Концепция воспитания в системе непрерывного образования Республики Казахстан

Автор: Пользователь скрыл имя, 04 Февраля 2013 в 03:24, курсовая работа

Описание работы

Жас ұрпақтың азамат болып қалыптасуы, оның шығармашылықпен дамуының түп тамыры тәрбиеден бастау алып ол Қазақстанның ертеңі мен еліміздің ұлттық қауіпсіздігі, қоғамның құндылық бағдарлары жайлы сөз қозғағанда тәрбие проблемалары ерекше назар аударуды қажет етеді.
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінде тәрбиені дамыту соңғы жылдары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің, субъектілерге білім беретін басқару органдарының, білім беру мекемелерінің барлық типтері мен түрлерінің заңды басым бағыттарының бірі болып отыр.

Работа содержит 1 файл

basa_66.doc

— 131.50 Кб (Скачать)

Кешенді көзқарас – тәрбиеге кешенді көзқарастың мәні бірлікті, әртүрлі кешендердің тұтастығын қамтамасыз етуді құрайды. Кешенді көзқарас  құбылыстарды, шындық объектілерін, қатыстылықты, қызметті және т.б. барлық жүйелер мен деңгейлерді қарастыру кезінде қолайлы және тиімділікке жеткізеді. Кешенді көзқарасты тәрбиеде қолданғанда ол тәрбие үдерісінің басты, мәнді тұстарын ашуға негіз болатын, соңғы нәтижеге себепші болатын  – жеке тұлғаның жан-жақты даму үндестігі дәрежесіне ие болады.

Аксиологиялық көзқарас – санадан «беретін» және адамның әлемге, адамдарға, өзіне қатысты әмбебап жалпы адамзаттық құндылықты қамтиды; табиғатпен, әлеуметпен, мәдениетпен барлық өтіп жатқан қарым-қатынасындағы жеке тұлғалық мәндерді тәрбиелеуде баланың өз білімінің, өмірінің  мәніне ие болуына бағытталған. 

Амбивалентті  көзқараста (Л.И.Новикова)  алғашқыда екі жақтың бір-біріне қайшылықтарын жоятын, оларды есепке алу негізінде педагогикалық құбылыстар мен үдерістерді қарастыру көзделеді. Мәселен, амбивалентті көзқарас ұжымдарды және дербестікті, еркіндікті пен жауапкершілікті, саралау мен интеграцияны зерттеуде қолдануға лайықты. Әдеттегідей кез келген педагогқа дуалистік сипатты абсолюттендіру  тән:  мектепте тек қана тәртіп болу керек, ал ұйқы-тұйқылық – бұл негативті сипаттама; егер еркін тәрбиеге үстемдік берілсе, онда ешқандай еріксіз көндіру болмайды; дербестік дамытылса, ол ұжымнан тыс жүреді. Мұндай көзқарас шындыққа сәйкессіздікпен бірге педагогикалық қызметтің мәні мен мазмұнын қожыратады. Бұл ретте амбивалентті көзқарас сөзсіз басымдыққа ие болады.

Жүйелі  көзқарас объектіні күрделі, оны құрайтын бөліктерді жинақтауға болмайтын және иерархиялық құрылым  ретінде қарастыруды көздейді.  Жүйелі көзқарас құрылымдық компоненттерді, олардың функциясын, функционалды-иерархиялық байланыстарды орнықтыруды, жүйе жасаушы факторларды анықтауды, сыртқы байланысты талдауды мөлшерлейді. 

 Синергетикалық көзқарас тәрбиені тура себеп-салдарлық тәуелділікке негіздемей, тек, біркелкі емес түрде өтетін үдеріс ретінде қарастырады; маңызды дәрежеде өзін-өзі ұйымдастыратын, көптеген ішкі және сыртқы ықпалдарға себепші болатын: заңдылық пен кездейсоқ, болжамдық пен стихиялық, реттелген және ұйқы-тұйқы үдеріс.

Орта  көзқарасы тәрбиешілерді жеке тұлғаны дамыту үдерісін жағдайға және ортаның сипаттамасына тәуелді қарастыруға бағыттайды. Бұл көзқарас тәрбие нәтижесін жобалау және диагностика құралына айналдыруды қамтамасыз ететін ортамен іс-әрекет жасау жүйесін қарастырады. Осы көзқарас ауқымында  субъектіні қоршағанның бәрі орта деп саналады және соның көмегімен адамды жеке тұлға ретінде танытады.

Антропологиялық көзқарас тәрбиеленушілерді бірегей және тұтас жеке тұлға ретінде қарап, адам туралы білім кешенінде кең көлемді есеп жүргізуге бағыттайды.

 

ТӘРБИЕ ҮДЕРІСІН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ҚАҒИДАЛАРЫ:

Табиғилылық   қағидасы тәрбие табиғи және әлеуметтік-мәдени үдерістердің өзара байланысының ғылыми түсінігіне және балаларды тәрбиелеуде олардың жеке тұлғалық және  жас ерекшеліктерін ескерудің қажеттігіне негізделеді.

Мәдени  сәйкестілік   қағидасы тәрбие жалпы адамзаттық құндылықтарға негізделетіндігін, жалпы адамзаттық құндылықтарға  сай дәстүрлер мен ұлттық мәдени нормаларға және  аймақтық ерекшеліктерге сәйкес құрылады.

Мақстаттылық   қағидасы мақсатты талаптың айқындығын, ұжымдық сұранысқа нақты есеп жасауды,  тәрбие қызметінің басты түрлерін дұрыс таңдауды қарастырады.

Гуманистік  бағыт қағидасы әрбір жеке тұлғаға құрметпен қарайтын, оның барлық мәнді күштерінің дамуына қамқорлық көрсететін, оның  бостандығын және әлеуметтік құқын мойындайтын гуманистік идеяны және бағытты бірінші орынға қояды; педагогтың білім алушыларға және тәрбиешілерге өздерін-өздері дамытуға жауапкершілікті субъекті ретінде қарауын, сондай-ақ, субъектінің-субъектіге көңіл бөлу негізіндегі қарым-қатынасқа негізделген өзара іс-әрекет  стратегиясын қамтиды.

 Этникалық  қағида этникалық мәдениет   негізінде жалпы ұлттық мәдениеттің гүлденуіне ықпал жасайтын мәдниет жасаушы ортаны қалыптастыруды, азаматтық келісім және үйлесімдікке, қоғамдық қатынаста табысқа жетуді қарастырады. Әлемдік мәдениет құндылықтарын бір мезгілде игере отырып, ана тіліне және  мәдениетке орайластыру, дәстүрді, тілді, психикалық қалыпты және этникалық сананы қамтитын рухани өмір саласына тарту жолымен субъектілердің қызметін этномәдениеттік сәйкестілікті сақтау қажеттілігін қарастырады.

Тәрбиенің үздіксіздік қағидасы жеке тұлға ғұмырының барлық кезеңдерінде оның жан-жақты дамуын болжайды: оның шығармашылық әлеуетінің үдемелі баюын және күш-қуаты мен қабілетін толық пайдаланып, кәсіби шеберлігі мен мәдени өсуін мөлшерлейді.

Әлеуметтік өзара іс-әрекеттер тиімділігі қағидасы түрлі ұжымдардағы білім беру жүйесінде тәрбие жүргізуді болжайды. Бұл қағида білім алушылардың қарым-қатынас сферасын кеңейтуге,  әлеуметтік-мәдени конструкциялық үдерістерді дербес анықтауға, барабар коммуникация жасауға жағдай туғызып, жалпы әлеуметтік бейімделуін, өзін-өзі көрсете білуін қалыптастырады.

Әлеуметтік барабар  қағидасы ұйымдастырылатын тәрбие үдерісінің әлеуметтік ортаға тәрбие  мазмұны мен тәсілдерінің сәйкестігін талап етеді. Тәрбиенің міндеттері нақты әлеуметтік-экономкалық жағдайларға бағытталады және балалардың әртүрлі әлеуметтік міндеттерді жүзеге асыруға болжамдық дайындығын қалыптастыруды мөлшерлейді. Қағиданы іске асыру түрлі әлеуметтік ортаның  ықпалын есептеу негізінде жүзеге асырылады. 

Демократияландыру қағидасы тәрбиеші мен тәрбиеленушінің өзара іс-әрекеттеріне, педагогикалық бірлестікте, ынтымақтастыққа және бірлескен авторлыққа негізделген жүйені шамалайды. Ол сондай-ақ, педагогикалық басшылық, өзін-өзі басқару, бірлесіп басқару және жеке реттеу жүйесінің құрылымына кіретін өзара байланысты, өзара келісуді болжайды. Бұл қағида оқушыларды еркіндік, жеке адамгершілік рухында тәрбиелеуді қарастырады.

Вариативтілік қағидасы мектеп жасына дейінгі мекемелерде жүзеге асырылатын кең таралымды, көп үлгідегі тәрбие бағдарламаларын мөлшерлейді, баланың жеке тұлғалық дамуының дербес траекториясын анықтауды көздейді.

 

ТӘРБИЕНІҢ МАҚСАТЫ, МІНДЕТТЕРІ, МАЗМҰНЫ

Тәрбиенің мақсаты –  үздіксіз білім беру жүйесінде мектеп жасына дейінгі балалардың, мектеп оқушыларының және студент жастардың Қазақстан Республикасының азаматтары және патриоттары ретінде қалыптасуы   мен өзін-өздері танытуларына, болашақ мамандық  иесі болып, кәсіби, интеллектуалды және әлеуметтік шығармашылыққа жетуіне оңтайлы жағдай жасау.

         ТӘРБИЕНІҢ МІНДЕТТЕРІ:

● Білім беру ұйымдарында   денсаулығы зор, рухани дүниесі бай, адамгершілікті, тәуелсіз жеке тұлғаны қалыптастыруға ықпал ететін тәрбие жүйесін құру және дамыту.

● Балалар мен жастарды   азаматтылыққа, отансүйгіштікке, зиялылыққа, адам құқықтары мен   бостандықтарын, мемлекеттік рәміздер  мен ұлттық дәстүрлерді сыйлауға тәрбиелеу.

● Өзінің  және қоғамның, болашақ ұрпақ алдында әлеуметтік,  табиғи және мәдени ортадағы  өз іс-әрекетінің нәтижесі үшін жауапкершілікті сезінуде гумманистік дүниетанымды қалыптастыру.

● Мемлекеттік тілді және басқа тілдерді үйрену арқылы  балалар мен жастардың әлем және ұлттық мәдениетті игерулеріне, өз халқы мен басқа Қазақстан халықтарының дәстүрлері мен мәдениетін зерттеуіне және қабылдауына жағдай жасау.

● Жеке тұлғаның өзін -өзі  іс жүзінде көрсетуі мен ары қарай дамуына ықпал етуде білім беру ұйымдары  жағдайында жастар мен балалардың танымдық қызығушылығын, олардың шығармашылық қабілеттерін, жалпы білімге икемділігін, өзін- өзі тану мен  өздігінен білім алу дағдыларын барынша дамыту    бейімділігін қалыптастыру.

● Қазіргі заманғы қоғамдық өмірге және тиімді кәсіби іс-әрекет пен жеке басының  және кәсіби тұрғыда үздіксіз пісіп жетілуіне қажетті маңызды тұлғалық және кәсіби сапаларын   қалыптастыру.

 

 ТӘРБИЕНІҢ МАЗМҰНЫ

Білім берудің жаңа моделіне өту жағдайында және тәрбиенің білім  беру үдерісіндегі рөлінің өсуіне байланысыты  тәрбие  мазмұнын қайта бағдарлау  даму заңдылығы болып табылады.  

Қазір білім беру үдерісінде жеке тұлғаның рухани-адамгершілік дамуына үлкен мән беріліп отыруына орай, адамгершілікке тәрбиелеу мен   рухани  жағынан қалыптасуы    барлық тәрбие үдерісінің өзегі болып отыр. 

Тәрбиенің мазмұны оның мақсатттары мен міндеттері арқылы анықталады және ол қоғамдық дамудың  бағыты  мен мазмұнына заңды тұрғыда тәуелді болады.

 Тәрбие  мазмұны  адам тұлғасының гуманистік құндылықтар  жүйесін игеру негізінде қалыптасуын,  оның барлық мәндік сферасының  дамуын қамтамасыз етуге жұмылдырады. 

Қазір білім алушыларды саналуан шығармашылық іс-әрекетке тарту арқылы, соның нәтижесінде жеке тұлғаның тәрбиесі мен қалыптасуы  жүзеге асатын тәрбиенің   ерекше құрамын анықтау маңызды:

● Танымдық;                                                 ● Еңбектік;

● Құндылық-бағдарлық;                              ● Спорттық;

● Көркемдік;                                                 ● Еркін қарым-қатынастық.   

● Қоғамдық;

Сонымен бірге, тәрбиеге әлеуметтік-рөлдік көзқарас тұрғысында адам  көптеген әлеуметтік жүйенің компоненті  болып саналады: отбасы, ұжым, кәсіби топ, этнос, қоғам және т.б. Сондықтан, тәрбие  мазмұны құндылық қарым-қатынас жүйесімен: өзіне, өзінің отбасына, мектепке, қоршаған ортаға, Отанына, Жер әлеміне, сондай-ақ, әлеуметтік рөл жүйесімен де сәйкестенеді:

● Адам                                                           ● Дос    

●Ұл (қыз)                                                      ●  Құқық қорғаушы

● Аға (қарындас)                                          ●  Патриот  

● Немере (немере қыз)                                ●  Азамат

● Туыс                                                          ● Қорғаушы

            ● Оқушы                                                      ● Ұлттық мәдениетті 

● Ұжым, топ мүшесі                                     қорғаушы    және жасаушы

● Көш басшы                                                ● Еңбекші                                                                                   

● Иегер                                                          ● Әлем азаматы

● Қалалық (ауылдық)                                  ● Бейбітшілік орнықтырушы

● Көрші                                                         ● Эколог

● Бірлестіктің, топтың, этнос мүшесі

Тәрбиенің қойған мақсатынан және одан туындайтын міндеттерге сүйене отырып тәрбие жұмысының мынадай бағыттары айқындалады:

● Азаматтық-патриоттық, құқықтық және полимәдениеттік тәрбие гуманизмге, қазақ халқының тарихы мен салтын, тілін сүю және құрметтеуге, оның таңдаулы дәстүрлерін сақтауға және оны дамытуға,  Қазақстанның басқа халықтарының мәдениетін зерттеу және игеруге негізделген азаматтық ұстанымды және патриоттық сананы, құқықтық және полимәдениетті, қалыптасқан ұлттық өзіндік сананы, ұлт аралық мәдени қарым-қатынасты, әлеуметтік және діни төзімділікті қалыптастыруы тиіс. Қазіргі жағдайда тәрбиеленуші-лердің құқықтық санасын, олардың балалар мен жастар ортасында құқық бұзушыларға қарсы тұруға дайындығын қалыптастыру аса маңызды мәселе. 

● Рухани-адамгершілік тәрбиесі өзіндік сананы дамытуға жағдай жасауды, жеке тұлғаның әдеп ұстанымын, оның  қоғам өмірінің нормалары мен дәстүрлерімен келістірілетін моральдік қасиеттерін және бағдарларын қалыптастыруды болжайды.

● Отбасы тәрбиесі  адамдар арасындағы оңтайлы және эмоцияналды көңіл-күй қарым-қатынасы  арқылы адамгершілік, рухани және гуманитарлық құндылықтарға басымдық беруде әлеуметтік-тарихи тәжірибені  таратудың анықтаушы құрамдас бөлігі  болып саналады. Қазақстандық қоғамның жалпы сұранысы және халық дәстүрлері, әлемдік және ұлттық мәдениет негізінде құрылған балалар мен жастарды жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтарға бағдарлау бірінші қатарға қойылады.

● Өзін-өзі тану мен өзін-өзі дамыту қажеттілігін қалыптастыру.  Өзін-өзі тану жастарға қоршаған ортаны түсінуге, оған өзінің қатыстылығын саналы сезінуге, қоршаған ортаға өзінің көзқарасын жалпы адамзаттық құндылық ұстанымында жүйелеу,  өзінің өмірлік ұстанымын анықтауға көмек беру үшін қажет. Өзін-өзі тану  өзін дамытудың, жеке тұлғаның дербес белсенділік көрсетуінің, өзінің қабілеті мен әлеуеттік мүмкіндігін ашудың қажетті шарты болып табылады. Өзін-өзі тану  нәтижесінде адам өзінің дербес өсу және өзін-өзі жетілу қабілетіне ие болады. Сөйтіп, адам толысуын, өмір рахаты мен оның мәнін жете түсінеді. 

● Әлеуметтік-мәнді және жеке қасиеттерін қалыптастыру тұлғалық қасиет (әлеуметтік бейімділік, әлеуметтік белсенділік, әлеуметтік тұрақтылық)  әлеуметтік қарым-қатынас жүйесінде өзіне тән тәртіп стилі, шығармашылық пен дербестікті дамытуға, қоғамдағы өзгерістерден дереу және тең әсер алу,  белсенді өмір ұстанымында болуға ықпал жасайды.

Информация о работе Концепция воспитания в системе непрерывного образования Республики Казахстан