Білім беру жүйесіндегі инновациялық технологиялар

Автор: Пользователь скрыл имя, 05 Марта 2013 в 17:01, реферат

Описание работы

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында «Білім беру жүйесінің басты міндет – ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және білім алу қажетті жағдайлар жасау;.....оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру» - деп білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттері көзделді.

Содержание

I. Кіріспе:
ІI. Негізгі бөлім. Білім беру жүйесіндегі инновациялық технологиялар ерекшеліктері.
2.1. Білім беру жүйесіндегі технологиялар мақсаты оны жүйелеу.
2.2. Қазіргі білім беру жүйесіндегі технологиялар.
2.3. Педагогикалық технология және педагогикалық жобалау ерекшеліктері.
2.4. Педагогикалық технологияның негізінде мұғалімнің инновациялық мүмкіндігін дамыту.
III. Қорытынды.
IV. Тезаурус
V. Пайдаланылған әдебиеттер.

Работа содержит 1 файл

инновация.doc

— 163.00 Кб (Скачать)

Жоспар:

I. Кіріспе:

ІI. Негізгі бөлім. Білім беру жүйесіндегі инновациялық технологиялар ерекшеліктері.

  2.1. Білім беру жүйесіндегі технологиялар мақсаты оны жүйелеу.

  2.2. Қазіргі білім беру жүйесіндегі технологиялар.

  2.3. Педагогикалық технология және педагогикалық жобалау ерекшеліктері.

  2.4. Педагогикалық технологияның негізінде мұғалімнің инновациялық мүмкіндігін дамыту.

III. Қорытынды.

IV. Тезаурус

V. Пайдаланылған әдебиеттер.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мазмұны

Кіріспе........................................................................................................................................3

І.    Негізгі бөлім. Білім беру жүйесіндегі инновациялық технологиялар еркшеліктері.

1.1. Білім беру жүйесіндегі технологиялар мақсаты оны жүйелеу.....................................5

1.2. Қазіргі білім беру жүйесіндегі технологиялар...............................................................8

1.3. Педагогикалық технология және педагогикалық жобалау ерекшеліктері..................18

1.4. Педагогикалық технологияның негізінде мұғалімнің инновациялық мүмкіндігін дамыту.......................................................................................................................................20

Қорытынды............................................................................................................................24

Тезаурус...................................................................................................................................26

Пайдаланылған әдебиеттер.................................................................................................28

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

     Қазақстан  Республикасының «Білім туралы»  Заңында «Білім беру жүйесінің  басты міндет – ұлттық және  жалпы адамзаттық құндылықтар,  ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және білім алу қажетті жағдайлар жасау;.....оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру» - деп білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттері көзделді.

     Мемлекеттік  білім стандарты деңгейінде оқыту үрдісін ұйымдастыру жаңа педагогикалық технологияны ендіруді міндеттейді. Ал жаңа педагогикалық технологияның түрі, қолдану ерекшелігі, одан туындайтын мәселелер бүгінгі таңда әлі нақтыланып белгілі бір жүйеге түспеген дүние. ХХІ ғасыр жаһандық жаңалықтар ғана емес, білімнің дәуірлеу ғасыры да, өйткені, ол қазіргі кезеңде мемлекеттің тұрақты дамуы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуде, әлемдік рыноктағы, әлемдік қоғамдастықтағы орнын аныұтап, халықтың өмір сүру сапасы мен деңгейін көрсетуде айрықша маңызды роль атқарады.

     «Қазақстан  – 2030» стратегиясында «Біздің басты игіліктеріміздің ішінде халқымыздың немесе былайша айтқанда адам ресурстарының сапасы тұр. Біздің ғылыми және шығармашылық әлеуетінің деңгейі жоғары, білім өрісі биік халқымыз бар. Біз қолымыздағы осындай баға жетпес капиталды жан – жақты дамытуға және оның дамуы үшін барған сайын жаңа әрі  неғұрлым өркениетті жағдай туғызуға тиіспіз» делінгендей, мемлекетіміздің экономикалық және әлеуметтік жетістіктері, ең алдымен, олардың білім жүйесімен, азаматтарының білімділігімен анықталады.

     Әр  түрлі оқыту технологияларын  оқу мазмұны мен оқуышлардың  жас және психологиялық ерекшеліктеріне  орай тыңдап, тәжірибеде сынап  қараудың маңызы зор. Қазіргі  білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгермейінше, сауатты жан – жақты маман болуы мүмкін емес. Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілікғ рухани адамзаттық және басқа да көптеген адами  келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу – тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі.

     «Технология»  ұғымы соңғы кездері педагогикалық  әдебиетте ең көп қолданылатын  ұғымдардың біріне айналды.

     Технология – өнім алу үшін оған материалды өңдеу әдістері және өнім шығаруға керекті жүйелі процесс.

     Технология  – бұл белгілі бір шығармашылықта  қолданылатын тәсілдер жиынтығы.

     Мектептің  дамуы, оның  жұмысының жекелеген  жақтарындағы жетістіктер тек  инновациялық процесс ретінде  жүзеге асырылады, яғни ескірген  және тиімді емес құралдарды сол жағадайда жаңа және тиімдіректермен аустырып, жаңа идеяларды, технологияларды қолдану.

     Шет   тілі сөздігінде технологияға  мынадай анықтама береді. Грек  тілінен аударғанда тесһnе – шеберлік, іскерлік және логия – обьектінің жиынтығы. Технология ұғымының дидактикалық ұғымдармен байланысы сан алуан: оқытудың технологиясы, даму технологиясы, қалыптасу технологиясы , модульдік технологиясы , топтық оқыту технологиясы т.б.

    Білім  беру жүйесі – басқару органдарын, түрлі типтегі және деңгейдегі білім беру мекемелерінен, жүйенің жұмыс істеуі және дамуын қамтамасыз ететін қаржы қорларымен материалдық объектілерден, ғылыми орталықтардан тұратын күрделі құрылым болып табылады.  Технологиялық тәсіл білім беру жүйесінің кез –келген саласында (басқару, білім беру, қаржыландыру, мониторинг, т.б.) қолданылуы мүмкін. Сондықтан, «білім беру технологиясы» деген сөз тіркесін бірыңғай түсіндіру мүмкін емес. Көптеген авторлар интуиция деңгейінде түсінеді де, бұл ұғым тек қана оқытушы мен оқушы арасындағы арнайы ұйымдастырылған процестерге ғана қатысты қолданылады. Егер бұл процесті деп атайтын болсақ, онда оған технологияның осы салаға арналған жиынтығы жатады.

         Технологияның анықтамаларды түсіндірме  сөздікте былай берілген:

     1. Өндірістің белгілі бір саласындағы өндірістік операциялардың, әдістері мен үрдістердің жиынтығы, сондай – ақ белгілі бір істе немесе шеберлікте қолданылатын тәсілдер.

     2. Белгілі бір өндірістік процесті іске асырудың әдістері, материалдар мен бұйымдарды өңдеудің әдіс – тәсілдері туралы білімдер жиынтығы. Осы анықтамалардан көрініп тұрғандай, көпшіліктің санасында технология термині өндіріс пен тығыз байланысты қарастырылады.

 

 

 

 

 

Негізгі бөлім

    1. Білім беру жүйесіндегі технологияның мақсаты оны жүйелеу.

Технология дегеніміз – белгілі бір процестерді жүзеге асыру жайындағы білімдердің жиынтығы.

Технология  дегеніміз – оқу процесін жандандыру мақсатында ұйымдастырылған, белгілі  бір мақсатқа жұмылдырылған, алдын  ала ойластырылған ықпал мен  әсер.

Технология  дегеніміз – ілім алудың жоспарланған нәтижелерге жету процесінің сипаттамасы.   

Технология  дегеніміз – тәжірибе жүзінде  орындалатын белгілі бір педагогикалық  жүйенің жобасы.

ЮНЕСКО –  ның   бір құжатында технологияға мынадай анықтама берілген. Педагогикалық  технология дегеніміз – бүкіл оқу процесін бағалаудың жүйелі әдісі және білімді берудің ең тиімді әдістеріне жету мақсатындағы олардың өзара ынтымақтастығы.

Соңғы жылдары  біздер отандық білім беру кеңістігін барған сайын жаһандана түсу процесінің куәгері болып отырмыз. Ал  бұл  процестің, шын мәнінде, оны орындаушыларды күтпеген тосын сый жағдайларға тап қылатын өте күрделі процесс  екендігі дау тудырмаса керек. Оқу орныдарының білім беру стандарттары жағдайына көшуі, яғни стандарттау процесі өкінішке орай, қажетті әдістемелік дайындықсыз, педагогикалық технологияның ролі мен қызметін толық түсінбеушілік жағдайында басталады.

Орын алған  дәл осындай келеңсіздік жағдайдың  нәтижесінде кейбір оқытушылар педагогикалық  білімдердің дәл осы саласындағы  өзгерістерге дайын болмай шықты, сөйтіп олар әдістеме мен технология арасындағы  айырмашылықтарды да сезіне алмай қалды. Егер әдістемені көп жағдайларда оқу процесін ұйымдастырып және өткізуге байланысты ұсыныстардың жиынтығы деп қарастыратын болсақ, онда педагогикалық технологияның бойынан екі принципиалдық сәтті аңғаруға болады:

  1. Технология – ол түпкілікті нәтиженің кепілдемесі;

  2. Технология – ол болашақ оқу процесінің жобасы.

Демек, педагогикалық  технология – бір ретке келтірілетін білім беру шараларының жүйесі болып табылады. Біздің ойымызша, оның мүлтіксіз орындалуы белгілі бір жоспарланған нәтижеге жетуді қамтамасыз ете алады. Ал, біздің тақырыбымыздың аясы тұрғысынан қарастырғанда бұл мемлекеттік білім беру стандарты болып табылады.

        Сонымен, педагогикалық технология дегеніміз – ұстаздың кәсіби қызметінің жан-жақты қамтамасыз ететін және жоспардағы басты міндетті орныдаудың басты кепілі бола алатын  технологиялық іс – шаралар жиынтығы.

  Оқу процесін жобалаудың технологиялық шығуы және бұл жобаның ойдағыдай орындалуы ұстаздың кәсіби деңгейін одан әрі арттыра түседі, оның тұлғалық қасиеттерін қалыптастырады, оқытушының оқу процесіндегі ролін күшейтіп, оқытушының шығармашылық жағынан  дамуына жаңа мүмкіншіліктер туады. Ал бұл оқытушының жаңа ролі мен қызметі болып табылады.

 Ғылымға мықтап енген «Педагогикалық технология» ұғымына әр түрлі анықтама берілген:

Оқыту мен тәрбиелеу  құралдарының арнайы формаларының  әдіс-тәсілдері, жолдарының жиынтығын  анықтайтын психологиялық – педагогикалық  нұсқаулар жиынтығы (Б.Т.Лихачаев)

Алдын ала жобалаған  оқу – тәрбие процесінің практикада жүйелі әрі бірізді жүзеге асуы.(В.П.Беспалько)

Оқытушылар  мен оқушылар үшін барлық жақсы жағдайлар  жасалынғанда оқу процесін жобалау, ұйымдастыру әрі жүзеге асыруда  біріккен педагогикалық іс-әрекеттің жан-жақты ойластырған моделі(В.М.Монахов)

Педагогикалық мақсатқа жету үшін қолданылатын барлық тұлғалық инструменталдық және әдіснамалық құралдардың қызмет ету ретімен жүйелі жиынтығы.(М.В.Кларин);

Дегенмен, барлық анықтамаларға ортақ басты негізі бар, бұл: «педагогикалық технологиялар – бұл білімнің басымды мақсаттары мен біріктірілген пәндер мен әдістемелердің; оқу – тәрбие процесін ұйымдастырудың ортақ тұжырымдамамен байланысқан міндеттердің, мазмұнының, формаларымен

әдістерінің күрделі әрі ашық жүйелері. Мұнда әр позиция басқаларына әсер етіп, ақыр аяғына оқушының дамуына жағымды жағдайлар жасайды» (М.М.Жанпейісов).

    Бүгінгі  таңда П.Ердиневтің дидактикалық  бірліктерді шоғырландыру технологиясы, Л.Занков, Д.Эльконин мен В.Давыдовтың дам ыта оқыту технологиасы,Ш Амонашвилидің ізгілікті тұлғалық технологиясы, В.Шаталовтың оқу материалдарының белгі және сызба үлгілері негізінде қарқынды оқыту технологиясы, М.Чошановтың  мәселелік модульді оқыту технологиясы, П,Третяковың, К.Вазинаның модульді оқыту технологиясы. В.Монаховтың, В.Бепальковтың және басқа да көптеген ғалымдардың технологиялары кеңінен танымал.

    Педагогикалық  технологиялардың белгілері: мақсаттылығы, диагностикалық құралдардың болуы,  педагогикалық үрдісті жоспарлауға  мүмкіндік беретін оқытушы мен оқушы іс – әрекетін реттейтін заңдылықтар, оқушы мен оқытушы іс – әрекеті мен үрдістерді талдайтын құралдардың болуы.

    Осыған  сәйкес педагогикалық технологияны  төмендегідей қасиеттері мен  сипаттары болады: біртұтастылық,  тиімділік, нәтижелілік, кез –келген мектептің нақты жағдайында қолданылуға жарамдылық.

Мақсаттылық белгісі  – оқушыны оқытуда, оның жеке тұлғасын дамытуда белгілі бір нақты технологияны қолдана отырып қандай нәтижелерге жетуге болатындығын нұсқайды. Технологияның диагностикалық құралдармен қамтамсыз етілуі мұғалімге педагогикалық ықпалдың барысы мен нәтижелерін бақылап отыруға мүмкіндік береді. Талдау құралдары мұғалімге өз қызметіне және оқушының өзін – өзі дамытуы мен тәрбиелеуі және олардың нәтижелерін бағалай алуы үшін қажет.

   Педагогикалық  технологияның келесі белгілер  тобы – оқытушы мен оқушы қызметтерінің өзара қарым – қатынастарын реттейтін, бір жүйееге келтіретін заңдылықтар. Көп жағдайда мұғалім түрлі талаптарды, әдістемелік нұсқауларды есепке алады да, оқушылардың қажеттіліктер мен қызығушылықтарын назардан тыс қалдырады. Мұндай жағдайда  мұғалімдерге өз мақсатына жетуге ешқандай технология көмектесе алмайды. Мұғалімнің қызметі (оның мақсаты, қажеттіліктері мен мотиві, іс – қимылдары, олардың құралдары мен іске асу шарттары, т.б.) оқушының

                                                 

қызметі мен  әрекетіне (оның мақсаттарына, мүмкіндіктеріне, қажеттіліктері мен қызығушылықтарына  т.б.) сәйкес келуі шарт. Тек осы  негізде ғана мұғалім педагогикалық ықпал құралдарын таңдап, оларды іске асыра алады.                         Аталған белгілер педагогикалық технологияның қасиеттерін анықтайды.    

      Технология тұтас болуы қажет – бұл технология барлық аталған белгілерге жауап беруі тиіс деген сөз. Мұғалімдер жасап шығарған авторлық технологиялар тұтастық принципіне сай емес, яғни, мұғалім ойлап тапқан бір ғана жетістікке  бөлінеді де, технологияның басқа белгілері ұмыт қалады.

     Педагогикалық  технологияның келесі бір маңызды  қасиеті – оптималдық. Оптималдық термині (лаиын тілінен аударылғанда «оптимус» - ең жақсы дегенді білдіреді) – белгілі бір шарттар мен міндеттерге ең сәйкесі, тиімдісі дегенді білдіреді. Ю.К.Бабанский педагогикалық үрдістің тиімділігінің бірнеше критерилерін бөліп көрсеткен еді. Егер педагогикалық технология сол критерилерді қолдана отырып, төмендегідей шарттарды орныдаса неғұрлым тиімдірек болар еді:

Егер оны  қолдануы әрбір оқушының ең жақсы  даму зонасында білімділігін, тәрбиелілігін  және дамуын қамтамасыз етеді.

Егер оны  қолдануы оқушы мен оқытушы ғылыми негізделген уақыт мөлшерінен артпаса, яғни, білім беру стандартымен және мектеп ережесімен айқындалған уақыт ішінде мүмкін боларлық «максимум» нәтижелер бере алса. 

Технологияның келесі бір маңызды қасиеттері –  нәтижелігі және қолдануға жарамдылығы.

Бір технологияның  екіншісінен айырмасы – оны қолданудың нәтижесінде оқушының дамуында, тәрбиесінде, білім алуында байқалатын жағымды  өзгерістер. Нәтижелілік дегеніміз  осы.

Информация о работе Білім беру жүйесіндегі инновациялық технологиялар