потенциалын ашуға, олардың өзін-өзі табысты көрсетуге мүмкіндік беретін өзін-өзі ұйымдастырудың тәсілі. Оқушылар мен студенттердің қазіргі заманғы өзін-өзі басқаруы демократияның нақты формасы және  әлеуметтік-құқықтық өзін-өзі қорғауы болып табылады. Білім беру ұйымдарын басқаруға қатысу, олардың қабілеттері мен шеберлігін қолдану сферасын кеңейтіп, басқару дағдысын меңгеруге мүмкіндік беріп,  лидерлік қасиетін дамытып, өзінің қабілеті мен талантын көрсетіп, бастамашылдық танытып, іс-әрекетте  өз қалауын табуға мүмкіндік береді.

Әлеуметтік  серіктестік жүйесі.  Білім беру қызметіндегі интенсив-ті дамыған  нарық білім беру ұйымдарында әлеуметтік серіктестікті нығайтуға ынталандырады. Мұндай қарым-қатынастың басты мақсаты – кәсіби білім мен тәрбие берудің жоғары деңгейіне жету, бір жағынан, түлектің әлеуметтік қорғалуын, ал екінші жағынан,  кәсіпорынды жоғары кәсіби шеберлікті маманмен қамтамасыз етеді. Еңбек жолын бастаған жастар экономикалық қарым-қатынас жүйесінде лайықты орын алуға кепілдік беретін кәсіби мамандық, білім, дағды алуы тиіс. Бұл ретте еліміздің экономикалық өсуіне, кадрлық потенциалын дамытуға іс жүзінде мүдделі адамдарды біріктіретін тиімді әлеуметтік серіктестік көмек береді. Соңғы кездері білім беруді ұйымдастыруда оның мазмұнын жаңарту мен оқу үдерісінде технологиялық жаңалықтарды енгізуде кәсіпорындар-жұмыс берушілермен бірлесу үрдісі айқын байқалады.

Әлеуметтену  – адамның өмір бойы дамуы мен қалыптасуындағы әлеуметтік нормалар мен мәдени құндылықтарды меңгеру үдерісінде қоршаған ортамен өзара іс-қимыл, сондай-ақ, өзі өмір сүретін  қоғамда өзін-өзі дамыту және өзін-өзі табысты көрсету. Әлеуметтенудің мәні сонда, ол адам  өзі өмір сүретін қоғамының әлеуетті мүшесі ретінде қалыптастырады. Әлеуметтену адамның қоршаған ортамен өзара іс-қимылының стихиялық жағдайында да, сондай-ақ, мақсатты бағытталған және әлеуметтік тәрбиеге қатысты бақыланатын үдерістер жағдайында жүреді. Осы айтылғандардың адам өмірінің    әртүрлі сатыларында (немесе кезеңдерінде), әлеуметтенудің  кезеңдері мен стадияларында  шамалы да    мәнді   айырмашылықтарға ие.    

Әлеуметтік  құзыреттілік (әлеуметтік құзыреттілік моделі шеңберінде) – бұл жеткілікті мөлшердегі дағды, оның көмегімен жеке тұлға күнделікті өмірде өзінің алдындағы міндеттерді бірдей үлгіде орындай алады.

  Әлеуметтік белсенділік – адамның әлеуметтік қарым-қатынас жағ-дайындағы іс-әрекетті жүзеге асыратын дайындығы.

Өзіндік сана-сезім – әлеуметтік қарым-қатынасына, сұранысына, мотивіне, мәніне тән индивидтің өзі туралы сезіну және уайымдау жүйе-сінде пайда болатын жоғарғы сана. 

Тьютер – клиентпен өзара іс-әрекет жағдайында онымен бірлеседі, қамқорлыққа алушысымен жеке қарым-қатынаста болады, онымен нақты жағдайда қарым-қатынас жасай алады, оның табысына мен сәтсіздігіне күйзеледі. Ол жағдайды ашық, сенімді және ұтымды жағдай құруға, білім беру кеңістігінде оқушының табысты ілгері басуына әсер ететін диагностика-лық тәсілдері игеруге,  диагностикалық нәтижеге және бақылауға талдау жасауға, бақылауға,  проблемаларды  дәл табуға және сол проблемаларды жою жөніндегі жобалық қадамдарды жасауға қажетті  психологиялық ықпал ететін білім мен дағдыларды меңгереді.

   Тәрбие технологиясы – нақты тәрбиелік нәтижеге жетуде белгілі бір қабілетті және бірізділікті жүзеге асыратын операциялардың жиынтығы.

  Толеранттылық – сезгіштіктің олардың қайталанушы әсерлер нәтижесінің төмендеуі  салдарынан фрустаторлар мен стрессорларға психологиялық тұрақтылық, төзімділік, шыдамдылық.        

 

 

           

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Информация о работе Концепция воспитания в системе непрерывного образования Республики Казахстан