Автор: Пользователь скрыл имя, 05 Марта 2013 в 17:01, реферат
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында «Білім беру жүйесінің басты міндет – ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және білім алу қажетті жағдайлар жасау;.....оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру» - деп білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттері көзделді.
I. Кіріспе:
ІI. Негізгі бөлім. Білім беру жүйесіндегі инновациялық технологиялар ерекшеліктері.
2.1. Білім беру жүйесіндегі технологиялар мақсаты оны жүйелеу.
2.2. Қазіргі білім беру жүйесіндегі технологиялар.
2.3. Педагогикалық технология және педагогикалық жобалау ерекшеліктері.
2.4. Педагогикалық технологияның негізінде мұғалімнің инновациялық мүмкіндігін дамыту.
III. Қорытынды.
IV. Тезаурус
V. Пайдаланылған әдебиеттер.
Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту. Аталмыш бағдарламаның ішкі құрылымында ерекшелік бар7 бұл құрылым үш деңгейден тұратын оқыту мен үйретудің моделі. Білімнің болашақта пайдаға асуы, қажетке жарауын қалыптастырады. Көп ақпаратты талдай, жинақтай отырып, ішінен қажеттісін алуға үйретеді. Сын тұрғысынан ойлау бағдарламасы қызығушылықты ояту, мағнаны тану, ой толғаныс кезеңдерінен түзеледі. Сабақ кезінде үйренуші не үйренгенін саралап, салмақтап, оны қандай да жағдайда қалай қолдану керектігін ой елегінен өткізеді. Белсенді түрде өзі білім үйрену жолына қайта қарап, өзгерістер енгізеді.
Өздігінен даму технологиясы. Баланы жан – жақты дамыту, дербестікке тәрбиелеу, бала санасында нәрселер әлемі мен ойлау әрекетінің бірігуі. Оқыту баланың дамуына сәйкес табиғи болуы керек, сонда бала өзін – өзі дамытады. Монтессори педагогикасының ұраны баланың мұғалімге: «мынаны менің өзім жасауыма көмектесіп жібер» деуіне жетеді.
Дамыта оқыту технологиясы. Дамыта оқыту – күрделі құрылымды біртұтас педагогикалық жүйе. Оның нәтижесінде әр оқушының өзін – өзі өзгертуші субьект дәрежесіне көтерілуі көзделіп, оқыту барысында соған лайық жағдайлар жасалады.
Дамыта оқытудың дәстүрлі оқытудан айырмашылығы: көздеген мақсатында, мәнінде, мазмұнында, дамытудың негізі факторында, мұғалімнің ролінде, атқаратын қызметінде, әдіс – тәсілдерінде, оқушының білім алу белсенділігінің түрінде, оқу үрдісі мүшелерінің әрекеттестік ерекшеліктерінде, олардың қарым – қатынас сипатында, танып – білу үрдісін ұйымдастыру түрлерінде, т.б. бала бойында еркіндік, мақсаткерлік, ар – намыс, мақтаныш, сезім, дербестік, адамгершілік, еңбексүйгіштік, белсенділік, т.б қасиеттерді дамыту. Осының нәтижесінде әр оқушы өзін – өзі субьект дәрежесіне көтерілуі көзделеді. Оқыту дамудың алдында жүруі керек, дидактикалық құралдардың дамуға әсері зор. Дамудың тиімділігі үшін: кешенді дамыту негізінде мақсатты даму, мазмұнының жүйелілігі мен тұтастығы, теорилық білімнің жетекші ролі, жоғарғы қиындық деңгйінде оұыту, материалды меңгертуде жедел ілгерілеу, оқу үрдісін баланың сезінуі, оқыту үлгісінің әр түрлілігі, жекелеп оқыту барлық баланың дамуы жолындағы жұмыстар болуы керек.
Модульдік оқыту технологиясы. Оқытудың тұтас технологиясын жобалау, алға қойған мақсатқа жетуді көздейтін педагогикалық үрдісті түзу, мұғалімге нәтижені талдап, түсіндіріп бере алатындай жүйені таңдау және құру.
Оқушылар әр сатыға жоғарлан сайын олардың білімді қабылдауы өзгеріп, өтілетін пәндер жүйесі күрделене түседі. Сондықтан оқушылардың жас ерекшеліктерін әр сатыдағы қабылдау мүмкіндіктерін ескере отырып, аталған технологияларды тиімді пайдалану керек.
Білім беру. Қоғам мүшелерінің адамгершілік, заттық мәдени және дене дамуымен кәсіби біліктілігінің жоғарғы деңгейіне қол жеткізуді мақсат ететін үздіксіз тәрбиелеу мен оқыту процесі. Бідім беру шеберлікке дағдыға баулудан өсіп, өрбіп, белгілі бір кәсіпке, мамандыққа үйретумен тиянықтылады. Іске асырылатын білім беру бағдарламасының сипатына қарай білім беру жалпы білім және кәсіптік білім болып бөлінеді.
Жалпы білім беру.
Жалпы білім беру әрбір қатынасындағы білім беру мазмұны тиісті жалпы білім беру бағдарламасымен белгіленеді.
Кәсіптік білім беру.
Кәсіптік білім берудің әрбір сатысындағы білім беру мазмұны тиісті кәсіптік бағдарламамен белгіленеді.білім беру бағдарламасының үздіксіздігімен сабақтастығы принципі негізінде мынадай білім деңгейлері белгіленеді.
Оқытудың жаңа инновациялық технологиялары.
Қазіргі заманғы білім беру жүйесінің басты қайшылығы – тез өсіп бара жатырған жаңа білімдер қарқыны мен жеке тұлғаның оларды игерудегі шектеулі мүмкіндіктері арасында. Бұл қарама – қайшылық педагогикалық теорияны білім берудің абсалютті идиеалынан бас тартып, жаңа идеалға – адамның өзін – өзі реттеу мен өздігінен білім алуы қабілеттерін барынша дамытуға мәжбүр етті.
Инновациялық оқытудағы басты нәрсе – бұл білім алу және өздігінен білім алу негізінде адам қабілеттерін, икемділіктерін дамыту.
ЮНЕСКО – ның Халықаралық симпозюмында қабылданған меморандумында бұл жайында былай делінген: «....фундоменталды ғылыми – жаратылыстану және гуманитарлық білім беру әлемнің қазіргі заманға ғылыми – жаратылыстанушылық көріністерінен тұтас хабар етуі, кәсіби қызмет нәтижелерін бағалаудың ғылыми негізін салуы, тұлғаның шығармашылық тұрғыдан дамуына және адамның ерекшеліктерін қажеттіліктері мен мүмкіндіктерін тану негізінде жеке өмірлік бағдарламасын құруына көмектесуі тиіс».
Қазіргі заманғы оқушының, әсіресе студенттің басты мақсаты – көптеген пәндерден олардың ұшан – теңіз ақпараттарыдың ішінен ең негізгісін, мәндісін тани білу. Бұл мәнділік көзқарас жаратылыстану, гуманитарлық және техникалық ғылымдардың синтездік жиынтығын қарастырады.
Иннвациялық білім беруді ұйымдастыруда мәндік көзқараспен тығыз байланыста акмеологиялық көзқарас қарастырылады. Акмеология – («акме» - грек сөз, «шың», «төбе», «бір нәрсенің ең биік басқышы» - дегенді білдіреді) зерттеу обьектісі өмірдің әр түрлі өзін – өзі көрсету сфераларында өзін – өзі дамытушылық, өзін жетілдірушілік динамикасында қарастырылатын адам болып табылатындығын ғылыми пәндер кешені, ғылыми білімдердің жаңа аймағы.
Акмеология пәні – адамның шығармашылық потенциялы субьектінің өзін жетілдіруінің айқындалуының түрлі деңгейлеріне, шыңына жетудің заңдылықтары мен шарттары.
Акмеологияның міндеттері, субьектінің қызмет салаларында, сонымен бірге таңдап алынған кәсібі саласында оның табысты жетілуі, дамуы үшін қажетті білімдермен және технологияларымен қамтамасыз ету.
«акме» – кәсіпкерлердің шыңы – жұмыстың жоғарғы нәтижелерінің тұрақтылығы – сенімділігі. Кәсіби жұмыс жасау – қатесіз, жаза басусыз, олқылықсыз жұмыс жасау деген сөз. Өзін – өзі дамыту – кәсіби шеберлерінің шыңына апаратын жол.
Міндет – барлық оқушыларға өзін – өзі дамыту, жетілдіру, өздігінен оқу мен өзін бақылау дағдыларын қалыптастыру, себебі, бұлар «акме» деңгейіне жетудің негізгі фактылары. Алайда, бұл акмеологиялық фактоларды іске асыру үшін күшті қозғаушы себептер қажет. Бұл себептер жетістікке жетудің түрткілері болуы мүмкін. Оқушының міндет студенттерге олардың мотивтері мен олардың қажеттіліктерін қалыптастыруға көмектесу. Түрлі білім беру технологиялыһарының да басты міндеті осында.
Иннвациялық білім беру өз құрамына – жеке тұлғалық көзқарасты, білім алудың мықты негіздерін, мәндік және акмеологиялық көзқарастарды, кәсіби шеберлікті екі мәдениеттің (техникалық және гуманитарлық) синтезін, жаңа ақпараттық технологияларды қолдануды біріктіреді.
Педагогикалық технология және педагогикалық жобалау ерекшеліктері.
АҚШ пен Батыс Европада ХХ – ғасырдың екінші жартысынан бастап оқу процестерінің технологисын жасау бағытындағы ізденістер белсенді түрде жүргізіле бастады. 1940 – 1950 жылдары оқу үрдісінде техникалық құралдардың енуіне байланысты «білім берудің технологиясы» термині кеңінен қолданыла бастады. Кейінірек 50 – 60 жылдары түрлі техникалық құралдарды қолдану әдістері жөніндегі еңбектердің ықпалы мен «педагогикалық технология» деп атала бастады. 60 – жылдардың ортасында технологиялық әдіс шет елдерде баспасөз беттерінде және халықаралық конференцияларда кеңінен талқылана бастады. Бұл істе негізге екі бағыт көзге түсті:
60 – жылдардың аяғы, 70 – жылдардың басында көптеген елдер (АҚШ, Англия, ФРГ, Франция, Италия, Япония т.б) оқытудың технологиясын жасау, дамыту жұмыстарымен айналысатын мекемелер жұмыс жасай бастады. Дегенмен, оқыту үрдісі білім беру үрдісінің бір ғана бөлігі болып табылатындықтан «оқыту технологиясы» терминінің мағыналық аясы өте тар. Мұндай кемшілік «Тәрбиенің технологиясы», «дамыту технологиясы», «қалыптастыру технологиясы» ұғымдарына тән.
«Білім беру технологиясы» терминін бүкіл білім беру жүйесін технологияландыру заңдылықтарын зерттейтін ғылым пәнге қатысты қолданса дұрыс болар еді. Бірақ, әзірше бұл термин көп жағдайда тек мектептегі оқу үрдісі төңірегін сипаттауға ғана қолданылып жүр.
Сондықтан, бұдан әрі қарай «білім беру технологиясы» ұғымын – мұғалімдермен оқушылардың білім берудің жоспарланған мақсаттарына бағытталып арнайы ұйымдастырылған өзара қарым – қатынас процесі технологиясы ретінде қолданамыз.
Білім беру технологиясына – оқытудың техникалық құралдары, білім беруде қолданатын ақпараттық технологиялар қашықтан оқыту да жатады. Әрбір нақты жағдайда білім беру технологиясының белгілі бір түрі туралы сөз болады, сондықтан, оларды жеке қарастырған кезде түрлік ерекшелігін атап көрсетуге тиіспіз.
Әдетте, әдістеменің пәні – білім берудің мақсаты, мазмұны, оқу үрдісі ұйымдастырудың әдістерін, түрлерін, құралдары мен тәсілдерін қамтитын әдістемелік жүйе деп саналады. Дәлірек айтсақ, әдістеме негізгі үш сұраққа жауап беруге тырысады: не үшін, неге және қалай оқыту керек? Ал, технолог болса, мақсат белгілі болып, оған жетудің нақты іс – әрекетін, жолдарын анықтауға келген кезде ,ана іске кіріседі. Сондықтан, технология, триаданың негізгі үшінші сұрағына ғана жауап береді.
А.Кушнир: «Технология әдістемеден өзінің нәтижелерінің тұрақтығымен, тез қайта қалпына келетіндігімен, көптеген «егерлердің» жоқтығымен ерекшеленеді. Әдістеменің тәжірибенің қорытындылаудан білімді үйренудің жаңа әдістерін ойлап табылғанда ғана дүниеге келетін үйреншікті жағдай. Технология болса, ықтимал нәтиже емес, берілген бастапқы нақтылы жағдайларға байланысты жобаланады.
Білім беру технологиясы
педагогикалық пән ретінде диди
Сонымен, технологиялық дидактикалық немесе әдістемелік әдістерден туындамайды, оқу үрдісін зерттеудің дербес бағыты болып табылады екен.
Енді білім
беру технологиясының белгілі
Технология оқу процестерімен – оқытушы мен оқушының іс – әрекетімен, яғни, құрылымы, құралдары, әдістері және түрлерімен тығыз байланысты. Сондықтан педагогикалық технологияның құрылымына:
Технологияның анықтаушы критерилері:
Педагогикалық технологияның негізінде мұғалімнің инновациялық мүмкіндігін дамыту.
Ғылым мен техниканың жедел дамыған, мәліметтер ағыны күшейе ХХІ ғасырда жан – жақты дамыған шығармашыл жеке тұлғаны қалыптастыру жоғары мектепті басты міндет болып саналады.
ХХІ ғ қоғамда әлемдік бәсекеге қабілетті инновациялық экономиканы жүзеге асыратын инновациялық дайындығы қалыптасқан мамандар қажет. Көптеген ғалымдардың зерттеулеріне сүйенсек, бұндай мамандар – қазіргі магистранттар деп санайды. Қазіргі мамандар қазіргі техниканың, компьютердің тілін меңгерген, жаңа технологияны еркін жүзеге асыратын, өз бетінше ғылыми зерттеу жұмысын жүргізе алатын, өз ісіне диагностикалықт талдау жасай алатын шығармашыл тұлға болуға тиісті.
2004 жылдың 12 қазанында Қазақстан Республикасы ғылым саласының қызметкерлерінің ІІІ сьезінде елбасы Н.Ә.Назарбаев «Құрылымдық өзгерістер мұғалім кадрлары әзірлеу жүйесін оздыра отырып дамыту мен қамтамасыз етілуі тиіс. Жаңа формацияның педагогі қажет. Мұғалімдердің жаңа ұрпағы білім деңгейі жөнінен әрдайым саналып келгендей біршама емес, әлде қайда жоғары болуы тиіс,бұл заман талабы» - деп атап көрсеткендей әр баланың қабілетіне қарай білім беруді, оны дербестікке, ізденімпаздылыққа, шығармашылыққа тәрбиелеуді жүзеге асыратын шебер әрі іскер мұғалім даярлауға бетбұрыс жасамақшы.
Информация о работе Білім беру жүйесіндегі инновациялық технологиялар