Бастауыш сыныптарда әдіс-тәсілдердің қолданылуы

Автор: Пользователь скрыл имя, 18 Марта 2012 в 08:26, курсовая работа

Описание работы

Егеменді еліміздің өсіп келе жатқан ұрпағын ойлы да іскер, жігерлі де батыл, өзіне-өзі сенімді, интеллектуалдық деңгейі биік, дүниетанымы дұрыс қалыптасқан азамат етіп тәрбиелеуде мектептің алатын орны айрықша. Мектеп қазіргі қоғамның дамуымен, әлеуметтік практикамен тығыз байланысты. Мектеп өмірі балаға жаңа әлемнің есігін ашып беріп, рухани дүниесінің қалыптасуына негіз салады.

Содержание

Кіріспе..................................................................................................................3
1 Бастауыш сыныптарда әдіс – тәсілдердің маңызы......................................5
1.1 Педагогикалық технологиялардың қазіргі білім беру саласындағы маңызы.................................................................................................................5
1.2 Бастауыш білім берудің жаңа мазмұнын жобалаудың теориялық негіздері...............................................................................................................7
1.3 Бастауыш білім берудегі оқыту әдісі........................................................11
2 Бастауыш сыныптарда әдіс-тәсілдерді қолдану негіздері............................16
2.1 Модульдік технологияны бастауыш сыныптарда пайдалану.............................16
2.2 Сезім тәрбиесіндегі дәстүрден тыс әдіс-тәсілдерді қолдану..................20
Қорытынды.........................................................................................................24
Қолданылған әдебиеттер тізімі.........................................................................25
ҚОСЫМША........................................................................................................26

Работа содержит 1 файл

Бастауыш сыныптарда әдіс-тәсілдердің қолданылуы.docx

— 70.91 Кб (Скачать)

4-сабақты "Брейн-ринг" оқыта үйрету ойыны арқылы жүргіздім. Сынып 4 топқа бөлінеді. Топтағы барлық оқушылардың нөмірленген жетоны болады. Шеңбер бойында әр оқушыға арналған деңгейлік сұрақтар. Сары түсті — жеңіл, 1 минут уақыт, жасыл түсті — күрделілеу, 3-5 минут, көк түсті — күрделі, 7-10 минут.

Жұмыс бір мезгілде жүреді. Ортақ бағалау парағына жүргізушілер белгі қойып отырады. Бұл сабақтағы билет сұрақтары 3 сабақтағы тапсырмаларды пысықтауға арналған.

5-сабақ — өзара оқыту сабағы. Жұмыс жұпқа белініп жүргізіледі.

Орман-тоғай өсімдіктері мен  жануарлары, олардың пайдасы, оны  қорғау жөнінде I және II нүсқада тапсырмалар дайындалды. Дайындауға 15-20 минут уақыт беріледі. Оқушылар конспект жасау аркылы дайыңдалады. Берілген уакыт біткен соң 2 түрлі нұсқада оқушы — біреуі мұғалім, біреуі — оқушы рөлінде бола отырып, жауабын бір-біріне айтады.

6-сабақ "Білім биржасы". Тақтаға конверттер ілінген панно бекітіледі, оларда әр түрлі деңгейдегі тапсырмалар бар. Әрбір оқушы конверттен өз мүмкіндігі мен қабілетіне қарай тапсырма алып, дайындалып, жауап береді. Жауаптары "акциялармен" бағаланады. "Акция" — оқушы жауабының толықтығына карай әр түрлі түстегі "акциялар" алады.

Толық емес жауап — сары түсті "акция", кеңінен ашылмаған жауап — қызыл түсті "акция", дұрыс жауап — жасыл түсті "акция". Әр жоғары мөлшері түстердің санымен аныкталады. (Мысалы, егер окушыда 2 түсті "акция" болса, онда "түсімге" тек 2 балл қатысады, егер 4 түсті болса, онда жоғары балл — 4). Мұғалім - банкир, әрбір оқушының "түсімін" есептейді. Егер сары "акциялар" көп болса, бұл "акциялардың" "құны" темендейді, ал егер жасыл және көктер аз болса, онда олардың құны артады. Мысалы, егер көктер — 10, ал жасылдар — 5 болса, онда жасыл акциялар көктерден қымбат. Осы негізде мұғалім — банкир баға қояды.

7-сабақта "Шпаргалқа" оқыта үйрету ойыны.

Конспект түрінде шпаргалкалар жасау оқу материалын игеруге мүмкіндік береді. Үйреніп көрейік. Алдымен жоспар-конспект құрамыз. 1 бетке 1 минут, 50 секунд беріледі. Ол үшін бірнеше түйінді сөздер керек. Кітаптарының беттерін жүгіртіп қарап шығуға уақыт беріледі. Әр беттің конспектіленетін бөлігін сызықпен көрсетеміз. Сосын осы мәтін бойынша тезистер құрамыз. Сіздерге әр бетті конспектілеуге 1 минут беріледі. Әр беттің мазмұнын тезистер түрінде бейнелеуге талап ететін жүргізушінің белгі беруімен бетті ауыстырамыз. Жұмыс аяқталғанда оқу мәтіні бойынша сұрақтар құралады. Сұрақтар қызыкты, проблемалық, мәтіннің мәнін ашатындай, пікірталас тудыратындай болуы тиіс. Жақсы конспектіні бағалау керек.

8-сабақ — "Рольдік оқыта үйрету ойындары".

Рөлдік ойынды үй тапсырмасын, алынған білімді және басқа белсенділікті тексеру үшін де пайдалануға болады. Бұл үшін сынып 4 адамнан жеке топтарға бөлінеді, мұнда 1 оқушы — "сарапшы", екіншісі — "сыншы" (бұл рөлдерде білім деңгейі жоғары окушылар болуы тиіс), үшіншісі — "қорғаушы" (білім деңгейі төмен оқушы) және төртіншісі — тапсырмаға жауап беретін "оқушы" (жақсы оқитын бала) рөлін орындайды. Әр топтың тапсырмалары әр түрлі, бірақ бір күрделілік дәрежесінде. "Оқушы" 7-10 минут ішінде тапсырмаға жауап береді, ал басқалар оны зейін қойып тындайды және жауабын жазып отырады: "сыншы" — жауаптың осал, мәнсіз жерлерін, "сарапшы" -естігенін талдайды (жауаптың дұрыстығын және толықтығын), "қорғаушы" — жауаптың жағымды жақтарын көрсетеді. Оқушының жауабынан кейін кезегімен "қорғаушы" (мақтап), "сыншы" (жауаптың жекелеген жақтарына күмән келтіре), "сарапшы" (қорыта) шығып сөйлейді. Топтың барлық ойыншылары сөйлегеннен соң, "жауап үлгілері" беріледі, соларға сүйене отырып, топ бірлесе әр ойыншысының рөлді орындағанына баға қояды. Бағалау парақтары мұғалімге беріледі.

Қорытынды бөлімі:

9, 10, 11 сабақтар - тест, бақылау жұмыстары, бағалау.

Оқушылар сөйлеу бөлімінен бастап бағаланады. Баға оқушының еңбегі мен  қызметіне қойылады. Ал, шын біліміне баға қорытынды бөлімінде қойылады.

Сонымен модульдік оқыту технологиясын пайдалану арқылы мынандай нәтижеге жеттім:

Сыныбымдағы әр баланың жеке тұлға  ретінде қабілетін ашуға және дамытуға көмектестім.

Өзара сыйластығы, достық сезімі, сенімділігі, ұйымшылдығы қалыптасты.

Өз бетінше жұмыс жасау деңгейі көтерілді.

Өз білімі мен өзгенің білімін  бағалай білуге, білгенін басқаға  үйретуге, білмегенін басқадан үйрену мүмкіндігін арттырды.

Берілген тапсырмалардың 80-100 пайызына жауап бере алатын болды.

Өзін-өзі бақылау арқылы жеке қабілеті айқындалды.

Іштей бір-бірінен қалмауға тырысады.

 

 

2.2  Сезім тәрбиесіндегі дәстүрден тыс әдіс-тәсілдерді қолдану

 

Ел ертеңі болашақ ұрпақтардың  қолында екенін ескерген халқымыз бүгінгі таңда мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу мен оқытуға ерекше көңіл бөліп отыр. Соңғы жылдары балабақшаға деген халықтың сұранысы ерекше көрініп, балабақшалар салу жұмыстарын мемлекетіміз қолға алып отыр.

2009 жылы жарық көрген Қазақстан Республикасының мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру стандартында уакытындада алынған мектепке дейінгі білімнің әр бала үшін де, еліміздің әл-ауқаты үшін де өмірлік маңызды мәні бар екендігіне тоқталған. Сондай-ақ стандартта 1 жастан бастап бала заттардың негізгі түрін, пішінін, шамасын және 3 жастан бастап заттардың белгілері мен сипаттамалық ерекшеліктерін сезу, есту, иіс сезіп қабылдау, т.б. дамыту басты міндеттердің бірі болып табылған.

Сәбилік шақта баланың негізгі  ынтасы затқа, жаңа іс-әрекет жасауға үйренуге ауады. Бала затты қажеттілігіне карай қолдануды үйрене бастайды, затпен әртүрлі қимылдар жасайды, сілкілейді, домалатады, лақтырады, аузына салып дәмін көреді. Бала заттың шын мағынасында не үшін керек екенін біледі,

• яғни бұл кезенде жетекші іс-әрекет — заттық іс-әрекет болып табылады.

• Сезім тәрбиесі дегеніміз - спектр түстері, геометриялык кескіндер, әуендік дыбыстар, тіл фонемалары, т.б. адамзат белгілі бір жолмен бөліп алған заттар, қасиеттерінің жіктелген және өзара байланысқан үлгілері. Алайда, бұл жаста бала барлық эталондарды толық меңгермейді, кабылдау мөлшерінде тек қана таныс заттардың белгілері туралы еслестер болады.

Біртіндеп бала үлкендердің көмегі арқылы заттардың сипатына, түсіне, көлеміне, ерекше белгілеріне қарап қабылдауды меңгере бастайды. Мектепке дейінгі кезеңде бала 5-6 кескіңді, 8 түсті меңгеруі тиіс. Сонымен бірге, үлгі бойынша көріп қабылдауды меңгереді.

Я.А.Коменскийдің "Түрлі-түсті суреттер арқылы өмір құбылыстарын тану" атты еңбегінде бала танымының қабылдау кеңістігіне орайластырылған

тәлімдік-көрнекілік жүйе арқылы жету туралы айтады.

Мектеп жасына дейінгі сәбилерді  қоршаған ортадағы заттарды түр-түсіне, пішініне қарай үйрету негізінде  балалардың қол және саусақ бұлшық еттерін дамыту, тілін жетілдірудің бала дамуына тигізер әсері мол. Алайда, мектеп жасына дейінгі сәбилердің сезім тәрбиесіне арналған, әсіресе, қазақ тілінде жарық көрген әдістемелік құралдардың аздығы кіші топтарда істейтін тәрбиешілерге қиыншылықтар тудыруда. Мақсаты:

Сезім тербиесінде дәстүрден тыс әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы сәбилердің сезімдік танымдарын дамытуды әдістемелік тұрғыдан негіздеу, тәжірибелік мүмкіндіктерін қарастыру.

Міндеттері:

Сезім тәрбиесінде дәстүрден тыс  әдіс-тәсілдерді қолданудың тиімді жолдарын айқындау;

Сәбилердің заттар мен құбылыстарды қабылдауын дамыта отырып, тиімді әдіс-тәсілдерін анықтау;

Ойындар, дидактикалық құралдар дайыңдау. Сенсорлы даму, бір жағынан баланың алғашқы ой-өрісінің дамуының қалауы болса, ал екінші жағынан өзіндік мағынасы бар, яғни баланың балабақшада, мектепте және де басқа еңбек түрлеріне тез қалыптасуына септігін тигізеді.

Қоршаған әлемді қабылдаудан, заттарды танудан баланың ақыл-есі қалыптасады. Ал еске сақтау, ойлау, елестету — жоғарыда аталғандардың нетижесі болып табылады. Балабақшада бала сурет салуды, ойыншықтарды құрастыруды үйренеді, табиғат жағдайларымен таныс болады.

Баланың сенсорлы мәдениеті адамның  өзі калыптастырған мәдениеттің  нәтижесі болып табылады. Бала өмірде көптеген заттардың сан алуан түрін кездестіреді, оның қатарында: ойыншықтар, үй жабдықтары сонымен қатар ол шығармашылықпен де таныс болады. Әр бала мақсатсыз бұл әлемді кабылдайды. Егер қоршаған ортаны тану үлкендерсіз өтілетін болса, онда бұл толық емес мәдениет болып табылады. Осындай кезде сенсорлы мәдениет көмекке келеді, яғни, баланың адамның мәдениетімен танысуы басталады. Сенсорлық мәселеде үлкен мағынаны сенсорлық эталон ойнайды. Сенсорлық эталонның арнайы жеті түсі бар. Олар өздерінің ашық және қою болуына  байланысты бөлінеді. Эталон формасы бойынша геометриялық фигуралар ұзындығы метр жүйесі бойынша өлшенеді. Геометриялық фигураларды осылайша, есте сақтату олардың ой-өрісін дамытады.

Алғашында балалар қара және ақ түсті  жақсы  меңгереді. Олар балалық шағында  жеті емес алты  спектрлі түсті жаттайды, көгілдірден басқа, себебі, көгілдір түсті үлкендердің өзі көк түстен ажырата алмайды. Көгілдір түспен танысу кейінге қалса да болады. Бала бірінші түстерді суық және жылылығына байланысты ажырата білуі керек. Осы түстермен таныс болғаннан кейін бала көгілдір түсті көк және жасыл түстің арасындағы аралық түс ретінде тез жаттайды.

Балаларды түстермен таныстырғанда  тағы бір қаралатын мәселе ол: "кейбір түстердің зат атауына сәйкес аталуы". Мысалы: күн түсті сары, сәбіз түсті сары деген атаулар заттың атауына байланысты ажыратылады.

Баланы үлкен және пішіні заттарға ұқсас геометриялық фигуралармен оқытқан маңызды. Затқа ұқсас геометриялық фигураға мысалы: доп немесе тәрелке домалақ. Бұл сенсорлы тәрбиеде маңызды рөл атқарады. Эталоннның ішінде ерекше мән көлемге беріледі.

Көлем — шартты өлшеумен нақты  беріледі.     Біз өз іс-тәжірибемізде сезім тәрбиесінде әр түрлі дәстүрден тыс тәсілдерді қолданып келеміз:

1. Бөтелкенің тығындарын пайдалану арқылы гүлдерді әшекейлеу барысында сәбилер тығындарды бұрап орналастыру және алу арқылы қол бұлшық еттері жетіле түсумен қатар, әр гүлге сәйкес тығынды таңдап алу арқылы түстерді ажыратуды үйрене бастайды.

2. Кірқысқыштарды пайдалану. Мұнда балаларға қорапшалар мен кірқысқыштар таратылып беріледі.

Балалар қораптардың түсіне сәйкес кірқысқыштарды тауып алып, қорапка қыстырады.

3. Тығындарды дөңгелектердің түстеріне  сәйкес орналастырады. Мысалы: қызыл дөңгелекке қызыл тығын, көк дөңгелекке көк тығын, т.б.

4. Геометриялық пішіндерден әр түрлі заттар құрастырады: гүл, үй, т.б.

5. Аяқ киімнің бауын өткізу, шыршаларға  түрлі-түсті жіптер өткізіп әшекейлеу.

6. Жіпке түрлі-түсті пішіндерді тізіп моншақ жасау.

7. Көкөністер мен жемістерді  бөліп тәрелкеге салу.

8. Геометриялық пішіндерден көрпе,  текемет, т.б. құрау.

9. Асықтарды түсіне карай шелектерге салу. Мысалы: сары шелекке сарымен боялған асықтарды салу.

10. Саусақ театры. Мүұнда бала саусақтарына арнайы дайындалған қолғапты кию арқылы ертегі кейіпкерлерін, өлең, тақпақтарды айтады.

11.   Қапқа көкөністер мен жемістерді салу, т.б.

Қорыта айтқанда сезім тәрбиесінде дәстүрден тыс әдіс-тәсілдердің тиімді жолдарын анықтау сәбилердің сезімдік танымдарының жас ерекшеліктеріне сай жетілу бағытын анықтауда, әдіс-тәсілдерді тиімді қолдануға, дидактикалық құралдарды баланың жас ерекшелігі мен жеке даму ерекшеліктеріне қарай іріктеп алуда, т.б. маңызы зор. Сәбилерді тәрбиелеу

мен оқытуда дәстүрден тыс әдістерді  қолдану сәбилердің қызығушылықтарын арттырып, жағымды көңіл-күй туғызды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

Қазақстан Республикасының  «Білім туралы» Заңы 47-бабының 3-ші тармақшасында  білім алушылар мен тәрбиеленушілердің Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен білім беру ұйымдарында ақпараттық ресурстарды тегін пайдалануға, оқулықтармен, оқу-әдістемелік кешендермен және құралдармен қамтамасыз етілуге тиіс екендігі сараланып көрсетілген. Сонымен бірге «Қазақстан 2030» стратегиялық құжаттарындағы «Білім беру» бөлімінде, Қазақстан Республикасының білім туралы заңында және «Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында». Отанымыздың мектептеріндегі білім беру жүйесінің дамытушы жаңа бағытты таңдауы мен білім беруді жетілдіру мәселелері тек әлеуметтік қана емес, елдің экономикалық дамуы тұрғысынан ерекше маңыздылығы айтылған. Бұл мәселелерді жүйелі түрде жүзеге асырудың бастапқы іргетасы бастауыш мектепте қаланады. Сондықтан Қазақстанда өмір сүретін әрбір азаматтың жан-жақты терең білім алуына, жеке тұлға ретінде қалыптасуына, еліміздің әлемдегі 50 өркениетті елдің қатарына қосылуына өз үлестерін қосуына жағдай жасалған.

       Әрбір елдегі білім жүйесінің негізгі мәселелерінің бірі – өзіне тән ұлттық мәдени ерекшеліктері мен тұжырымдамасын әзірлеу, ұлттық тілді өркендету және дамыту. Ұлттық тілдің ықпалды дамуы – әрбір елдің келешегі.

Информация о работе Бастауыш сыныптарда әдіс-тәсілдердің қолданылуы