Концепция воспитания в системе непрерывного образования Республики Казахстан

Автор: Пользователь скрыл имя, 04 Февраля 2013 в 03:24, курсовая работа

Описание работы

Жас ұрпақтың азамат болып қалыптасуы, оның шығармашылықпен дамуының түп тамыры тәрбиеден бастау алып ол Қазақстанның ертеңі мен еліміздің ұлттық қауіпсіздігі, қоғамның құндылық бағдарлары жайлы сөз қозғағанда тәрбие проблемалары ерекше назар аударуды қажет етеді.
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінде тәрбиені дамыту соңғы жылдары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің, субъектілерге білім беретін басқару органдарының, білім беру мекемелерінің барлық типтері мен түрлерінің заңды басым бағыттарының бірі болып отыр.

Работа содержит 1 файл

basa_66.doc

— 131.50 Кб (Скачать)

● Коммуникативті мәдениетті қалыптастыру тәртіп қағидасын анықтайды, құндылықтар жүйесін, иделдарды, нормаларды айшық-тайды және  шығармашылық қызметте өзінің дербестігін көрсетуде қарым-қатынасты ұйымдастыруға, байланысты орнатуға, оларды дамытуға, келісуге, тәртіпке келтіруге және  түзетуге көмек береді.

● Экологиялық тәрбие адамның бойына табиғатқа әдепті көзқарас-тың және  оған   қарым-қатынастың қалыптасуы мен дамуын,  табиғи ресурстардың жағдайына жеке жауапкершілік сезімін және  адамдардың олармен парасатты іс-әркеттерін болжайды. Экологиялық тәрбиенің негізі алдымен, қоршаған ортаны және халықтың денсаулығын қорғауды, елімізде экологиялық жағдай туралы халықты ақпаратпен қамтамасыз етуді көздейді.

● Эстетикалық тәрбие рухани - адамгершілік құндылықтарды әсемдік арқылы, көркем мәдениет арқылы,  халықтар мен  дәуірдің   әлемдік көркем құндылықтары арқылы, ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтарын зерделеу арқылы қалыптастыруды көздейді. Адам бойында   қазіргі кезең  дамуының маңызды міндеттері болып саналатын өнер құралдары арқылы анағұрлым жоғары сана-сезім, тұжырымдамалы ойлауға қабілет, әлемді тұтас бағамдай білетін, өзінің дербес шығармашылық қызметімен әлемдік құндылықтар туралы танымын толық іске асыратын, ұжымда жұмыс істеуге бейімді, мәдениет әлемінде және адамдармен қарым-қатынаста қалыптастыру. 

● Дене тәрбиесі және салауатты өмір салтын қалыптастыру  жастардың бойына психикалық тұрақтылықты және тиімді кәсіби қызмет қажеттілігін қамтамасыз ететін салауатты өмір салтын дарыту мен жеке тұлғалық сапаны қалыптастыру мақсатын қояды. Оны іске асыруға   алдын алушылық білімі   кіреді. Салауатты өмір салтын қалыптастыру адам ағзасының мүмкіндіктерін, оның қызметінің ерекшеліктерін болжау, адамның физикалық, психикалық және рухани саулығының өзара байланысы, сондай-ақ, тәрбиелену-шілерді саналуан спорт түрлеріне тікелей қатыстыру жолымен ағартушылық жұмыс барысында жүзеге асырылады. 

● Еңбек және экономикалық тәрбие балалардың, жас өспірімдердің, және жастардың өзіне-өзі қызмет көрсету шеберлігін және дағдыларын, еңбек қызметінің саналуан түрлеріне адалдықпен,  шығармашылық және жауапкершілікпен қарап, ұжымда, топта жұмыс істей білу икемдігін қалыптастырады;  адамның жеке шеберлік, белсенді және болмысымен беріліп іс-әрекет жасау, қажетті ресурстарды жұмылдырып,   істің мәнісін дұрыс бағалап, өз іс-әрекетінің қажетсіз қалмауына мән беріп, олардың түпкілікті тиімділігін  тиянақтап жаңа өндіріс және қоғам жасауды көздейді.

● Кәсіби-шығармашылық тәрбие кәсіби және жеке құзыреттілік көзінің мәнін қалыптастыруды (арнайы, профилды, коммуникативті, әлеуметтік, интеллектуалды, ақпараттық, дербес) және т.б. қосымшаларын білуін, білім алушылардың дәстүрді және кәсіби қауымдастық құндылықтарын игеруін, кәсіби әдеп нормаларын сақтауын болжайды.

● Интеллектуальді мәдениетті дамыту білім алушылардың белсенді    ойлау қызметінің дамуын,  олардың сана-сезімінің сенімді және қажетті біліммен толығуын, ақыл-ой қабілеті  мен білімге құмарлығын  дамыту.

 

 ТҰЖЫРЫМДАМАНЫҢ ЖҮЗЕГЕ  АСЫРЫЛУ  ШАРТТАРЫ

 

Нормативтік-құқықтық қамтамасыз ету  тәрбие үдерісі Қазақстан Республикасының білім беру саласының нормативтік-құқықтық  құжаттарына толық сәйкес келуі   және онда туындайтын проблемаларды шешу мақсатында қайтарымды байланыс қамтылады.

Ақпараттық  қамтамасыз ету – заманауи ақпараттық және коммуникациялық технологияларды қолдану, мектеп   және жоғары оқу орындары  ішілік БАҚ-тар, тәрбие мәселелері бойынша баспа қызметін пайдалану және т.б.

Ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету   ғылыми-әдістемелік кешендерді жасау, вариативті бағдарламалар, тәрбиелік және ақпараттық технологияларды енгізу, педагогикалық кадрлардың кәсіби шеберлігін көтеру және қайта даярлау жұмыстары жүзеге асырылады. Тәрбие үдерісін ұйымдастырудың таңдаулы тәжірибелерін кең тарату, зерттеу және анықтау;   тәрбие жұмысында және  оларды ұйымдастыруда   да  жаңа технологияларды игеру; адамның рухани әлемінің қалыптасуын қамтамасыз етуге қызмет көрсететін тәрбиенің мәдени сәйкестілігіне бірізді бағдар алу қамтылады. 

Ұйымдастырушылық-басқарушылықты қамтамасыз ету  білім беру ұйымдарында және олардың құрылымдарында  тәрбие жұмыстарын қолайлы жоспарлау негізінде тиімді тәрбие жұмысын ұйымдастыруға және олардың жұмыстарын үйлестіруге жағдай жасау; негізгі және қосымша білім беру мазмұнын интеграциялау, толассыз зерттеу, тиімді жұмыстарды қорыту және кең тарату, тәрбие үдерісіне мониторинг жасау, тәрбие жұмыстары туралы субъектілердің пікірлерін тыңдау негізінде бірыңғай білім беру кеңістігін құру қамтылады. Үздіксіз білім беру жүйесін құру; білім берудің деңгейлері мен дәрежелерінің сабақтастығы; зерттеу, инновациялық қызметтерді қолдау; отбасы тәрбиесі жүйесін қайта өркендету және  отбасын мектеп тәрбие жүйесіне  қосу талап етіледі.

Матриалдық-техникалық қамтамасыз ету  тәрбие жұмысына қажетті материалдық, техникалық жағдай жасау, тәрбие жұмысын респуб-ликалық және жергілікті бюджеттен қаржыландыру, тәрбие үдерісіне қатысушыларды икемді ынталандыру жүйесін тиімді пайдалану  қарастырылады.

Психологиялық-педагогикалық  қолдау педагог-тәрбиешілердің балалар мен жастарды тәрбиелеуде ғылыми ұйымдардың, педагогикалық жоғары оқу орындарының және колледждердің профессор-ұстаздар құрамымен, ата-аналар бірлестігімен және қоғамдық ұйымдармен серіктестік және достастықта қызмет етуді; серіктестікке, достастыққа, өзара сыйластыққа негізделген жеке аралық қатынастарға ынталылық көрсету арқылы  тәрбиеге қатысуды; тәрбие институттарының (әлеуметтік серіктестік) шоғырлануын күшейтуді; балалар мен жастардың әлеуметтік-педагогикалық қорғалуын қамтмасыз етуді, өзін-өзі бағалаушылықты және психологиялық жайлылықты қалыптастыруды; психикалық-педагогикалық түзетуді дамытуды қажетсінетін әртүрлі категорияларға қатысты балалар мен жастармен жүргізілетін жұмыстарды арттыруды (дарынды, тәуекелшіл топтардың өкілдері, шектелген мүмкіндіктегі балалар мен жастар) қамтиды.

          Кадрлық қамтамасыз ету «әлеуметтік педагог», «қосымша білім беру педагогі» мамандықтарын классификаторға енгізуді; тәрбие жұмысымен шұғылданатын барлық категориядағы педагогикалық қызметкерлердің мамандықтарын көтеру және  қайта даярлауды қамтама-сыз етуді; сынып жетекшілерінің, кураторлардың, мектеп психологтары-ның, әлеуметтік педагогтардің («қиын» балалармен жұмыс жөніндегі, және т.б.) қызметтік міндеттерін нақты бөлуді; педагогикалық колледждер оқушыларының, жоғары оқу орындары студенттерінің жазғы демалыста-рын ұйымдастыруда педагогикалық практикадан өтуін қайта жаңғыртуды мөлшерлейді.

 

  ТҰЖЫРЫМДАМАНЫ ОРЫНДАУДАН  КҮТІЛЕТІН НӘТИЖЕЛЕР

Қазақстан Респубикасында тәрбие Тұжырымдамасын жүзеге асыру: 

● тәрбиенің басымдығы  мен маңызын қоғамның сезінуін, оның қоғамдағы мәртебесін нақты бекітеді;

●  білім беру жүйесінің  барлық деңгейінде тәрбиенің үздіксіздігін  және сабақтас-тығын қамтамасыз етеді;

● балалардың, жас өспірімдердің  және жастардың тәрбиелілігін жоғары деңгейіне жеткізеді;

●  салауатты өмір салтын норма  ретінде бекітеді;

●  қоғамның  рухани және адамгершілік деңгейі  жоғарылайды;

● барлық деңгейлі білім  беру ұйымдарында қолданыстағы өзін-өзі дамытушы тәрбие жүйелерін қамтамасыз етеді.

 СӨЗДІК

Тәрбие – қойылған мақсатқа жетуге бағытталған тәрбиешілер мен тәрбиеленушілердің өзара тиімді іс-әрекеттері (достастық).

Тәрбиелік үдеріс – ол өзіндік даму,  өзін-өзі тәрбиелеу, өзін-өзі іске асыруға бағыттау  мақсатында  .педагогтар мен балалардың  өзара іс-әрекеттері.

 Тәрбие жұмысы  – ол анағұрлым толық өзіндік дамуы мен өзін-өзі табысты көрсету мақсатында ересектер мен балалардың  бірлескен тіршілік әрекеттерін ұйымдастыру жөнінде мақсатты бағытталған қызмет.

Тәрбиелік жүйе – 1) тәрбиенің негізгі компоненттерінің өзара іс-қимылдары үдерісінде туындайтын (мақсаттар, субъектілер, олардың қызметі,  пікірлесу, қарым-қатынас, материалдық база) және ұжымдық өмір бейнесі ретінде интегративті сипаттамалар  мен оның психологиялық жағдайы (Л.И.Новикова) қамтылған тұтас әлеуметтік  организм; 2) өзінің басты қызметі – тәрбиеге қатысты ретке келтірілген ашық әлеуметтік-педагогикалық және психологиялық-педагогикалық жүйе. Тәрбиелік жүйенің күрделі құрылымы бар  және  білім беру саласында білім беру мазмұнының, үдерістің, оны ұйымдастырудың әдістері мен формаларының мақсаттары арқылы сипатталатын  тәрбие жұмысының жүйесін, өзара байланысты іс-шаралардың жүйесі ретінде   (іс, акция) қойылған бірдей мақсаттар мен дидактикалық жүйені қабыстыру қамтылған. 3)  уақыт пен кеңістікте дамыған өзара байланысты компоненттер кешенінің бастапқы тұжырымдамасы ( іске асыру үшін жасалған идеялар жиынтығы). Олардың құрамына:

-тұжырымдаманы жүзеге  асыруды қамтамасыз ететін қызметтің сан   алуан түрлері;

- іс-әрекет субъектісі  оны ұйымдастырушы және оған  қатысушылар; 

- субъектілерді жалпылыққа  кіріктіретін қарым-қатынас;

- субъектілер меңгерген  орта;

- барлық компонентер  жүйесін кіріктіруді тұтас   қамтамасыз ететін басқару.

Қосымша білім  беру  –   білім алушылардың білім алу үдерісінде сұраныстарын жан-жақты қанағаттандыру мақсатында жүзеге асырылатын тәрбие және оқу үдерісі (ҚР «Білім туралы» Заңы). Қосымша білім беруді ұйымдастыру тұлғаның жеке дамуына, кәсіби шеберлігін анықтауына, балалардың шығармашылық еңбекке бейімделуіне, олардың қабілеттерін көрсете білуіне, қоғамдық өмірге бейімделуіне, азаматтық өзіндік санасын қалыптастыруына барлық жағдайды жасайды. Балаларды тәрбиелеу және дамыту жүйесінде қосымша білім беруді қолданудың мәні тәрбие, оқу және баланың жеке дамуын бірыңғай үдеріске біріктіруінен айқын көрінеді. Қосымша білім  беруді ұйымдастырудан тәрбиенің басымдығы байқалады. Қосымша білім  беру баланың мектепте алған білімі мен шеберлігін кеңейтеді және тереңдетеді, сонымен бірге, оның болашақ мамандығының негізгі бағыттарын жарыққа шығарады. Қосымша білім  беруді ұйымдарына  орталықтар, кешендер, балалар мен жас өспірімдердің студиялары; жас техниктердің, саяхатшылардың, натуралистердің станция-лары мен базалары; балалардың музыка, көркемөнер және спорт өнер мектептері; қызығушылықтары бойынша клубтар; спорттық, сауық-тыру, саяхатшылар лагері; балалар парктері, стадиондары, галереялері және т.б. жатады.

Интеллект  – негізінде  әртүрлі сападағы ақпараттарды өңдеуді және оған саналы баға беруді қамтамасыз ететін саналы да саналы емес те үдерістер негізіндегі қабілеттің біршама берік құрылымы.

Тұжырымдама (латынша concertio) – ол белгілі бір затты немесе құбылысты баяндау жүйесі, оның құрылымында басшылыққа алған идеяны айқындау және оны түсінуге ықпал ететін дәлелдеме.

 Тұжырымдамалық көзқарас – зерттеу негізінде жатқан бастапқы негізгі тірек идея мен теориялық ережелердің жиынтығы.

 Модельдеу  – мәнді моделдік көрсетуде барабар және тұтас айқындауға мүмкіндік беретін танымдық әдіс және практикалық қызмет, тәрбие үдерісінің заңдылығы, қызмет үрдісінің және даму үдерісі, қазіргі және болашақ жағдай туралы жаңа ақпараттар алу мен оларды тәрбие үдерісінде қолданудың  аса маңызды сапасы мен компоненттері. Тәрбие үдерісін моделдеудің техникалық моделдеуден анағұрылым мәнді үлгідегі ерекшелігі бар.

Тәрбие сапасының  мониторингі тәрбие үдерісі,  оларды ұйымдастру және басқа проблемалар жөнінде субъектілердің пікірлерін қамтамасыз ететін арнайы құрылған қызмет. Мониторниг қызметі ата-аналар, оқушылар, студенттер мен педагогикалық жұртшылықтың белсенді қатысуымен мәліметтер қорын құрып, білім беру ұйымдарының жеке құрылымының тапсырысымен зерттеу жасауы тиіс. Өзін-өзі басқару органдары оқу-тәрбие үдерістерін ұйымдастырудан бастап, балалардың, жасөспірімдердің және жастардың демалысын үйымдастыруға дейінгі әртүрлі қоғамдық өмір мәселелері бойынша пікірлер мен ұсыныстарды зерттеуде мониторинг қызметімен бірлесіп іс-әрекет жасайды.

 Парадигма – ғылымда белгілі бір тарихи кезеңде үстемдік ететін проблемаларды қою және оларды шешу, зерттеу әдістері, бастапқы тұжырымдамалық жоба. Болашақ жаңарудың бағыты мен сипатын анықтайтын жетекші тұжырымдамалық идея.

 Педагог – тәрбие ісіндегі шешуші тұлға. Қоғамның  бұл маңызды әлеуметтік рөлінің ықпалында педагогке әрқашан көтеріңкі талап қойылады. Бүгін терең білімді, гуманист-интелигент,  жастардың сенімді және шын досы, нағыз кәсіби маман қажет. Мектеп, балалар ішкі еркіндігі бай, жаңаша ойлайтын, адамға жақсылық жасауға бейім, алдымен, баланы жоғары құндылық, бірегей жеке тұлға ретінде қарайтын педагогты қажетсінеді.

 Педагог-тәрбиеші – үдеріс ауқымында маңызсыз, жалаң «тәрбиелік» ақпараттармен шектеліп қалмай, білім мен тәжірибенің қайнар көзіндей, бірегей жігерленген түпкілікті субъект  болуы керек. Тәрбиеші болу тәрбиенің мәнін және тәрбиешілік ұстанымды санамен сезінуден, басқаша айтқанда, өзі адамның тәрбиелік миссиясын орындауда жауапкершілікті санамен қабылдап және ішкі мотивациясы осындай жауапкершілікке сәйкес келуі тиіс. Балаларды сүю – тәрбиеші болуға дайындықтың негізгі компоненті. Келесі компонент – гуманистік-дербес бағдардың көрінісі байқалатын тәрбиеленушілердің тіршілік әрекетімен қарым-қатынастық қажеттілігі мен қабілеттің болуы. Тәрбиеші өзінің қызметінде құндылықты игертіп, мақсат пен идеалды жүзеге асыруы тәрбиенің мәнін әлеуметтік және мәдени құбылыс ретінде түсіне білуіне байланысты өрбиді.

Тәрбие жұмысына дайындық және қабілеттілік шарттары:

● педагог-тәрбиешінің  гуманистік-тұлғалық бағдары;

● оның  басқа адамдардың тіршілік әрекетіне әлеуметтік мәдени және кәсіби құндылықтарды жеткізуші болу  қабілеті;

● тәрбиеші ретінде белгілі  бір әлеуметтік мәдени және білім  беру жағдайында өзінің орнын, функционалдық  мүмкіндіктерін сезіну;

● басқа адамды қабылдау және түсінуге ұмтылу;

● тәрбиенің теориясы мен практикасының қазіргі заманғы  талаптарына сәйкес әдіснамалық, әдістемелік  және технологиялық дайындығы;

● одан әрі кәсіби-жеке өсуінің  ішкі алғы шартының болуы;

Қазіргі заманғы тәрбиеші –  ол саясаттың, нарықтық педагогикаға үстемдік етуіне жол бермеу үшін тәрбиенің жаңа әлеуметтік-экономикалық шартын педагогикалық негізде ойлай білуге,  нарықтық қатынастың келу салдарын, жаңа үрдістерді педагоги-калық мақсат ұстанымында бағалауға, педагогикалық іс-әрекеттің баламаларын салыстыруға, олардың ықтимал-ды мүмкіндіктерін болжауға қабілетті, талдау мен өзін-өзі бақылау тәсілдерін меңгерген кәсіби шебер.

Информация о работе Концепция воспитания в системе непрерывного образования Республики Казахстан