Білім беруге бағытталған интернет-порталдар мен сайттарды оқыту процесінде пайдаланудың әдістемелік ерекшеліктері

Автор: Пользователь скрыл имя, 19 Ноября 2011 в 14:53, автореферат

Описание работы

Зерттеудің көкейкестілігі. Қазіргі таңда білім беру жүйесінің маңызды мәселелерінің бірі - әрбір адамның қызығушылығына, мүмкіндігіне және талабына сай компьютерлік техника мен телекоммуникациялық жүйелер негізінде жаңа ақпараттық технологияларды пайдалана отырып білім беру болып табылады.

Работа содержит 1 файл

Білім беруге бағытталған интернет-порталдар мен сайттарды оқыту процесінде пайдаланудың әдістемелік ерекшеліктері.doc

— 255.00 Кб (Скачать)

    «Жоғары оқу орнында білім  беруге бағытталған  порталдарды пайдаланудың практикалық тұрғыдан жүзеге асырылуы» атты екінші бөлімде біздің еліміздегі виртуалды университеттер және де Қазақстан интернетіндегі білім беру порталдары жөнінде айтылады. Сонымен қатар  бірнеше жоғары оқу орнында пайдаланылып жүрген  білім беруге бағытталған портал «Платон»жүйесіне талдау жасалды.

    Қорытындыда зерттеудің нәтижелері, тұжырымдар мен қорытындылар берілді.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

    Негізгі бөлім 

    Жоғары  оқу орны бұл білім беру қызметтерін ұсынып, ғылыми зерттеулер жүргізіп және де мамандардың біліктілігін арттыруын қамтамасыз ететін оқу-ғылыми кешен. Жоғары оқу орнының дамуының негізгі ресурсы ақпарат және ол ортақ стратегиялық мақсат пен мүдделерге қол жеткізуге бағыт-бағдар  беріп отырады.

    Оқу үдерісін ұйымдастыруда және жоғары оқу орнын басқаруда ақпараттық технологиялардың алатын орны ерекше.

    Ақпараттық  технология – белгілі бір нысанның, үрдістің немесе құбылыстың жай-жапсары туралы ақпарат алу үшін мәлімет жинаудың, өңдеудің және таратудың құралдары мен әдістерін пайдалану үдерісі.

    Ақпараттық  технологияларды пайдалану арқылы жоғары оқу орнының құзырында  бар және ауқымды компьютерлік желілерде орналасқан ақпараттық ресурстарды алуға, оқу үдерісі барысында әрбір студенттің үлгірімін қадағалап отыруға мүмкіндік туады.

    Жоғары білім беруді ақпараттандыру дегеніміз – жоғары оқу орындарындағы оқыту, ғылыми-зерттеу мен тәрбиелеу ісінің психологиялық-педагогикалық мақсаттарын жүзеге асыру бағытында замануи жаңа ақпараттық технологияларды жасау және пайдалану жұмыстарының теориясымен, тәжірибесімен қамтамасыз ету.

    Қазіргі кезде жоғары білім берудің ақпараттану  деңгейлері:

    1) Көптеген жоғары оқу орнының материалдық-техникалық базалары бай, Internet желісіне қосылуға мүмкіндік туғызатын талшықты - оптикалық байланыс тізбектері жүргізілген, ақпараттық-білім беру және әдістемелік ресурстарын пайдалану мүмкіндіктері бар.

    2) Жоғары оқу орнындағы мамандар өз саласының шеберлері ғана емес, сонымен қатар ақпараттық технологиялар, оқыту әдістемесі саласынан да білікті маман болып келеді.

    3) Жоғары оқу орнындағы оқу қызметін ұйымдастырудың өзіндік ерекшеліктері бар. Білім беруді ұйымдастыру барысында жоғары оқу орнының құрылымының күрделілігін, оқу үдерісі мен ғылыми зерттеулердің байланысын, жоғары оқу орны құрылымының тармақталуы ескерілген.

      Ақпараттанудың әрі қарай дамуы жергілікті және университеттік ақпаратты - транспорттық желілердің, ақпараттық жүйелердің және білім беру бағдарлама қорларының бірігуі негізінде ақпараттық кеңістікпен тығыз байланыста болатын кешенді мәселелерді шешуін талап етеді. Негізгі мәселелер ретінде төмендегілерді атап өтуге болады:

    1) Жоғары оқу орнының бірыңғай  ақпараттық кеңістігін жасау,  яғни барлық әкімшілік-шаруашылық  қызметтерді, кітапханаларды, оқу  бөлімшелерін компьютерлендіру, жергілікті, ауқымды және халықаралық  желілерге қостыру.

    2) Жоғары оқу орнының құрылымдық  бөлімшелерін басқарудың жинақталған  автоматтандырылған жүйесін жасау.

    3) Студенттердің өздігінен білім алуына мүмкіндік беретін жаңа ақпараттық технологиялар негізінде арнайы және әмбебап оқу-әдістемелік кешендер жасау.

          Қазіргі таңда жоғарыда аталған мәселелердің тиімді шешімі ретінде порталды технологияны қарастырғанымыз  жөн. Порталды технология деп отырғанымыз  бірыңғай ақпараттық кеңістік дамуы  мен ақпараттық ресурстарды ұйымдастыруды  қамтамасыз ететін құрал.

    Портал – бұл шапшаң қатынау қасиетіне ие желілік телекоммуникациялық торап болып табылады. Алғашқы ақпараттық порталдар 1994-1995 ж.ж. шыға бастады, бұған себепші болған Интернет желісіндегі коммерциялық сайттардың пайда болуы болды. (мысалы Yahoo, AltaVista, Lycos және т.б.). Телекоммуникациялық технологиялардың дамуымен мұндай жобалардың қоғамдағы ролі де өсті. «Портал» термині негізінен 1998 жылы корпоративті ақпараттық портал жөнінде баяндама жасаған Merrill Lynch компаниясымен тікелей байланысты. Ол баяндамада ішкі және сыртқы желілерде орналасқан  Web-браузер көмегімен ақпараттарға қатынауды қамтамасыз ететін қолданбалы программалар дестесі  қарастырылған болатын.

    Қазіргі кездегі интернет-порталдар - бұл  күрделі желілік ақпаратты-технологиялық кешен болып табылады және де олар анықтамалық, аналитикалық, коммуникациялық, білімдік және басқа да ақпараттық қызметтер атқаруға бағытталған.

    Портал  дамуының түрлі жолдары бар. Көптеген қазіргі кезде әлемге әйгілі мегапорталдар, мысалға Yahoo, Lycos және т.б. алғашқысында жай ғана іздеу тетігі болып құрылды, бырақ уақыт өткен сайын қолданушыларға ақпараттарды құрылымды түрде жеткізу мүмкіндігіне ие болып қосымша қызмет, яғни электрондық пошта және т.б. қызметтерді жүзеге асыратын болды. Қазіргі кезде мега-порталдармен электронды медиа-компаниялар тығыз байланыста. Соның нәтижесінде мегапорталдар дәстүрлі медиа- ақпараттарды жеткізуші бір арна болып есептеледі.

    Енді  портал құрылымын қарастырайық, олар төмендегідей:

    - Мекемелер;

    - Ақпараттық-білім беру ресурстары;

    - Нормативті-құқықтық ақпарат;

    - Статистика;

    - Іс-шаралар, конкурстар, гранттар;

    - Жаңалықтар;

    - Сілтемелер;

    - ЖОО-ны жайлы жалпы мәліметтер;

    - ЖОО-ң бөлімдері;

    - Электрондық кітапхана;

    - Ғылым;

    - Білім беру;

    - Қатынас;

    - А дан Я-ға;

    - Сайт картасы.     

    Мекеме  тарауы келесі тараушалардан  тұруы қажет:

    1) Білім беру мекемелері. Бұл тарауда түрлі білім беру деңгейлеріндегі, яғни мектепке дейінгі, бастауыш, орта, жоғары және қосымша оқу мекемелері жайлы мағлұматтар көрсетіледі. Әрбір мекеме жайлы олардың реквизиттері, орналасқан орны, білім беру қызметтері, қабылдау және оқыту шарттары берілуі тиіс.

    2) Білім беруді басқаруды ұйымдастыру.

    3) Басқа да ұйымдар. Бұл тарауда білім беру қызметтері мен кітапхана, мұражай, түрлі білім беру орталықтарының, Интернет, тестілеу орталықтарының ақпараттық ресурстарына қатынауға қамтамасыз ететін мекемелер мен жергілікті инфрақұрылым элементтері, яғни телекоммуникациялық компаниялар, ақпараттық технологиялар орталықтары, провайдерлер болып табылатын мекемелер де орналастырылады.

    Ақпараттық-білім  беру ресурстары келесі тараушалардан тұруы  қажет:

    - Пәннің оқу-әдістемелік кешені;

    - Электронды кітапхана;

    - Білім беру сайты;

    - Электрондық курстарды жасаудың  бағдарламалық құралдары.

    Пәннің  оқу-әдістемелік кешені тарауы ең маңызды және ең қажетті болып есептеледі. Нақты пән бойынша оқу-әдістемелік кешен құрамы мен құрылысы Жоғары оқу орнында ғылыми-әдістемелік кеңеспен бекітіледі. Порталдағы пәннің оқу-әдістемелік кешені оқу үдерісін ұйымдастырудағы автоматтандырылған ақпараттық жүйе негізінде жасалады.

    Оқу-әдістемелік  кешеннің негізгі құрамы:

    - Пәннің жұмыс бағдарламасы;

    - Пән бойынша оқу құралдары;

    - Видео материалдар;

    - Аудиоматериалдар;

    - Ғылыми мақалалар, анықтамалар,  сөздіктер, энциклопедиялар және  де қосымша материалдар;

    - Қорытынды бақылау материалдары.

    Нормативті-құқықтық ақпараттар тарауы түрлі нормативті құжаттар, яғни бұйрық, жарлық, қаулы, актілерден және т.б.құралуы қажет.

    Статистика  тарауында білім беру жүйесінің жалпы статистикалық, яғни оқу мекемелерінің саны мен құрамы, оқытушылар, білім алушылар және т.б. жайлы мәліметтер берілуі тиіс.

    Іс-шаралар, конкурстар, гранттар тарауында ғылыми және білім беру іс-шаралар, конкурстар және бөлінген грант  жөнінде ақпараттар орналасуы қажет.

    Жаңалықтар  тарауында портал құрылымы, сервистері және ақпараттық толықтырылуы және жоғары оқу орнындағы елеулі өзгерістер жайлы толық мағлұматтар беріледі.

    Сілтемелер  тарауында білім беру тақырыптарының ішкі интернет - ресурстарына сілтемелер каталогын алуға болады. 

    Жоғары  оқу орныны жайлы жалпы мәліметтер тарауы.

    - Жоғары оқу орнының орналасуы  (жалпы мекен-жайы);

    - Жоғары оқу орнының реквизиттері;

    - Тарихы (оқу орнының қысқаша шығу  тарихы, негізгі тарихи фактілер, ректорат және т.б. жайлы мәліметтер);

    - Статистика (факультет, мамандықтар саны, оқу-әдістемелік материалдармен қамтылуы және т.б.);

    Жоғары  оқу орнының бөлімдері  тарауы:

    - Әкімшілік (жоғары оқу орнының әкімшілік құрамы, университет басшылары жайлы толық ақпараттар, телефон нөмірлері және электрондық пошта жайлы мәліметтер беріледі);

    - Факульттер (факультет құрылу тарихы, факультет, кафедра құрамы, мамандықтар  тізімі жайлы толық ақпараттар  беріледі).

    Электрондық кітапхана тарауы төмендегі бөлімдер бойынша электронды түрде басылымдар жинақталған:

    - Кітаптар;

    - Түрлі басылымдар;

    - Мақалалар, оқу орныны қызметкерлерінің  ғылыми және оқу-әдістемелік жұмыстары.

    Ғылым тарауындағы төмендегі  тараушалардан тұрады:

    - Оқу орнының ғылыми бағыттары;

    - Конференциялар;

    - Семинарлар;

    - Магистратура;

    - Докторантура.

    Білім беру тарауы жоғары оқу орнында білім беру деңгейлері мен оқу формалары және мамандықтар бойынша анықтама болып келеді.

    Қатынас тарауы коммуникациялық қызметтерге қатынауды қамтамасыз етеді:

    - Форум;

    - Чат;

    - Сайт жайлы пікірлер;

    - Жеке беттер;

    - Ректордың виртуалды қабылдау бөлмесі.

    А дан Я-ға дейінгі  тарауы порталдың мәліметтер базасынан қажетті ақпаратты табуға мүмкіндік туғызатын сайттың ішкі ресурстарының алфавитті каталогы орналасады.

    Сайт  картасы портал картасын білдіреді.

    Ал, жоғары оқу орнының білім беру порталы оқу үдерісін ұйымдастырудың инновациялық құралы болып табылады. Оның негізгі артықшылықтары: пайдаланушы ресурстарды тиімді әрі қолайлы пайдалануға, жоғары оқу орнының ақпараттық негізін бірегей ақпараттық- білім беру кеңістігіне айналдыруға, ішкі ақпараттық топтардың қарым-қатынасын ұйымдастыруға, оқу үдерісін ұйымдастыру мен білім беруді басқаруға тиімді жағдайлар жасауға негізделген.

    Жалпы, портал идеясы қарапайым, яғни пайдаланушы  порталға алғаш кірген бойдан танымдық ақпаратқа қол жеткізе алуы тиіс. Егер де ақпараттық орта неғұрлым ыңғайлы болса, соғұрлым білім беру порталын пайдалану тиімділігі арта түседі. Бұл жағдайда  пайдаланушының порталдың ақпараттық кеңістігімен тиімді іс-әрекетін жүзеге асыру үшін педагогикалық және дидактикалық ұстанымдармен әдістерді пайдалану қажеттілігі туады.

    Білім беруде порталды технологияны пайдалану  білімді ары қарай игерудегі  оның тиімділігіне, білім беру қызметінің желіні пайдаланушылар жұмысының психологиялық  ерекшеліктерін ескеруді негізге алуында. Бұл жағдайда пайдаланушының порталды - ақпараттық кеңістігімен тиімді өзара байланысын ұйымдастыруда педагогикалық және дидактикалық ұстанымдары мен әдістерін пайдалану қажеттігі туындайды. Егер тиісті психологиялық және педагогикалық әдебиеттерді талдайтын болсақ, білімді игеру үдерісін не білдіретіні туралы бірегей пікір жоқ. Қазіргі уақытта оқыту теориясының арасынан ең көп тарағанын бөліп бөліп көрсетуге болады. Бұл теориялар нақты білім алушыға да, білім беру порталының ақпараттық ресурстарын абстрактілі пайдаланушыға да бірдей пайдалануға болады.

Информация о работе Білім беруге бағытталған интернет-порталдар мен сайттарды оқыту процесінде пайдаланудың әдістемелік ерекшеліктері