Білім беру жүйесіндегі инновациялық технологиялар

Автор: Пользователь скрыл имя, 05 Марта 2013 в 17:01, реферат

Описание работы

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында «Білім беру жүйесінің басты міндет – ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және білім алу қажетті жағдайлар жасау;.....оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру» - деп білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттері көзделді.

Содержание

I. Кіріспе:
ІI. Негізгі бөлім. Білім беру жүйесіндегі инновациялық технологиялар ерекшеліктері.
2.1. Білім беру жүйесіндегі технологиялар мақсаты оны жүйелеу.
2.2. Қазіргі білім беру жүйесіндегі технологиялар.
2.3. Педагогикалық технология және педагогикалық жобалау ерекшеліктері.
2.4. Педагогикалық технологияның негізінде мұғалімнің инновациялық мүмкіндігін дамыту.
III. Қорытынды.
IV. Тезаурус
V. Пайдаланылған әдебиеттер.

Работа содержит 1 файл

инновация.doc

— 163.00 Кб (Скачать)

Еліміздің болашағы көркейіп, өркениетті елдер қатарына қосылуы бүгінгі ұрпақ бейнесінен көрінеді. Қазіргі білім беру саласындағы  басты міндет – әлеуметтік педагогикалық  ұйымдастыру тұрғысынан білім мазмұнына  жаңалық енгізудің тиімді жаңа әдістерін іздестіру мен оларды жүзеге асыра алатын мұғалім даярлау. Ол қай уақытта да өзекті мәселеге жатқызылып келеді. Олай болатыны – қоғамның әлеуметтік – экономикалық міндеттеріне сай өскелең ұрпақты өмірге бейімдеудің жаңа талаптары туындап отыр.

Қазіргі кезеңде білім берудің ұлттық моделіне өту оқыту мен тәрбиелеудің соңғы әдіс – тәсілдерін инновациялық педагогикалық технологияларды игерген, психологиялық – педагогикалық диагностиканы қабылдай алатын педагогикалық жұмыста қалыптасқан бұрынғы ескі сүрлеуден тез арада арылуға қабілетті және нақты тәжірибелік  іс – әрекет үстінде өзіңді даңғыл жол салуға икемді, шығармашыл педагог – зерттеуші, ойшыл мұғалім болуың қажет.

Бірінші кезең: мұғалімнің жеке дербес шығармашылығын дамыту білім алуышының қабілетін қалыптастыру, педагогикалық міндеттерді талдау, шешу, шығармашылық ізденіс технологиясын дамыту.

Екінші кезең: ғылыми танымдық методология негіздерін меңгерту. Инновациялық технологияның  кіріспесінде білім алушылар инновациялық педагогикалық әлеуметтік және ғылымилығымен шығу, даму тарихымен таныстырады.

Үшінші кезең: инновациялық іс – әрекет техникасын меңгерту.

Авторлық бағдардың  әдістемелерін мектептегі эксперименталды  кезеңдрмен таныстырып, жаңалықты ендірудің  қиыншылықтарын оны жеңу жолдарын болжау.

Төртінші кезең: педагогикалық процесте жаңалық  ендіру бойынша эксперименталды  алаңда практикалық жұмыстар жүргізу.

Қазақстанда нақты  қатынастардың құрылуы мемлекеттік  емес жеке экономикалық секторлардың пайда болуы жаңа форматтағы педагог кадрларды дайындауды қажет етеді. Себебі, педагог білімінің әлсіздігі 1990 жылдары білім беру жүйесінің әлсіз екені анықталды. Ол туралы В.А.Сластюнин, Л.С.Подымова «Білім беру салаларының дайындықтары туралы монографтары, жоғарғы мектеп педагогтарының кемшілігі болашақ мұғалімдердің инновациялық іс – әрекеттің болмауы», - деді.

Себебі оқу  бағдарламалары білім алушыларға тек  білім алу көлемін ғана береді. Білім алушылардың жеке дербестігіне қарамастан, олардың көбі инновациялық іс – әрекеттің сапасын жеткіліксіз  қалыптастыратын.

Білім алушылардың  қабілетті жеке құндылықтары бойынша  жіктеліп, оқытылатын орта неғұрлым тезірек  құрылса инновациялық процесс соғұрлым тезірек жүреді.

Жаңа форматтағы кадрларды дайындау. (А.Е.Привожин).     Психологиялық барьер.

  1. Ал, бұл бізде бар.
  2. Бұл біздің қолымыздан келеді.
  3. Бұл біздің негізгі проблемаларды шешпейді.
  4. Бұл қайта өңдеуді қажет етеді.
  5. Басқа да ұсыныстар бар.

Инновациялық  мінез – құлық керек, бейімделу  емес ол өзінің жеке дербес актуализациялауға  максималды түрде дамыту. Әр мұғалімде мынадай ойлар қалыптасуы керек.

Егер кімде  кім  өзінің құндылықтарынан бас  тартса, ол өзінің моральдық және интеллектуалдық  тұтастығымен бұзылады, өз бостандығын  шектеп бағытсыз болады.

Бостандық жеке тұлға ретінде әркім өз – өзіне  сүйіспеншілікпен, сыйластықпен қарау. Ол әр мұғалім инновациялық іс – әрекетті педагог қызметінде белсенді және жүйелі шығармашылықты талап етеді.

Кәсіби педагогикалық  негізгі міндет – білім алушыларды шығармашылық міндеттерді шешуге үйрету. Инновациялық іс – әрекетте мұғалімдерді дайындау консепсияларының негізгі – мұғалім тұлғасын қалыптастыру прогресін қамтамасыз ететін жүйелі прогресті және жеке шығармашылық қарым – қатынас.

Мұғалімнің  инновациялық даярлығын қалыптастыру бағытында, соның ішінде мұғалімнің инновациялық даярлығының кәсіби деңгейлерін анықтау үшін зерттеу жұмысында педагогикалық зерттеулердің комплексті әдістері (сауалнама, бақылау, өзін – өзі бақылау, әңгіме, тест жүргізу) пайдаланылады. Жүргізілген зерттеу жұмыстарының нәтижесіне сүйенсек, мұғалімдердің өзін – өзі бақылауы жоғары деңгейде,сондықтан өз іс тәжірибелерінде әдістемелік рефлексияға көп көңіл бөлінбейді. С ол себепті мұғалімдерді әдістемелік деңгейі орта шамадан аспай отыр.

Мұғалімнің  инновациялық даярлығынан орта деңгейіне  мұғалімдердің білім берудің инновациялық парадигмасын мойындайтындар, педагогика ғылымының әдіснамалық мәселелеріне қызығушылық танытатындар, өзінің кәсіби білім дәрежесін ұдайы көтеріп, әдістемелік көмекті қажет ететін мұғалімдер, педагогикалық рефлексияны қабылдайтындар жатқызылды. Инновациялық даярлығы орта мұғалімдерге тәжірибелік мұғалімдер жатқызылды.

 Инновациялық  даярлық деңгейі жоғары мұғалімдер  педагогикалық инноватиканы әдіснамалық  және әдістемелік білімдер жүйесімен  қаруланған, өзінің шығармашылығы  арқысында ғылыми – ізденіс жұмыстарын жүргізіп, оларға диагностикалық сараптама жасай алатындар, тек  қана қоймай, өзінің төл инновациялық педагогикалық технологияларын ұсына алатындар. Бұл деңгейдегі мұғалімдерде әдіснамалық рефлексия басымырақ болады.

Рефлексия процесі жеке дара дербестік сондықтан да мұғалімнің іс – әрекеттері рефлексия бағыты педагогтың жеке тұлғасын, оның өз бетінше дамуы бағыт бағдармен тікелей байланысты.

Мұғалімнің  инновациялық даярлығын қалыптастыру бойынша жүргізілген ғылыми  - зерттеу жұмысымызда педагогикалық рефлексия мен өзіндік рефлексия теориясы мен әдістерін басшылыққа алдық. Себебі, мұғалімнің инновациялық даярлығын қалыптастыруда мұғалімнің өз жұмысына өзіндік кәсіби талдауы үлкен рольді атқарады:

  • Мұғалімнің оқушылармен білім сапасын мониторингін жасауы, өз іс – тәжірибесіндегі дидактикалық қиындықтарды, педагогикалық кемшіліктерді көре алуына, оны алдағы уақытта болдырмаудың алдын алу шараларын белгілеуіне көмектеседі;
  • Мұғалім өз жұмысына сын көзбен қарауды үйренеді, өз жұмысын, педагогикалық іс – әрекетін өзі талдауды үйреніп, өзіне өзі баға береді;
  • Мұғалім өз білімін өзі жетілдіруге ұмтылады, яғни мұғалімнің инновациялық даярлық деңгейі артады;
  • Жоғары инновациялық деңгейі қалыптасқан инноватор – мұғалім өзінің төл инновациялық педагогика технологиясын ұсынуы мүмкін.

 

 

 

                                                  Қорытынды

Педагогикалық технология қолдану білімді сапалы түрлендіруге, жаңашыл жобаларға  ірге болуға нақты негіз болып, әрбір  мектепке өзіндік тұлғасын табуға, әрбір мұғалімге өзіндік әдістемелік жүйесін құруға септігін тигізеді.

Инновациялық  оқыту: оқушының мүмкіндігі мен шамасына қарай мәселенің баыбына барып  үлгі көрсетер, өнегелеріне еліктеп, тағылымдық жолдарын қабылдау, оған шығармашылық тұрғыдан пайымдау жасауға үйрету.

Сонымен қатар  шығармашылдық ойлау мен бастамашыл іс – әрекеттегі саналылықты өрістетуге зерттеушілік тұрғыдан белсенділігін  жетілдіріп, іс  - әрекетке бейімділігін, қызығуын қалыптастыратын жол.

Инновациялық  оқытуда мұғалім көшбасшылық  міндет атқарғанымен, жүзеге асырылатын істің бәрін өз қолына алмайды,  менің айқанымдай болсын деп қарамайды, әміршілік жолды ұсынбай режиссерлік міндет атқаруға бейімделеді.

Инновациялық  оқыту дәстүрлі дидактикамен қатарласа  жүргенімен, оның өзіндік айырмашылықтарымен өзгешеліктеріне мән беруге тура келеді. Мәселен, оқытудағы ұстаным мектептегі оқыту бағдарламасында көрсетілген нұсқауды орындап, ондағы мағлұматтарды беру, оны қайталап пысықтап меңгерту болса, инновациялық оқытудағы мақсат, іс – әрекет барысында оқушының қабілетін оятып, түрлі жағдай жасау арқылы олардың өзінше әрекеттенуіне бағдар беру, шығармашылыққа талрындыру.

Нақты айтқанда, оұушыға үнемі жол сілтемей, өзінше әрекеттенуіне алуына бейімдеу. Мұның нәтижелік көрсеткіші сол: оқушының білімді мағлұматты жай ғана, бір сәттік тұрғыда қабылдап қана қоймай саналы да тиянақтыигеруіне ықпал ету.

Педагогикалық технология білім алу іс – әрекетіндегі амалдардың негізінде таңдалған  кәсіптік қызметтің тәсілдерін, қабылдаушылардың танымдық іс – әрекеті деген анықтама береді. Сонымен, технология деп белгіленген мақсатты тиімді орындау үшін материалдарды түрлендіру процестерімен әдістердің жиынтығы және бірізділігін кешенді бірлігін айтуға болады.

Сонымен қатар  бұл аталған құндылықтарды жетік  білу, мән – мағынасын терең ұғыну – шығармашылық дағдысын қалыптастырудың алғы шарттары болып табылады.

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың барлығы Қазақстан халқына арналаған  Жолдауында айтылған білім беруге қатысты  мәселелер бәрімізді де бей –  жай қалдыра алмайды. Қазақстандағы  әрбір ұрпақтың ертеңгі күні дүниенің төрт түкпірінде өзінің қалаған  ұнатқан және қоғамға пайдалы ойлар мақсатта еркін еңбек ете алатын болуын елбасымыз қадап айтты. Өркениетке бұрған еліміздің жастары – ертеңгі мемлекет тірегі. Қоғамға да ең басты керегі – елдің ертеңіне деген сенім мен үміт. Сол тірек нық та, берік, сенімді болуы үшін бәсекеге қабілетті мамандар дайындау үрдісі арнайлы және ортаи мектептерден бастау алмақ. Сондықтан да оның ірге тасын, ондағы мұғалімдердің білім деңгейінің жоғары болуын қадағалаужәне арттыру кадрлар біліктілігін арттыратын және қайта даярлайтын институттың негізі міндеттерінің  бірі болып қала бермек.

                                                        

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тезаурус

Педагогика (гр. Paida gogike, Paida – бала, gogike – жетектеу,) – адамның қоғамдағы обьективті заңдарын үйрету, баланы тәрбиелеу, оқыту туралы ғылым.

Педагог (гр.pedagogues- баланы жетектеуші, тәрбиелеуші) жеке адамды тәрбиелеп қалыптастыру үшін білім беру және оқыту жас жеткіншектердің белгілі дайындықтан өтуі (орта мектеп мұғалімі, кәсіптік – техникалық училищенің мұғалімі, орта білім беру мекемесі, жоғарғы оқу орнындағы мектепке дейінгі білім беру, бала бақшадағы және т.б).

Жалпы білім беретін мектеп – бастауыш негізгі орта және жалпы білім берудің оқу бағдарламаларын, слндай ақ оқушылар мен тәрбиелеушілерге қосымша білім берудің оқу бағдарламаларын іске асратын оқу орны.

Инновация – бұл педагогикалық жүйені саплы жетілдірген бірлігі арқылы алынған идеялар, үрдістер, тәсілдер және нәтижелер. «Инновация» деген сөз латынның «novus» жаңалық және  «in» енгізу деген сөзінен шыққан. Ал оның қазақша аудармасы «жаңарту, жаңалық, өзгерту» деген мағынаны білдіреді.

Инновациялық  білім беру консорциумы – жоғарғы оқу орындары, ғылыми ұйымдар мен өндіріс саласында жұмыс істейтін басұа да заңды тұлғалар, іргелі қолданбалы ғылыми зерттеулермен технологиялық инновациялар негізінде жоғары білікті мамандар даярлау үшін зияткерлік, қаржылық және өзге де ресурстарды біріктіретін бірлескен қызмет туралы шарт негізіндегі ерікті тең құқықты бірлестік.

Инновациялық  университет – инновациялық қызметтің толық циклініргелі және іздестіру зерттеулерін қолданбалы зерттеулер мен тәжірибелік – конструкторлық әзірлемелерді жүргізуді және өндіріске ғылыми – зерттеулер нәтижелерін енгізуді іске асруға қабілетті ғылыми білім беру кешені.

Кәсіптік  оқыту – техникалық қызмет көрсетуші және басқарушы еңбек мамандарын кәсіптік даярлауды, қайта даярлауды және біліктілігін арттыруды қамтитын кәсіптік білім беру жүйесінің бөлігі.

Қашықтықтан білім беру технологиясы – білім алушы мен педагог қызметкердің жанама немесе толық емес жанама өзара іс – қимылы кезінде ақпараттық және телекоммуникациялық құралдарды қолдана отырып, жүзегеи асырылатын оқыту.

Инновация – бұл педагогикалық жүйені сапалы жетілдірген бірлігі арқылы алынған идеялар, үрдістер, тәсілдер және нәтижелер.

Педагогикалық инновация – білім беру ортасына жаңа тұрақты элементтер енгізетін жаңалықтар.

Педагогикалық инноватика – жаңа практиканың құрылуы мен байланысы білім беру процесін зрттейтін білім саласы.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                            Пайдаланылған әдебиеттер.

  1. А.Құдиярова, А.Бабаева. «Педагогика», Дарын – 2004 жыл.
  2. Ә.Дүйсебек. «Ұлттық тәрбие тұжырымдамасы», Егемен Қазақстан, 14 желтоқсан, 2005 жыл.
  3. В.А.Сластенин, Л.С.Подымова. «Педагогика: инновационная деятельность» М – 1997 г
  4. В.С.Кукушкин. «Современные педагогические технологии. Начальная школа. Пособия для учителя». (Серия «учение с увелечением») – Ростов н/д: изд-во «Феникс», 2004г, 384с
  5. В.К.Маригодов. А.А.Слободянюу. Динамические модели формирования творческой личности будущих бакалавров  и магистров//  Специалист.- 1993 г. №9 – С. -20-22
  6. Г.А.Ким НИР в системе подготоаки магистра // Стратегия университетского оброзования в Каз ГУ. Часть 1. Сб
  7. Ғ.Нұрышев. «Білім беру ісі біліктілікті талап етеді / «Егемен Қазақстан» 2006 ж.
  8. Д.С.Исманбетова. Жалпы орта білім беретін мектептің оқу- тәрбие үрдісінде кредиттік технологияны  ендіру. Магистрлік диссертация. Тараз. 2006. 109б.
  9. З.А.Исаева. «Теорические основы формирования профессионально- исследователькой культуры педагога в системе университетского оброзования» Алматы.1996 г, - 230 с.
  10. И.Д.Зверев. В.Н.Максимова Межпредметные связи в совпеменной школе.Москва. 1981г.
  11. К.Ангеловский «Учитель и инновации» М-1991г.
  12. К.Нәрібаев. Қазақстан және халықаралық білім кеңістігі / Егемен Қазақстан, 5 желтоқсан.2003 ж. 7 бет
  13. Қ.Ж.Бұзаубақова, С.Д.Иманбетова. «Жалпы орта мектептерде кредиттік оқыту жүйесін ендірудің ен тиімділігі» // «ХХІ ғасырдағы қазақ мектебі: даму болашағы» атты Республикалық ғылыми-практикалық конференцияның материалдары. – Алматы – 2006 ж.І том. – 630 бет.
  14. Қ.Ж.Бұзаубақова. Қ.Қыдырбеков. Д.С.Иманбетова «Физика пәнін оқытуда кредиттік технологияны қолдану» // «Тәуелсіздік негізі ұлттық тәрбие» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференцияның материалдары. Тараз 2006 ж.
  15. И.П.Подласый  Педагогика начальной школе: Учебное пособие. М- Гуманит. Изды.Центр Владос. 2000- 400с.
  16. М.М.Жанпейісова «Модульдік оқыту технологиясы оқушыны дамыту құралы ретінде» . Алматы 2002ж.
  17. Н.Ә.Назарбаев .Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жаңару жолында.// Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы. Астана 2005 ,18 ақпан.
  18. Н.Д.Хмель. Методология педагогической науки.Программа  спец.курса для магистрантов университетов. Алматы: Қазақ университеті. 1998 г.34 с.
  19. Н.Д.Хмель. Технология реализации целостногог педогогического процесса.Программа спец.курса для магистрантов университетов. Алматы: Қазақ университеті. 1998 г.24 с .
  20. Я,А,Коменская «Избранные педагогические сочинения» Москва 1995 г.
  21. С.Г.Тәжібаева «Педагогика» Алматы 2007 жыл
  22. С.Әбдіманапов. Білімді ел – бәсекеге қабілетті ел.// Егеменді Қазақстан 5 қараша 2005 жыл.

Информация о работе Білім беру жүйесіндегі инновациялық технологиялар