Білім беруге бағытталған интернет-порталдар мен сайттарды оқыту процесінде пайдаланудың әдістемелік ерекшеліктері

Автор: Пользователь скрыл имя, 19 Ноября 2011 в 14:53, автореферат

Описание работы

Зерттеудің көкейкестілігі. Қазіргі таңда білім беру жүйесінің маңызды мәселелерінің бірі - әрбір адамның қызығушылығына, мүмкіндігіне және талабына сай компьютерлік техника мен телекоммуникациялық жүйелер негізінде жаңа ақпараттық технологияларды пайдалана отырып білім беру болып табылады.

Работа содержит 1 файл

Білім беруге бағытталған интернет-порталдар мен сайттарды оқыту процесінде пайдаланудың әдістемелік ерекшеліктері.doc

— 255.00 Кб (Скачать)
 

    ӘОЖ. 374.3:316.772.5                                                        Қолжазба құқығында 
 
 
 

      
 
 
 

    ЕРКЕБАЕВА САУЛЕ КАМАЛХАНОВНА 
 

    Білім беруге бағытталған  интернет-порталдар мен сайттарды оқыту процесінде пайдаланудың әдістемелік ерекшеліктері 
 

    6N0111 – Информатика 
 
 

    Информатика магистрі

    академиялық дәрежесін алу үшін дайындалған

      магистрлік диссертация

    рефераты 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

    Қызылорда, 2010ж 

    Жұмыс Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде 

    «Информатика  және ИОӘ» кафедрасында орындалды 
 
 

Ғылыми     жетекшi:           педагогика ғылымдарының кандидаты,

          доцент  Б.А.Досжанов

           
           
Ресми оппонент:         физика-математика ғылымдарының 

         кандидаты, профессор  Б.Т.Елеусінов

           
              
           
           
           
           
 
 

                                    

    Диссертация  «___» ____________ 20__  жылы сағат ________  

    Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде қорғалады.

    (Мекен-жайы: 120014, Қызылорда қаласы, 6 оқу ғимараты, физика-математика факультеті, 209 аудитория) 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

    Диссертациямен Қорқыт Ата атындағы мемлекеттік университетінің ғылыми-техникалық кітапханасында танысуға болады. 
 
 

КІРІСПЕ

    Зерттеудің  көкейкестілігі. Қазіргі таңда білім беру жүйесінің маңызды мәселелерінің бірі - әрбір адамның қызығушылығына, мүмкіндігіне және талабына сай компьютерлік техника мен телекоммуникациялық жүйелер негізінде жаңа ақпараттық технологияларды  пайдалана отырып білім беру болып табылады.

    Оқыту үдерісін және жоғары оқу орнын басқаруда ақпараттық технологиялардың алатын орны ерекше.

    Ақпараттанудың дамуы жергілікті және университеттік ақпараттық – транспорттық желілердің, ақпараттық жүйелердің және білім беру бағдарлама қорларының бірігуі негізінде ақпараттық кеңістікпен тығыз байланыста болатын кешенді мәселелерді шешуін талап етеді. Негізгі мәселелер ретінде төмендегілерді атап өтуге болады:

    1) Жоғары оқу орнының  бірыңғай  ақпараттық кеңістігін жасау,  яғни барлық әкімшілік-шаруашылық  қызметтерді, кітапханаларды, оқу  бөлімшелерін компьютерлендіру, жергілікті, ауқымды және халықаралық   желілерге қостыру.

    2) Жоғары оқу орнының оқыту үдерісін  ұйымдастырудың жинақталған автоматтандырылған  жүйесін жасау.

    3) Студенттердің өздігінен білім  алуына мүмкіндік беретін жаңа  ақпараттық технологиялар негізінде  арнайы және әмбебап оқу-әдістемелік  кешендер жасау.

          Қазіргі таңда жоғарыда аталған мәселелердің тиімді шешімі ретінде порталды технологияны атап өтуімізге болады.

    Портал - бұл білім беруге  бағытталған  ақпараттық кітапханалық орта болып  табылады және де бұл ұғымның пайда  болуына Internet технологиясының дамуы өз септігін тигізді. Жалпы тілмен айтқанда интернет-портал көптеген қолданушыларға түрлі қызметтер ұсынатын веб – сайт. Портал үш негізгі функцияларды жүзеге асырады: басқару, ақпараттандыру және бөлімдер бойынша ақпаратты ұсыну.

    Жоғары  оқу орнында бірыңғай білім беру ақпараттық кеңістігінің даму бағытының негізі оқу үдерісінде ақпараттық және телекоммуникациялық технологияларды пайдаланып және де соның ішінде дәстүрлі оқу материалдарымен қатар оқу үдерісіне заманауи электрондық құралдарды жасап, енгізу; электрондық құрылғылардың сапасын дамыту; оқу үдерісінде жаңа ақпараттық технологияларды тиімді пайдалана алатын университеттің педагогикалық, әкімшілік және инженерлі - техникалық кадрларын даярлау болып табылады.

    Білім беру порталдары мен  сайттарын жасау ақпараттың логикалық реттелуіне ықпалын тигізеді. М.В.Булгаков, Е.Г.Гридина, А.Д.Иванников, В.П.Кулагин, С.Л.Лобачев, В.И.Солдаткин, А.Н.Тихонов еңбектерінде білім беру порталдары мен сайттарын жобалаудың ғылыми-әдістемелік негіздері қарастырылған. Бірақ, бұл еңбектерде порталдағы ақпараттық – білім беру ресурстары мен сервистерін пайдаланудың әдістемесі толығымен ашылмаған.  Білім беру порталдарын жасаудың негізгі мақсаты - бірыңғай білім беру ақпараттық кеңістігінде білім беру бағдарламаларын ұйымдастыру мен жүзеге асыру болып табылады. Бұл жүйені жасау барысында білім беру сапасын арттыруға көптеген мүмкіндіктер туады.

    Әлемдік тәжірибеге сүйенсек, ақпараттану аймағында  мазмұнды бағытталған жұмыстың екі  типін қарастыруымызға болады.

    1) Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалана отырып білім беру кеңістігін ұлғайту. Бұл жағдайда білім алушылар саны көбейеді.

    2) Білім беру сапасын өзгерту,  яғни өзіндік жұмысты күшейту,  жаңа ақпараттық технологияларды  меңгеру, қосымша ақпараттық-білім  беру ресурстарын пайдалану және т.б. Бұл жағдайда білім беру барысында жаңа ресурстарды пайдалану күшейтіліп, оқу үдерісінде өзіндік жұмыс рөлі өседі.

    Білім беру порталдары мен сайттарын жасау негізінде жоғарыда атап өткен бағыттарға қол жеткізуімізге болады және де жұмыстың көкейкестілігі осымен анықталады.

    Инфокоммуникациялық технологияларды пайдаланудың психологиялық  – педагогикалық негіздері А.Г.Асмолов, В.П.Беспалько, А.Я.Ваграменко, Ю.М.Горвиц, К.К.Колин, В.В.Лаптев, М.П.Лапчик, Е.И.Машбиц, В.С.Меськов, И.А.Мизин, А.Б.Орлова, Е.Н.Пасхин, Е.С.Полат, И.В.Роберт, Н.С.Розова, В.А.Сластенин, В.Л.Усков, Н.Г.Ярошенко еңбектерінде қарастырылған. Оқыту үдерісін басқаруда ақпараттық – телекоммуникациялық технологияларды пайдалану мәселелеріне Н.А.Аминов, М.Н.Берулав, Ю.С.Брановский, С.Г.Григорьев, В.С.Леднева, А.В.Могилев, Н.И.Пак, Ю.А.Первин, Л.С.Подымова, В.И.Пугач, И.А.Румянцев, В.А.Тихонов, А.Ю.Уваров, С.С.Фомин, А.В.Хорошилов, Л.Д.Чайнова, В.Е.Яценко өз еңбектерін арнаған.

     Жоғарыда  аталған ғылыми зерттеулерді зерделеп саралай келе, зерттеу нысанамызға алып отырған ЖОО-да интернет-порталдар мен сайттарды қолдану арқылы ұйымдастырылған оқыту үдерісі әлі де болса жеткілікті дәрежеде ғылыми-педагогикалық тұрғыда зерттелмегенін аңғардық.

    Қоғамның  сұранысы, талабы мен білім беруге бағытталған интернет-порталдар мен сайттарды пайдаланудың ғылыми негіздемесінің болмауы арасында, ЖОО-да интернет – порталдар мен сайттарды оқыту үдерісінде пайдаланудың мол мүмкіндігі мен оны практика жүзінде жүзеге асырылуының болмауы арасында қарама – қайшылық туындайды.

     Жоғарыда  көрсетілген қарама-қайшылықтарды  шешудің тиімді жолдарын іздестіру мақсатымен диссертациялық жұмыс тақырыбын «Білім беруге бағытталған интернет – порталдар мен сайттарды оқыту процесінде пайдаланудың әдістемелік ерекшеліктері» деп таңдадық.

    Диссертациялық  зерттеудің мақсаты: білім беруге бағытталған интернет-порталдар мен сайттарды оқыту үдерісінде пайдаланудың әдістемелік ерекшеліктерін, білім беру порталдарын оқу үдерісінде пайдаланудың тиімділігін анықтау.

    Зерттеу нысаны: ЖОО-да интернет-порталдар мен сайттарды қолдану арқылы ұйымдастырылған оқыту үдерісі.   

    Зерттеу пәні: университеттерде пайдаланылатын білім беру порталдары мен сайттары.

    Зерттеу әдістері:

  • теориялық: зерттелiп отырған мәселеге байланысты ғылыми-педагогикалық, әдiстемелiк еңбектердi, әдебиеттердi талдау; білім беруге бағытталған порталдарды шет елдiк тәжірибелерді пайдалана отырып талдау, ақпараттық-білім беру ресурстарын әртүрлi аспектiлерi бойынша талдау;
  • эмпирикалық: салыстыру, модельдеу әдiстерi;
  • эксперименттiк: педагогикалық эксперимент нәтижелерiн математикалық өңдеу мен сандық және сапалық талдау әдiстерi.

    Зерттеудің ғылыми жаңалығы:

    - Білім беруде қолданылатын порталдар мен сайттардың дамуы тарихи аспектіде қарастырылып, құрылымдарына жіктеу жасалынды;

    -  Портал ұғымына ғылыми тұрғыдан анықтама берілді;

    - Білім беруде қолданылатын порталдар мен сайттарды пайдаланудың психологиялық - педагогикалық аспектілері анықталды.

    Қорғауға  ұсынылады:

    - Жоғары оқу орнының білім беру  порталдары мен сайттары ақпаратты жүйеге келтіруге мүмкіндік туғызады және де білім алушылармен оқытушыларға оқу материалдары мен білім беру қызметтеріне қатынаудың түрлі деңгейлерін ұсынады.

    - Білім беру порталдары мен сайттарының құрылымы және сервистері оқыту үдерісін ұйымдастыру мәселелерін шешуде әрбір білім алушы мен оқытушының жеке ерекшеліктерін ескере отырып ақпараттық толықтырылуына жеңіл қатынауды жүзеге асырады.

    - Порталда ақпараттық-білім беру  ресурстарын түрлі деңгейлер  бойынша қатынауды тарату пайдаланушыға үлкен көлемді жаңартылған және толықтырылған ақпараттармен жұмысты ұйымдастыруға көмектеседі.

    - Білім беруде порталды технологияны  пайдалану оқыту үдерісін жаңа сапалы деңгейге ауыстырады және де сонымен қатар ақпарат, жаңа білім алу әдістерін меңгеру білім алудың сапасын жоғарылатады.

    Диссертация тақырыбы бойынша  жұмыстар нәтижесінің  апробациясы: «Болашақ» университетінде жүргізілді.

    Зерттеудің практикалық маңыздылығы:

  • Жоғары кәсіптік білім беру жүйесінің оқыту үдерісін ұйымдастыру мен басқаруда интернет-порталдар мен сайттарды  пайдалану мүмкіндігі;
  • Еліміздің бірнеше жоғары оқу орындарында пайдаланып отырған   білім беруге бағытталған «Платон» жүйесіне талдау жүргізілді;

    Жарық көрген мақалалар: «Портал жүйесінде ақпараттық-білім беру ресурстарын жасаудың әдістемелік ұстанымдары» «Ғылым, білім және инновация: жастардың ғылыми шығармашылығы» жас ғалымдардың ғылыми еңбектерінің жинағы. Қызылорда, 2009 ж. (Б.А.Досжановпен бірлестікте), «Білім беруге бағытталған интернет-порталдарды оқу үдерісінде пайдалану» Хабаршы журналы, 2010 ж № 2 (Б.А.Досжановпен бірлестікте), «Жоғары оқу орнында білім беруге бағытталған портал – «Платон»  (Platonus)  жүйесінің ерекшеліктері» Хабаршы журналы, 2010 ж № 2, «Жоғары оқу орны білім беру порталын дайындаудың шарттары» Қызылорда «Болашақ» университеті мен Ұлттық авиация университетінің аэрокосмостық  институның (Украина) бірігіп ұйымдастырған "Германиядағы фашистік жеңістің 65 жылдығына арналған Халықаралық ғылыми - практикалық конференция" Қызылорда, 2010 ж.

    Жұмыс құрылымы мен көлемі:

    Диссертация кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімі мен  қосымшалардан тұрады.

    Кіріспеде зерттеудің көкейкестілігі негізделеді, ғылыми аппаратқа (зерттеудің нысаны, пәні, мақсаттары, әдістері, ғылыми жаңалығы, теориялық, практикалық мәні, қорғауға ұсынылған қағидалары) сипаттама  беріледі.

    «Білім  беруге бағытталған  интернет-порталдар мен сайттарды оқыту үдерісінде пайдалану» атты бірінші бөлімде жалпы «портал», «сайт» түсінігі, қазіргі кездегі дамуы, құрылымы, порталды технологияның оқыту үдерісінде алатын орны; Порталды технологияны пайдаланудың психологиялық - педагогикалық аспектілері; Портал жүйесінде ақпараттық-білім беру ресурстарын жасау технологиясы қарастырылған.

Информация о работе Білім беруге бағытталған интернет-порталдар мен сайттарды оқыту процесінде пайдаланудың әдістемелік ерекшеліктері